Омаров ғ.Қ., Сойкина н. Ю. Б а ғ дарлам а музейлік практика бойынша оқУ-Әдістемелік ұсыныстар алматы, 2015



бет2/11
Дата24.06.2022
өлшемі1,34 Mb.
#37273
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
музейнпрактика қазақша

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАЛЕОЛИТ МУЗЕЙІ
2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өте сирек және ТМД аумағындағы жалғыз Қазақстандағы палеолит музейінің ашылуы өтті. Бұған биология факультетінің ғимаратындағы ғалымдардың жоспарлы зерттеулері негізінде табылған Қазақстанның барлық аумағындағы ерте палеолит, неолит және мезолит дәуірінің тас құралдары коллекцияларының жинақталуы себеп болды. Коллекциялар бір кезде Ә.Х. Марғұлан атындағы археология Институтының қорында және ҚР ҰҒА геология ғылымының Институтында сақталған. Тас құралдарды әр жылдарда Х.А. Алпысбаев, А.Г. Медоев, Ж.Қ. Таймағамбетов, Б.Ж. Әубекеров және О.А. Артюховалар жинаған.
Музей экспозициясы 6 бөлімнен тұрады:
1. Адам эволюциясы
2. Төменгі палеолит
3. Мустье
4. Жоғарғы палеолит
5. Мезолит, неолит, энеолит
6. Қазақстан палеолитін зерттеуге үлес қосқан ғалымдар.
Экспозициядағы барлық бөлімдерде түсіндірмелі хаттар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде, сондай-ақ әсерлі иллюстрациялармен, суреттермен және тас ғасырының маңызды ескерткіштерінің орналасуын көрсететін географиялық карталармен берілген.
Қалыптасқанынан бастап музейге он мыңдай адамдар келді. Олар тек қана ҚазҰУ студенттері ғана емес, сонымен қатар көптеген жоғары оқу орындары мен мектептер, Алматы қаласының тұрғындары және алыс-жақын шетел делегациялары да бар. Палеолит музейінің қонақтары ішінде 50 әлем мемлекеттерінің өкілдері бар екендігін пікір кітабына қалдырған жазбалардан көруге болады.
Қазақстанның палеолит музейінің ғылыми-зерттеу жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын орындау;

  • Ғылым дамуына археологиялық музейлердің дерекқорларының қалыптасуы;

  • Қазақстан археологиясына виртуалды экспозиция құру және оның заманауи дамуы.

Қазақстанның палеолит музейінің қоры жыл сайын экспедиция материалдарымен толықтырылып тұрады. Экспедицияға докторанттар, магистранттар мен ҚазҰУ-дің Тарих, археология және этнология факультетінің археология, этнология және музеология кафедрасының студенттері, сонымен қатар басқа да ТМД елдерінің жоғарғы оқу орындарынан, соның ішінде Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан да бар. Музейде үнемі археологиялық экспедиция материалдарынан көрмелер, кездесулер мен оқушыларға, студенттерге археология мен антропология жайында бейнефильмдермен қоса экскурсиялар өткізіліп тұрады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың палеолит музейінің қызметі ҚазҰУ тұрақты басты стратегиясы болып табылатын гуманитарлық құндылықтардың жылжуына мүмкіндік береді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет