Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет53/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#51405
түріПрактикум
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66
Байланысты:
Омар ожа лы Н рберген Омарова арлы аш мал азы тандыру п ніні п

4.2.5.Тұқымдық бұқаны азықтандыру

Асыл тұқымды бұқаны сапалы ұрығын кажетті мөлшерде алу тұрғысынан тұспалдап азықтандырады. Ол үшін бұқа азығының энергетикалық қуаттылығын, протеиндік, минералдық және витаминдік құнарлылығын қамтамасыз етеді. Ұрық алынбайтын кезде (не случной период) тұқымдық бұқаны орта қоңдылығын сақтайтын деңгейде азықтаңдырады. Ол үшін 100 кг т.с. шаққанда - 1,1-0,8 а.ө. жеткізілуі жеткілікті. Ұрық алынатын кезенде (случной период) ұрықорта жиілікте (средняя нагрузка), яғни аптасына 2-3 peт алынатын болса 100 кг т.е. - 1,2-0,9 а.ө., ал жоғары жиілікте(повышенная нагрузка), яғни аптасына 3-4 рет алынатын болса - 1,3-1,0 а.ө. жеткізілуі қажет (бұқаның т.с. ауырлаған сайын тіршілігін камтамасыз етуге жұмсалатын азықшығынының үлесі, яғни а.ө. азаятындықтан, норматив көрсеткіші керісінше кемиді). Әр 1 а.ө. ұрық алынбайтын кезде - 100 г, ұрық алынатын кезде, оның алыну жиілігіне байланысты - 125-145 г қорытылатын протеин болуға тиіс(4.16-кесте).


Азықтандырудың нормалық мұқтаждыкка сәйкес қажетті қуаттылығы мен құнарлылығын қамтамасыз ету үшін бұқа рационын қант қызылшасы, сәбіз, асқабақ, сапалы бұршақ және астық тұқымдастар пішені, ұны, дәндерінің қосындысы, азықтық ашытқы, жануар тектес азықтарды жұмсай отырып құрастырады. Жеңіл қорытылатын тамыр-жемістілер рацион құрғақ заттындағы қант мөлшерін 7%-дан 9,4-12,4%-ға дейін көбейтсе, шөп ұны, сәбіз, асқабақ секілді азықтар бұқа азығын каротинмен байытады. Бұқаның ас қорытуы жақсы өтуі үшін рацион құрғақ затында 20-25% «шикі»клетчатка болуға тиіс. Оның деңгейін қамтамасыз ету үшін сиырға қарағанда қарнының сиымдылығы шектеулі бұқаға берілетін аумақты көкшөптің бір бөлігін дегдітіп не кепітіріп береді.
Әр 100 кг т.с. шаққанда тұқымдық бұқаға 0,8-1,2 кг сапалы пішен, 0,8-1 кг жоғары сапалы сүрлем не пішендеме,1,5кг тамыржемістілер, 0,3-0,5 кг жем қосындысын береді.
4.16-кесте.Тұкымдық бұқа азықтандыру нормасы

Көрсеткіш

Бұқаның тірілей салмағы, кг

600

700

800

900

1000

Азық өлшемі

6,6

7,3

7,6

8,5

9,1

Алмасу энергиясы, МДж

76

84

91

99

105

Құрғақ зат, кг

8,8

9,2

10,6

11,3

12,1

«Шикі» протеин, г

1360

1500

1630

1750

1880

Қорытылатын протеин, г

825

915

990

1060

1140

«Шикі»клетчатка, г

1760

1960

2100

2260

2420

Крахмал, г

910

1000

1080

1170

1250

Кант, г

825

915

990

1065

1140

«Шикі»май, г

310

340

370

400

425

4.16-кестенің жалғасы

Ас тұзы, г

45

50

55

60

65

Кальций, г

34

37

40

43

46

Фосфор, г

18

21

24

27

30

Калий, г

66

70

88

99

ПО

Күкірт, г

485

535

580

620

665

Темір, мг

485

535

580

620

665

Мыс, мг

85

90

100

105

115

Мырыш, мг

350

390

420

450

485

Марганец, мг

440

485

525

656

680

Кобальт, мг

6,6

7,3

7,9

8,5

9,1

Йод, мг

6,6

7,3

7,9

8,5

9,1

Каротин, мг

480

510

560

650

660

Д дәрумені, мың х.ө.

8,4

9,8

11,2

12,6

14,0

Е дәрумені, мг

285

290

315

340

360

Ескерту.
Бұл норма бұқадан күнара немесе аптасына ек рет қос шәуеталғандағы орта жиілікте ұрық алыну кезеңіне сәйкестендірілген. Ұрық алынбайтын кезде норма көрсеткіштері -10-15% кемітіліп, ал аптасына 2-3 ретқос шәует алынғандағы жоғары жиілікте ұрық алыну кезеңінде 15-20% арттырылады.

Бір-бірінің аминқышқылдық, витаминдік және минералдық құрамын толықтыра түсетіндіктен, қосынды құнарлылығы құрамынадағы жеке жемдікінен артатынын ескеріп, ұрық алынатын кезеңде тәулігіне бұқа басына 2-3 кг арпа мен жүгері, 0,5-1,5 кг бұршақ, 0,5-1,0 кг тары дәнін, бидай кебегін, күнбағыс немесе соя күнжарасының қосындысын (смесь) беріп, оған қоса 5-10 кг пішен, 1-2 кг шөп ұны, 4-6 кг сәбіз, 5-8 кг азықтық қызылша, 3-5 кг қант қызылшасын жегізеді. Жалпы қоректілігі бойынша бұқа рационының 40-50% құнарлы жем үлесіне тиюге тиіс. Бұқа азығына оныңжыныстықпотенциясын төмендетіп, ұрық сапасын нашарлататын азықтық техникалық қалдықтарды, сапасыз пішен несүрлемді,сабанды,химиялық қосындыларды қолдануға болмайды.


1-тапсырма. Тірілей салмағы 1000 кг opma жиілікте ұрық алынатын бұқаға жоңышқа пішені, қант қызылшасы, сәбіз, арпа жармасы, сұлы дәні, жүгері ұнтағы, бидай кебегінен рацион құрастырып, жалпы қоректілігі бойынша құрылымын есептеңдер. Ұрық алыну жиілесе қай азықтар үлесі өсетінін көрсетіңдер.

4.3. Қой-ешкі азықтандыру


Қой-ешкі өсіру - қазақтың ата кәсібі. Кең-байтақ жеріміздің шұрайлы жайылымдарын жыл бойында тиімді пайдаланудың арқасында, қой мен ешкі басы арзан да құнарлы азықпен ұтымды қамтамасыз етілген. Қазіргі кезде де қой-ешкі азықтандыруында табиғи жайылым отын кеңінен пайдаланып, тек күз, қыс пен көктемдегі күйек, ұрықтандыру буаздық пен қоздау, қозы емізу кезеңдерінде қосымша пішен, сабан, пішендеме және жеммен толықтырады.


Қой организімінде қоректік зат алдымен орталық жүйке, қан айналымы, жыныстық ағзалары секілді тіршілікті қамтамасыз ету тұрғысынан маңызы зор жүйелердің жұмысына жұмсалады да, тек содан кейін барып тері меноның жүн,жал, мүйіз, тұяқ секілді өнімдеріне шығындалады. Осының салдарынан мал ашыққандағы қоректік зат жетіспеуінен жүн талшықтары жіңішкереді де, талшықтың солжерінде «аштық жіңішкеру»(голодная тонина, переслед, перехват) ізі немесе белгісі қалады. Жүн талшықтарының бұл жері әлсізденіп, үзілгіш келеді де, қырқылған кейінгі жүннің үзілмеушілік қасиетін (разрывная прочность) азайтып тауарлық сапасын төмендетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет