Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет45/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#51405
түріПрактикум
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   66
Байланысты:
Омар ожа лы Н рберген Омарова арлы аш мал азы тандыру п ніні п

3.5 Минералды қосындылар

Мал мұқтаждығын жан-жақты қамтып, жоғары өнімділігін қамтамасыз ету үшін жемшөппен қоса минералдық қоспалар беріледі. Олардың қатарына барлық мал мен құсқа міндетті түрде берілетін ас тұзынан басқа, қажетті жағдайда қолданылатын кальцийлі, кальций-фосфорлы және фосфорлы қосындылар мен микроэлементтер тұздары жатады.


Ас тұзы.Мал азығына ұнтақты және жалайтын 95% натрий хлоридінен тұратын азықтық ас тұзы жұмсалады. Оның құрамында 39% натрий мен 57% хлормен қоса магний, күкірт болады. Йод жетіспеушілігінен орын алатын эндемиялық алқым ісігінің алдын алу үшін ақықтық ас тұзын йодтайды.
Оны жеке шаруа қожалықтарында профессор Н.Омарқожаұлы (1996) ұсынған әдіспен іске асыруға болады – бір айда жұмсалатын ас тұзының 10/1 мөлшерін жеке ағаш науаға салып, мал түлігінің басына біркелкі йодты калийдің судағы не сүттегі /көк сүттегі/ ерітіндісін біркелкі бүркіп отырып араластырады да, өз ретінде, бұл тұзды қалған ас тұзынының мөлшерімен мұқият араластырады. Сөйтіп ай сайын мал түлігіне берілетін йодталған ас тұзын дайындайды. Тұздағы йодтың сақталу мерзімін ұзарту үшін 2,5%-дық натрий гипосульфитін пайдалануға болады.
Кальцийлі қоспаларға құрамындағы кальцийі – 36-39% азықтық бор, 31-33% азықтық әк, 37% ұлу қабыршағы жатады. Өсіп келе жатқан төл қаңқасы мен өніммен көп кальций шығаратын мал мен құстың (сүтті сиыр мен мекиендердің) сүйегіндегі кальций қорын толықтыру үшін жұмсалады.
Кальцийлі-фосфорлы қоспаларға құрамындағы Са - 32%, Р - 17% үшкальцийфосфат, Са-25%, Р-19% екікальцийфосфат (преципитат), Са -17%, Р-23% біркальцийфосфат, Са-36%, Р-16% Қаратаудың фторсыздандырылған (F<0,2%) фосфаты, Са-26%, Р -14% сүйек ұны жатады. Малды ең маңызды макроэлементтер - кальций және фосформен қамтамасыз етуте жұмсалады. Қорыту барысында 80-90%-та игеріледі.
Фосфорлы қоспаларға кұрамындағы фосфоры - 23° екіаммоний- және 21% екінатрийфосфат жатады. Малды фосформен қамтамасыз етіп, мал азығындағы кальций фосфорлық қатынасты оңтайлы 1,5-2 : 1 аралығында қалыптастыруға жұмсалады. Бұлармен қатар макроэлементті қоспа ретінде біраммоний-, бірнатрийфосфат, магний тотығы, карбонаты, сульфаты, калий хлориді, фосфорқышқылдынатрий, аппатиттер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет