Сан аймағы Бұл аймақта санның алдыңғы және артқы бөлігіне бөлінеді.
Санның алдыңғы аймағы. Шекарасы: Жоғарыдан-шап қатпары plica inguinalis, шап байламына сәйкес келеді, сыртқы-spina iliaca anterior superior-ден epicondylus lateralisfemoris-ке жүргізілетін сызық, ішкі жағынан-симфизден epicondylus medialis femoris-ке жүргізілген сызық, төменгі – тізе ұршығынан екі елі жоғары жүргізілген сызық болып табылады. Бұл аймақ келесі бөліктерге бөлінеді: скарповский үш бұрышы, сан өзегі, regio abturatorica, гунтеров өзегінің аймағы.
Скарпов үшбұрышы Шекарасы: Жоғарыдан –шап байламы, сыртқы жағынан-n. sartotius, ішкі жағынан-m. adductor liongus пен шектелген. Үш бұрыштың биіктігі - /lig. Inguinale-ден m. sartorii-дің mm. adductor liongus пен қиылысқан жеріне дейін/ 15 см тең.
Қабаттары:
Терісі жұқа қозғалғыш.
Тері асты клетчаткасы екі жапырақшадан тұратын fascia superficialis-пен бірге, тері асты клетчаткасы жақсы жетілген, онда беткі тамырлар, жүйкелер және лимфа түйіндері жатады.
Тамырлар және жүйкелер. А. pudenda externa /екеуі/ ерлерде ұманы және әйелдерде үлкен жыныс еріндерін қоректендіреді. А. epigastrica superficialis кейде екеу, ол жоғарыға кіндікке қарай көтеріледі. А. circumflexa ilium superficialis, spina iliaca anteriot superior қарай өтеді. А. femoris-тен шыққан барлық аталған артериялар for. оvalis аймағында аттас веналармен бірге /жиі екеу/ v. femoralis-ке немесе v. saphena magna келіп құяды. Соңғысы /біреу, кейде екеі/ санның ішкі – алдыңғы бетімен беткі шандырдың екі жапырақшасының арасымен клетчатканың ішімен өтіп, v. femoralis-ке келіп құйылады. Пупартов байламының жамылғысы n. lumboinginalis-тің /plexus lumbalis-тең/ тармақтарымен жүйкелендіреді. Сыртқы беті n. cutanei femoris lateralis аймағындағы тері асты клетчаткасына кіретін, одан біршама төмен және оның алдына таман spina iliaca ant. sup. тармақтары қоректендіреді. M. sartorii бағытына сәйкес келетін сызықпен nn. femoralis –пен nn. cutanei anterior шығады.
Лимфалық түйіндер. Бірінші топ пупартов байламына қатар жатады және құрсақтың алдыңғы қабырғасынан, гениталийден, шат аймағынан, бөксе және бел аймағынан лимфаларды қабылдайды. Екінші топ nodi lymphatici subingui a. femoralis-тің жолымен орналасқан және аяқтан лимфаларды қабылдайды. Көптеген лимфалық веналармен бірге жүреді.
Санның меншікті шандыры – fascia lata-тығыз жапырақша, онда көптеген сіңірлі талшықтар жатады. Шандыр санның барлық бұлшық еттерін жауып және сүйектің шығып тұрған жеріне бекітіледі. Скарповский үш бұрышы аймағында шандыр екі жапырақшаға ажырайды: беткі /lamina superficialis fascia late/ және терең /lamina profunda fascia latae/. Бұл аймақтың бұлшық еттерін оқығанда жапырақшалардың сан тамырларына қатынасын және жолдарын білуге болады.
Бұлшық еттер. Бұл жерде екі топ бұлшық еттері бар: беткі және терең. Беткі бұлшық еттер 4 топтан тұрады: m. tensor fascia latae, msartorius, m. adductor longus және m. gracilis. Скраповский үш бұрышының түбін терең бұлшық еттер – m. illiopsoas және m. pectineus құрайды. Бұл екі бұлшық еттің арасында үш бұрыш тәрізді ойыс-fossa iliopectinea пайда болады. Оның ұшы ортан жіліктің кіші ұршығына сәйкес келеді. M. sartorii fascia lata-тің ішкі жиегінде екі жапырақшаға бөлінеді. Терең жапырақшасы – lamina profnnda fasciae lata сан тамырларының астында жатады. m. illiopsoas және m. pectineus-ті жауып, сосын ішкі жағынан алып келуші бұлшық еттерге өтеді. Беткі жапырақшасы - lamina superficialis fasciae lataе м. sartorii-тің ішкі жиегінің ішінен сан тамырларының алдымен өтіп және оның астында processus falicifrprmis ойысы бар, оның жоғарғы және төменгі мүйізшесі /coriusuperius, cornu inferioris/ бар. Жоғарғы мүйізшесі сан тамырларының үстінде пупартов байламына бекітіледі немесе жоғарыға өтіп m. pectineus-тің үстінде терең жапырақшамен байланысады. Төменгі мүйізшесі де тамырлардың алдында жатып, m. pectineus-тің үстінде терең жапырақшамен байланысады. Processus falciformis foramen немесе fossa criorosa-ті шектейді және ол ойыс жұқа жарғақпен жабылған – Lig. iliopectineum. Көптеген тесіктерден беткі артериялар, веналар және лимфалық тамырлар өтеді. Сондықтан скарповский үш бұрышында беткі және терең жапырақшалардың арасында сан тамырлары өтетін кеңістік пайда болады.
Лакуна және оның құрылымдары. Пупартов байламының астындағы кеңістікті Lig. iliopectineum екі тесікке бөледі: сыртқысы – lacuna mussulorum және ішкісі- lacuna vesorum. lacuna mussulorum алдыңғы жағынан пупартов байламымен, артынан және сыртынан мықын сүйегі, ішінен Lig. iliopectineum-мен шектелген. Ол арқылы санға /fasciae lata-нің терең жапырақшасының астымен/ m. iliopsoas және n. femoralis шығады. lacuna vоsorum сыртынан Lig. iliopectium, ішінен Lig. lacunare алдынан-пупартов байламымен және артынан-куперов байламымен /Lig. visorum gooperii/ шектеледі. Ол дәнекер тканьді созғыш сүйек қабығымен тығыз байланысып жатады. Тамырлар лакуна арқылы санға /fosciae lata-нің беткі жапрақшасының астымен/ a. femoralis шығады және жамбасқа v. femoralis және лимфалық тамырлар кіреді. Сан тамырлары меншікті дәнекер ұлпалы қынаппен vagine vosorum femoralium қоршаған оның сыртқы жағында lacunae vosorum, ал ішкі жағында артерия сосын вена жатады. lacunae vosorum-ның ішкі жағында сан өзегінің ішкі тесігі Розенмюллеров лимфатикалық түйіндермен толтырылған.
Тамырлар мен жүйкелердің топографиясы. А. femoralis скарповский үш бұрышы аймағында пупартов байламының ортасынан оның ұшына қарай жүргізілетін сызыққа сәйкес келеді. А. fеmoralis-тен көптеген беткі артериялар шығады. А. profunda femoris-тің негізгі бағанасынан пупартов байламының 3-5 см төмен а. fеmoralis шығады және а. circumflexa femoris lateralis және a. circumflexa femoris medialis тармақтарын береді. v. femoralis жұқа қабырғалы тамыр, ол скарповский үш бұрышының жоғарғы бөлігінде артерияның ішкі жағында жатады, оның ұшына таман сан артериясының астына өтіп кетеді.
Trigonum scerge-де v. femoralis беткі артериялармен бірге жүретін веналар және v. scaphena келіп құйылады. Бұл веналар for. Ovalis аймағында lamina cribrosa арқылы өтеді. Сан веналарының клапандары v. saphenae-ның құятын жерінен жоғары немесе вена құйылатын жерде жатады.
Венамен бірге клетчаткада терең лимфалық тамырлар өтеді, олар аяқтың терең қабаттарынан лимфаны қабылдайды, сонымен қатар венаның ішкі жағында терең лимфа түйіндері /nodi lymphatia subinguinalis profunda/ олардың ең ірісі nodus lymphaticus rosenmulleris closuent N. femoralis деп аталады. Скраповский үш бұрышының терең түйіндерінен лимфа жамбас түйіндеріне ағады. Trigoni scrpae бел өрімінің /І-IV/ алдыңғы түбіршектерінен шығады. Trigoni scrpae аймағында жүйке а. fencorolis-тен сыртқары орналасқан және соңғысынан шандырдың терең жапырақшасымен бөлінген. Пупартов байламының астында жүйке бұлшық ет және тері жүйкелеріне бөлінеді.