І алақан сүйегінен алып тастау /фалангизация/ Бұл операцияны бас бармақты мүшелеп алып тастағаннан кейін жасауға болады. Операция І меткарпальды сүйекті ІІ-ден алып тастаумен аяқталады. Тілікті қол басының алақан және сыртқы жағынан жасайды. Содан соң теріден, тері асты клетчаткадан және беткі шандырдан тұратын кесіндіні алып тастайды. І метакарпальды сүйекті ығыстырып қайшымен m. interosseus dorsalis-ті жартылай кеседі. Осыдан соң І метакарпальды сүйектің ішкі бетін алақан кесіндісімен жауып, теріге тігіс салады. Сыртқы кесінді алақан жағынан ІІ метакарпальды сүйектің ашылған сыртқы бетін жабады.
Метакарпальды сүйектерді ампутация жасау. Көбінесе алақан кесіндісін атипикалық қайырылумен жасайды.
«Кіші қолдың» /manus parva/ пайда болуы төрт алақан-білезік буыннан бас бармақты сақтап жасалатын операцияны айтады. Тану нүктелерін қол басының сыртқы жағынан сипап сезеді. Оларға қызмет ететін кәрі жілік жағынан І және ІІ метакарпальды сүйектің негізінің арасындағы бұрыш, шынтақ жағынан V алақан сүйегінің негізіндегі төмпешік.
Тері тілігі І және ІІ алақан сүйегінің негізнің арасндағы бұрыштан басталып, соңғысының радикальды жиегімен өтіп, оның басына дейін жетеді. Одан соң ол алақан жағының жұмсақ ұлпаларын бар жерді V алақан сүйегінің басының ульнарлы жиегінің деңгейінде қол басына көлденең кеседі. Осы жерде соңғының ульнарлы жиегінен ұзыннан, оның негізіндегі төмпешікке дейін кесінді өтеді. Айтылған кесіндінің басы мен соңы қол басының сыртында доға тәрізді кесіндіге шетімен қосылады.
Қол басын бүгеді. Қол басының сыртында жиырылған терінің жиегінен барлық тканьдерді сүйекке дейін кесіп алып тастайды. Буынды ашуды радикальды жиегінен бастайды. Бұл үшін пышақ соңын буынға өткізеді және карпальды және метакарпальды сүйектердің арасындағы буынның сынған сызығымен дәлме-дәл көтеріп, сыртқы жағынан буын сөмкесін және байламдарды кесіп бөліп тастайды. Буында ульнарлы жиегінен ашпау керек. ІІ алақан сүйегінің негізінде қабықты кескенде os myltangulum minus және os naviculare-нің арасындағы буынға оңай түсуг болады. қол басын бүгіп, сіңірді және буынның толық ашылуына дейін бөліп кесуді жалғастырады. Жұмсақ ұлпаларды кесіндіні алақан жағынан бұрын жасалған тері кесіндісімен қайырылады. 1. А. radialis-ті үлкен көп бұрышты сүйектің сыртында, 2. А. ulnaris-ті ossis 3 аа. digitalis comunis –ті кесіндінің жиегінде байламайды. Теріге тігіс салады.