Жұмыстың ұйымдастырылуы. Музей практикасын оңтайлы жүргізу үшін Алматы қаласы музейлерінің біреуіне экскурсия жасап, музейтану теориялық курсы бойынша кіріспе шолу жүргізу; Әр топ студенттеріне практикалық жұмысқа қажетті ғимаратпен, құрал жабдықтармен, есеп құжаттарымен қамтамасыз ету.
Жұмыс орнын ұйымдастыру. Практиканың бағдарламасы бойынша жұмыс санитарлық ережеге сай ғимаратта жүргізілуі керек. Онда орындықтар мен столдар болуы қажет, өйткені студенттер карточкаға ғылыми сипаттама толтыру сияқты құжаттарды жүргізеді.
Жұмыстың сипаты.Практикалық қызмет келесі бөліктерге бөлінеді:
1 кезең (дайындық):
Заттарды музейге қабылдау және олардың алғашқы тіркелуі (қосымша 1);
Сыйымдылығын дайындау, материалдар бойынша артефактілерді іріктеу, топтау (тас, металл, сүйек, керамика және т.б.);
Затқа есеп нөмерін беру;
Ғылыми сипаттамалық карточка құрастыру (қосымша 2);
Инвентарлық кітапқа мәліметтерді енгізу (қосымша 3);
Музей қорының компьютерлік базасын құру;
Музейлік практиканың күнделігін безендіру.
4 кезең (қорытынды):
Практика жөнінде есеп өткізіп оны қорғау.
Практиканы бағалау.Тапсырылған жұмыстары болған соң әр студент өткен практикасына байланысты есеп дайындайды (есеп үлгісі – қосымша 6). Сонымен қатар практика бойынша студент 5 қосымшаға формасына сай күнделік жасауы қажет.