Қызметі: сирақтың бүгілуі мен ішке қарай бұралуы кезінде тізе буынының қапшығын артқа тартады.
Терең қабаты Тізеасты бұлшықет(m. popliteus)
Жалпақ, қысқа.
Басталуы:ортан жіліктің латералді айдаршығы мен тізе буыны буын қапшығынан.
Бекітілуі: асықты жілік денесінің артқы беті.
Қызметі: сирақты бүгеді, оны ішке бұрады, тізе буыны буын қапшығын кері тартады.
Бақайлардың ұзын бүкіші(m. flexor digitorum longus)
Медиалді орналасқан.
Басталуы: асықты жілік денесінің артқы беті; кейін бұлшықет төмен бағытталад, медиалді тобық артында өкшеге өтеді де, төрт жеке сіңірлерге бөлінеді.
Бекітілуі: 2-5 бармақтар бунақтарының негізінде.
Қызметі: аяқ ұшын және 2-5 бақайдың дисталді бақайшықтарын бүгеді, аяқ ұшын сыртқа(супинациялайды) бұрады.
Асықты жіліктің артқы бұлшықеті(m. tibialis posterior)
Басталуы: сүйекаралық жарғақ, асықты жілік пен жілік денелерінің артқы беттері; кейін бұлшықет медиалді тобықты артынан айнала өкшеге өтетін сіңірге жалғасады.
Бекітілуі: қайықтәрізді сүйектің бұдыры, аяқ ұшының сынатәрізді сүйектері.
Қызметі: аяқ ұшын бүгеді, оны сыртқа бұрады және әкеледі.
Бақайдың ұзын бүккіші(m. flexsor hallucis longus)
Ең латералді жағдайда орналасқан.
Басталуы: жілік денесінің бетінің төменгі үштен екі бөлігі, сүйекаралық жарғақ; кейін бұлшықет өкше және топай сүйегі арасында өкшеге өтетін ұзын сіңірге жалғасады.
Бекітілуі: үлкен бақайдың дисталді бақайшығының негізіне.
Қызметі: үлкен бақайды бүгеді, аяқ-ұшын бүгу мен оның сыртқа бұрылуына қатысады.
Аяқ ұшы бұлшықеттері Аяқ ұшы бұлшықеттері топографиялық екі топқа бөлінеді: аяқ ұшының сыртқы және табандық беттерінің бұлшықеттері.