Қолданбалы экология



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата12.03.2017
өлшемі0,65 Mb.
#8915
1   2   3   4   5   6   7   8

4

–ДƏРІС. Микроскопиялық 

саңырауқұлақтар 

биотехнология

22

объектісі ретінде.

Саңырауқұлақтар – эукариотты  гетеротрофты  организмдер, ұлпалары

əлсіз  дифференцияланған, клетка  қабырғасының  құрылымы  химиялық  болып

келетін, спора түзетін, қолайсыз жағдайларға шыдамдыжəне оны таратушы ор-

ганизмдер.

Бүгінде 100 мыңға  жуық  саңырауқұлақтар  мəлім. Тіршілік  етуіне  қарай

оларды екі топқа бөледі:

1) сапробионтты (сапрофиттер, сапротрофтар) – қоректену  үшін  қажет

органикалық бірлестіктерді өлген организмдердің қатып қалған қалдықтарынан

алады.


2) биотрофтар (симбионттар, паразиттер) – қорек  көзі  ретінде  өздерінің

серіктерін  немесе  қожайындарын – өсімдіктерді, жануарларды, балдырларды,

бактерияларды немесе басқа саңырауқұлақ түрлерін пайдаланады.

 3.1 - сурет. Биотехнологиядағы микроскопиялық саңырауқұлақтар.

Ашытқылар, биотехнологиялық  зерттеулердің  неғұрлым  зерттелген

объекті ретінде.

Ашытқылар – мицелиі 

жоқ, бөлінетін 

клеткалар 

түріндегі

саңырауқұлақтардың жинақталған тобы.

Ашытқылардың 500-дей  түрі  белгілі. Барлық  ашытқылар – қышқылдық

немесе  ашытқы  типтес  зат  алмасатын  гетеротрофтар. Ашытқылар  ақуыз, ли-

пидтер, клеткааралық  полисахаридтер, В  тобының  дəрумендерін түзеді. Крип-

тококкоз, кандидоз жəне басқа да микоз ауруларын тудырады.

Адамдардың  қолдану аймағы: сыра  ашыту, шарап  жасау, спирт  өндірісі,

нан  пісіру, микробиологиялық  өндіріс (азық  белогы, ферменттер), сондай-ақ,

биоэнергетикада, радиобиологияда, гентика  саласындағы  зерттеулерде

Микроскопиялық

саңырауқұлақтар

Медицина

Қолданбалы миколо-

гия

Тамақ өндірісі



Антибиотиктер

Органикалық

қышқылдар

Ферменттер

Ауыл

шаруашылығы



Табиғатты қорғау

Нан пісіру

Сыра ашыту жəне

шарап жасау

Ірімшік қайнату


23

қолданылады (3.1-сурет).

Адамзат  қолданысының  басым  көпшілігіне  аскомицеттер (Ascomycota)

класына  жататын  сахаромицеттер (Saccharomyces) жатады. Олар  жай

көмірсуларды этил спииртіне дейін белсенді түрде ашытады. Спирттік ашыту-

ларды алғашында Луи Пастер зерттеді.

Көмірсулардың этанолға дейінгі қышқылдану процесінің схемасы: қант 

пируват СO2 + ацетальдегид  этанол.



Нан  пісіру. Нан  пісіру  процесінде  ашытылған  қамыр  пайдаланылады.

Наубайда  ашытқы  жəне  ашыған  сүт  бактериялары  көбейеді. Олар  қара  нанға

жағымды қышқыл дəм беріп, хош иістендіреді. Алынған қамыр СО

2

бөлінуімен



көлемі  ұлғая  береді, ашытқының  жылдам  көбейіп, көмірсулардың  ашуы  да

ескерусіз қалмайды.



Шарап  жасау.  Жемістің  бетінде  жəне  ішінде  ашытқысы  көп  мыңдаған

микроорганизмдер  тіршілік  етеді. Сондықтан  сығып  алынған  шырын  қсымша

ашытқы қоспай-ақ аши бастайды.

Ашу процесіне  сірке қышқылы  жəне  ашыған  сүт бактериялары, ашытқы

тəріздес саңырауқұлақтар кедергі келтіруі мүмкін. Өндірісте шарап материалын

бүлдірмеу  үшін  жүзім  шырынын  алдын  ала  өсірілген  белсенді  шарап

ашытқысына  салады. Көбінесе  сахаромицеттерге  жататын  қолданылған

ашытқы түрлерін, ашу процесін шарап түрімен анықтайды.

Шарап жасаудағы қолданылатын процестерді Луи Пастер зерттеді. Жүзім

сығындысындағы  ашытқылар  қантты  ашытады. Ашу  процесі  ашытқы  бүкіл

қантты  тауысқанша  жалғаса  береді. Ашытқылар  оттегі  жетіспеген  жағдайда

ғана спирт түзеді. Егер оттегі көп болатын болса, ашытқы қантты көмірқышқыл

газына жəне суға айналғанша тотықтыра береді. Ашу процесі қарқынды жүріп

жатқанда  бөлінген  көмірқышқыл  газы  шырынның  бетін  ауадағы  оттегімен

əрекетке түсуден қорғап тұрады. Ашыту аяқталғанда жас шарабы бар бөшкені

жауып, бекітіп  тастайды. Егер  оны  бекітпесе  сірке  қышқылды  бактериялар

оттегін  пайдаланып, спиртті  сірке қышқылына айналдырып жібереді. Осылай-

ша  алмалы  немсе шарапты сірке суын алады. Өз зерттеулерінде  Пастер Фран-

ция шарап жасаушыларына шарап дайындағанда микробиологиялық тазалықты

сақтап, бөшкелерді  мұқият  тазартып, шарапты  күкірт  ангидридімен  ыстауды

ұсынды.

Сыра ашыту. Сыра ашыту – əлемнің көптеген елдерінде дəстүрлі өндіріс

түрі  болып  саналады. Əдетте  ол  шарап  жасауға  қарағанда  жақсы

индустрияланған, жəне  мұндағы  ашытқы  компоненті  маңызды  рөл  атқарады.

Ашытатын  арпа  сығындысы  ашытқы  клеткаларын  қысқа  мерзімде  ондағы

спирт құрамын 3-5% дейін жеткізеді. Ашытқының өте қарқынды көбеюін баяу-

лату үшін жəне сыраға ерекше дəм беретін өнімді жинақтау үшін (альдегидтер,

кетондар, көп атомды спирттер) ферментацияны  төмен  температурада – 2-8°С

жүргізеді.



Пеницилдер.  Пенициллиум (Penicillium) саңырауқұлақтар  класының

(Deuteromycota) гифомицеттер (Hyphomycetales) қатарына  жатады. Бұл

саңырауқұлақтардың табиғи тіршілік ету мекені – топырақ.

XV–XVI ғғ. халық  медицинасында  іріңді  жараларды  емдеу  үшін  жасыл



24

өңез  қолданылып  келді. 1928 жылы  ағылшын  микробиологы  Александр  Фле-

минг  стафилококк  культурасына  кездейсоқ  түсіп  кеткен  пенициллиум

бактерияның  өсуін  толықтай  тоқтатқанын  байқады. Флемингтің  осы

бақылаулары  антибиоз  туралы  ілімнің  негізіне  жатқызылды. Микробтық

антагонизмнің  дамуын  зерттеуге  Л. Пастер  мен  И.И. Мечниковтың  да  қосқан

үлесі аз болған жоқ.

Жасыл  өңездің  микробқа  қарсы  əсері  аса  ерекше  затпен – осы

саңырауқұлақ  арқылы  қоршаған  ортаға  бөлініп  шыққан  пенициллинмен

негізделеді. Пенициллинді  таза  күйінде 1940 жылы  ағылшын  ғалымдары

Г.Флори жəне Э.Чейн, ал 1942 жылы олардан бөлек кеңес ғалымдары З.В. Ер-

мольева  мен  Т.И. Балезина  алды. Екінші  дүниежүзілік  соғыста  пенициллин

жүздеген  адамдардың  өмірін  сақтап  қалды. Пеницилллинге  деген  сұраныстың

көптігі  соншалық, 1942 жылдан 1945 жылға  дейінгі  аралықта  бірнеше

миллиондаған бірліктен 700 млрд бірлікке дейін өсті.

Пенициллинді өкпе қабынуында (пневмония), сепсис, терінің іріңді ауру-

ларында, ангинаға, скарлатин, дифтерия, ревматизм, сифилис, гонорея  жəне

басқа да грам-оң бактериялармен пайда болған ауруларға қарсы қолданады.

Пенициллиннің  ашылуы  жаңа  антибиотиктерді  іздеуге  жəне  олардың

қайнар көзін алуға бастама берді. Антибиотиктердің ашылуымен микробтардың

пайда болуымен шақырылған барлық жұқпалы ауруларға қарсы ем табылды.

Бірақ  жасыл  өңездерді  тек  медицинада  ғана  табысты  қолданып  келе

жатпағанымыз белгілі. P.roqueforti түрінің пеницилы аса маңызды болып отыр.

Табиғатта  олар  топырақты  мекендейді. «Мəрмарлығымен» сипатталатын

ірімшіктер тобы бізге жақсы таныс. Мысалы, отаны Франция болып табылатын

«Рокфор», солтүстік  Италияның «Горгонцола» ірімшігі, Англияның «Стилон»

ірімшігі, т.б. Осы  ірімшіктердің  барлығына  бос  құрылым, көгерген  түс  жəне

хош  иіс  тəн.  P.roqueforti аздаған  мөлшерде  оттегін қажет етеді, көмірқышқыл

газының жоғары концентрациясына төзеді.

«Камамбер», «Бри» тəріздес  жұмсақ  француз  ірімшіктерін  даярлағанда

P.camamberti и P.caseicolum қолданылады. Ол  ірімшік  қабығында  өзіне  тəн  ақ

түсті  қақ  тұрғызады. Осы  саңырауқұлақтардың  ферменттерінің  əсерінен

ірімшік сулы, майлы, əрі дəмді жəне хош иісті қасиетке ие болады.

Аспергилдер. 

Аспергилдер 

де 

пенициллиндер 



сияқты,

саңырауқұлақтардың жетілмеген класына жатады. Олардың табиғи тіршілік ету

мекені – топырақтың  жоғарғы  горизонттары. Олардың  өкілі  ретінде

сапрофиттерді мысалға алсақ болады.

A.flavus и A.oryzae түріне  жататын  саңырауқұлақтар – өңезді

саңырауқұлақтар  бірлестігіндегі  басты  компонент  болып  табылады. Олар

көбіне бидай, күріш, горох, соя, арахисте дамиды. Мына ферменттерді: амила-

залар, липазалар, протеиназалар, пектиназалар, целлюлазаларды  өндіріп

шығарады. Сондықтан  да A.oryzae жəне  осы  тектес  түрлер  Шығыс  елдерінде

тамақ  өнеркəсібінде  жүздеген  жылдар  бойы  пайдаланылып  келеді.

Жапонияның  жəне  Шығыстың  басқа  да  елдеріндегі  спирт  өндірісі  күріштен

жасалған  арақ – сакэні  дайындау  үшін  алдымен  күріш  крахмалын

қантсыздандырады, бұл бүтіндей осы топ саңырауқұлақтарының ферментативті


25

қасиеттеріне  негізделген. Дəстүрлі  соядан  жасалатын «сэю» соусы, «тыонг»

соя-күріш соусы (Вьетнам), «мисо» сорпа дəмдеуіші (Жапония, Қытай, Филип-

пины) жəне  басқа  да  азық-түлік  өнімдері  аспергилдерді  қолданумен  жүзеге

асырылып отыр.

Биотехнологияда A.niger тобын  қолдану  кең  етек  алды. Лимон, глюкон

қышқылдарын  алуға  мүмкіндік  ашылды. Аспергилдер  органикалық

қышқылдардан тыс, жекелей алғанда A.niger, дəрумен түзуге қабілетті: биотин,

тиамин, рибофлавин, т.б.

Ауыл 

шаруашылығы  культураларының 

зиянкестерімен 

күресте

жыртқыш  жəне  паразиттік  саңырауқұлақтар. Жыртқыш  саңырауқұлақтар

саңырауқұлақтар əміршілігіндегі мамандандырылған өкілдері болып табылады.

Оларға Stylopage жəне Arthrobotris өкілдері 

жатады. Жыртқыш

саңырауқұлақтарды зерттеумен алғашқылардың бірі болып  И.И. Мечников ай-

налысты. Эволюция  барысында  жыртқыш  саңырауқұлақтардың  бойында  ұсақ

жануарларды  қорек  ретінде  қолдану  үшін  ұстап  алатындай  қасиет  пайда  бола

бастады. Əсер  етумеханизмі  бойынша  мұндай  қабілет  үш  типке  жатқызылуы

мүмкін: гифтердің  жабысқақ  торы  ретінде, кішкене  бастар  түрінде  немесе

гифтердің  тозаңы  түрінде. Жыртқыш  саңырауқұлақтар  қорек  ретінде  ұсақ

жəндіктерді ұстап, пайдалана алады.

Жыртқыш  саңырауқұлақтар  топырақта  тіршілік  етеді, мұнда  олардың

мицелиі  өсімдік  қалдықтарында  немесе  органикалық  субстраттарда  дамиды.

Бірақ, қорек көзінің бір бөлігін олар өздерінің жемтіктерінің ұлпаларынан ала-

ды. Жемтік  денесі  олар  үшін  жыртқыш  аңдар  сияқты  тек  азық  немесе  қорек

ретінде ғана пайдаланылады.



Рециклизация – қоқыс  утилизациясы (қоқысты  пайдаға  асыру). Əлемде

жыл  сайын  тұрмыстық  қалдықтардан, ауыл  шаруашылық  жəне  орман

шаруашылығынан  түзілген  қоқыстың орасан  зор мөлшері қалыптасады. Отын,

қағаз қалдықтары қоқыстың жартысын құрайды екен. Олар үш негізгі құрамдас

бөліктерден: целлюлозадан (35-40%)  + гемицеллюлозадан (25-45%) + лигнин-

нен (15-35%) тұрады.

Қалдықтардан қоршаған ортаны ластамай құтылуға да болатын еді, бірақ,

олардан  энергия  мен  органикалық  бірлестіктер  көміртегі  алынады. Қазіргі

таңда  қалдықтарды  көбінесе  өртеп  жібереді  немесе  өңделмеген  күйінде  көміп

тастайды. Соңғы  тəсілді  пайдаланғанда  тіпті, жылу  энергиясы  да  алынбайды

екен.

Алайда, саңырауқұлақтарды басқа да микроорганизмдерге сəйкес қолдану



негізінде  альтернативті  жолы  да  жоқ  емес  сияқты. Рециклизацияның  тағы  бір

жолы – отын, ағаш  қалдықтарында  жеуге  жарамды  саңырауқұлақтарды  жəне

азық ашытқыларын өсіру. Осылайша қайта өңдеу 2% ғана органикалық қалдық

алуға мүмкіндік береді.

Целлюлоза  мен  лигнинді  жаймалау  үшін  саңырауқұлақтарды  қолданған

жөн, олардың  құрамындағы  ферменттер -  целлюлазалар  жəне  лигниназалар

белсенділігі  бактериялар  құрамындағы  ферменттерге  қарағанда  əлдеқайда

жоғары.


Қорытындылай келе, саңырауқұлақтардың «жақсы» немесе «жаман» бол-

26

майтынын, олардың  барлығы  да  биосферадағы  зат  айналымын  қамтамасыз

ететін микроəлемнің ажырамас бөлігі екендігін еске сала кеткен артық болмаса

керек (3.1-кесте).

3.1 - кесте. Саңырауқұлақтарды  пайдаланумен жүзеге асатын рециклиза-

ция əдістері.

Əдіс

Бастапқы материал 



Ферменттеуші орга-

низмдер


Нəтиже немесе

өнім


Иістену

Қамыс, ағаш

ұнтақтары

Топырақ


микроорганизмдері

Топырақтың  сапа-

сы 

артады


(биологиялық

байыту)


Компостау

Кез 


келген

органикалық

қалдықтар

Топырақ


микроорганизмдері

Шіру


Биогаз алу

Ағын  сулар, қатты

тұрмыстық

қалдықтар

анаэробты  микроор-

ганизмдер

Метан

Азық


ашытқыларын

алу


Целлюлоза-қағаз

кəсіпорындарындағы

сульфиттік ағындар

 Ашытқы 


тəріздес

саңырауқұлақтар

жəне ашытқылар

Азық ашытқылары



Əдебиет:

Негізгі – 1 [36-124].

Қосымша – 1 [46-102]; 2 [т.2; 16-142].

Бақылау сұрақтары:

1. Табиғатта саңырауқұлақтар қандай қызмет атқарады?

2. Қандай  биологиялық  сапалар  саңырауқұлақтардың  биотехнологиялық

индустрия шыңына шығуын болжады?

3. Биотехнологияылық индустрияның қандай салаларында микроскопиялық

саңырауқұлақтарды  қолданады? Ал  макроскопиялық  саңырауқұлақтарды

қандай салада қолданады?

4. Қазіргі  таңда  утилизацияның  қоршаған  ортаға  жəне  жеке  ағзаларға

тигізетін зияны мен пайдалы жақтары қандай?

5. Саңырауқұлақтарды  пайдаланумен  жүзеге  асатын  қандай  рециклизация



27

əдістерін білесіз?



5



ДƏРІС. Экожүйенің  биотехнологиялық  ресурстары: өсімдіктер,

балдырлар, мүктер

Балдырлар (Algae). Балдырлардың  негізгі  белгілері  жəне  жүйесі.

Балдырлар – адамзатқа аса қажет, биологиялық маңызы айрықша, өсімдіктердің

орасан зор тобы. Олар өсімдіктер  ішінде ең қарапайымы, оларда бұтақ, тамыр

немесе  жапырақ  деген  болмайды. Бұл  оттегін  бөліп  шығаратын

фотосинтездеуші  организмдер  қатарына  жатады. Эукариоттық  балдырлар

айқын  топтарға  бөлінеді, алайда  негізгі  айырмашылық  белгісі –

фотосинтетикалық пигменттер жиынтығы.

 4.1-кесте. Балдырлардың  кейбір  басты  топтарының  негізгі  белгілері

жəне жүйесі.



Жалпы белгілері:

Денесі  фотосинтездеуші  қабаттан (талломнан) тұрады. Барлық  түрі  сулы  ортада

тіршілік етуге бейімделген. Формалары жəне өлшемі алуан түрлі.

 Chlorophyta (жасыл

балдырлар) бөлімі

Фотосинтетикалық

пигменттер арасында

хлорофилл басым;

сондықтан олар жасыл

түске боялған.



а жəне хлорофилдер

бар.


Көмірсуларды крахмал

түрінде сақтайды

(ерімейді)

Негізінен тұщы сулы

өсімдіктер

Түрлердің

əралуандылығы, мы-

салы, бір клеткалы,

жіп тəріздес, колония-

лы, таллом тəріздес.



Phaeophyta (қоңыр балдыр-

лар) бөлімі

Фотосинтетикалық пигмен-

ттер арасында қоңыр пиг-

мент басым. Ол фукоксантин

деп аталады.

а жəне с хлорофилдер бар.

Көмірсуларды ерігіш лами-

нарин жəне маннит түрінде

сақтайды. Сонымен бірге

майларды да сақтайды.

Барлық түрі – теңіздік

Жіп тəріздес жəне таллом

тəріздес, ірі болып жиі

кездеседі.

 Euglenophyta (эвгленді)

бөлімі

Фотосинтетикалық пигмен-

ттер арасында хлорофилл ба-

сым; сондықтан олар жасыл

түске боялған.

а жəне b хлорофилдер бар.

Көмірсуларды парамилон

түрінде с ақтайды (крахмалға

ұқсайды).

Формасы тұщы сулы

Бір клеткалы жəне қозғалады.

Целлюлозалы клеткалы

қабырғаның орнына пеллику-

ла орналасқан

Көздері бар жəне пульсі

соғатын вакуолдері бар.

Мысалы:


Chlamydomonas -бір

клеткалы, қозғалатын

балдыр

Spirogyra - балдыр

Мысалы:


Fucus- таллом тəріздес, теңіз

балдыры.


Laminaria- ірі, таллом

тəріздес, теңіз балдыры;

Мысалы:

Euglena


28

Viva – таллом тəріздес,

теңіз балдыры.

зор халықшаруашылық

маңызы бар.



Эукариотты балдырлар жүйесі: Өсімдік патшалығы: "Балдырлар"

Бөлімдері:

Rhodophyta – қызыл балдырлар.

Chrysophyta  - алтын түстес балдырлар.

Xanthophyta – сарғылт-жасыл балдырлар.

Bacillariophyta – диатомды балдырлар.

Dinophyta – динофлагеллаттар жəне криптомонадтар.

Phaeophyta – қоңыр балдырлар.

Chlorophyta -  жасыл балдырлар.

Euglenophyta – эвгленалы балдырлар.



Балдырлардың мəні:

1. Балдырлардың  биосферадағы  рөлі. Қазіргі  заманғы  бағалау  бойынша

мұхит  үлесіне  шаққанда  ең  аз  дегенде  əлемдік  бастапқы  өнімнің  жартысы

кетеді  екен. Осы  бастапқы  өнімді  балдырлар  түзеді – мұхитта  орналасқан

бірден-бір өсімдіктер.

2. Альгинді қышқыл, агар жəне каррагенан. Балдырлардан көптеген пай-

далы  өнімдер  алуға  болады. Мысалы, альгин қышқылы, агар  жəне каррагенан.

Альгин  қышқылы  жəне  оны  өндірушілер (альгинаттар) – бұл Laminaria, Asco-



phyllum жəне Macrocystis сияқты балдырлардың клеткалық қабырағсынан пайда

болған  полисахаридтер. Балдырларды  көбіне  жағалаудағы  ұсақ  су  көздерінен

қазып алады. Тазартылған альгинаттар улы емес, əрі оңай  гель түзеді. Оларды

өндірістік  тауарлар  алу  үшін  желе  тəрізді  заттарды  қатайту  үшін  кең

қолданады.  Агар – қызыл балдырлардан алынған полисахарид. Ол да альгинат-

тар  сияқты  гель  түзеді. Бірақ  агар  қолданыста  өте  кең  таралған  жəне  оны

саңырауқұлақтар мен бактерияларды өсіру үшін қоректік орта ретінде көп пай-

даланады. Каррагенан (карраген) - Chondrus crispus деп аталатын қызыл балдыр-

лардан алынатын клеткалық қбырғаның тағы бір  полисахариді. Өзінің химиялық

құрылымы  бойынша  агарға  өте  ұқсас, жəне  оны  да  дəл  агарды  қолданатын

мақсаттарға пайдаланады.

3. Диатомит (кизельгур). Bacillariophyta бөліміне  жататын  балдыр.

Негізінен  бір  клеткалы; оларды  диатомды  деп  атайды. Бұл  балдырларға

клеткалық қабырғасының ерекше құрылымы тəн, себебі оның құрамында крем-

ний  бар. Клеткалар  өлгеннен  кейін  диатоманың  қалдықтары  теңіздер  мен

көлдердің  түбіне  шөгеді, сөйтіп  ол  жерде  үлкен  қабаттар  жинақтала  береді.

Осылайша  қалыптасқан “диатомды  жердің” құрамында  өте  көп  мөлшерде

кремний  болады (90%-ға  дейін). Арнайы  тазартылғаннан  кейін  бұл “жерді”

температураның  жылдам  төмендеуіне  қарсы  тұра  алатындықтан, тамаша

фильтрлеуші материал ретінде (мысалы, қант алу кезінде немесе сыраны ашық

түске бояғанда) пайдалануға болады.

4. Тыңайту. Жағалауға  жақын  орналасқан  фермаларда  аз  да  болса



29

дəстүрлі түрде ірі балдырларды (қызыл балдырларды) тыңайтқыш ретінде пай-

даланады. Балдырлар  калиге  өте  бай, бірақ  жай  навоздарға  қарағанда  мұнда

азот пен фосфор аз. Тыңайту мақсатында неғұрлым маңызды рөлді көк-жасыл

балдырлар  атқарады. Себебі, олардың  құрамында  азот  көп, сондай-ақ, олар

топырақта өте көп кездеседі.

5. Тамақ өнімдері. Кейбір балдырларды тіпті, тікелей дастарханға қояды,

негізінен Қиыр Шығыста. Porphyra қызыл балдырын жəне Laminaria балдырын

деликатес  ретінде  шикі  күйінде  жейді. Олардан  əр  түрлі  тамақтар  пісіреді.

Тамақтың  жаңа  дəмін  іздеу  барысында  балдырларды  өндірісте  культивирлеу

кең етек алды. Көк-жасыл балдырлардың ішінде үміт күттіретіні де осы Spiruli-

na болып саналады.

6. Ағынды суларды тазарту. Ағынды суларды тазарту бойынша микроор-

ганизмдермен  жұмыс  істеуде  балдырлардың  қосқан  үлесі  өте  көп. Себебі,

ағынды  суларда  тек  бактерияларға, саңырауқұлақтарға  ғана  емес, сонымен

бірге  жасыл  балдырларға  да  арналған  қоректік  заттар  бар  екені  анық. Олар,

əсіресе  ашық «тотықтырғыш  қоймаларда» пайдалы. Тереңдігі 1-ден 1,5 м

дейінгі  ашық  қоймаларды  тазартылмаған  ағындармен  толтырады. Фотосинтез

процесінде  балдырлар  оттегін  бөліп, ағынды  суда  өскен  басқа  да  аэробты

микроорганизмдердің өміршеңдігін сақтайды.

7. Ғылыми  зерттеулер. Бір  клеткалы  балдырларға  кəдімгі  өсімдіктердің

барлық  белгілері  тəн. Сондықтан, ғылыми  зерттеулер  үшін  балдырлар  өте

қолайлы  материал  болып  табылады. Сондай-ақ, біріншіден, оларды  қатаң

белгілі бір жағдайларда өте көп мөлшерде өсіруге болады; екіншіден, ол үшін

өте  көп  орын  қажет  емес. Мұндай  балдырларға  мысал  ретінде Chlorella  алсақ

болады, бұл фотосинтезді ғылыми зерттеуде өзінің құрметті орнын алған.

Bryophyta бөлімі - мүктер. Қазба  жұмысы  кезінде 3 млрд  жыл  бұрын

тіршілік  еткен  көк-жасыл  балдырлар  табылған. Ал  эукариоттық  организмдер

небары 1 млрд жылдан астам уақыт тіршілік етіп келеді. Құрлыққа бейімделген

алғашқы  организмдер, яғни  қарапайым  организмдер 420 млн  жыл  бұрын  ғана

пайда  болған. Bryophyta бөлімі  жердегі  өсімдіктердің  ішіндегі  ең  қарапайым

түрі.


4.2 – кесте. Bryophyta негізгі белгілері жəне оның жүйесі.

 Bryophyta бөлімі

Жалпы белгілері

Гаметафитті ұрпақ басым болып келетін ұрпақ кезектілігі.

Сым тəріздес ұлпасы болмайды

Денесі таллом түрінде немесе аздаған жай «жапырақтары» мен «бұтақтары» бар.

Нақты тамыры, бұтақтары, жапырақтары жоқ.

Көлеңке, дымқыл жерлерде кездеседі.



Hepaticae или Hepaticopsida класы (мүктер Musci или Bryopsida класы (жапырақты мүктер)

Гаметофит  формасы  талломдыдан (өте

сирек) «жапырақтыға» дейін бұтақтары

бар (түрлердің  көбінде); ауыспалы

формалары бар.

Гаметофит «жапырақты», бұтақтары бар;

«Жапырақтары» тығыз  спираль  түрінде

орналасқан



30

«Жапырақтары» бұтақтың  бойында  үш

қатармен орналасқан.

Ризоидтары бір клеткалы

Спораларын шашу үшін  спорофит ора-

масы  төртке  ашылады; спораларды

шашуға  арнайы  элатерлері (пружинка)

көмектеседі.

Ризоидтары көп клеткалы.

Спораларын 

шашу 

үшін 


спорофит

орамасында  күрделі  механизм  жүрді; ол

құрғақ  ауа  райын  қажет  етеді;  бұл

механизмнің  жұмыс  істеуі  үшін  перистом

тістері мен түтіктері көмектеседі; элатерлері

жоқ.


Мысалы:

Pellia - талломды мүк

Marchantia -талломды мүк

Lophocolea - жапырақсыз  мүк; əдетте

шіріген ағаштарда кездеседі

Мысалы:

Funaria

Mnium –  қарапайым  орман  мүгі, сыртқы

пішіні Funaria Sphagnum ұқсайды – торфтық

балшық  мүгі; дымқыл  ащы  ортада  троф

қабатын түзеді.



4.3 - кестеPteridophyta негізгі белгілері жəне оның жүйесі.

 Pteridophyta (папоротник тəріздес) бөлімі

Жалпы белгілері

Спорофитті ұрпақ басым болып келеді.

Гаметофит ұсақ қоқымға дейін редуцирленген.

Спорофиттің нағыз тамыры, бұтақтары, жапырақтары бар. Ұлпалары сым тəріздес.



 Lycopsida (плаун) класы -

плаундар


Класс Sphenopsida

Класс Pteropsida  - папоротник-

тер


Жапырақтары үлкен

емес (микрофилдер),

бұтақ айналасында спи-

ралданып орналасқан.

Спорангиялары түзу

споралы жəне əр түрлі

споралы пішінде.

Жапырақтары үлкен емес

(микрофилдер)

Түзу споралы

Спорангиялары айқын

көрінеді.

Жапырақтары салыстырмалы

түрде ірі (макрофилдер),

бұтақ айналасында спиралда-

нып орналасқан.

Вайя деп аталады.

Түзу споралы

Спорангиялары бұталанып

жинақталған (сорустар)

Мысалы:

Selaginella-əр түрлі спо-

ралы плаун



Lycopodium – түзу  спо-

ралы плаун

Мысалы:

Equisetum

(бүгінгі  күнге

дейін сақталған жалғыз түрі)

Мысалы:


Dryopteris filix-mas (еркек  па-

поротник) Pteridium (папорот-

ник)

4.4 - кесте. Spermatophyta негізгі белгілері жəне оның жүйесі.


31

Spermatophyta (тұқымдас өсімдіктер) бөлімі

Жалпы белгілері

Əр түрлі споралы

Ұрықталған қапшық (мегаспора) бүтіндей жабық тұрады (мегаспорангиялар);

Спорофит басым;

Жыныстық көбею үшін су қажет емес

Сымдалған ұлпалар құрылымы бойынша тамырында, бұтақтарында жəне жапырақтары

мен сабағында күрделі болып келген.

Gymnospermae класы

(қылқан


жапырақтылар, саголар)

 Angiospermae класы (гүлді өсімдіктер)

«Жалаң» тұқымдастар

Əдетте торсықша түзеді, мұнда споран-

гиялар мен споралар түзіледі.

Жеміс түзілмейді

Ксилемада тамыр болмайды, трахеидтер

ғана  болады, флоэмада  клетка  болмай-

ды, тек альбуминді клеткалар болады.

Ұрықтары көрінбей тығылған.

Спорангиялар мен спора дамитын гүл түзеді.

Ұрықтанғаннан кейін жеміс пайда болады.

Ксилемасы  тамырлардан  тұрады; флоэмада

клеткалар болады.

Бұл  бөлімге  екі  негізгі  класс - Hepaticae жəне Musci (мүктер) жатады.

Мүктəріздестер  салыстырмалы  түрде  құрлықта  тіршілік  етуге  онша

бейімделмеген, сондықтан  олар  негізінен  шикі, көлеңкелі  орындарды

мекендейді (4.2-кесте).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет