Қожмқ Тақырыбы: “xx ғасырдың басындағы қазақ мәдениеті”


Абайдан басталған қазақ мәдениеті



бет3/4
Дата13.12.2022
өлшемі75,56 Kb.
#56927
1   2   3   4

Абайдан басталған қазақ мәдениеті

Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. 1909 жылы Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағы ресми баспадан шықты.

Демократиялық бағытта дами бастаған С.Торайғыров, С.Дөнентаев, Т.Ізтілеуов, М.Көпеев және т.б. Мұрасы шығыс әдебиетінен ерекше орын алды. С.Торайғыровтың “Шәкірт ойы”, “Алты аяқ”, “Бір адамға”, “Адасқан өмір” шығармаларында қазақ ауылының өміріндегі өзгерістер сипатталады. Б.Майлиннің “Шұғаның белгісі”, С.Көбеевтің “Қамар сұлуы” халық арасына кең тарады. А.Байтұрсыновтың “Қазақ қалпы”, “Қазақ салты”, “Жиған-терген” өлеңдері қазақ халқын саяси оятуға арналған.

XX ғасырдың басындағы қазақ музыкасы

XX ғасыр басындағы халық мәдениетіндегі жан-жақты дамыған сала─музыкалық мәдениет. Қазақ музыкасын дамытуға үлес қосқандар: Кенен Әзірбаев, Балуан Шолақ, Дина Нүрпейісова, Ыбырай Сандыбаев, Сүгір, қазақтың бұлбұлы Майра Шамсутдинова, Қали Байжанов, Манарбек Ержанов, Әміре Қашаубаев, т.б.

Естайдың “Майдақоңыры”, Динаның “Көңіл ашары” мен “Әскерге алу” күйлері шықты. Үкілі Ыбырайдың “Гәкку” әні сүйіспеншіліктің өзіндік әнұранына айналды. Мұхиттың “Зәуреші” нағыз “Реквием” саналды.(А.Жұбановтың сипаттамасы). Абай мен Мұсаның әндері еуропалық музыкалық мәдениет элементтеріне бай екендігімен ерекшеленеді.

XX ғасырдағы сауатсыздықпен күрес

XX ғасырдың бас кезінде өлке халқының негізгі көпшілігі оқи да, жаза да алмады.Сондықтан революциядан соң бірден ересектерді оқыту үшін сектептер мен курстар ашыла бастады.Әулие –Ата қалалық жқмысшы және солдат депутаттары кеңесі жылы қарашада сауат ашу мектебін ашу туралы мәселе қарап, бұл мақсатқа қажетті ақша қаржысын бөлу туралы шешім қабылдады. Жылдың бас кезінде Верныйда, Семейде, Ақмолада және т.б. жерлерде сауатсыздар үшін мектептер ашылды. XX ғасырдың басында бастауыш мектептер бойынша жан басына шаққанда бөлінген қаражат мөлшері: Торғай облысы─ 6,9 тиын, Ақмола─2,5 тиын, Жетісу1,9 тиын, Сырдария─1,8 тиын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет