Қолданбалы экология



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата12.03.2017
өлшемі0,65 Mb.
#8915
1   2   3   4   5   6   7   8

Pteridophyta бөлімі

- папоротниктер, плаундар.

Папоротниктəріздестердің ішіндегі ең көнесі, олардың жасы шамамен 380 млн

жылды  құрайды. Тамырлы  өсімдіктер  ішіндегі  ең  белгілі  түрі. Тамырлы

өсімдіктер – сымдалған  ұлпалары  бар, яғни  ксилема  немесе  флоэманың

ұлпалары бар өсімдіктер. (4.3-кесте).



Spermatophyta бөлімі. Тұқымдас  өсімдіктер. Spermatophyta (грек.

Sperma-ұрық, тұқым) - жер бетіндегі  ең  гүлденген  өсімдіктер  тобы. Тұқымдас

өсімдіктер өлген тұқымдас папоротниктерден пайда болған (4.4-кесте).

Əдебиет:

Негізгі – 3 [т.1; 57-97].

Қосымша – 1 [16-24]; 2 [т.2; 32-124].

Бақылау сұрақтары:

1. Өсімдіктер жүйесі.

2. Өсімдіктердің халықшаруашылық маңызы.

3. Өсімдіктер жəне ғылыми зерттеулер.

4. Талломды мүктерге жататындар. Гаметофит жапырақты мүктер.

5. Мүктердің спора түзу процессі. Спорангиялары.



32

          

6–ДƏРІС. 

Эукожүйедегі

биотехнологиялық

ресурстар:

қарапайымдылар, ішекқуыстылар

Бір  организмде  жануарлардың  да, өсімдіктердің  де  белгілері  болады,

осыған  қарап, эволюцияның  ерте  кезеңдерінде  жануарлар  мен  өсімдіктер

клеткасының  арасында  айырмашылық  болмаған  деген  тұжырымға  келсек

болады.

 Protozoa типі (қарапайымдылар). Protozoa типі (protos-бірінші, zoon -

жануар) – организмдердің  тамаша, əрі  алуан  түрлі  тобы. Бүгінде  олардың 50

000 түрі кездеседі. Олардың құрылымы өзіне тəн протоплазмасы түйін тəріздес,

тіршілікке қажетті барлық қызметті атқара алады (5.1-кесте).

Қарапайымдылар 

протоплазма

ұйымдасуының

күрделілігімен

ажыратылады. Неғұрлым  қарапайым  түрлерінде (мысалы, Amoeba proteus)

протоплазмасы əлсіз дифференцияланған, арнайы қызмет ететін органеллалары

да  көп  емес. Филогенетикалық  тұрғыда  қарапайымдылардың  жетілген

түрлерінің (мысалы, Paramecium caudatum) құрылымы айтарлықтай күрделірек.

Белгілі  бір  қызметтерді  қарқынды  атқаруға  қабілетті  органеллалардың  саны

протоплазмада неғұрлым көбірек.



5.1 - кесте. Protozoa жіктелуі

Сипатты белгілері

Бір клеткалы

Ұлпалары болмайды

Органеллалары бар – протоплазманың арнайы қызмет атқаратын бөлімшесі

Гетеротрофты қоректенудің барлық түрлері көрсетілген

Бөліну  арқылы  көбейеді; гаметогония  кезінде  қарапайымдылардың  бүкіл  денесі

гаметаларға шашырайды.

 Flagellata класы

(Mastigophora)

Rhizopoda класы

(Sarcodina)

Ciliata

(Ciliophora)

классы

Sporozoa классы

Кейбір


өкілдерінде  хро-

матофорлары бар,

кейбіреулерінде

олар болмайды.

Клеткасы жарты-

лай қатты, клетка

қабығы пеллику-

ламен қапталған

Дене пішіні

тұрақты


Жетілген форма-

лары бір немесе

бірнеше

жіпшелері



арқылы

қозғалады.

Хроматофорлары

жоқ


Кейбір өкілдері

қабықша немесе

қаңқалық түзілулерді

бөліп шығарады,

басқаларында арнайы

қабықша болмайды

Дене пішіні тұрақсыз

Жетілген  формалары

псевдоподий

көмегімен қозғалады

Ядросы біреу

Көбеюі жыныстық

емес, екіге бөліну

Хроматофорлары

жоқ

Пелликула



Дене пішіні тұрақты

Жетілген  формалары

қатарласып

орналасқан

кірпікшелердің

көмегімен қозғалады

Макронуклеус жəне

микронуклеус

Көбеюі жыныстық

емес, тікелей екіге

бөліну жолымен

көбейеді


Хроматофорлары

жоқ


Пелликула

Дене пішіні

тұрақты

Өкілдерінің  басым



көпшілігінде

сыртқы  локомотор-

лық  мүшелері  бол-

майды, қандай  да

бір  қозғалыс  шек-

телген


Ядросы біреу

Көбеюі жыныстық

емес,


33

Ядросы біреу

Көбеюі

жыныстық емес,



екіге бөліну жо-

лымен көбейеді

Цистасында

көптік бөліну

жүреді

жолымен көбейеді



Спора түзе алады

Жыныстық көбейеді,

ол  конъюгация жо-

лымен іске асады

Сирек спора түзеді

спорогония жəне

шизогония жолы-

мен көбейеді

Жыныстық көбею

фазасы тіршілік

циклына кіреді.

Сингамиядан кейін

споралардың

көптеген саны пйда

болады, олар

қолайсыз


жағдайларға

төзімділік таныта

алады

Мысалы:


Euglena Регапета

Trypanosoma

Мысалы:


Amoeba Arcella Poly-

stomella

Мысалы:


Paramecium Vorticella

Stentor

Мысалы:


Monocystis Plasmo-

dium

Parazoa (қарапайымдылар) типі.

Parazoa жіктелуі:

Parazoa


Porifera (түтікшелі) типі – губка (омыртқасыз жануарлар класына жатады)

Сипатты белгілері:

1. Клеткалары ұлпаларға ұйымдаспаған.

2. Клеткаларының екі қабаты бар: сыртқы - пинакодерма жəне ішкі - хоано-

дерма (немесе жіпшелері бар клетка қабаты).

3. Жетілген формалары жабысып тіршілік етеді.

4. Теңіздерді ғана мекендейді.

5. Денесі əдетте асимметриялы.

6. Қуысты жануарлар.

7. Дене қабырғасында көптеген түтікшелері бар.

8. Қарапайым қаңқасы əктасты немесе кремнилі спикуладан тұрады.

9. Дифференцияланған жүйке жүйесі жоқ.

10. Көбеюі жыныстық емес, бүршіктену жолымен көбейеді.

11. Негізінен гермафродиттер, протандрия басым.

12. Эмбриогенезде бластула стадиясы жəне дернəсілді стадиялары болады.

13. Регенерацияға зор мүмкіншілігі бар.

14. Тұйықталған  топ, сонысымен  жануарлардың  бірде-бір  тобына  бастама

бермейді.

Calcarea класы (əктасты  спикулалары) – əктасты  губкалар; мысалы: Leu-

cosolenia, Sycon

Hexactinellida класы (кремнилі  алтысəулелі спикулалы) – əйнекті немесе

алтысəулелі губкалар; мысалы: Euplectella (Венера жəшігі)

Demospongiae класы - қарапайым губкалар; мысалы: Halichondria



34

Metazoa. Metazoa типіне  күрделі көп  клеткалы  гетеротрофты  жануарлар

жатады.  Бұл жануарлардың денесіндегі ұқсас клеткалар белгілі бір қызметтерді

атқаруға бейімделе отырып, ұлпа түзу арқылы бірігеді. Ұлпалардың əр түрлері

түзілуі мүмкін, олардың əр  қайсысы  өз  қызметтерін атқарады. Ұлпалардың  əр

түрінің түзілу процесі дифференцировка деп аталады; бұл өзінше организмдегі

еңбектің бөлінуі болып саналады. Дифференцировка организм үшін аса қажет.

Себебі, ұлпалар жеке клеткаларда арнайы қызмет атқарады.

Coelenterata типі (ішекқуыстылар).

Сипатты белгілері:

1. Қос  қабатты  көп  клеткалы  жануарлар: дене  қабырғасы  клетканың  екі

қабатынан  тұрады – сыртқы (эктодерма) жəне  ішкі (энтодерма); бұл

қабаттар  мезоглейлермен  бөлініп  тұрады, құрылымы  жоқ, желе

тəріздес  қабат, бұл  жерде  басқа  қабаттан  көшкен  клеткалар  болуы

мүкін.

2. Ұлпалары пайда болды.



3. Денесі  бір  қуыстан (гастралді  қуысқа  сəйкес); алғашында –

ойыстанған, екіншісі – дөңес (шығыңқы).

4. Азығын жұтуға жəне экскрецияға арналған бір ғана тесігі болады.

5. Денесі радиусты симметриялы болып келген.

6. Əдетте  жабысқақ  пішінді – полиптер, бір  немсе  колониялы  болуы

мүмкін; еркін жүзетін медузалар.

7. Жүйке жүйесі жүйке клеткаларын түзген тор түрінде болады.

8. Көбеюі жыныстық емес, бүршіктену арқылы көбейеді.

9. Жыныстық көбею кезінде ерекше дернəсіл қалыптасады – планула.

10.Полиморфизм  айқын  білінеді, бірақ  əр  түрлі  түрлерде  медузоидты

жəне гидроидты формаларының редукциясы жүруі мүмкін.

11.Кластары: Hydrozoa класы; Scyphozoa класы; Anthozoa  класы.



Platyhelminthes типі (жалпақ жауын құрттары): Platyhelminthes типінің

жіктелуі (жалпақ жауын құрттары):

Сипатты белгілері:

1. Үш қабатты көп клеткалы жануарлар.

2. Екі жақты симметриялы денесі бар.

3. Буылтық емес.

4. Ацеломиялық.

5. Орталық жүйке жүйесі алдыңғы бөлігінде орналасқан; өте қарапайым

жүйке торлары бар; ганглия.

6. Бөлу жүйесі бұтақталған түтікшелерден түзілген.

7. Дорсовентралді бағыт.

8. Аузы бар, аналь тесігі болмайды.

9. Гермафродиттер; жыныстық жүйесі жақсы дамыған.

10.Дернəсілдік стадиясы байқалады.



11. Кластары: Turbellaria, Trematoda, Cestoda кластары.

Nematoda типі (дөңгелек  жауын  құрттары). Адам  аскаридасы (Ascaris

lumbricoides) – адам  жəне  шошқаның  организмдерінде  паразиттік  тіршілік

етеді. Жіңішке, ұзын, екі  шеті  да  үшкірленіп  келетін  денесімен  таныс.



35

Аскаридалардың еркегі ұрғашысына қарағанда пішіні жағынан ұсақтау болады

жəне артқы жағы (артқы ұшы) қайырылып тұрады.

Сипатты белгілері:

1. Үш қабатты көп клеткалы псевдоцеломиялы жануарлар.

2. Екі жақты симметриялы

3. Буылтық емес.

4. Денесі  ұзын  домаланған, ұштары  үшкірленген, жауын  құрттарына

ұқсас.

5. Ас қорыту жолы екі тесік арқылы ашылады: ауыз жəне аналь тесіктері.



6. Əр түрлі жынысты.

7. Еркін  тіршілік  ететін  түрлері  бар, өкілдерінің  көбі – жануарлар  мен

өсімдіктердің паразиттері.

8. Цефализациясы айқын білінеді.



Annelida типі (сақиналы жауын құрттары).

Дене бітімі псевдоцелді болатын нематодалардан айырмашылығы, жану-

арларда  аннелидтерден  бастап, целом  дамиды. Целом  дене  қабырғасы  мен  ас

қорыту жолдары арасындағы кеңістіктегі сұйықтықпен толтырылған. Мезодер-

ма  целомының  негізгі  бөлігі  бұлшықеттерге  бастама  береді. Дене  қабырғасын

құрап тұрған бұлшықеттер жануарлардың қозғалысын қамтамасыз етіп тұрады,

ал  ішек  қабырғасындағы  бұлшықеттер  жиырылып  қысқару  арқылы  азықты

итереді. Заттардың дене қабырғасынан ішекке тасымалдануы (жəне керісінше)

жетілген қан тамырлар жүйесі бойынша жүзеге асады.

Сипатты белгілері:

1. Үш қабатты, целомдық көп клеткалы жануарлар.

2. Екі жақты симметриялы

3. Дененің метамерлі сегментациясы.

4. Перивисцералды целом.

5. Ауыз тесігінің алдында простомиум орналасқан.

6. Орталық жүйке жүйесі жұптасқан жұтқыншақ үсті ганглилерден

тұрады - «бас миынан».

7. Қарын жүйке тізбегі үздіксіз; əдет бойынша жүйкелері буылтықтанып,

екі жаққа кетеді.

8. Бөу  мүшелері – нефридии – сегментті  орналасқан, эктодермалді,

кірпікшелері бар. Эктодерма кутикуланы бөліп шығарады.

9. Хитин жіпшелері бар, сегмент бойынша орналасқан (сүліктерді

қоспағанда). Трохофор дернəсілі тəн.



Mollusca типі (моллюскалар немесе жұмсақ денелілер).

Моллюска  типі  жануарлардың  əр  түрлі  топтарын  біріктіреді. Олар: жай

жорғалайтын  ұлулар, теңіз  розинькалары, венеркалар, т.б. Үлкендігі  бойынша

буынаяқтылардан  кейінгі  орында  тұр. Олардың  бүгінгі  күнде 80 000 саналды,

қазып  алынғандарының  саны 35 000 жуық. Аяқ  басты  моллюскаларға  алып

кальмар жатады. Оның салмағы  бірнеше  тоннаны, ал  ұзындығы 16 м  құрайды

екен.

Сипатты белгілері:

1. Буылтық емес, целомды үш қабатты жануарлар.



36

2. Əдетте екі жақты симметриялы.

3. Денесі бастан, вентралді бұлшықетті бөлік – аяқтан, дорсалді бөлік –

жамбастан тұрады.

4. Сыртқы қабаты жұмсақ, дене айналасы жиырылған.

5. Жүрегі бар, қан тамыр жүйесі тұйықталмаған.

6. Тыныс алу пигменті – гемоцианин болып табылады.

7. Жүйке жүйесі жұтқыншақ айнласындағы сақинадан, бас жəне

плевралді ганглилерден, плевровисцералді ганглилерден тұрады.

Əдетте жұмыртқаларын кейінге қалдырады. Дернəсілі – трохофора.



Arthropoda типі (буынаяқтылар)

Буынаяқтылар – жануарлар  əлеміндегі  ең  көп  таралған  түр. Оның

өкілдері құрлықтың  жəне  судың барлық  жерлерін мекендейді. Оларды  барлық

географиялық ендікте кездестіруге болады.



Сипатты белгілері:

1. Үш қабатты целомды көп клеткалы жануарлар.

2. Буылтықтанған, екі жақты симметриялы.

3. Целом айтарлықтай редуцирленген.

4. Орталық  жүйке  жүйесі  жұптасқан  ганглилерден  тұрады. Нефридиі

жоқ.


5. Хитинді  экзоқаңқа  бөледі. Əр  бір  буылтықтың  жұптасқан  мүшелік

ұштары  бар. Олар  қозғалыс, азықты  табу, тітіркендіргіштерді

қабылдау қызметін атқарады. Беткейінде кірпікшелері болмайды.

6. Жүрегі  арқа  бөлігінде  орналасқан, қантамыр  жүйесі  тұйықталмаған.

Типтің əр түрлі өкілдерінде дернəсілдік формасы əр алуан.

Echinodermata типі.

Қазіргі  уақытта  ине  терілілердің 5000 түрі  белгілі. Олардың  барлығы

теңізде, жағалауларда кездеседі.

Сипатты белгілері:

1. Үш қабатты целомды жануарлар.

2. Тек теңізде мекен етеді.

3. Целомның бір бөлігі амбулакралді жүйеге дифференцияланған.

4. Аяқтары түтік тəрізді болады.

5. Əктасты экзоқаңқа.

6. Арнайы бөлу мүшелері жоқ.

7. Жыныстары əр түрлі.

8. Негізгі  дернəсілдік  стадиясы – диплеврула; кірпікшелі  шнуры  бар,

пішіні  пелагиялық. Дене  симметриясының  типі: дернəсілінде – екі

жақты, үлкендерінде – бес сəулелі.

Əдебиет:

          Негізгі – 3 [т.1; 98-150].

          Қосымша –2 [т.2; 125-132].

          Бақылау сұрақтары:

                 1. Қарапайымдылар, олардың құрылысы.

                 2. Ішекқуыстылар. Сипатты белгілері.


37

                 3. Кластары. Көбеюі, қоректенуі



7–ДƏРІС. Эукожүйедегі  биотехнологиялық  ресурстар: жануар  мен

адам

Адам  ағзасының  ішкі  және  сыртқы  дамуын  морфология  зерттейді.

Физиология функционалдық қалыпты, ағзаның физико-химиялық қасиеттерінің

тұрақтылығын реттейтін механизмдерді зерттейді.

Адам  денесінің  антропометрлік  сипаттамлары  адам  жасына  және

жыныстық  белгілері  бойынша  ажыратылады. Туылғанда  бас  көлемі  дене

ұзындығының  шамамен  төртінші  бөлігін  алады. Жасөспірімде – 1/8 бас, ал

аяқтары – дененің  жалпы  ұзындығының ½ бөлігі. Жыныстық  жетілуідң  бас

кезінде  ұлдар  мен  қыздардың  дене  бітімдері  бірдей  болады. Бірақ  уақыт

өтісімен  айырмашылықтар  біліне  бастайды, ол  ең  алдымен  аяқтың  ұзаруымен

басталады. Біртіндеп  бұлшықет, көкірек  жасушасы, иық (ұлдарда  көбіне)

үлкейе  бастайды. Маңдай  томпаяды, иек  ұзарады, ми  сауыты  сүйегі  шамамен

15%-ке  жуандайды, қыздарда  сүт  бездері  дамиды. Жас  адамның  орташа  бойы

18-20 жаста 168-180 см, ал қыздарда 160-170 см. Жас адамның 18-20 жасында

дене  салмағы 60-75 кг (қыздарда 55-65кг) болу  керек. Бой  және  салмақ

көрсеткіштер  өзара  байланыста. Бойы 167 см  әйелдердің  салмағы 53-63 кг

болады.

Қазіргі  заманғы  адам  ғажайып  морфологиялық  беглілерге  ие. Ең



біріншіден  бас  миының үлкендігі және  оның көп бөлігін үлкен ми  сыңарлары

алып  жатыр. Оның  бетінде  көптеген  жүлгелер  мен  иірімдер  бар. Егер  оның

бетіндегі иірімдерді түзесек, онда  оның  көлемі шамамен 2090см

2

  болатын  еді.



Адамның  сөйлеу  қабілетінің  дамуынан  иек  шығыңқы, ал  тістер  кішкене  және

тығыз  орналасқан  болып  келеді. Тістердің  мұндай  болып  келуі  адамның

жұмсақ, өңделген  тағамды  пайдаланғанынан. Омыртқа S-тәрізді  болады.

Аяқтар қолға қарағанда қуатты дамыған. Жүрген кезде дене салмағы өкшеден

саусақтарға ауысады. Еңбек ету әрекетінің дамуымен адамда саусақтар жіңішке

және майысқақ, ал қолдағы бас бармақ қалғандарына қарама-қарсы орналасқан.

Адам  және  жануар  организмінде  басты  реттеуші  нерв  жүйесі  болып

табылды. Оның іс-әрекетінің негізгі механизмі – рефлекс.

Рефлекс  деп (лат. Retlecto – білдіру) организмнің  кез-келген  жауапты

реакциясын  айтады. Ол  бас  миын  және  жұлынды  өзіне қосатын  орталық  нерв

жүйесімен іске асырылады.

Морфология  жағынан  рефлекс 5 бөліктен  құралған. Барлығы

рефлекторлық доға деп аталады.

1. рецептор – тері және бұлшықеттегі сезімтал нерв аяқшалары.

2. аферентті нерв импульстерін нерв орталығына жеткізетін сезімтал нерв

жасушалары.

3. Жұлында (нерв орталығында) орналасқан қойылмалы нейрон.

4. Эфферентті нейрон, аксондары арқылы белгі эффекторға жетеді.

5. Көлденең сызықты эффектор немесе тегіс салалы бұлшық ет немесе без,

арнайы іс-әрекетті іске асыратын.

Орталық жүйке жүйесінің физиологиясы.


38

Орталық жүйке жүйесі бүкіл мүшелер  мен жүйелер жұмысын бақылайды.

Бұл  күрделі  жұмыстарды  нерв  жасушалары  орындайды (нейрон, нейроцит).

Нейрондар: 1. тітіркенулерді қабылдайды; 2. ақпаратты өңдейді және сақтайды;

3. нерв импульстерін өткізеді.

Жүйке жүйесінің анатомиялық құрылымы.

Ол орталық және перифериялық болып бөлінеді. Орталық жүйке жүйесіне

бас миы және жұлын кіреді. Орталық  жүйке жүйесі мен перифериялық жүйке

жүйесі  нейрондардан, ганглиялардан, өсінділерден  тұрады. Анатомиялық

орталық жүйке жүйесі 4 бөлімнен  тұрады: алдыңғы ми, ортаңғы ми, артқы ми

және  жұлын. Эмбриогенездің 7-ші  аптасында  алдыңғы  және  артқы  мидың

бөліну өтеді. Соның салдарынан бес бөлік түзіледі және олар артқы ми, аралық

ми, ортаңғы ми, мишық және сопақша ми деп аталады.

Жұлын және жұлын ми жүйкелері.

Ол  омыртқа  каналында  орналасқан, ұзындығы 45 см. Жұлын  миынан 31

жұп  жүйке  тарайды, оның  ішінде 7 мойын, 12 төс, 5 бел, 5 сегізкөз  және  бір

сегізкөз асты жүйкелері әр сегменттен бір жұптан.

Сенсорлы жүйелер физиологиясы.

Сенсорлы  жүйе  немесе  талдағыштар 3 бөлімнен  тұрады: перифериялық,

аралық және орталық. Перифериялық бөлім сезім мүшелерін немесе сенсорлы

мүшелерді – жоғары  маманданған  мүшелерді  түзеді. Олар  әртүрлі  сыртқы

немесе ішкі ортадағы тітікенулерді қабылдайды.

Аралық бөлім жүйкелерді түзеді. Талдағыштық орталық бөлімі бас миында

орналасқан. Сезім  мүшелері – ағзаға  ақпараттың  сыртқы  ортадан  түсуінің

жалғыз жолы. Ал ми – оның дәл қабылдануын қамтамасыз ететін мүше.

Рецепторлық аппараттарды перифериялық бөліктер тәрізді екі негізгі топқа

бөлуге  болады: соматосенсорлы  рецепторлар, олар  дене  жағдайын

сигналдаушылар және арнайы сенсорлы рецепторлар (көру, есту, дәм сезу).

Сыртқы орта жағдайлары туралы арнайы рецепторлар сигнал береді. Олар

адам  және  жануарларда  бас  ауданында  орналасқан. Талдағыштар  бір  жүйе

ретінде жұмыс істейді. Барлық бөліктері бір-бірімен байланысты және бір-бірін

реттейді.

Қан және қантамырлар жүйесі.

Ағзаның  ішкі  ортасы  сұйықтықтар  топтарынан – қан, лимфа,

цереброарқалық  және  тін  сұйықтықтарынан  құралған. Ішкі  орта  тұрақтылығы

гомеостаз  деп  аталады. Ол  биологиялық  константтар  қатарымен, мысалы,

осмостық  және  артериялық  қысым, дене  температурасы, қандағы  қант

концентрациясымен сипатталады. Қан маңызды физиологиялық функцияларды

атқарады: тасымалдаушы (метаболизм  өнімдерін, газ  және  қоректік  заттарды

тасымалдайды), қорғаныс (иммунитеттің  маңызды  факторы  болып  табылады),

дене  температурасын  реттеуші, гормондық (биологиялық  активті  заттар –

гормондар қанға тікелей бөлініп, бүкіл ағзаға тасымалданады). Ересек адамның

қан мөлшері шамамен 5,5л, яғни дене алмағының 6-8%. Балаларда қан мөлшері

дене салмағынан көп: нәрестелерде 15%, 1 жастағы балада 11%.

Адам  қаны  қасиеттері  бірдей  болғанымен, химиялық  құрамы  әртүрлі

болып  келеді. Қазіргі  уақытта  қан  топтарының  шамамен 30 жүйесі  тіркелген.



39

Қан  құю  кезінде  қай  топқа  жататынын  білу  керек. Ең  көп  таралған  және

зерттелген  болып  АВО  жүйесі  табылады. Ол 1901 жылы  австрия  дәрігері

Ландштейнермен ашылған. Сонымен қатар ол ерекше белоктар – агглютиноген

антигендері және агглютинин антиденелерін ашқан. Антиген және антиденелер

комплементарлы болып келеді (AcL, Bcβ).

Қанайналу  мүшелерінің  мақсаты – тіндер  мен  мүшелерді  қанмен

жабдықтау. Қанайналу  мүшелеріне  жүрек  және  қантамырлар  жатады.

Тамырларды  функциялары, құрылысы  жағынан 3 түрге  бөлуге  болады:

артериялар (қалың  қабырғалы, бұлшықет  қабаты  дамыған, жүректен  оның

бойымен  қан  ағады), веналар (оның  бойымен  қан  жүрекке  ағады, жұқалау

қабырғалы), қылтамырлар (жіңішке тамырлар).

Адамдарға  және  де  басқа  өкпе  арқылы  тыныс  алатын  жануарларға 2

қанайналу  шеңбері  тән: үлкен (дене  немес  соматикалық) және  кіші (өкпе) .

Үлкен  айналым  жүректің  сол  жағынан  басталады: сол  қарыншадан  ірі  тамыр-

орта  шығады, ол  қызыл  артериялы (оттегіге  бай) қанды  алып  жүреді. Орта

бұтақталып, ірі  және  ұсақ  артерияларға  бастама  береді. Ал  олар  өз  кезегінде

одан  да  ұсақ  бұтақтарға-артериолалар  мен  қылтамырларға  айналады.

Соңғылары барлық мүшелерге еніп, оларды санмен қамтамасыз етеді. Мүшелер

тіндерінде  газ  алмасу  жүреді, қанға  метаболизм  өнімдері  мен  СО2 түседі.

Қорытындысында  қан  күңгірттеніп, қоймалжыңданып, веноздық  қан  деп

аталады. Капиллярлар  венулаларға  өтіп, ал  олар  ірі  тамырға-веналарға

жиналады. Дененің  жоғарғы  жағынан  қан  жоғарғы  венаға  жиналады. Екі  ірі

веналар оң  жарты  жүрекке  жалғасады. Оң  жарты  жүректен  қан оң  қарыншаға

бағытталады, ал ол жерден-кіші қанайналым, өкпеге. Өкпеде газ алмасу жүреді

де, қан  СО2-ні  беріп, оттегіге  бай  қан  қайта  өзіне  тән  қызыл  түсті  болады.

Өкпеден өкпе веналары арқылы қан сол жарты жүрекке түсіп, сол қарыншаға;

және ары қарай үлкен шеңберге қайта ауысады.

Адам жүрегі-жүрек маңы қапшығымен қоршалған мүше (перикард). Жүрек

перикардты сұйықтықпен қажалудан сақтайтын шайылады. Жүрек 4 қуыстан: 2

жүрекше, 2 қарыншадан  құралған.Жүрек  қабырғасы  үш  қабаттан  құралған:

сыртқы-эпикард, ортаңғы-миокард, ішкі-эндокард. Жүрекшелер 

мен

қарыншалар  арасында  қақпақшалар  орналасқан: жүректің  сол  жағында-екі



бөлімді, ал  оң  жағында-3 бөлімді.Қақпақ  бөлімдері  тек  қана  қарыншаларға

майыса алады, қақпақшаларды ұстап тұратын кедергі болады.

Жүрек  жұмысы (жүрек  циклы) 3 фазадан  тұрады: систола (жиырылуы)-

жүрекшенің 1о,1с. Созылады), қарыншалар  систоласы (0,3с. Созылады) және

жалпы  диастола-босау. Осылай  жүректің  жиырылуы  уақыты  босау  уақытына

тең.


Жүрек  өмір  бойы  белгілі-бір  ырғақпен  жиырылып  отырады. Сосын

импульс  мамандандырылған  бұлшықет  тапшықтарына (пуркинве) таралады.

Сонымен, жүрек-автоматты жұмыс істейтін автномды жүйе. Қанның тамырлар

бойымен  жылжуы, мүмкін, жүректің  ырғақтық  жұмысына  байланысты. Ең

жоғарғы 

қысым 


ортада-150мм.ри.ст, Артерияларда-120мм.рт.ст, ал

қылтамырларды  ол 40-20ммрт.ст-ға  тең. Қысымды  әдетте  соригмоманометр

құралымен  анықтайды (Рива-Роччи). Бұл  кезде  екі  систола  және  диастола


40

қысымдары мәндерін есепке алады.

Тыныс алу физиологиясы

Анатомиялық  тыныс  алу  жүйесі  ауаөткізуші  және  респираторлы  өкпе

бөлімдерінен  тұрады. Ауа  өткізуші  жолдарға  мұрын  қуысы, аңқа, көмей,

демтүтік және бронхы жатады. Газ алмасу мүшесіне өкпе жатады. Өкпе арқылы

тыныс алуға тыныс алудың бірінші екі  кезеңі кіреді: 1) сыртқы орта мен өкпе

арасындағы ауа алмасу; 2) альвеолалардағы ауа мен қан арасындағы газ алмасу.

Өкпе арқылы тыныс алуды сыртқы деп те атайды.

Альвеолаларда  оттегі  мен  көмірқышқыл  газы  кіші  шеңбердегі  көктамыр

қары  мен  ауа  арасында  алмасады. Тыныс  алу  газдары  өкпеден  тінге  және

тіндерден  өкпеге  қан  арқылы  тасымалданады.Өкпе  альвеолаларынан  қанға

өткен  оттегі  біріншіден  сұйық  бөлікте-плазмада  ериді, содан  кеиін

гемоглобинмен химиялық байланысқа түсу үшін эритроциттерге ауысады.

Тыныс алуды  реттеу. Артериялық қандағы  газ  мөлшерін  реттеудің  негізгі

тәсілі-ол  өкпедегі  желдету  мөлшеріндегі  тазалық  пен  тыныс  алу  тереңдігін

реттеу болып табылады.

Асқорыту    физиологиясы.

    

Асқорыту  дегеніміз-қорекпен  бірге  түскен  күрделі  қоректік  заттарды



жай  байланыстарға  шейін  ыдырататын  механикалық, физико-химиялық  және

биологиялық

процестер 

жиыны.


Асқорыту-қоректік 

заттардың

ассимиляциясының  бастапқы  кезеңі. Одан  кейін  заттардың  аралық  алмасуы

және  метоболезм  өнімдерін  бүйрек  арқылы  шығару  өтеді. Асқорыту  жүйесі 3

бөліктен  тұрады: алдыңғы, ортаңғы, артқы. Алдыңғы  бөлікке-ауыз  қуысы

мүшелері, өңеш, жұтқыншақ, ортаңғыға – қарын, аш ішек, артқыға – тік ішек,

кіреді. Асқорыту  жүйесіне  сонымен  қатар  бездер-сілекей, асқазан  асты  және

бауыр, асқазан-ішек жолына бөлінетін секреттер жатады.

Алдыңғы бөлік қоректі ұстауға, шайнауға,жұтуға орналған. Ортаңғы бөлік

қоректі  химиялық  өңдеуге  және  гидролиз  өнімдерін  соруға  арналған. Артқы

бөлікте қорытылмаған  қорек қалдықтарын өңдеу  жүреді. Асқорыту жұмысы –

механикалық  және  биологиялық  жолмен  асқорыту  жолына  түскен  қоректі

өңдеу.

Ағзадағы зат алмасу физиологиясы.



Энергия  алмасу  мен  зат  алмасу  бұл  бір  уақытта  жүретін  екі  үрдіс  болып

табылады. Ағзадағы  қоректік  заттар  ыдырағанда  энергия  бөлінеді. Энергия

маманданған қосылыстар мен өмір сүру процестерінің синтезіне жұмасалады.

Адам және жануарлар ағзасына энергия қорек арқылы түседі. Энергияның

қоректік  заттардан  босатылуы  ішек-қарын  жолында  өтеді. Жасушадағы

энергетикалық  зат  алмасу  өлі  табиғаттағы  энергетикалық  процестерден  үш

басты принципке негізделген:

1) химиялық энергия жұмысқа айнала алады.

2) энергия  босатылуы  кезеңдерге  бөлінген, бұл  ағзаны «энергетикалық»

жарылыстан сақтайды.

3) көмірсу, ақуыз және майлар ыдырағанда пайда болған энергияны сақтау

және  пайдалану  оны  биологиялық  аккумулятор  болатын  басқа  заттар

энергиясына айналдыру жолымен жүзеге асады. Энергия арқылы АТФ синтезі,


41

сутегінің  тыныс  алу  жолында  қышқылдануынан  пайда  болған, қышқылдың

фосфорилендену деп аталады.

Энергетикалық  алмасудың  маңызы – қоректік  заттардан  электрондарды

босатып, ағзадағы химиялық үрдістердің жүруін қамтамасыз ету.

АТФ – ол ағзаға «өтпелі» энергия көзі болып табылады. Оның қоры үлкен

емес  және  жаңартылып  отырады. Энергияның  резервті  көздеріне  бұлшықет

және  бауыр  гликогендері, кетонды  денелер, май  тінінің  триация  глицеридтері

жатады. АТФ  энергиясы  бұлшықет  жиырылу, мембраналы  активті

тасымалдану, ақпарат өткізу, биосинтез процестерін қамтамасыз етеді.

Бөліп шығару жүйелер физиологиясы.

Бөліп шығару (экскреция) – бұл организмді алмасу өнімдері қалдықтарын,

бөтен заттардан, артық судан, органикалық байланыс тұздарынан тазарту.

Адам және жануарларда бұл қызметті бүйрек, өкпе, тері, бездер атқарады.

Бүйрек – көп функционалды мүше. Ол құрамында азот бар метаболиттерді

бөліп  шығарудан  басқа  осмостық  қысымды, иондық  құрамды, ақуыз

метаболизмін, сілтілі-қышқылды  қан  тепе-теңдігін, майларды, көмірсуларды,

дәрумендерді реттейді. Бүйректер – омыртқа мүшелерінің астында орналасқан

жұп мүшелер. Несеп түзу үрдісі екі кезеңнен: фильтрлеу және реабсорбциядан

тұрады. Фильтрлеу  үрдісі  бейорганикалық  заттар  еріген  судан  және  қан

плазмасынан  тұратын  бүйрек  денешіктерінде  өтеді. Бұл  сұйықтық  бүйрек

капсуласына  еніп, одан  кейін  бүйрек  түтікшелеріне  түседі. Химиялық  құрамы

бойынша қан плазмасына ұқсас, бірақ құрамында ақуыз болмайды.

Əдебиет:

Негізгі – 3 [т.1; 98-150].

Қосымша –2 [т.2; 125-132].

Бақылау сұрақтары:

1. «Адам мен жануарлар физиологиясы» ұғымына түсініктеме беріңдер.

2. Адам мен жануарлар физиологиясының дамуына қысқаша тарихи очерк.

3. Адамның морфофизиологиялық ерекшеліктеріне сипаттама бер.

4. Орталық жүйке жүйесінің ерекшеліктері мен құрылысы.

5. Қан мен қантамырлар жүйесіне сипаттама.

6. Тыныс алу физиологиясына сипаттама беріңдер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет