Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет54/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#51405
түріПрактикум
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66
4.3.1. Саулықты азықтандыру

Саулықты жыл бойында организімінде өтетін алмасуына күшті ықпал ететін күйекке түсу, ұрықтану, буаздық пен қозысын емізу секілді физиологиялық ахуалы сәйкестендіріп азықтандырады. Күйін келтіріп, қоңдылығын арттырып, күйекті нәтижелі өткізуүшін, саулық азықтандыруын ұрықтандырудан 1-1,5 ай бұрын күшейтеді. Күйі келген саулық қысқа мерзімде нәтижелі ұрықтанады да қоздатудың ықшамды әрі егіздің мол болуына себептеседі. Қоздау науқанының нәтижелі өтуі үшін буаз саулықтың дұрыс азықтандырылуына, әсіресе энергетикалық мұқтаждығы 30-40%, протеиндік мұқтаждығы - 40-60% өсетін, азықтандырутұрғысынан қысылтаң қыстың соңы-көктемнің басына сәйкес келетін буаздықтың екінші жартысында ерекше көңіл бөледі. Физиологиялық ахуалы мен өнімдік бағытына байланысты саулық азықтандыру нормасы 4.17-кестеде келтірілген.


Кестеде келтірілген нормалық көрсеткіштерден азықтың энергия мен қоректік заттарға мұқтаждығының, әсіресе буаздығының соңғы апталарында күрт өсетінін көреміз. Соны ескеріп, саулық азығындағы қосымша жем менпішен мөлшерін 15-30% молайтады.

4.16-кесте.Саулық азықтандыру нормасы



Көрсеткіш

Жүнді, жүнді-етті
тұқымдарға

Етті-жүнді
тұқымдарға

40 кг

50 кг

60 кг

50 кг

60 кг

Қысыркезінде және буаздығынын алғашқы 12-13аптасында

Азық өлшемі

0,9

1,3

1,5

0,95

1,05

АЭ, МДж

10,0

12,0

13,0

10,5

12,1

Қорытылған протеин, г

85

95

105

85

90

Ас тұзы, г

9

10

11

10

12

Кальций, г

6

6,5

7

6

6,2

4.16-кестенің жалғасы

Фосфор, г

4

4,4

4,8

3,1

3,6

Күкірт, г

3,5

4

4,5

2,7

3,1

Каротин, мг

10

12

15

12

15

Буаздығының соңғы 7-8 аптасында

Азық өлшемі

1,15

1,35

1,45

1,25

1,30

АЭ, МДж

12,5

14,5

16,5

15,3

16

Қорытылған протеин, г

120

135

145

120

130

Ас тұзы, г

10

13

14

11

13

Кальций, г

6

8

9

8

9

Фосфор, г

4

5

6

4

6

Күкірт, г

4

4,6

5

5

6

Каротин, мг

12

15

17

15

17

Қозысын емізетін кезеңде

Азықөлшемі

1,65

1,90

2,05

2,0

2,1

АЭ, МДж

17

20

23

21

22

Корытылған протеин, г

175

200

215

200

310

Ас тұзы, г

15

17

19

14

15

Кальций, г

11

12

13

10

11

Фосфор, г

7,4

7,8

8,2

6,4

6,8

Күкірт, г

6

7

8

6

7

Каротин, мг

20

22

24

20

24

Ескерту.
Егіз қозы емізетін саулықнормасы қозының 100 г салмаққосуына жұмсалатын 0,5 кг қой сүтінің түзілуіне қажет 0,3 а.ө., 40 г қорытылатын протеин, 1,9 г Са, 1,2 г Р-ға қосымша ұлғайтылады.

Сонда жылдық мұқтаждығы 560-600 а.ө., 6300-6600 МДж алмасу энергиясын, 58-60 кг қорытылатын протеин құрайтын саулық басына 1500-1700 кг көкшөп, 250-300 кг негізін пішен кұрайтын ірі азық400-500 кг пішендеме жұмсалады. Арзан табиғи маусымдық жайылым отымен саулықтың азықтандыру мұқтаждығы неғұрлым толығырақ қамтамасыз етілсе, одан қымбат басқа азық шығыны азайтылады.


1-тапсырма. Тапсырма бойынша берілген жайылым оты тірілей салмағы 50 кг буаздығының алғашқы жартысындағы етті-жүнді саулықтың азық өлшемі бойынша энергетикалық мұқтаждығын толық қамтамасыз еткен жағдайында, басқа азықтандыру көрсеткіштері қаншама қанағаттандырылатынын есептеп, тұжырым жасаңдар.
2-тапсырма.Осыжайылым отын белгілі мөлшерде жеген осысалмақтағысаулықбуаздығыныңекіншіжартысындағы нормакөрсеткіштерінесәйкескелмеген мұқтаждығын қажетті азықтық қосындылармен толықтырыңдар.
4.3.2.Қозы азықтандыру

Жаңа туған қозыны енесінің уызына жарытып алғашқы екі аптада, негізінен, ене сүтімен азықтандырады. Енесін емізумен қатар 3-4-аптадан соң қозыны біртіндеп басқа жемшөпке үйретеді. Тәулігіне бір басқа 4-айлығында100 г беріле бастаған пішен, 50 г жем мөлшері, 16-айлығында - 350-400 г пішен, 350 г жем мөлшеріне жеткізіледі. Қозы өсімін қажетті аминқышқылдарымен қамтамасыз ету үшін жемнің бір бөлігін протеинді бұршақ тұқымдастар дәнімен алмастырып, тәулігіне қозы денесінде 1,8-2,1 г сіңірілетін кальций мен 1-1,2 г сіңірелетінін фосформен қамтамасыз етуүшін азықтық преципитат, фторсыздалған фосфаттарды көлемінде береді. Түрлі себептермен ене сүтіне жарымаған және жетім қалған қозыларды М.Байтурин, Ж.Оразалин (1977) ұсынған арнайы қой сүтін алмастыратын құрамажеммен азықтандыруға болады (4.18-кесте).


Қой сүтін алмастырушы құрамажем әзірлеу үшін кестеде келтірілген арақатынаста араластырғыш қондырғыға қайнатылған су құйып, оған майсыздандырылған құрғақ сиырсүтін, "соломас" типтес өсімдік майын, балық майын, бидай ұнын, ас тұзын, қажетті микроэлемент тұздарын қосып, әбден араластырады да, 40°С дейін салқындатып, витаминдер мен биовит-80 препаратын қосып, қайтадан араластырып, 36-37°С жылылықта қозыларға емізікпен тәулігіне... 1-18-күндік қозыға - 4 рет, 19-30-күндік қозыға - 3 рет, 31-40-күндік қозыға - 2 рет, 41-45-күндік қозыға - 1 рет... ішкізеді.

4.18-кесте.Қозыға арналған арнайы кұрамажем кұрамы



Ингредиенттер

Қозының жасы

1-15 күн

16-45 күн

Майсыз құрғақ сүт, кг

20

17

"Соломас" майы

4

3

Витаминделген балық майы, кг

1

1

Бидай ұны

-

3

Ас тұзы

0,2

0,2

Қайнатылған су, кг

74,8

75,8

Ескерту.
Құрамажемнің 100 литріне 0,8 г хлорлы кобальт, 0,64 г күкірт қышқылды мыс, 3,2 г күкірт кышқылды мырыш, 4 г күкірт қышқылды темір, 80мың Д витаминініңх.ө., 0,8 г Е витаминін, 50 г биовит-80 қосады.

Қозыларды 6-күндігінен бастап біртіндеп көкшөп пен пішен, жем қоспасы мен жайылым шөбін жеуге үйретеді. Ол үшінқозылар тұмсығы жететін жерге үнемі майда жапырақты тұқымдастар пішен іліп қояды, сақпанмен жайылым отына жаяды.Тез арада жетілдіру үшін қозыға 26% жүгеріден, 14% арпадан, 12,7% бидай жармасынан, 10% майсыз құрғақ сүттен, 10% күнбағыс күнжарасынан, 1% ас тұзынан, 1,2% фторсыз фосфаттан, 8% азықтық ашытқыдан, 1,7% беде ұнынан, 0,1% биовит-80 препаратынан тұратын, әр 1 тоннасына 15 г күкірт қышқылды мыс, 1 г хлорлы кобальт, 1 г йодты калий қосылған, 1 кг-да 1,2 а.ө., 170 г қорытылатын протеин, 14 г Са, 6,7 г Р, 45 мг каротин шоғырланған жем қоспасын келесі 4.19-кестедегі жоба бойынша жегізеді.


4.19-кесте.Жеделдетіп өсірілетін қозы азықтандыру жобасы



Азық түрі

Тәулігіне бір басқа, г

Қолда баққанда

Жайылымда баққанда

1-10

10-20

21-30

31-45

46-50

51-90

91-120

Құрама-жем

800

1100

100

850

-

-

-

Жем қоспасы

үйрету

30

50

100

200

250

-

Арпа жармасы

-

-

-

-

-

-

250

Жайылым

үйрету

үйрету

жаю

жаю

жаю

жаю

жаю

Ескерту. Ас тұзы, азықтық бор, сүйек ұны секілді минералды қосындыларды қозылар жегенінше жеке науаға салып қояды.
Тапсырма.Қозы басына жұмсалатын жем, ас тұзы мен басқа да минералды қосындылардың бір айлық мөлшерін есептеңдер.


4.3.3. Тоқты азықтандыру және бордақылау

Тоқты өсіру бағытына, тірілей салмағына, жынысына, салмақ қосуына сәйкес бағытталып азықтандырылады. Өсіруге қалдырылатын тоқтылар жынысы бойынша отарларға жіктеліп, біріктіріледі де, шөбі шүйгін жайылымда бағылады. Олардың қалыпты өсіп-жетілуін қамтамасыз ету үшінжайылым оты жеткіліксіз болған жағдайда әр басына 200-300 г есебінен жем қоспасы беріледі. Одан тыс тоқтылар басы жедел жетілдіріліп бордақыланады да, 6-7 айлығында 40-45 кг салмақпен етке тапсырылады (4.20-кесте).


Бордақылауға жасы шамалас, біркелкі дамыған еркек қозылар қойылады. Олар тәулігіне 180-200 г салмақ қосып, 60 күн ішінде 40 кг тартуға тиіс. Әр тоқтыға күніне 0,5 кг аралас дақылдар пішені, 0,1-0,2 кг шөп кесіндісі, 1-2 кг пішендеме, 2-3 кг сүрлем, 200-300 г жем қоспасын, жегенінше минералды қосындылар беріледі. Бордақылау кешендерінде механикаландырыпүлестіруге ыңғайлы брикет не түйірленген(гранулированный) моноазық (монокорм) қолдану тиімді.

4.20-кесте.Бордақылаудағы тоқты азықтандыру нормасы



Көрсеткіш

Жүнді, жүнді-етті тұқымдарға

Етті-жүнді тұқымдарға

5-айда

6-айда

7-айда

5-6 айда

6-7 айда

Тірілей салмағы, кг

32

37

42

40

50

Тәулiктiк салмаққосымы, г

180

170

130

150

200

Азық өлшемі

1,1

1,3

1,4

1,3

1,13

Алмасу энергиясы, МДж

12,1

14,3

15,4

12

16,5

Қорыт. протеин, г

130

150

155

125

130

Ac тұзы, г

8

9

10

8

9

Кальций,г

6,3

7,2

8,6

6,7

7,0

Фосфор, г

4,4

5,2

5,6

3,3

4,2

Күкірт, г

3,6

4,2

4,7

3,3

4,7

Каротин, мг

9

10

11

9

11

К.Медеубеков, Т.Сарбасов (1981) қой бордақылауда 1 кг-да 0,7 а.ө., 9 МДж АЭ, 70-80 г қорытылатын протеині, 7-9 г Са, 3-3,5 г Р, 10-15 мг каротині бар толық рационды азық қоспаларының түйірлерін қолдануды ұсынады (4.21-кесте).


4.21-кесте.Қой бордақылауға арналған азық қоспалары, %



Азықтар

Тоқтыларға

Сақа қойларға

№ 1

№2

№ 1

№2

Пішен

20

20,3

34,2

-

Сабан

-

30

30

30

ІІІөп ұны

25

20

20

44,5

Жом (арпа жармасы)

50

20

20

25

Күнжара, шрот

-

5

-

25

Фторсыздалған фосфат

0,7

1,7

2,8

0,5

Аммоний сульфаты

-

3

3,0




Сірне (мелясса)

-

3

3,0

-

Кестедегі жемшөпті жекелеп берген тоқтылармен салыстырғанда түйірленген азық қоспасымен бордақыланған тоқтылар салмақ қосымы - 25-40%, жүн түсімі - 30-35% артады. Түйірленген азық қоспасының қоректілігі мен желіну көлемі оның құрамындағы сабан мөлшерімен реттестірілетін «шикі» жасұнықдеңгейіне тәуелді өзгереді.


Қоспадағы сабан үлесін өзгерту арқылы қоспа құрғақ затындағы жасұнықкөлемін бордақылаудағы 6-айлық тоқты азығында - 13%, 7-15-айлық тоқты азығында - 22-25%, сақа қой азығында - 27%-дан арттырмайды. Жазғытұры етке өткізілетін малды оты шүйгін жайылымда жайып семірткен ұтымды да пайдалы. Ол үшін жайылым отын жоспарланған белгілі айналым (пастбищеоборот) арқылы, қой қоректенуінің биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жаяды.
1-тапсырма.Бордақылауға қойылған тірілей салмағы 40 кг, тәуліктік салмаққосымы 150 г етті-жүнді тұқым тоқтысын бордақылауға жұмсалатын түйіршік азық қоспасы мөлшерін шығарып, 1 кг қосымша салмақ қосымына шығындалатын азық өлшемі мен қорытылатын протеинді есептеңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет