19 ғасырдың үшінші ширегінде пайда болған «өмір философиясының» ықпалымен 20 жылдары М. Шелер мен О. Шпенглердің негізгі еңбектері «Себептілік және тағдыр» және тағы басқалардың ілімдерінің арқасында қазіргі иррациональдық философиялық ағым пайда болды. Иррационалистердің пікірінше, материя сияқты «қатты денелерге» және дерексіз ұғымдарға сүйенген рационалды таным өзгермелі, тұрақсыз жеке өмірді түсіндіре алмайды. Ақыл – ой өмірді жансыздандырады, себебі оны бөлшектеп, оның үздіксіз қозғалысын тоқтатады. Ал шын өмірді танып – білудің бірден –бірі қайнар көзі – инстикт, интуиция, сезім. Таным субьектісіне адам жаратпаған, одан тыс заттар әлемі қарсы тұрады. Олардың әрқайсысы өздеріне тән заңдылықтаарға ие, ал бұл заңдылықтар олардың өмір сүру, бейнелеу сияқты эмпирикалық заңдылықтарынан жоғары тұрады. Осы тұрғыдан алғанда, философия ауқымы жағынан кең мәнділікті ғана қарастыратын өте жоғары сатыда тұратын ғылым. Иррациализмнің кейбір идеяларын одан әрі қарай жалғастырған – экзистенциализм болды. Негізгі өкілдері: С. Кьеркегор, М. Хайдеггер, К. Ясперс және тағы басқалар.