Омаров ғ.Қ., Сойкина н. Ю. Б а ғ дарлам а музейлік практика бойынша оқУ-Әдістемелік ұсыныстар алматы, 2015



бет3/11
Дата24.06.2022
өлшемі1,34 Mb.
#37273
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
музейнпрактика қазақша

ЭТНОГРАФИЯ МУЗЕЙІ
Этнографиялық музей 1986 жылы ҚазҰУ тарих факультетінің студенттері мен оқытушыларының күшімен құрылды. Оның құрылуына елеулі үлес қосқан т.ғ.д., профессор У.Х. Шәлекенов болды. Этнография музейінің жинақтары қазақ халқының ерекше ұлттық мәдениетін ашатын түпнұсқа заттардан, фотографиялар пен суреттерден тұрады.
Музей екі залдан тұрады. Бірінші залдың экспозициясында қазақ халқының материалдық мәдениетінің ерекшеліктері көрініс тапқан. Мұнда келушілер қазақ халқындағы мал, егін шаруашылығының және жартылай мал шаруашылығы типтерімен таныса алады.
Этнография музейінің маңызды бөлімі, оның көркем және шебер орындалған, қазақ ауылының жаздық қонысы, жаздық егіс, ұста мен қыстық үй «қыстау» бейнесіндегі диорамасы болып саналады. Диорамалар экспозицияның әдемі және тақырып бойынша көрнекілікі ретінде саналады. Бірінші залдың экспозициясындағы үлкен орынды қазақ халқының көрнекі материалдары, музыкалық аспаптары, киізден жасалған бұйымдары, тұрмыс заттары, зергерлік бұйымдары орын алады.
Залда орналасқан этнографиялық материалдар ұзақ жылдар бойы қалыптасқан қазақ халқының күнделікті өмірін бейнелейді. Экспозициядағы қойылған заттар қазақ халқының ұлттық метариалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктеріне терең түсінік беретін құнды көрнекі материалдар болып табылады.







  1. МУЗЕЙЛІК ПРАКТИКАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Музейлік практиканың басты мақсаты студенттерді музей мекемесі ұйымының қызметін, ерекшеліктерін, айырмашылықтары мен құрылымымен таныстыру болып табылады. Музейлік практикаға қойылған талаптарды орындау мақсатында келесі тапсырмалар жоспарланады:

  1. Студенттерді Қазақстандардағы музей ісі жүйесінің қызмет істеуі туралы түсініктерін қалыптастыру, Алматы қаласы музейі, музейлердің классификациясы.

  2. Музей мекемелерінің қызметі жайында, принциптері мен ерекшеліктерін, жұмыстың басты бағыттары туралы түсініктерін қалыптастыру.

  3. Музей экспозициясы мен көрмесінің құрылу принциптерін, ерекшеліктерін таныстыру.

  4. Музей қорының, ұйымының құрылымымен, құрамымен, тіркеуге алумен, сақтау тәртібімен, қорғау және музей заттарын ғылыми меңгеруді ұйымдастырумен таныстыру.

  5. Студенттерде нақты археологиялық және этнографиялық коллекцияларды өңдеудегі икемділігін дамыту.

Практиканың оқу маңыздылығы музей қорының қызмет ету және қалыптасу аймағында көрсетілген талаптарға сәйкесінше білім алу.

Музейлік практиканы өту нәтижесінде үйренушінің міндеттері:



  • Мәдени ойлауды игеру, қабылдауға, анализге, мәліметтерді қорытуға қабілетті;

  • Археологиялық және этнологиялық ескерткіштерді саралауда дәстүрлі әдістерді және заманауи ақпараттық технологияларды қолдануды игеру;

  • Ғылыми-зерттеу қызметін жүргізуде алынған білімін қолдана алу қабілеті;

  • Музей жүйесінің ерекшеліктерін, музей мекемесі қызметінің бағыттарын, ғылыммен арасындағы байланыстарын игеру қабілеті;

  • Ғылыми-қор құжаттамасын жүргізудегі дағдыны игеру.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет