ОМАРОВ Ғ.Қ., СОЙКИНА Н.Ю. Б А Ғ Д А Р Л А М А МУЗЕЙЛІК ПРАКТИКА БОЙЫНША
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
Алматы, 2015 әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылими кеңесінің ұсынуымен басылған (№ хаттама 2014 жыл)
Рецензияшылар: Д. Қатран – тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР МОМ антропология және этнология Орталығының басқарушысы.
Т.Е. Картаева – тарих ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Тарих, археология және этнология факультетінің археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры.
Омаров Ғ.Қ., Сойкина Н.Ю. Музейлік практика бойынша бағдарлама мен оқу-әдістемелік ұсыныстар. – Алматы, 2015. – 20 бет.
Музейлік практика студенттердің музей ісінің тарихы туралы білімін тереңдетіп және кеңейтуге мүмкіндік беріп, оларды музейлерде сақталған тарихи және мәдени құндылықтармен таныстыруға, сонымен қатар музей мекемелеріндегі ғылыми-қор жұмыстары аумағында практикалық икемдері мен ептіліктерін ұйымдастыруға үйрету.
ОҚУ МУЗЕЙЛЕРІ ЖАЙЫНДА МӘЛІМЕТ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МУЗЕЙІ Ежелгі және орта ғасырлық археология музейі өз есігін 1983 жылы ашты. Оның құрылуына т.ғ.д., профессор У.Х. Шәлекенов, Ә.Т. Төлеубаев, т.ғ.к., Ә.М. Оразбаев, М. Елеуов, аға оқытушы Н.О. Алдабергеновтер қатысты.
Музей Тарих, археология және этнология факультетінің археология, этнология және музеология кафедрасының оқытушыларының археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған қола дәуір ескерткішінің, ерте темір дәуірі және ортағасырлар ескерткіштері қойылған үш бөлімнен тұрады.
Үлкен қызығушылық Ә.М. Оразбаев пен Ә.Т. Төлеубаевтың Орталық және Шығыс Қазақстаннан табылған қола дәуірі материалдары туғызады. Бұлар қола найза мен жебе ұштары, қола сырғалар, андронов мәдениетінің керамикалары болып табылады. Қола дәуірі тайпаларынның өмірі мен шаруашылық қызметі туралы толық көріністі музей диорамасы арқылы көруге болады.
Ерте темір дәуіріне арналған бөлімде әртүрлі экспедицияларда жинаған профессор Ә.Т. Төлеубаев пен доцент Ә.М. Оразбаевтың қызықты археологиялық олжалары қойылған. Бұл артефактілер Бесшатыр, Бәйгетөбе, Шілікті қорғандарындағы Қазақстан мәдениеті мен тарихының бірегей ескерткіштері болып табылады.
Ерекше құнды және сирек кездесетін материалдар орта ғасырлық тарих бөлімінде көрсетілген, яғни Ақтөбе қалашығымен байланысты V-VIII ғасырдағы көп қатпарлы археологиялық ескерткіштерге жатады. Керемет керамика үлгілері – шырақ, су құйуға арналған ыдыс, керамикалық су құбыры сынды заттар ортағасырлық шығыс қаласының дамуын көрсетеді.
Экспозицияның ең үлкен құндылығын музейде қойылған тарих пен мәдениеттің түпнұсқа ескерткіштері, оқу процесін ұйымдастыратын маңызды қосымша материалдары болып табылады.