Сирақ бұлшықеттері аяқтың дисталді бөлігін- аяқ ұшын қозғалтады және сан бұлшықеттері сияқты денені тік қалыпта ұстап, оны жер бетінде орын ауыстыра қозғалтуға бейімдейді. Сондықтан бұлар еңбек мүшесі ретіндегі қолдың қызметіне байланысты білек бұлшықеттері сияқты аса нәзік дараланып, маманданбаған; керісінше, үлкен бұлшықет массалары бірге тұтасып, ортақ сіңірге ие болып, тік жүру кезінде дененің вертикалді қалпын сақтауға, ауқымды қозғалыстар жасауға күштерін біріктіреді.
Сирақ бұлшықеттері
Алдыңғы топ
Латералді топ
Артқы топ
Алдынғы топ Үлкен жіліншіктің алдыңғы бұлшықеті(m. tibialsi anterior)
Ең медиалді жағдайда орналасады.
Басталуы: үлкен жіліншіктің латералді айдаршығы, сүйекаралық жарғақша, сирақтың төменгі үштен бір бөлігінде жарғақта; сирақтың төменгі үштен бір бөлігінде бұлшықет аяқ ұшының медиалді жиегіне бағытталған ұзын жалпақ, сіңірге өтеді.
Бақайлардың ұзын жазғышы (m. extensor digitorum longus)
Алдында аталған бұлшықеттен ішке қарай орналасады.
Басталуы: асықты жіліктің жоғарғы эпифизі, жіліктің басы мен алдыңғы жиегі, сүйекаралық жарғақ, кейін бұлшықет төмен бағытталады, төрт жіңішке сіңірлерге ажырайды.
Бекітілуі: аяқ ұшының сыртқы бетінде 2-5 бақайлардың бунақтарына, әрбір сіңірдің ортанғы будалары ортаңғы бунақтың негізіне, ал екі бүйір будалары- дисталді бунақтың негізінде. Кейде 5 табан сүйегінің негізіне бекитін бесінші сіңір болады.
Қызметі: 2-5 бармақтарды жазады, латералді жиегін көтере аяқ ұшын жазады.
Үлкен бақайдың ұзын жазғышы (m. extensor hallucis longus)
Жоғарыда аталған екі бұлшықеттің арасында орналасады.
Басталуы: жілік денесінің медиалді бетінің төменгі бөлімі, сүйекаралық жарғақша.