Омаров ғ.Қ., Сойкина н. Ю. Б а ғ дарлам а музейлік практика бойынша оқУ-Әдістемелік ұсыныстар алматы, 2015



бет7/11
Дата24.06.2022
өлшемі1,34 Mb.
#37273
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
музейнпрактика қазақша

Музей заттарын шифрлау

Музейге түскен әр затқа, шифрмен қоса берілетін реттік нөмер беріледі. Егер бір уақытта үлкен көлемде заттар түсетін болса (коллекциялар, археологиялық және этнографиялық материалдар) түсім кітабына коллекциялық және далалық тізімдемеден басқа берілген затқа топтық тізім жасалынады. Сонымен бірге заттың саны реттік нөмер бойынша немесе коллекцияларға бірдей нөмер арқылы беріліп, тек әр қайсысы дробтық нөмер арқылы көрсетіледі. Заттағы номер түсім кітабындағы жазбамен сәйкес келуі тиіс.
Тіркеу номері қорға тұрақты келіп түскен заттың өзіне салынады. Егер затта тіркеу номерін салатын жер болмаған жағдайда олар заттың безендірілген бөлігіне қойылады (рамада, футлярда, конвертте т.б.). Номер қойған кезде заттың сыртқы түріне және сақталуына нұқсан келтірмеуін қадағалау керек. Сонымен қоса номер сәл білініп, оқыла алынуы тиіс.
Шифрда қысқаша музей атауы беріледі, мысалы, МЭ (Этнология музейі), МА (Археология музейі). Келесі сан Инвентарлық кітаптағы заттың тіркелген номерін білдіреді: МЭ 167.
Егер музей жинағына археологиялық немесе этнографиялық экспедициялар негізінде, тарихи және мәдени ескерткіштер коллекция есебінде түскен жағдайда, музей заты сәйкесінше шифрленеді. Мысалға, шифр МЭ-167/25 заттың музей жинағына коллекция есебінде түскенін, далалық тізімдеудің Инвентарлық кітапқа 167 номері бойынша тіркеліп, ал далалық тізімдеуде зат 25 деген номер бойынша тіркелгенін көрсетеді.
Коллекциялар бір немесе бірнеше белгілер бойынша жасалуы мүмкін. Мысалға, 1) тарихи және мәдени ескерткіштердің түрі бойынша: заттық, бейнелеу, деректі. 2) заттың түріне қарай: ыдыс, еңбек құралы, қару жарақтар т.б. 3) материалына қарай: қағаз, мата, металл, әйнек, керамика.
Егер ондай болған жағдайда коллекцияларға коллекциялық тізімдеме жасалынып, ал музей затының шифріне ескерткіш нақтылы бір коллекция құрамына кіретінін білдіретін мағына беріледі. Бұндай жағдайда музей затының шифрі келесідей болады:
МЭ-167/25


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет