Өмір философиясы дегеніміз - жаңа философиялық мәдени логикалық бағыт. Басты өкілдері - Шопенгауэр, Ницше, Дильтей, Бергсон, Шпенглер тағы басқалар. Өмір философиясы барлық тіршілік иелеріне рухқа, не материяға ұқсамайтын, бірақ түйсік сезімі арқылы, тануға болатын өмір көрінісінің формасы мен әлдеқандай бір алғашқы реалдылық ретінде қарастырады. Бұл философияның пайда болуына биология, психология сияқты ғылымдардың жедел дамуы түрткі болды.
Өмір философиясы ішкі логикасы жағынан екі салаға жіктеледі:
1 Сала өмірді тек биологиялық жағынан ғана түсіндіріп биологиялық қасиеттерді шындық өмірдің барлық түрлеріне телиді (Бергсон). Бұл концепция Өмір философиясының психология варианты деп аталады
2 Сала өмірді рухани күштердің ирацициональдық құбылуы ерік және ішкі толғаныс формасында қарастырады (Ницше, Дильтей, Зиммель). Сонымен бірге Өмір философиясының мәдениет философиясы немесе «тарихи» вариант деп аталатын түрі де бар. Бұл қағиданы жақтаушылар Дильтей, Зиммель өмірді «ішкі» жағынан талдап түсіндіре отырып, тікелей ішкі толғаныстарға жүгінеді. Өмірдің мәнің адамның жан дүниесі мен психологиялық тәжірибелері арқылы емес, мәдени тарихи тәжірибелер негізінде түсіндіреді. Өмір философиясының жекеленген варианттарының принциптік айырмашылығына қарамастан, оның әр түрлі концепцияларының ортақ негізі бар. Ол – қаншылдық пен позитивизм ықпалына байланысты 19 ғасыр мен 20 ғасырдың басында кең тарап, үстем болған методологизмге қарсы күрес жүргізу. Қазіргі таңда өмір философиясы экзистенциализм мен персонализмге ұласып отыр.