Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдениет қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдениет қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. - XX ғасырдың басында С.Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, М. Әуезов өздерінің алғашқы шығармаларын жариялады. Кейін бұлар кеңес өкіметі кезеңіндегі қазақ әдебиетінің негізін қалаушыларға айналды.
- Қазақ халқы музыкалық мәдениеті: сазгерлер Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина Нүрпеисова, Тәттімбет, Қазанғап, Ықыластың өлмес күйлері жарық көрді.
- Қазақ баспасөзінің дамуы күшейді. Мысалы,
1911 жылы бірінші қазақ журналы “Айқап” жарық көрді,өмір сүрген төрт жыл ішінде оның 88 нөмірі шықты. 1913-1918 жылдары “Қазақ” газеті шығып тұрды. - Қазақ авторларының кітаптарын шығару ұлғайды. (Петербургте, Қазанда, Орынборда, Ташкентте Абай Құнанбаевтың, Ыбырай Алтынсариннің, Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың, Әбубәкір Диваевтың және т.б. Ақын-жазушылардың шығармалары басылып шықты).
1912 жылы Семейде қазақ тіліндегі кітаптарды басуға мамандырылған “Жәрдем” баспаханасы құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: |