Қожмқ Тақырыбы: “xx ғасырдың басындағы қазақ мәдениеті”


Көрші халықтары мәдениетінің әсер етуі



бет4/4
Дата13.12.2022
өлшемі75,56 Kb.
#56927
1   2   3   4

Көрші халықтары мәдениетінің әсер етуі

Көшпелі мал шаруашылығы мен суармалы егіншілік Қазақстан тайпаларының бірыңғай мәдениетінің негізін қалады.Қазақ халқының мәдениетіне көрші халықтардың, әсіресе, Еділ маңы, Сібір және Орта Азия халықтарының мәдениеті едәуір ықпал етті.Сондай ақ мұсылмандық мәдениет те айтарлықтай із қалдырды.XV-XX ғасырдың басында Қазақстанда қазақ далаларының ежелгі тайпалары мәдениетінің таңдаулы дәстүрлеріне негізделген бірыңғай мәдениет іс әрекетте болды.

Қорытынды

Бүгін Қазақстан әлемдегі қарыштап алға басқан жас мемлекеттердің бірі. Қазақ халқының ата тарихы жарқын болашаққа ұмтылған елімізге рухани нәр берері анық. Оның тарихы қаһармандыққа толы шежіре. Кез келген халық өсіп тұрған ағаш сияқты, ал халықтың тарихы оның тамырына ұқсайды. Тамыр неғұрлым тереңге барса, соғұрлым ағаштың алатын нәрі де көп болмақ. Жер жүзін жаһандану үрдісі қамтыған уақытта өз кескін-келбетін, этностық құндылықтарын сақтап қалу оңай емес. Бұл мәселе қазақ мәдениетінің де алдында тұрған жағдай. Әміршілдік жүйе тұсында ұлттық негіздерінен ажырап, мазмұн жағынан пролетарлық, түр жағынан ұлттық қазақ өнері еңсе көтеріп, жаңаша ұлттық түр сипат қалыптастыра бастады. Отаршылдық дәуірінде және тоталитарлық үстемдік кезінде жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ әдебиеті өкілдерінің еңбектері қайта жариялана бастады. Қара түнек заманда ел қамқоры болған азаматтар басын бәйгеге тігіп, ұлттық мүддені қорғап қалды. Олар өз пайдасын емес, ел-жұрттың бақытын аңсады. Бүгінде сол бақыт, еркіндік халықтың өз қолында.

Қолданылған әдебиеттер:

  • А.К. Ақышев “Қазақстан тарихы” очерктері, 1994 жыл “Дәуір” баспасы.
  • “Қазақтың дәстүрлі мәдениеті”
  • “Мәдениеттану”
  • “Қазақстан тарихы” Шың кітабы,2005 жыл.
  • http/www.google.kz


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет