Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет40/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#51405
түріПрактикум
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66
Құрамажем. Ғылыми негізделген рецептура бойынша мал мен құс түріне, жасына, жынысына, өнімдік бағыты мен физиологиялық жағдайына сәйкес шығарылатын көп компонентті азық. Теориялык, тұрғыдан, құрамажем дайындау, тар қосындысының қоректілігі қосындыға кіретін әр жеке қоректілігінен асатындығына негізделген. Қосындыдағыазықтардың құрамы мен қоректілік қасиеттері бірін-бірі толықтырып, биологиялық құндылығын, яғни құнарлылығын арттыра түседі. Организм мұқтаждығын қамтамасыз ету дәрежесіне байланысты толық рационды, құнарлы-құрамажем, арнайы құрамажем, белокті-витаминді (БВК) не белокті-витаминді-минералды (БВМК) қосынды және премикс түрінде дайындалады.
Толық рационды құрамажем мал мен құстың энергетикалық, протеиндік, аминқышқылдық, минералдық және витаминдік мұқтаждығын жан-жақты да толық қамтамасыз ететін бірегей арнаулы азығы. Оның құрамына құнарлы жем, протеиндік, витаминдік азықтар, аминқышқылдық, минералдық қосындылар, қажетті жағдайда, айталық құс құрамажеміне клетчаткалық және басқа да толықтырғыштар кіреді. Негізінен құс пен шошқаға шығарылады.
Мысалы, толық рационды ...тауық құрамажеміне 60-75% астык. жоно бұршақ түқымдастар дәні, 0-7% бидай кебегі, 8-15% күнжара мен шрот, 4-6% жануар тектес азық, 3-6% азықтық ашытқы, 3-5% шөп ұны, 7-9% минералды қоспа, 3-4% азықтық май кірсе, ...бройлер-балапандікіне - 44% жүгері, 14%бидай, 13% қабығынан тазартылған арпа дәні, 15% күнбағыс шроты, 4%ашытқы, 4% құрғақ көк сүт, 3% шөп ұны, 2,5% етсүйек ұны, 0,5% бор кіріп оның 1 т 10 млн.ХӨ - А, 1 млн.ХӨ - Д3,10 мың ХӨ - Е , 2 г - К, 2 г - It, 4 г - B2, 10 г - В3, 1000 г - В4, ЗОг - В5, 3 г- В6, 0,5 г - Вс, 25 г - В12, 25 г С витаминдері, 250 г лизин, 1000 г метионин, 150 г антиоксидант, 20 антибиотик, 200 г күкіртқышқылды марганец, 40 г күкіртқышқылды мырыш 100 г күкіртқышқылды темір, 10 г күкірткышкылды мыс, 8 г хлорлы кобальт 125 г кокцидиостатпен байытылады.
Құнарлы-құрамажем дән, кебек, күнжара не шрот шөп не ет-сүйек, балық ұны, кейбір минералдық, витаминді қосындылардан құрастырылып, малдың, әсіресе су сиырдың, негізгі рационына құнарлы қосымша ретінде жұмсалады. Арнайы құрама жемді жаңа туған төлге ене сүтін алмастырушы ретінде көк сүт негізінде, өсімдік майын(саломас), түрлі қажетті минералды, витаминді, емдік және профилактикалық қоспалардан дайындайды.
Мысалы, 25-30% арпа, 6-10% сұлы, 12-30% бидай, 5-10% күнбағыс күнжарасы, 5-25% бидай кебегі, 5-10% соя шроты, 5% сірне, монокальцийфосфат, 1% ас тұзы, 1% премикстан туратын сиырға арналған кұнарлы-құрамажемнің 1 кг-да 0,96-1,05 а.ө., 150-200 г қорыт. прот. болыпол сауын сиыр кұнарлы-кұрамажеміне қойылатын келесі МЕСТ талаптарына жауап беруге тиіс: 100 кг а.о. - 80-нен,"шикі" протеині - 15%-дан кем еместор көзінің диаметрі 3 мм електегі калдығы - 30%-дан, 5 мм електегіқалдығы - 5%-дан, минералды қоспасы /кұмы/ - 0,7% аспауы керек,мұнымен мегежінге арналған құнарлы-кұрамажемге қойылатын бұл талаптар сол ретімен, а.ө,- 85, "шикі" протеині - 16% кем болмай, 3 мм өтпеген қалдығы -12%, 5 мм өтпеген калдығы - жоқ, минералды қоспасы - 0,5% және "шикі" клетчаткасы -10%-дан аспауы керек.
Белокті-витаминді (БВК) не белокті-витаминді-минералды (БВМҚ) қосынды күнжара, ашытқы, бұршақ тұқымдастар дәні секілді белокқа бай азықтарға минералды тұздар, витаминді қоспалар, антибиотиктер, басқада пәрменді биопрепараттар қосындысынан дайындалады. Жергілікті жерде дайындалатын құрама жемге, мал азығына 5-25% көлемінде қосады.
Мысалы, 20% күнбағыс шроты, 21% мақта шроты, 20% балық ұны, 20%бидай кебегі, 6% азықтық фосфат, 6% ас тұзы, 7% сірнеден тұратын сиырға арналған БВҚ 1 кг-да 0,87 а.ө., 300 г шикі прот., 40 г май, 25 г Са, 30 г Р болса, 45% күнбағыс шроты, 10% балық ұны, 21% бидай кебегі, 10% азықтық ашытқы, 4% премикс, 6% бор, 4% ас тұзынан тұратын шошқаға арналған БВҚ 1 кг-да 0,9 а.ө., 330 г шикі. прот., 67 г шикі клетчатка, 54 г майCa, 20 г P, 16 г лизин, 11 г метионин+цистині болады.
Премиксті витаминдер, микроэлементтер, ферменттер антибиотиктер, антиоксиданттар, дәрілік препараттардан тұратын барлық дерлік биологиялық пәрменді заттарды белгілі бір кебек, шрот секілді толықтырғышпен мұқият араластырып дайындайды. Құрамажем мен белокті-витаминді қосынды құнарлылығын арттыруға пайдаланылады.
Мысалы, қосылатын 1 тонна жемге шаққанда, ірі қараға арналған құрамына 2500 млн. ХӨ А витамині, 270 млн. ХӨ Д витамині, 2000 г, 1040 г марганец, 450 г мыс, 2000 г мырыш, 100 г кобальт, 176 г йод кірсе,шошқаға арналған премикстің құрамына 9000 млн. ХӨ А витамині, 200 млн. ХӨ Д витамині, 200 г Е витамині, 400 г В2, 1000 гВ3, 1500 г, 2,2 г В12витаминдері, 6000 г темір, 3500 г марганец, 800 г мыс, мырыш, 5 г кобальт, 27 г йод, 500 г антитотықтырғыш, 7000 г т., 63 г лизин, 50 г метионин кіреді.
Құрамажем сапасы МЕСТ талаптарына сэйкес болуға тиіс. Ол туралы шыгарылған әр партиясына дайындаушы орныкүні, рецепті мен қоректілігі көрсетілген куәлік сертификат толтырылады. Стандарт талаптарымен қоса құрама жемнің сыртқы түрі, түсі, иісі ингредиенттерінің сапалығын байқатып, құс құрама жемінің ылғалы - 13%, 14,5%аспай, көгеріп-шірімеген, иісі бұзылмаған, өткір металл қалдығынсыз болуга тиіс. Зиянды қоспалары құрамынакіретін шикізатқа қойылатын талап мөлшерінен аспай толық рационды құрамажемдегі бүтін дән көлемі - 0,3-0,5%, құнарлы- құрамажемдегісі - 0,3-0,7% төмен болуы керек. 1кг-дағы қамба зиянкестерінің саны 5 талдан аспауға тиіс.
Қазіргі кездегі нарықтық экономика құрамажем дайындау технологиясы мен рецептурасына өз талабын қоюда - азықтық шығыны өзіндік құнының жартысына жуығын құрайтын кұс шаруашылығы өнімін пайдалы өндіру үшін азық шығынын мүмкіндігінше арзандату көзделеді. Құрамажем құнын арзандату үшін оның құрамына жергілікті арзан азықты молынан енгізу қажет.
Осы бағытта профессор Н.Омарқожаұлының (1999) басшылығымен "Сеймар" концерн құсфабрикаларында (Н.Ниязбековпен бірге) жүргізген ізденістерде қымбат жүгер дәні мен жануар тектес азықтарды арзан арпа дәні мен шроттармен алмастырылған құрамажем қорытылуына целлюлозажәне амилозаыдыратушы ROXAZYME ферменттік қосындысымен 1 т құрамажемге 125 г қосып себептескенде, шикі клетчатка қорытылымы 2,5-9,4%жоғарылап, мекиен жұмыртқалағыштығы 66%-дан 67-71% көтеріліп, жиналған жұмыртқа тауарлық категориясы өсіп, кг жұмыртқа массасына жұмсалған жем шығыны 3,8 кг-на 3,2 кг-ға азайды. Құрамажемнің өзіндік құнының арзандауынан, жұмыртқа өндіру шығыны кеміп, әр мекиен басынан түскен пайда 63 мың теңгеге өскен.

Толық рационды кұс құрама жеміне 18221-72 МЕСТ талаптары



Көрсеткіш

Балапан-
дікі

Тауық-
тікі

Үйрек-
тікі

Күркетауық-
тікі

100 г алмасу энергиясы,
ккал

280

270


265


260


МДж

1,172

1,130

1,110

1,090

"Шикі" протеин, % кем емес

20

16

16

16

"Шикі" жасұнық,% кем емес

5,5

6,0

7,0

7,0

Кальций, % кем болмауы

1,2

3,0

2,5

2,5

Фосфор, % кем болмауы

0,9

0,8

0,8

0,8

Лизин, % кем болмауы

1,0

0,8

0,6

0,8

Метионин+цистин, % кем емес

0,7

0,6

0,5

0,6

Құм, % аспауы керек

0,2

0,5

0,5

0,5

Ескерту. Құрамажемдегі натрий мөлшері 0,4%,2 мм-ге дейінгі металл қоспасы 20-30 мг/кг-нан аспауы керек.


1-тапсырма.Құрамажем шығару технологиясымен, рецептурасымен танысып, үлгісінің сапасы мен қоректілігін бағалаңдар.
2-тапсырма. Ірі қара, шошқа мен құс құрамажемі, белок-витамшндіминералды қосындысы құрамының ерекшіліктерін анықтаңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет