Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет4/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#51405
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
Омар ожа лы Н рберген Омарова арлы аш мал азы тандыру п ніні п

Құрамажем үлгісін алу. Қоймадағы құрамажемнен сынаманы арнайы үлгімен алады. Ол үшін жемнің бетін шамамен 45 м2 аумақтарға бөліп, әр шаршының ортасынан бір сынама алады. Жемнің биіктігі 0,75 м-ден аспаса үстіңгі және төменгі, ал 0,75 м-ден биік болса, үстіңгі,ортаңғы және төменгіқабаттарынан алады. Автокөліктегі, арбадағы және қоймадағы жемнен сынаманы қысқа сапты сүңгімен әр жерден конверт жүйесімен үйінді жиегінен 0,5 м аралықта тұтас тереңдігінен алады. Егер жем жабық қапта болса, сынаманы қаптық сүңгімен үстіңгі және төменгі бөлігінен алады Сүңгінің шөміш басын қап ішіне бойлатып, 180°-қа бұрайды да қайта суырып алады. Тиеліп не түсіріліп жатқан жемнен транспортер таспасына шөміш тосып, 15 минут сайын 0,5 кг үлгі алып отырады. Құрама жем зауытында сынаманы араластырғыш астынан магниттік қорғаудан кейін жем құйылатын жолына шөміш тосып әр 2 сағат сайын үлгі алады. Шөміш ұнының да үлгісін осылай алады.
Түйіршікті және брикеттелген азық үлгісін алу. Оны бұл азық әзірленгенде немесе тиегенде (түсіргенде) құйылатын жолына 0,5 кг-дық шөмішті тосып алады. Брикеттелген жем үлгісіне пресс көмейінен шығатын жеке брикеттерді әр 2 сағат сайын алып отырады. Түйіршіктібрикеттелген азық капталған болса, әр партия қаптарының 5 % есебінен кемінде 3 жерден алады. Қаптардың аузын шешіп, бір жолғы сынаманы оның үстіңгі бөлігінен жалпы массасы 4 кг-нан кем болмайтындай алады. Былай алынған жемнің бастапқы үлгісінен орташа үлгіні айқыш болу жолымен іріктейді. Ол үшін бастапқы үлгіні тегіс бетке (үстелге, ағаш қалқанға) төгіп, киылған қабырғалы екі ағаш планкамен шаршылап тегістейді. Жол жасай отыра 3 рет араластырады да қайта тегістеп, планкамен диаганалы бойынша терт үшбұрышқа бөледі. Қарама-қарсы екі үшбұрыштағы аралас жемді бөліп, калған екі үшбұрыштағысын бір-біріне қосады. Солай екі үшбұрыштағы жемнен 2 кг-дай қалғанша осылай азайтады.Осы әдіспен алынған үлгіні екіге бөліп құрғақ таза ыдысқа салады да, біріншісін бір ай бойы арбитраж үшін сақтап, екіншісін зерттеуге алады.
Брикеттелген жемнің бастапқы үлгісінен 6 брикет алып, ұсақтап, жоғарыдағы әдіспен орташа үлгі іріктейді. Бөлінген 6 брикеттің бірінің тығыздығын анықтау үшін пайдаланып, қалғандарын таза ыдысқа салып, арбитраж үшін бір ай бойы сақтайды. Ыдысқа жемнің алынған орны, рецепті, партия салмағы, іріктелген орны, саны, күні, әзірлеген кәсіпорны, тасымалдау құжатының нөмірі жазылған этикетка ілінеді. Лабораторияда орташа сынаманы тіркеп, нөмірлейді де, сол нөмірді соған қатысты барлық құжаттарға қояды.
Дән үлгісін алу. Қоймадағы дән биіктігі 1,5 м-ге дейін болса, сынаманы вагондық сүңгі, ал одан биік болса штангісі бұралатын сүңгімен алады. Ол үшін қоймадағы дән бетін аумағы 100 м2 бөліктерге бөледі, көршілес бөлік шекарасынан 1 м-дей жерден төрт бұрышынан және ортасынан, үстіңгі, орта мен төменгі қабаттарынан 5 үлгі, әр бөліктен 2 кг үлгі алынады. Автокөлік қорабынан сынаманы төрт жерінен (бетінен, төменгі қабатынан немесе үйіндінің түтас тереңдігі бойынша) борттан 0,5 м кашықтықта сүңгімен кемінде 1 кг үлгі алады.
Вагондар мен элеваторлардан сынаманы транспортер таспасынан алады. Ол үшін механикалық сынама алғышты бірдей уақыт аралығында дән құйылатын жерге тосылатын арнаулы шөмішті пайдаланып, дәннің 1 тоннасына шаққанда кемінде 0,1 кг үлгі алады. Дәнге жарым жартылай толған екі осьті вагонның бес нүктесінен (қабырғадан 50-70 см аралықтағы торт бүрышынан және ортасынан), ал терт осьті вагонда 11 нүктесінен (қабырғадан белгілі бір аралықтан 8 жерінен және ортасындағы 3 жерден) алады. Көрсетілген нүктелердің әркайсысынан үлгіні үйіндінің үш қабатынан: үстіңгі-10 см-ге дейінгі тереңдіктен, ортаңғы — дән үйіндісібиіктігінің жартысына тең тереңдіктен және төменгі —вагон еденінен алады. Екі осьті вагоннан алынатын бір жолғы сынаманы жалпы салмағы 2 кг-ға төрт осьті вагоннан алынатыны 4 кг-ға жуық болуы керек.
Қаптағы дәннен үлгіні аузын шешіп үш жерден — бетінен, ортасынан, және төменгі жағынан алады. Аузы тігілген қаптан дәннің үлгісін бұрышынан қаптық сүңгіні басын төмен қаратып ортасына дейін кіргізіп 180°-қа бұрап, суырып алады. Партиядағы қап саны 10 болса, үлгіні әр екінші қаптан, 10-нан 100-ге дейін болса, әр 5 қаптан, 100-ден көп болса, әр 10 қаптан алады.
Әр партиядан алынған дән үлгісін қарап, салыстырады. Егер дән біркелкі болса, онда оны таза ыдысқа біріктіріп салады. Бұл бастапқы үлгідегі дән 2 кг-нан көп болмаса, ол орташа сынама бола алады. Бастапқы үлгінің салмағы көп болса, барлық дәнді беті тегіс үстелге төгіп, шаршы түрінде бөледіде екі қысқа ағаш планкімен үш рет жақсылап араластырады. Содан кейін дәнді тегістеп, шаршыға қайта бөледі де планкімен диагональ бойымен 4 бұрышка ажыратады. Қарама-қарсы екі үшбұрыштағы дәнді алмай, қалған екі үшбұрыштағы дәнді қайта араластырып, тағы да үшбұрыштарға бөледі. Осылайша 2 кг-га жуықдәнді үлгіге қалдырады.
Шаруашылықтан астық қабылдау пунктіне тасымалданатын дән сапалық тұрғыдан орташа тәуліктік үлгімен бағаланады. Орташа тәуліктік үлгілер әр машинадан алынған бастапқы үлгі құрастырады. Ол үшін көлемі 200 см3өлшем пайдаланылады. Пунктке әкелінген 1-5 т-га дейінгі дән партиясынан бір өлшем, 1,5-3 тпартиясынан екі өлшем, 3 т-дан жоғары болса, әр 1,5 т дәннен қосымша бір өлшем алынады. Орташа тәуліктік үлгіден жоғарыдағыдай әдіспен дәннің орташа сынамасын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет