Оқке «Анафилаксиялық шок кезінде медициналық көмек көрсету (ауруханаға дейінгі)» (Тарату үшін) Станциядағы жабдықтау


Процедуралық дағдылар (тарату үшін)



бет5/8
Дата12.09.2023
өлшемі132 Kb.
#106916
1   2   3   4   5   6   7   8
Процедуралық дағдылар (тарату үшін)
Жабдықтау:

  1. Қолдың муляжы

  2. Антисептик

  3. Спиртовка

  4. Стерильді қолғаптар

  5. Физерітінді құтысы

  6. Жүйе

  7. Мақта шариктер

  8. Штатив

  9. Бұрау

  10. Жабысқыш пластырь

  11. Б класының қалдықтарын сақтауға арналған ыдыс

  12. Қағаз сүрткілер.



Жағдаяттық тапсырма: Жүкті әйел жүктіліктің 17 аптасында «Ауырлығы орташа темір тапшылығы анемиясы. Жүктілік 17 апта» диагнозымен күндізгі стационарға амбулаториялық емге венаішілік ем алу үшін жіберілді. Космофер 2,0 + 0,09% NACl 100.0 мл.в/і тамшылатып №5.
Тапсырма: Тағайындалған емшараны орындаңыз



Қадамдар

Әрекет алгоритмі

1

Коммуникативтік дағдылар

1. Пациентке өзін таныстыру, процедураның барысы мен мақсатын түсіндіру, пациентке сұрақ қоюға мүмкіндік беретін шыдамды және мейірімді тонды қолдану. Осы дәрілік затқа аллергия жоқтығына көз жеткізу.

2

Қолды өңдеу

1. Пункция орнын анықтау

2. Қолын жастықшаға қойып, шынтақ буынын толығымен жазыңыз

3. Қолыңызды жуыңыз, құрғатыңыз және антисептикпен өңдеңіз.

4. Бір рет қолданылатын қолғап киіңіз

3

Вена ішіне тамшылатып құю жүйесін жинау

1. Құтыдағы жазуды оқыңыз: атауы, жарамдылық мерзімі. Оның жарамдылығын тексеріңіз (түсі, мөлдірлігі, тұнбасы). Жүйені қолданар алдында құрылғының жарамдылық мерзімі мен қаптаманың герметикалығын, инелердегі қақпақтардың тұтастығын тексеріңіз, содан кейін пакетті ашыңыз.

2. Дәрілік ерітіндісі бар құтының тығынынан металл немесе пластмасса дискіні алып тастау, тығынды спиртпен өңдеу, «ауа сүзгісі» инесінің қалпақшасын алу, инені тығынға тірегенге дейін енгізу.

4

Жиналған жүйеден ауаны шығару

1. Сұйықтық ағынын реттегішті (қысқышты) жабыңыз. «Ауа сүзгісінің» ашасын ашыңыз

2. Құтыны төңкеріп, оны штативке бекіту керек.

3. Тамшылатқыштың ауа сүзгісін басу арқылы оны ортасына дейін құтыдағы ерітіндімен толтырыңыз

4. Қысқышты ашу, в/і инъекцияға арналған иненің қалпақшасын шешу

5. Жүйені ерітіндімен толтырыңыз. Қысқышты жабыңыз, жүйеде ауа көпіршіктерінің болмауын тексеріңіз, қақпақты киіңіз – жүйе толтырылған және вена ішіне тамшылатып енгізуге дайын.

5

Инъекция алаңын дайындау

1. Науқастың білегінің төменгі үштен біріне бұрауды салыңыз. Пациенттен саусағын бірнеше рет жұмып қозғалыс жасауын сұраңыз (жұдырығыңызды қысыңыз), егер ол мұны істей алмаса, онда шынтақ венасына қанды қуып, білегін басыңыз.

2. Венаны пальпациялау

3. Үлкен алаңды алғашқы стерильді спиртті шарикпен өңдеңіз.

4. Екінші стерильді шарикпен кішкене алаңды өңдеңіз.

5. Үшінші стерильді шарикпен тікелей инъекция орнын өңдеңіз.

6

Процедуралық манипуляция жүргізу

1. Инені оң қолыңызға алыңыз, қақпақты абайлап алыңыз, инені жоғары қарай бұраңыз, сол қолдың бас бармағымен венаны бекітіңіз. Инені венаның бойымен тік бұрышпен енгізіп, теріні де, венаның қабырғасын да бір қимылмен тесуге тырысыңыз

2. Сәтті венепункцияның белгісі – иненің канюлясында қанның пайда болуы

3. Бұрауды шешу

7

Дәрілік препаратты вена ішіне құюды жүргізуді бақылау

1. Қысқышпен құю жылдамдығын орнатыңыз (минутына тамшылар саны бойынша)
2. Инені жабысқақ пластырьмен бекітіңіз
3. Инфузия кезінде пациенттің жалпы жағдайын, жүйенің қалыпты жұмысын бақылаңыз: сұйықтықтың ағып кетуінің болмауы, жүйеге ауаны сору, инфузия аймағында инфильтрация немесе ісіну. Ине бітелген және құю тоқтаған кезінде басқа венаны немесе сол венаны басқа жерден венепункциялау және жүйені қайта қосу қажет.

8

Вена ішіне құю рәсімін аяқтау

1. Құтыда сұйықтық қалмаған кезде құюды аяқтау және ол тамшылатқышқа түсуді тоқтатады. Инені венадан шығару

2. Инъекция орнын спиртке малынған мақта шарикпен басыңыз

3. Пациенттен қолын шынтақ буынына бүгуді және спиртті шарикті 2-3 минут ұстауды сұраңыз, егер пациент ес-түссіз болса, жабысқақ пластырьмен бекітіңіз

9

Медициналық қалдықтарды утилизациялау

1. Жүйені құтыдан ажырату, жүйені Б класындағы медициналық қалдықтарды сақтауға арналған ыдысқа салу

2. Қолғаптарды шешіп алып, оларды Б класындағы медициналық қалдықтарды сақтауға арналған ыдысқа салу

3. Қолыңызды мұқият жуыңыз және сүрткімен құрғатыңыз




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет