Ќолдыњ топографиялыќ анатомиясы


Ампутация және экзартикуляция



бет23/55
Дата15.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#50194
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55
Байланысты:
Қайырбекова ТопАнат қол аяқ

Ампутация және экзартикуляция
Башпайға ампутация жасау
Башпайдың типтік ампутациясын Оберст бойынша жергілікті анестезиямен бір немесе екі кесінділі әдіспен жасауға болады.

  1. Ассистент қолдың басын сыртқа қарай қайырып ұстап тұрады /қысқышпен/. Хирург скальпельмен кесіп, кесіндіні жоғары көтереді. Кесінділерді кескенде артерияларды жарақаттап алмау үшін, сүйекке жақын ұстап тұру керек.

  2. Бұл кезде хирург сүйек қабығын кесіп және оны распатормен сылып жатқан кезде, ассистент екі кесіндіні ығыстырады. Сүйек қабығының тілігінен шеткері қарай фалангіні аралайды.

  3. Қан ағу шамалы ғана болғандықтан, оны қысып таңса тоқтайды. Теріге 1-2 тігісті салады.



Бас бармақтың метакарпалді сүйекпен бірге мүшелеп алып тастау

  1. Алақан және үлкен көп бұрышты сүйек арасындағы буын сызығының орналасуын келесі әдістермен анықтауға болады, бас бармақпен сұқ саусақтың сыртқы жағынан метакарпальды сүйектің екі сыртқы қырын шеттен орталыққа қарай сипап сезеді.

Пирогов-Вальтердің жылдам әдістері. Операция жасалатын қол басын ассистент ұстап тұрады. Операция жасаушы сол қолының саусақтарымен алып тасталынатын саусақты ұстап, оны күшпен қайырады. Саусақ аралық жарғақ керіледі. Пышақпен аралау қозғалысымен керілген саусақ жарғағының І және ІІІ метакарпальды сүйектің негізінен құралған бұрышқа дейін керілуінің ортасына дейін кесуді жүргізеді. Үлкен көп бұрышты және І алақан сүйегі арасындағы буын ашылады. Бұл кезде пышақты І метакарпальды сүйектің негізіне жақын бағыттау керек. Қарсы жағдайда шыбық артериясының /ол сол қолбасының сыртынан алақанға өткенде І және ІІ алақан сүйегінің арасындағы бұрышта орналасады/ зақымдап ашуы мүмкін және одан басқа білезіктің басқа буындарымен байланысатын ІІ карпо-метакарпальды буынды алу қауіпті /инфекцияның енуіне байланысты/.
Алып тасталынатын саусақты ары қарай тартқанда және буын сөмкесін кесіп ашқанда буын шығады. Пышақты І алақан сүйегінің негізінен ары /проксимальды/ жүргізіп және оның сыртқы бетіне қояды. Кесіп алынған саусақты ассистентке беріп, операция жасаушы І алақан сүйегінен сыртқа орналасқан жұмсақ тканьдермен қатпарды ұстап тұрады. Сүйектің сыртқы жиегімен аралау қозғалысын жасау арқылы негізгі фалангінің ортаңғы деңгейінде пышақты іштен сыртқа шығарады.
Осылай ақауларды жабатын жұмсақ тканьдер кесіндісін қайырады.
Фарабеф әдісі. Тілік буын сызығынан 1 см жоғары жерден басталып, әкетуші бұлшық еттердің жиегінен 2 см қысқа ұзындықта жүргізіледі. Осы жерден тілік басталып, бас бармақтың негізгі фалангісінің иілген жеріне бағытталады. Тері, тері асты клетчаткасын, сіңірді кесіп алып тастайды. Алақан бетінде тілікті алақан-саусақ қатпарымен жүргізеді, бұл жерде тек қана тері, тері асты клетчатка кесіп алнып тасталынады. Кесіндіні сесама тәрізді сүйек көрінгенше қайырады. Соңғысынан жоғары алақан бетінде барлық бұлшық еттер қиылысады және метакарпальды сүйекті бөліп, оның негізіне дейін жетеді. Жараның жиектерін жылжыта отырып саусақты әкетеді, бұны сызығын сипап сезеді және сыртқы жағынан бастап, бірте-бірте пышақтың қысқа қозғалысымен буын сөмкесін кеседі. Бас бармақты алақан сүйегімен бірге алып тастайды. Тамырларды байлайды. Теріге тігіс салады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет