19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың бас кезінде қалыптасып, әрі қарай өміршеңдік көрсеткен философиялық ағымдардың бірі Шопенгауэр мен Ницшенің ілімдерінің негізінде пайда болған «Өмір философиясы» болды. Негізгі өкілдері: Бергсон, Зимммель Дильтей, тағы басқалар. Өмір философиясы өмірді өзінен түсінуге тырысып, бұл жолда ақыл – ойдың ешқандай пайдасы жоқ, себебі ол тек материалдық денелерді ғана түсінеді де бізге өмір туралы дұрыс мағлұмат бермейді. Себебі, ақыл – ой денелерді зерттегенде оларды тұтас күйінде қарамай, бөлшектеп алады да, кейін олар туралы алған мәліметтерін өз ойларымен қайта біріктіріп, олардың заңдылықтарын ашады. Мұндай деретер, шын мәнінде, ақиқатқа жатпайды. Жалпы денелерді зерттегенде, оларды тұтастық күйінде қарау керек, себебі шын «өмірді»басқаша танып – білу мүмкін емес. Өмірді тұтастық құрушы күш ретінде зерттеу тек инстинкт пен интуициянның ісі.