Өлеңдер, толғаулар, балаларға



Pdf көрінісі
бет6/18
Дата15.03.2017
өлшемі1,33 Mb.
#9689
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Сақтадық кісіліктің салтын өстіп. 
Мақтаныш кернейтұғын кеудемізді, 
Алыстан Әзизаның даңқын естіп. 
 
Шықты деп қазақ қызы топты жарып
Бөрікті аспанға аттық бек қуанып. 
Дариға, озып туған сол апамыз 
Жұлдыздай жарқ-жұрқ етіп өтті жанып. 
 
Таланты қаршадайдан көзге ілініп, 
Білімде инеменен қазды құдық. 
Ғылым мен парасатты тең ұстады, 
Әрқашан халқына айтар сөзді біліп. 
 
Тебіреніп алған сайын қолға қалам, 
Күні жоқ туған елін толғамаған. 
Ойларын самғататын қуат алып 
Асқар тау, асау өзен, кең даладан. 
 
Ұрпағы шалқып өссе толқын атып, 
Табады болашақта халқы бақыт. 
Қазақтың қызы осындай болады деп, 
Ортасын отыратын жарқыратып. 
 
Елінің Әзиза да алтын қызы, 
Өшпейді көз алдыдан жарқын жүзі. 
«Шығыстың шынарындай» еңбегі бар, 
Қалғанның арманы жоқ артында ізі... 
 
Ұрпағы оның ізін суытпайды, 
Әспеттеп атақ-даңқын ұлықтайды. 
Біреулер ұмытса да бірге жүрген, 
Қазағы Әзизасын ұмытпайды. 
 
 
 
 
 
 
 

97 
 
 
 
 ҚУАТҚА КӨҢІЛ АЙТУ 
 
Қуатжан, көз жазыпсың Балташыңнан, 
Баланың ішіндегі ерке асылдан. 
Үсікке ұрыныпты абайсызда 
Жауқазын гүлі жайнап ерте ашылған. 
 
Адамның бұрын-соңды жаратылған 
Ажалға ешбірі жоқ ара тұрған. 
Сен 
түгіл Лұқпан Хакім, ұлы Абай да
 
Мезгілсіз қайырылған қанатынан. 
 
Қайғыны қарсы алмасаң ақылменен, 
Жалғанның бас-аяғы жақын деген. 
Білесің Базары мен Назарынан 
Айрылып зар илеген ақын Кенен. 
 
Қиылып талай қыршын өмір өткен, 
Іздесең толып жатыр төңіректен. 
Бұл ажал жортып жүрген Жошыны алып, 
Қаһарлы Шыңғысты да еңіреткен. 
 
Болған соң өзіне жөн бір Алланың, 
Қайырып қайта бермес шын алғанын. 
Амал не, өле-өлгенше тарқамайды 
Кеудеңе шер боп қатқан бұл арманың. 
 
Қайғыңды бөлісетін халқың барда
Хақың жоқ серпілмеуге, талпынбауға. 
Қайтесің жылайсың да, шыдайсың да, 
Жұлынбас жапырағы жан туған ба? 
 
Үміттің шорт үзілген жібін жалға, 
Жетелеп желкілдеген ғұмырды алға. 
Егіліп жылай берме, ақ бестінің 
Соңында ізін басар құлын барда. 
 
Тәтті ғой көрінген соң бала балдан, 
Жұлдыздай жарқ-жұрқ етіп жана қалған. 
Немерең – Алдиярың аман болса, 
Бауырың бүтінделер жараланған! 
 

98 
 
 
Көтерер азаматсың нардың жүгін, 
Жеңеді жазғырғанмен тағдырды кім? 
Қайғыға қайратыңды қарсы қойып, 
Кере жұт келе жатқан таңның нұрын! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

99 
 
 
АЛДИЯРҒА 
 
Алдияр, атаң саған той жасады, 
Бұрқылдап қара қазан, майлы ошағы. 
Қадамын құтты болсын, айналайын, 
Қашанда ат тұяғын тай басады! 
 
Жиналған көптің бүгін батасын ал, 
Балалық бал дәуренің өте шығар. 
Қазақта сендей бала некен-саяқ, 
Қуаттай нар тұлғалы атасы бар! 
 
Арқаңда атаң барда жасқанбайсың, 
Өмірдің еншісінен кеш қалмайсын. 
Әзірге ұядағы балапансың, 
Қанатың қатайған соң аспандайсың! 
 
Ұшасын қиырларға сен де самғап, 
Қонасың биік-биік жерге таңдап. 
Тірліктің тартысында алдыменен 
Түседі елін сүйген ерге салмақ! 
 
Өткен ғой бабаларың небір мықты, 
Оларды уақыт деген дауыл жықты. 
Солардан қалған сарқыт сенің атаң, 
Атаңдай көтере біл ауыр жүкті! 
 
Қайраса қара тастай ел намысы, 
Жалғанға кетпес, сірә, жалған ісі. 
Ермактың талқан қылған ескерткішін, 
Атаңдай бол ұлтыңның қорғанышы! 
 
Көңіліңнің сәуле қонсын сарайына, 
Алдияр, ақын сөзін ал ойыңа! 
Мал жияр дүниеқоңыз жетіп жатыр, 
Ел жияр азамат бол маңайыңа!.. 
 
 
 
 
 
 
 

100 
 
 
 
ЕРКЕҒАЛИ РАХМАДИЕВПЕН ҚОШТАСУ 
 
Халқым деп көкірегің қақыраған, 
Өмірден сен де өттің-ау, батыр ағам... 
Жұтпаған сұм жалғанда қай жақсыны 
Жалмауыз – ажал деген аты жаман. 
 
Арда едің алыптардың соңына ерген, 
Әр қазақ марқаятын сені көрген. 
Тұйғындай төнуші едің күйсандыққа, 
Сәтіңде толқын атып тебіренген. 
 
Алдында әлдекімнің сызылмастан, 
Алмастай жарқылдады жүзің жастан. 
Еліңнің еркесі едің, серкесі едің, 
Мұқанның шәкірті едің ізін басқан. 
 
Тарлан ең қиыннан жол таба білген
Арлан ең дұшпанға азу сала білген. 
Тайдай боп тұлпарға ерген жүруші едім, 
Іздесем, енді қайдан табамын мен? 
 
Қашанда үстіңде еді елдің жаны, 
Жайнайтын сен отырған төрдің бәрі. 
Талдырдың өзегіңді халқың үшін, 
Халқың да қанатыңды талдырмады. 
 
Жұртыңды жүрегіңмен тербедің де, 
Сексен жыл самғап ұштың ел көгінде. 
Жан аға, мазасыз ең, тыныш ұйықта, 
Бұйырған жер-бесіктен жөргегіңде... 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

101 
 
 
 
 
ҚАЖЫМҰРАТТЫ ЖҰБАТУ 
 
Қажеке, басқа түсті ауыр қайғы, 
Егіліп жаның қалай ауырмайды? 
Артында қалған құлын аман болсын, 
Жоғалған құлагерің табылмайды. 
 
Сұм тағдыр суық жүзін жасырмайды, 
Сұм ажал жапқан есік ашылмайды. 
Адамның бала, шіркін, бауыр еті, 
Оңайлық іштегі өртің басылмайды. 
 
Салған соң амал бар ма құдай сынға, 
Құдайға қарсы келіп ұнайсың ба? 
Қайыспас ер едің ғой, нар едің ғой, 
Қайтесің, жылайсың да, шыдайсың да. 
 
Келіп тұр қалың елің көңіл айтып, 
Өзіңмен бірге егіліп зарын айтып. 
Қайғыны сен иықпен көтермесең, 
Көтерер Рәшжанның белі қайтіп?
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

102 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН 
ӨЛЕҢДЕР МЕН ЕРТЕГІЛЕР
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

103 
 
 
Бұл өлеңдер жалғассын 
 
 
 
ЖОЛЫҢ БОЛСЫН 
 
Атам шықса сапарға: 
 – Жолың болсын! – дейді апам. 
Апам шықса сапарға: 
 – Жолың болсын! – дейді атам. 
 
 – Жолың болсын! – дейді олар 
Үлкенге де, кішіге. 
 – Жолың болсын! – дейді олар 
Ұшырасқан кісіге. 
 
Осы сөзде байқадым, 
Қуат барын, күш барын. 
«Жолың болсын!» айтамын, 
Алыс жолға шықса кім. 
 
 
АСЫҒУ 
 
Қарап тұрсаң, барлығы да асығыс, 
Санап тұрсаң, жатыр бастан асып іс: 
Көкте асығыс құстар ұшып барады, 
Асығып жүр құмырсқа жем тасығыш. 
 
Асау өзен арнасында асығар, 
Кемпірқосақ көкке асығыс асылар. 
Асығады көктем қайта келгенше
Асқар тау да бауыры – жаз, басы – қар. 
 
Күн асығыс дөңгелейді аспанда, 
Бұлт асығыс бір селдетіп тастауға. 
Асығады жеміс біткен пісуге, 
Асығады өскенінше жас тал да. 
 
Әр минуты түсетіндей қымбатқа, 
Жұмыс бітпей қалатындай күн батса, 
Күні бойы асығады адамдар, 
Асығады бар дүние бір жаққа. 

104 
 
 
Тым асығыс поезд зулап барады, 
Тыным таппас телеграф бағаны. 
«Жедел жәрдем» зырылдайды жұлдыздай, 
Әлде науқас, әлде перзент хабары. 
 
Көк жайлауға жеткенше асық малшы да, 
Асығады омартаға балшы да. 
Бу асығыс ұшып кетті биікке, 
Айналуға қайта мөлдір тамшыға. 
 
Уақыт тығыз. Асықпауға бола ма? 
Сауыншы асық, айран керек балаға. 
Егінші де, наубайшы да асығыс, 
Асықпаса дүкенге нан тола ма? 
 
Зыр айналып сан айлар мен сан апта, 
Асығып тұр шықылдаған сағат та. 
Бара жатыр мектебіне жүгіртіп, 
Оқушы да кешікпеуге сабаққа. 
 
Шұғыласын таратуға әр күні, 
Асығады ең алдымен таң нұры. 
Ертеніңде жету үшін бақытқа, 
Асығады, асығады барлығы... 
 
 
МЕКТЕП 
 
Сарғыш тартып күллі алап, 
Жеміс пісті –  
Күз келді. 
Шақырады мұндалап 
Мектебіміз бізді енді. 
 
Жүрегі алып ұшады 
Жетідегі баланың. 
Ыстық мектеп құшағы, 
Құшағындай ананың. 
 
Көзінен нұр төгілер, 
Балалық шақ – алтын күн. 
Өз үйіндей көрінер 
Өз мектебі әркімнің. 

105 
 
 
Саяхаттап жыраққа, 
Таныстық жер сәнімен. 
Мектебіміз бірақ та 
Әсем екен бәрінен. 
 
Бардық көлге, бұлаққа, 
Жаздың әсем әнімен. 
Мектебіміз бірақ та 
Саялы екен бәрінен. 
 
Бақта піскен албырап
Таттық жеміс нәрінен. 
Мектебіміз ал бірақ 
Мәуелі екен бәрінен! 
  
 
ОҚУЛЫҚ 
 
Саған білім жемісін 
Оқулығың береді. 
Талай адам сол үшін 
Маңдай терін төгеді. 
 
Орманшының аялы 
Алақаны өсірген. 
Сансыз ағаш саялы 
Қағаз үшін кесілген. 
 
Ағаш кесіп қанша адам, 
Ормандарда жүреді. 
Аға қанша шаршаған, 
Ағаш тиеп үнемі?! 
 
Машинист боп жасынан, 
Дүбірлетіп даланы, 
Сол ағашты тасыған 
Білер ме ең көп ағаны? 
 
Заводтарда күні-түн 
Қағаз жасап бағалы, 
Қанша адамның 
Кім үшін 
Маңдай тері тамады? 

106 
 
 
Оқулықты баршаға, 
Талай ғалым қолға алып, 
Жылдар бойы қаншама 
Жазады ұзақ толғанып. 
 
Әдемілеп берсем деп, 
Бояу жағып не түрлі, 
Суретшілер көркемдеп, 
Қанша уақыт отырды. 
 
Әріп теру үшін де 
Талай адам терледі. 
Баспахана ішінде 
Айлап тыным көрмеді. 
 
Оқулықты мектебің 
Берер саған теп-тегін. 
Білмейсің-ау сен бірақ 
Қаншама еңбек кеткенін. 
 
Оқулығың – құралың, 
Жағар білім шырағын. 
Баса алмайсың ешқашан 
Онсыз алға бір адым. 
 
Оқулықты құрметте, 
Күтіп ұста, кірлетпе. 
Кішілерге табыс ет, 
Дақ түсірмей бір бетке. 
 
 
ПОРТФЕЛЬ 
 
Бірге бастап жол басын, 
Бірге оқуға барғасың. 
Қолыңдағы портфелің –  
Жеті жастан жолдасың. 
 
Сырласыңдай портфелің, 
Шын досыңдай портфелің. 
Жүреді оның ішінде 
Кітап, қалам, дәптерің... 
 

107 
 
Сабақ бетін ашпасаң, 
Салақ бола бастасаң, 
Портфелің де жүдейді, 
Әр бұрышқа тастасаң. 
 
Оқушының мән-жайын 
Жұрт біледі әрдайым. 
Портфель өзі-ақ айтады 
Иесінің қандайын... 
 
 
 
КҮНДЕЛІК 
 
Бірге барып класқа, 
Бірге үйіңе қайтады. 
Оның бетін кім ашса, 
Әр бағаңды айтады. 
  
«Бес» кетпесе бетінен, 
Сүйсіндірер талайды. 
Көз ашпаса «екіден», 
Күнде жерге қарайды. 
 
«Оқы!» десе ерінер, 
Маубас ертең не білер? 
Кімнің қандай болары 
Күнделіктен көрінер. 
 
 
ҚАЛАМ 
 
Каналдар қазылған 
Қайланың күшімен. 
Кітаптар жазылған 
Қаламның ұшымен. 
 
Ақылды, зерекке 
Қолғанат – қаламы. 
Әрқашан керекте 
Қолына алады. 
 
Ойларын дананың 
Өрнектеп бұл қалам, 
Қалдырған бабаның 

108 
 
Хаттарын мыңдаған. 
 
Қаламсыз адамды 
Көрмейсің бұл күнде. 
Қадірле қаламды, 
Жолашар білімге. 
 
Жалқаудың қаламы 
Қалтада тозады. 
Зеректің қаламы 
Қатесіз жазады. 
 
 
ҚАРЫНДАШ 
 
Қызыл, жасыл, қарасын... 
Қолға кезек аласың. 
Қарындашпен әр түсті 
Алуан сурет саласың. 
 
Көлдей тұнық аспанды, 
Орман, теңіз, асқарды, 
Өрнектейсің өзіңше 
Шөпті, гүлді, тастарды. 
 
Өрнектейсің қаланы, 
Өрнектейсің даланы. 
Шекараны күзеткен 
Әскердегі ағаны. 
 
Қой қайырған атаны, 
Мал жайылған жотаны, 
Бәрін, бәрін саласың –  
Қозы, лақты, ботаны. 
 
Шахтер аға келбеті, 
Актер аға келбеті... 
Портреттер көрмесі –  
Дәптеріңнің әр беті. 
 
Қарындаштың көмегі 
Міне, қандай көп еді. 
Ұштай біл де 
Ұстай біл, 

109 
 
Түрлі өрнек төгеді. 
 
 
ӨШІРГІШ 
 
Өшіргіш – оқушы құралы, 
Қатеңді өшіріп тұрады. 
 
Дәптерді қолыңмен тырналап, 
Былғама, орынсыз жұлмалап. 
 
Өшіргіш аямас көмекті, 
Өңдейді, жөндейді ол епті. 
 
Көк сия қолма-қол кетеді, 
Қайтадан мұнтаздай етеді. 
 
Өшіргіш – тазалық сақшысы, 
Қатесіз жазған ғой жақсысы! 
 
 
ПЕНАЛ 
 
Жоғалмаса қаламсауыт – пеналың, 
Жоғалмайды қарындаш пен қаламың. 
Қыл-аяғы құйттай өшіргішің де 
Жоғалмастан жүреді оның ішінде. 
 
Демес үшін: 
«Қаламсабым жоғалды!», 
«Қарындашым жоғалды!», 
Сақтай біл сен ең алды 
Сенімді дос – пеналды. 
 
 
 
ДӘПТЕР 
 
Он екі ақ парақ –  
Он екі ақ қанат. 
Жолдары әсем-ақ, 
Сызылған тақталап. 
 
Он екі параққа 
Жазасың сан апта. 

110 
 
Әріптер шығады, 
Сап түзеп парадқа. 
 
Жақсы оқып сабақты, 
Жаза біл сауатты. 
Дәптерің – көгершін, 
Он екі қанатты. 
 
 
 
ЖАЗУ ҮСТІНДЕ 
 
Қалам айтады: 
 – Қатесіз көшіремін! – деп. 
Өшіргіш айтады: 
 – Қатеңді өшіремін! – деп. 
Дәптер айтады: 
 – Бүлдіре көрмеңдерші! – деп. 
Оқушы айтады: 
 – Ойымды бөлмеңдерші! – деп. 
 
  
ПАРТАМ-АУ 
 
Талай бала, партам-ау, 
Саған жүгін артады-ау! 
Біраз нәрсе білгенім 
Бір өзіңнің арқаң-ау! 
 
Білместік қой, партам-ау, 
Обалыңды арқалау: 
Бетіңді ойған сабаздар 
Сазайын бір тартады-ау! 
 
Алдағы жол сан тарау,  
Әр жаққа әркім тартады-ау! 
Шығарып сап, соңымда 
Қаласың-ау, партам-ау! 
 
 
ҚАҒАЗ, ҚАЛАМ ЖӘНЕ СИЯНЫҢ АЙТЫСЫ 
 
Қағаз бенен Қалам бірде лепірді, 
Лепірді де сөздер айтты не түрлі: 
«Менен мықты жоқ!» деп, Қағаз желпінді, 

111 
 
«Менен мықты жоқ!» деп, Қалам көпірді. 
Бара-бара болды қызыл кеңірдек
Кеңестерін Сия тыңдап отырды. 
 
 
Қағаз айтты: 
 – Мына менен артық не? 
Сөйлей алам! 
Барлық елде, бар тілде. 
Жазады адам аппақ сүттей бетіме: 
Әрбір сөйлем, 
Әрбір сөзін, 
Әрпін де... 
 
Дүниенің сыры жоқ мен білмейтін, 
Дүниенің жыры жоқ мен білмейтін. 
Жалғыз маған табынады жан біткен, 
Не жөнің бар жағаласып, күндейтін? 
 
Кітап болып тұрам әр үй төрінде, 
Әркім ынтық ішімді ашып көруге. 
Ұлылармен бір жасаймын өмірде, 
Мәңгі өлмеймін, 
Жеңе алмайды өлім де. 
 
Біледі адам тарихын мен арқылы, 
Сондықтан да үңіледі әр күні. 
Түсер маған сансыз ойдың сәулесі, 
Түсер маған сансыз көздің жарқылы. 
 
Қолдан-қолға көшіп жүрсем бүгінде, 
Жатам ертең архивтердің түбінде. 
Келер ұрпақ парағымды ақтарар, 
Жол ашамын 
Болашаққа, 
Білімге! 
 
Қалам айтты: 
 – Жөн ғой мұның бәрі де... 
Бірақ өзің қарасаңшы әліңе?! 
Мен болмасам, сенің күйің не болар, 
Жазуы жоқ құр қағаздың мәні не? 
 
Медеу тұтып мына мені қанша адам, 
Арманына жетті емес пе аңсаған?! 

112 
 
Өзің айтшы, кезім бар ма шаршаған, 
Ғұмыр бойы жазып келем мен саған. 
 
Жүйткідім сан ғұламаның қолында, 
Асыл сөздер сап түзеді жолымда. 
Алдыменен мен жүрдім ғой қашанда, 
Қалған жерім бар ма сенің соңыңда? 
 
Менің нарқым сенен қымбат білгенге, 
Билігің де, 
Тірлігің де бір менде. 
Тағдырыңды шеше аламын бір демде, 
Құның жоқ-ау, соққаныңмен құр кеуде. 
 
Қолға барып жүгінейік онан да, 
Өмір берген сол ғой саған, маған да. 
Ісімізге әуел бастан куә өзі, 
Төрелігін айттырайық табанда. 
 
Мына дауды тыңдап тұрған манадан. 
Айтты сия: 
 – Астыңдар-ау шамадан! 
Ойлаңдаршы, жан иесі болды ма 
Біріңді артық, біріңді кем санаған? 
 
Мақтанбаймын, 
Қарапайым Сиямын. 
Екеуіңе мен күш-қайрат құямын. 
Сансыз тілде жазылам да сөз болып, 
Бар білімді өн бойыма жиямын. 
 
Нұрлы ақылдан қуат алдым, ой алдым, 
Сол арқылы мәңгі ұйқымнан ояндым. 
Ақыл мені жазуға айналдырмаса, 
Әншейін бір өлі жатқан бояумын. 
 
Деп бөспейік шетімізден іріміз, 
Бірімізден артықпыз ба біріміз? 
Қолдан бұрын қадірлейік Басты біз, 
Бас болмаса, не болады күніміз?! 
 
 
АТАМ ТУРАЛЫ ӨЛЕҢДЕР 
 

113 
 
 

 
Менің атам сақалы 
Асқардағы ақ қардай. 
Таусылмайды мақалы, 
Таудан бұлақ аққандай. 
 
 
Көкірегі – шежіре, 
Қазыналы қоймадай. 
Таң қаламын өзіне –  
Ақылға бай, ойға бай. 
 
Сондай асыл сүйегі, 
Демейді бір ауырдым. 
Өз ұлындай сүйеді 
Бар баласын ауылдың. 
  
Ой мен қырын даланың 
Бес саусақтай біледі. 
Өзі туған алабын 
Ойша шарлап жүреді. 
 
Ауа райы білгірі 
Осы кісі деседі: 
Босқа кетпес бір күні, 
Дәл келеді есебі. 
 
Кеңесшісі талайдың, 
Жатып алып үйде осы. 
Атам – біздің маңайдың 
Анықтама бюросы. 
 
Әңгіме айтса күліп ап, 
Жинап кәрі-жасты да, 
Мен отырам кіріп ап 
Сақалының астына. 
 
 
II 
 
Менің атам мықты адам, 
Күштілерден ықпаған... 
Жас кезінде өзінің  
Жігіті жоқ жықпаған. 
 

114 
 
Менің атам мықты адам, 
Фашистен де ықпаған. 
Отан үшін от кешкен, 
Басып алға нық қадам. 
 
Менің атам мықты адам, 
Бораннан да ықпаған. 
Жылқы жайып, қой бағып, 
Биігі жоқ шықпаған... 
 
 
АЛТЫН СӨЗ 
 
Сәулелі сөз сөне ме –  
Орны бөлек батаның. 
Бізге тәлім, өнеге –  
Ақ тілеуі атаның. 
 
Мән беріп, ден қойғанда
Терең ойға батасың. 
Шілдехана тойларда 
Береді атам батасын. 
 
Әр сөзінің ақырын 
Жақсылыққа тірейді. 
Қадап айтып ақылын, 
Көпке бақыт тілейді. 
 
Кім сүймейді атасын, 
Асқар таудай көрінген. 
Бөбекке айтар батасын 
Жаттап алған едім мен: 
 
«Жүйрік тілді ақын бол, 
Жақсыларға жақын бол! 
Достарыңмен тату бол, 
Дұшпаныңа қату бол! 
 
Ұсақ болма, ірі бол, 
Өз ортаңның гүлі бол! 
Ата-анаңның көзінің 
Сөнбейтұғын нұры бол! 
 
Кім болсаң да әйтеуір, 

115 
 
Азаматтың бірі бол, 
Туған елдің ұлы бол!» 
 
Ойға тоқы, парқын сез, 
Ата сөзі – алтын сөз! 
 
 
САЯХАТШЫ ҮЙ 
 
Киіз үй дөп-дөңгелек, 
Жыққан кезде – он бөлек. 
Тіккен кезде топ етіп, 
Қона қалар дөңге кеп. 
 
Көшіп-қонып үнемі 
Көк жайлауда жүреді. 
Самал соқса аңқылдап, 
Желге іргесін түреді. 
 
Сан ғасырлар аралап, 
Таныс болған бар алап. 
Саяхатшы бір өзі, 
Қой айдаған қоралап. 
 
«Саяхатты сүйемін, 
Өркешінде түйенің!» –  
Деп жырлаған бұл үйге 
Бүгін өзім иемін! 
 
 
 ШАҢЫРАҚ 
 
Көтерілсе шаңырақ, 
Ақ бақанды астына ап, 
Жатқан уық жамырап 
Бірігеді бас құрап. 
Ата-баба тілеген 
Қалмасын деп қаңырап. 
Төбесі көк тіреген, 
Осы – қара шаңырақ! 
 
 
 КЕРЕГЕ  
 

116 
 
Ыңғайлы жоқ өзіндей, 
Тез жиналар, қаласаң. 
Тор жол дәптер көзіндей, 
Керілгенде, қарасаң. 
 
Секілді алып парақтар, 
Керегелер ұнайды. 
Жалғаса кеп қанаттар, 
Киіз үйді құрайды. 
 
Киіз үйдің сұлбасы  
Қиысады не қилы. 
Уықтардың бір басы 
Керегеге бекиді. 
 
 
 УЫҚ 
 
Дегеніміз уықтар –  
Имек басты сырықтар. 
Шаңырақты уысқа ап, 
Тұрады ылғи нық ұстап. 
 
 
 ҮЗІК ПЕН БАҚАН 
 
Киіз үй, бір қызығы, 
Салады еске атаны: 
Ақ шапаны – үзігі, 
Ақ таяғы – бақаны. 
 
 
ТҮҢЛІК 
 
Киіз үйдің арайлы 
Терезесі – түңлік. 
Ашық тұрса қарайды, 
Түнде жұлдыз үңіліп. 
 
Түңлікті ашқанда, 
«Құтылдым!» деп қуанып, 
Түтін ұшар аспанға, 
Шуда құсап шұбалып. 
 

117 
 
Қайырылып, түріліп 
Тұрады оның бір басы. 
Бір жағынан түңлік –  
Киіз үйдің мұржасы. 
 
 
 
 БЕЛДЕУ 
 
Киіз үйдің белбеуі –  
Беліндегі белдеуі. 
Болсын күндіз-түн мейлі 
Босатуды білмейді. 
Тіресердей дәуіңмен, 
Күресердей дауылмен, 
Қашан ауыл көшкенше, 
Біреу келіп шешкенше, 
Тұрғаны тас түйін боп: 
«Келіп қалар құйын!» – деп. 
 
 
ЕР-ТҰРМАН 
 
Десең атпен жүремін, 
Болсын ноқта, жүгенің. 
Шылбырың мен тізгінің –  
Ең сенімді тірегің. 
 
Қаптал, қасы екіден, 
Бір-біріне бекіген. 
Оқпаны бар ыңғайлы 
Жонып, шебер шекіген. 
 
Омырауға тағылар –  
Өмілдірік, танып ал! 
Шыға алмайсың өрге аса, 
Егер оның болмаса. 
 
Қиюласып қиысқан –  
Ер артында құйысқан. 
Құйысқансыз қиядан 
Түсу қиын, туысқан. 
 
Шап айыл мен төс айыл –  
Ажырамас қос айыл. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет