1. Жетекші қол анықталатын моторлық сынақтар: - «қол саусақтарын бір-біріне айқастыру» сынағы - сынаушының өтініші бойынша зерттелуші адам саусақтарын тез бір-біріне айқастырып ұстайды: жетекші қол - бас бармағы жоғары тұрған қол болып табылады; - «айқасқан қолдар немесе Наполеон тұрысы» сынағы -жетекші қол - шынтағы жоғары тұрған қол; - «қол шапалақтау» сынағы - жетекші қол –қол шапалақтау кезінде доминантты емес қолдың алақанына белсенді тұрде шапалақ ұрған қол. - «сағаттың тілін бұрау» сынағы -жетекші қол белсенді, дәл дозаланған қимылдарды орындайды, оның көмегімен сағаттың тілін бұрап сағатты жүргізеді; жетекші емес қол сағатты құр үстап тұрады. Б.Аяқтың асимметриясын анықтау.
Жетекші аяқты анықтайтын моторлық сынақтар: - «аяқты аяққа айқастырып отыру» сынағы – үстіңгі жағындағы аяқ жетекші аяқ болып саналады. - «арқанды секіру»тесті: сыналушыдан арқаннан бірнеше рет секіру сұралады. Жетекші аяғы бірінші болып көтеріліп, басым емес аяғының алдында тұрады. - «доппен сынақтар» координацияда, қимылдардың дәлдігінде және оларды іске асырудағы бағдарламаларындағы үлесіне бір аяқтың басымдылығын анықтауға бағытталған. Зерттелушіге оң және сол аяғымен допты нысанаға тигізу сұралады. Зерттелуші допты бір аяғымен экспериментатордың қолына лақтыруы керек. - «жазу қимылдарын»тексеру сынағы. Тексерілушіден әріптер мен сөздерді жазу үшін қажетті оң және сол аяқ қимылдарын жүргізу ұсынылады. Мұны отырып та тұрыпта орындауға болады. Жетекші аяқ «дәлірек» және «жеңілірек» жазады. Сіз арнайы құрылғыларды қажет етпейтін оңай қол жетімді тестілерді пайдалана аласыз: бір аяғыңыздан секіру, орындыққа тізерлеп отыру, орындықтан түсу, артқа шегініп, алға адымдау; барлық осы әрекеттерде бірінші қимыл жасаған аяқ жетекші болып саналады.