Ќолдыњ топографиялыќ анатомиясы



бет27/55
Дата15.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#50194
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55
Байланысты:
Қайырбекова ТопАнат қол аяқ

Бөксе аймағы
Шекарасы: жоғарыдан-crista iliaca, төменнен қатпары-plica nasium, s. glutea, ішкі жағынан-сегізкөз және құйымшақ, сыртқы жағынан-spina iliaca anterior superior-ден m. tensoris fasciae latae-ның алдыңғы жиегіне жүргізілген сызық
Бөксе аймағының сүйектік ннеігізіне жамбас сүйектері және байламдары, сан /ортан/ сүйегі және жамбас-сан қуысы кіреді.
Қабаттары:

  1. Бөксе аймағының терісі қалың және онда көптеген бездер болады. Дәнекер ұлпаны бөлгіштер астында жатқан шандырлармен байланыстырады.

  2. Тері асты клетчаткасы қалың, оның ортасынан өтетін fascia superficialis клетчатканы екі қабатқа бөледі, беткі және терең. Терең шандыр белдің клетчаткасына және бөксе аймағының жоғарғы бөлімінде massa adiposa lumboglutealis деп аталады. Клетчаткада жіңішке веналар, бөксе артериялары және беткі жүйкелер орналасқан. Nn. Clunium superiores, medii және interiores

  3. Меншікті шандыр fascia gluta (aponeurosis sacroiliaca)- тығыз жапырақша, сіңірлі талшықтардан тұрады. Ол үстінгі жағынан белдің меншікті шандырына /fascia lumbodorsalis/, ал төменнен-саннң жалпақ шандрына – fascia lata-ға өтеді. Үлкен бөксе бұлшық етіне қынап түзеді, оның беткі жапырақшасын –бұлшық еттің артқы бетін, ал терең жапырақшасы алдыңғы бетін жауып футляр түзеді. m. glutei maxini-дан проксимальды жоғарғы жиегінде екі жапырақша қосылып, бір жапырақшаға айналады, crista lilaca-ға бекітіледі.

  4. Бұлшық еттер. Үш қабатқа бөлінеді: беткі, ортаңғы, терең. Беткі қабаты үлкен бөксе бұлшық етінен тұрады, оның астында trochater major аймағында шырышты қалта –bursa trochanterica орналасады. Ортаңғы қабаты m. glutaneus medius, m. pirformis, m. obturator internus, mm. gemelli et m. guadratus femoris құрайды. Терең қабаты екі бұлшық еттен: жоғарыда-m. gluteus minimis және төменде – m. obturator externus-тен құралған. Үлкен ұршықпен m. glutei minimi-дің сіңірінің арасында bursa trochanterica орналасқан. M. gluteus maximus астында дәнекер ұлпалы кеңістік орналасқан. Кеңістікте жатқан клетчатка foramen supra және infraperforme арқылы жамбас клетчаткасымен, кіші отрықшы сүйектің тесігі арқылы санның артында жатқан бұлшық ет аралық кеңістікпен байланысады. Ортаңғы бөксе бұлшық еті астында жабық кеңістік бар, ол борпылдақ дәнекер ұлпамен толтырылған. Егер осы кеңістікке ірің толса, көп уақыт осында қалып қояды.

  5. Тамырлар және жүйкелер. Жамбас қуысынан for. supraperiforme арқылы a. glutea superior және n. gluteus superior шығады. Жамбас қуысына v. glutea superior және vasa lumphatica енеді. Осында nodi lumphatici енеді. Осында nodi lumphatici glutei superioris орналасқан. Жамбас қуысынан for. Infrapiriforme арқылы a. glutea interior, a. pudenda interna, n. ischiadicus, n. cutaneus n. gluteus және n. pudendus шығады. Жамбас қуысынан for. Infrapiriforme арқылы a. glutea inferior, a. pudenda interna, n. ishiadicus, n. cutaneus, n. gluteus және n. pudendus шығады. Жамбасқа v. glutea inf. және vasa lymphstica енеді. Тесіктің өзінде nodi lymphstici glutei interiores a. glutea superior жатады /a. hypogastricae тармағы/ бөксе аймағында өзінің соңғы тармақтарын береді. Майда веналардан v. glutea superior /біреу немесе екеу/ түзіледі. N. gluteus superior артериядан біршама төмен бөксе ауданына енеді, m. gluteus medius және minimis-ті жүйкелемейді. А. gluteus interior-тің астында а. м. gluteus max. отырықшы жүйкеден төмен жатады. Оның сыртында a. pudenda interna өтеді. А. ishiacolica, a. glutea in-дің тармағы, ол отырықшы жүйкемен бірге жүреді. Оның соңғы тармақтары а.а. femoralis-тің тармақтарымен анастомоз жасайды /а. circumflexa femoris lateralis aa. perforantes a. profunda femoria/. V. glutea inferior өзінің тармақтарымен m. gluteus maximus-тің астында жатады. Олардың өзектері for. Infrapiriformis-тің аймағында жатады. N. ischiadicus сегізкөз өрімінен шығады, ал бөксе аймағында m. gluteus maximus-тің астында жатады. Үлкен бөксе бұлшық етінің төменгі жиегінде fascia lata-ның астында жатады. v. gluteus inf. Отырықшы сүйек жүйесімен бірге өтеді және үлкен бөксе бұлшық етін жүйкелендіреді. N. gluaneus femoris отырықшы жүйкесінің ішкі жағында жатады. Үлкен бөксе бұлшық етінің төменгі жиегінде nn. clunium inferiores деген тармақ береді. А. pudenda және аттас веналар, жүйкелер spina ischiadicum minus fossa ischiorectalis арқылы f. ischiadicum minus-ға кетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет