СЕГІЗІНШІ ТАРАУ
ЛЕНИН ЖОЛЫ
ƏДЕБИЕТКЕ ПАРТИЗАНДЫҚ ЖҮРМЕЙД!
Көкшетаудың политбюросында қызмет атқарып жатқан күндердің
біреуінде, мен Қызылжардағы Ақмола Губкомының, атына оқуға сұранған
арыз жолдадым. Кешікпей Көкшетаудан Қызылжарға шақырылдым.
Губком мені Қызылжарда осы күзден бастап ашылған Совпартшколада
оқуға ұйғарған екен.
Бұрын Қызылжардың, атақты капиталисі Қуанышевтарға жататын.
Совет уақытында горкомхоздың қарамағына алынған ақ тас үйде
Совпарттың оқуы жүре бастады. Курсанттың саны екі жүздей. Дені
орыстар мен қазақтар. Өзге ұлттардан да бірен-сарандап бар. Бəрі де
коммунистер мен комсомолдар жəне партиялық советтік тəжірибе ісінен
келгендер.
Совпартшкола «жоғарғы» жəне «төменгі» аталып екі класқа бөлінеді,
жоғарғыда — жақсы сауаттылар, төменгі де — шағын сауаттылар. Мен —
төменгідемін.
Оқу төменгі кластарға түгелімен орыс тілінде жүреді. Оны алып бару
маған екі жақтан қиынға соғады: бірінші — орыс тіліне мен шалағаймын,
грамматикасын, синтаксисін білмеймін, сөзінің көбіне түсінбеймін; екінші
—ол кезде саяси сабаққа арналған оқу кітабы жоқ, оны мұғалім ауызша
айтады да, даярлап келген конспектісін көшіріп алуға береді, оған да сауат
керек.
Саяси сабақты ,екі класта да Ковалевский дейтін партияда жоқ жолдас
оқытады. Мен оның лекцияларынынан да конспектілерінен де жақсылап
пайдалана алмаймын.
Мен сияқты орыс тіліне шалағай адамдар бірталай болғандықтан, сабақ
басталғаннан аз күн кейін төменгі класс саяси сабақтан екіге бөлініп, менің
бөліміме, бізге белгілі Шахизаман Зəбиров татар тілінде оқыта бастады.
Оның сабағын, татарша жақсы білмейтін кісіге ұғу мейлінше қиын, ал,
біздің бөлімнің көпшілігі татар тілін жақсы білмейтіндер. Өзінін, (мичар)
лексиконында біраз уақыт сабақ берген Зəбиров, бізге сөзін еркін түсіндіре
алмауына көзі жетті де, Губкомға арыз беріп босанып шықты. Біз тағы да
Ковалевскийден оқи бастадық.
Маған орыс тілінде оқылатын өзге сабақ қиын емес, саяси сабақ қана
қиын. Өзге сабақтың қиын болмайтыны,— тілі ауыр болғанмен, бұрын
қазақ тілінде еткен сабақтар, сондықтан, сөздерін еркін түсіне алмағанмен,
не айтатыны белгілі тұрады. Саяси сабақ олай емес, 20 жылдың жазында,
қысқа уақытты курста аздап өткен саяси сабағымыз, Совпартшколаға
жарамай қалды. Бұнда курстан əлдеқайда кең жəне терең өтеді. Ол тереңге
менің құлашым жетпейді.
Сабақтың ауырлығы сондай болса, материалдық хал одан да ауыр болды.
Материалдық халдің ауырлығы, Отанымыздың басынан кешкең со
жылғы жалпы ашаршылық халге байланысты. Газеттің хабарларынша,
Россияның кеп жерінде со жылы астық шықпай қап, халық ашаршылыққа
ұшырап жатыр. Оларға жəрдем беру мақсатымен Бүкіл Россия да «Помгол»
аталатын комитеттер құрылған.
Мəліметтерге қарағанда Ақмола губерниясының астыңғы өзіне жететін.
Оның халін ашаршылыққа ұшыраған өлкелерден кешіп келу қиындататын
түрі бар, сондықтан, астық саудасына өкімет қатты тиым сап, ауыл -
селодағы астық запасы» есепке алуда, қалаларда карточка системасын
жүргізуде.
Жалпы халге байланысты, Совпартшколаның да тамақ жағы аса тапшы
болды. Ет дегенді анда-санда сорпаның бетінде ғана көреміз, ол да əрі кіп-
кішкене, əрі арық, əрі өкпе-бауыр сияқты бірдеме... Сорпа дегеніміз сасық
капуста мен карточканың сылдыр суы. Бірінші «блюдамыз» осы болса,
«екіншіге» жейтініміз — суға қайнатқан бидайдың ботқасы жəне таза
бидай емес, ішіне сұлы, қарамық сияқты басқа дəндер араласып кеткен
шала-шарпы бидай. Бұларға қосымша берілетін қара нан, сықсаң суы
ағатын шикі, сол нанның өзі школаға айында, аптасында бір-ақ беріліп
қояды да, складта сақталады.
Со жылғы суық қыста, складқа сақталған шикі нандар мұзданып қатып
қалады. Жылы жерге əкелсең, жалын шалған сыртқы қабыршағы ғана
жіпсиді де, іші кек - айызданады да тұрады. Осындай нанның курсанттарға
үлестірілуі қызық: əркімнің де нанның шикі ішін емес, піскен сыртқы
қабыршағын жегісі келеді. Жұрттың бəріне ол жетпейді. Таңдап беруге
тағы болмайды. Нан əділ бөліну үшін бір топ жігітке тиген бөлкені кесер
алдында, бір жігітті крауатқа етбетінен жатқызамыз да, басын одеялмен
тұмшалап бүркейміз, содан кейін бөлінген нанның бір кесегін көтеріп,
«мынау кімге?» дейміз. Басы бүркеулі жатқан жігіт «пəленге» деп біреуді
атайды, аталған жігіт нанның шикі жағы келсе де, піскен жағы келсе де
риза болады...
Таңертең де, кешке де ішетін «шайымыз» қазанға қайнатқан сылдыр су.
Нанымыз — əлгі. Одан да сөткесіне төрт-ақ жүз грамм беріледі... Бар
тамағымыз осы...
Адам не қиындыққа төзбейді!.. Біз де аталған ас-суға төз төзіп кеттік.
Қазақта «қайғысызға қара су да ас» деген сөз бар. Сол рас қой деймін.
Ішетін астары соншалық тапшы, соншалық сапасыз болғанмен, оны
уайымдаған ешбір курсант көрмейсің, ойыны -ойын, күлкісі - күлкі,
қағанағы - қарқ, сағанағы - сарқ!..
Олар оқумен ғана отырмайды. Школаға керекті отынды сақтаушы да,
пешке əкеп жағушы да өздері... Со қыста күн сайын соққан бораннан толып
қалатын кең қораның биік күртіктерін күреп, сыртқа тасып төгушілер де
өздері... Оған қоса жұма сайын ұйымдастырылатын сенбіліктен де бір
курсант қалмайды.
Сенбілік Лениннің «Великий почин» атты еңбегі жарияланғаннан кейін
шыққаны, еңбекші көпшіліктің, əсіресе, коммунистер мен комсомолдардың
түгел қатынасатыны жұртқа мəлім.
Əдетте, жұма күні кеңселердің маңдайшасына, көшелердің бойына
қағаздарға жəне қызыл шүберектерге «бəрің де сенбілікке барыңдар» деген
ірі жазулы ұрандар ілінеді. Сол күні қызмет тарар алдында, кеңселерде,
көшенің алаңдарында митингтер өткізіледі, айтылатын сөз — сенбіліктің
маңыз - мақсаты, оны орындауға көпшіліктің жұмылуы.
Үгіттің күштілігі ме, əлде, өздері ынталана ма,— сенбінің тақы ата,
сенбілікке мыңдаған кісі шығады. Олардың ішінде, бастығы Губкомның
бірінші секретары, Губиспокомның председателі боп, бүкіл мекемедегі
қызметкер атаулының бəрі да жүреді. Сенбілікке шықпауға, сырқаттықтан
басқа ешбір дəлел болуға тиісті емес, ал егер, əлдекім сырқаттан басқа
сылтаумен үйінде қалып қойса, оның мəселесі, коммунист болса
ячейкаларда, партиясыз болса—профкомда қаралып, жаза қолданылады:
сөгіс, қатаң сөгіс беріледі, қабырға газеттеріне, немесе баспа газеттеріне
жарияланады, қызметтен шығарылады...
Жұмыс қаланың ішінде де, сыртында да көп. Іштегі жұмыс: өткен
империалистік жəне азаматтық соғыстардың салдарынан, көшелерде,
орамдарда, қоралардың іші де тəртіпсіздікке айналып болған.
Ол кезде Қызылжарда тас төселген жалғыз-ақ,— Ленин кешесі. Оның да
тротуары көп жерінде тақтайдан жасалған екен. Өзге көшелердің бəрінде
де бұрын, тек, тақтай тротуарлар болған. Соғыс жəне революция жылдары
бұл тротуарлардың көбі шіріген, одан қалғанын тұрғын жұрт отқа жағып
тек қазықтары ғана қалған. Забор атаулының да көбі жағылған. Қоралардың
ішіндегі қоқсық белең алып иісіне адам шыдамайтын жəне аяқ басып жүре
алмайтын халге жеткен. Көшелерде жасалған суағар арықтардың көбі
бітеліп қалғандықтан, соңғы жылдарда бетімен аққан қардың жəне
жаңбырдың сулары, біраз көшелерді көлік те, адам да жүре алмайтын
жырақаға айналдырып жіберген. Канализация бұл қалада, ол кезде жоқ.
Қорадағы дəретхана атаулының бəрі бүлінген, ыластанған. Өткен бес-алты
жылғы бүліншіліктің салдарынан, қалалық су - тартқыштың да (водокач)
қалаға тарайтын біраз тармақтары бұзылып, судан тарыққан орамдар, қора
ішінен құдық қазып алған, олардың да көбінің ыластығы шектен шыққан.
Сенбіліктің бір міндеті — қала ішіндегі осы тəртіпсіздікті жөнге келтіру.
Қала сыртындағы жұмыс та орасан көп. Ең алдымен, қаланын,
қораларынан шығарылатын қоқтықтар, көліктің аздығынан не жоқтығынан,
алаңдарға жəне шеткі көшелердің жанына төгіліп, əрі ыластанып, əрі
бұрқырап көбейіп кеткен. Заводтар мен фабрикалардың маңайында ондай
қоқтықтар тау-тау... Ерекше қоқырап кеткен бір орын — темір жол бойы.
Онда үйілген қоқсықтардың, көлдердің, сынған мүліктердің салдарынан,
темір жолдын, көп тармақтары поезд жүруден қалған.
Темір жол жұмысшылары ол кезде жетпейді. Қызылжарға поезбен
келген отындарды, бұйымдарды, азықтарды түсіру, немесе, басқа жаққа
жөнелетін бұйымдар мен азықтарды вагондерге тиеу міндеті де, көбінесе,
сенбіліктің мойнында.
Қаланың мекемелері де, жеке үйлері де, завод, фабрикалары да ол жылы
жүз процентке жақын, ағаш отынмен жағылады. Қызылжар маңында ағаш
кеп, Соларды кесу. көліктерге не вагондарға арту, түсіру жұмысын да
көбінесе сенбілік атқарады...
Қала ішіндегі немесе жақын жердегі жұмысқа жұрт жаяу барады, алысқа
поездсыз не көліксіз бара алмайды. Көлік дегенде, ол жылы Қызылжарда,
«автомобиль» атаулыдан ырым да жоқ. Бар көлік - ат. Қаладағы жеке
адамдарда жəне мекемелерде сол жылы бес-алты мыңдай ат бар. Гуж
трудповинность туралы мемлекет шығарған бұйрық бойынша, ол аттардың
бəрі тағайындалған участоктерге жұма күні кешке байланып даяр тұруға
тиісті, əйтпесе, иелері жазаға тартылады. Содан қорқып, иелері аттарын
мезгілінде əкеледі, бірақ ол көліктердің кебінде, «ат» деген атақ қана бар
да, күй жоқ, түгелге жақын тыртиған арық, біразы көтерем. Ондай
көліктердің шанасына мінгеннен жаяу жүрген жақсы.
Расында да, солай. Гужтранспорттан алған аттардың көбі, тиісті жеріне
өз денесін сүйреп бос барады да, біразы жолда қалып қояды. Олардан
өлетіндер де аз болмайды.
Сенбілікке баратындарға қазынадан ешбір тамақ берілмейді, олар азды -
көпті тамағын ала барады. Бір қызығы — «менікі кеп, сенікі аз» демей,
«менікі асыл, сенікі жасық» демей, бір жұмысқа барған топ адам, əдетте
барын ортаға салып, бөліп жейді...
Біз — Совпартшколаның курсанттары əуелі бір айдай қаланын, ішкі
жұмысында, одан кейін үнемі сыртқы жұмысында болдық. Сонда
керетініміз: көлік те, киім де, тамақ та жетпейтін қыстың қыспағында,
сенбілікке шыққан мыңдаған адам, таң атқаннан күн батқанға дейін орасан
кеп жұмыс атқарды. Ленин жазған «Ұлы бастаманың» қуатын сонда
көресің.
Күн ұзын жұмыста болып шаршаған адамдар, əсіресе, біздің курсанттар,
кешке мекенінен қайтқанда, жабырқаудың орнына, «Алшан, бас,
жолдастар, аяқты» немесе «Варшавянка» сияқты революциялық елеңдерді
əндете жөнеледі.
Дене қимылымен атқаратын жұмыстың маған түк ауырлығы жоқ. Бұл
жұмыста мен, бұрын қолына күрек, балта алып көрмегендердің
əлденешеуінің қызметін атқарып кетем. Мысалы, біздің Совпартта физика
ғылымынан сабақ беретін Флейшман дейтін жебірей жолдас бар. Сөзге ол
ағып тұрады. Сабақты да жақсы жəне біліп оқытады. Ал, жұмысқа
келгенде, шапқан балтасы өтпейді, тартқан арасы жүрмейді, салған күрегі
батпайды, сомадай боп бір пұт жүк көтере алмайды.
Сенбіліктің тəртібі — қызмет жайында кім болсаң да мейлің, ал,
сенбілікке шыққан соң, маңдайың, терлеп, өндіре жұмыс қыл! Пысықтық
қып, тілмен ғана басқарғысы келгендерді, жұмыс істеушілер арадай
талайды, сондықтан, əркім хал - қадарынша жұмыста көрінуге
жанталасады.
Жұрттан қорқып тырбанғанмен, қара жұмыс істеп көрмеген Флейшман
сияқты адамдар, əдетте, жұмысқа күшті адамдармен серіктесуге, солардың
жəрдемімен
көптің
көзіне
жаман
көрінбеуге
тырысады.
Сонда,
Флейшманның жағалайтыны — менмін. Ол маған:
— Міне, шын еңбекші қайда? Коммунизм осылардың күшімен
жасалады! —деп көпшік қоя сөйлейді де:
— Сен маған жұмыста жəрдемдес, жолдас Мұқанов, мен саған сабақта
жəрдемдесем,— деп қызықтырады.
Мен оған қызыққандықтан емес, аяғандықтан жəрдемдесем, онымен
əрдайым одақтасам да, жұмыстық ауыр жағын өзім көтерем. Оның маған
пайдасы сабақтан емес, тамақтан тиеді. Жұмысқа ол үйінен көп жəне дəмді
тамақ алып шығады да, менімен үлесіп жейді. Ақсаусақ кейбіреулер
жұмысқа тез-ақ көндігіп, үйреніп кетеді, ал, Флейшман жолдас көндікпей-
ақ қояды, аз уақытқа құрал ұстап жұмыс істесе, алақандары қолдырайды да
қалады, сөйте тұра, ешуақытта сенбіліктен қалмайды...
Флейшманның қара жұмысқа дағдылана алмауы сияқты, орыс тіліндегі
сабақтарға мен де дағдылана алмай қойдым, сондықтан, өз тобымның
соңғы қатарында жүрдім. Бұл маған, əрине, үлкен ұят.
Осы жайымды Губкомның секретарына барып айтуға тура келді. Ол
сөзімді тыңдап алғаннан кейін, маған ойда жоқ бір ұсыныс жасады.
— Осы қалада қазақ - татар клубы барын білесің ғой? — деді ол.
— Білем.
— Клубтың қасында мұсылман ұлттардан коммунист кадрларын
ұйымдастыратын партия ячейкасын ашу қажет боп тұр.
— Қайдағы мұсылмандар? — дедім мен түсінбей.
Секретарь жымиыңқырап алды да, маған түсіндіре бастады:
— «Мұсылман» деген сөзден қорықпа,— деді ол,— біздің партия əрине,
ешкімді мұсылмандыққа немесе хрестияндыққа, немесе басқа бір дінге
тартпайды. Біз, əрине, дінді танымаймыз, сөйте тұра, клубта «мұсылман
ячейкасын» ашудан мақсатымыз: қалада қазақ, татар, башқұрт, сияқты
ұлттардан əр жерде біреңдеген коммунистердің басын бір жерге құрастыру.
Ондай ячейка, əсіресе, орыс тілін білмейтін коммунистерге керек. Тіл негізі
бірге ұлттардың коммунистерін бір ячейкаға жинасақ, техникалық
сауатсыздығын да, саяси сауатсыздығын да жою жеңіл болады. Түсінікті
ме?
— Түсінікті.
— Олай болса, осы ячейканың секретарьлығына сені тағайындасақ
деймін. Бір жағынан Губкомда инструктор боп есептелесің де, еңбек ақыны
жəне азық - түлікті осыдан алып тұрасың, екіншіден ячейка жұмысын
басқарасың.
— Оқуды қайтем? — деген сұрауға:
— Қызметіңді атқара отыра, бір сабақтан ғана учитель жалдап даярлан,
ол — өзіңе қиындық келтіріп жүрген орыс тілі, - деп жауап берді ол.
Секретарьдың ұсынысына ризаласуға тура келді. Сол арада ол маған
ячейканың бюросына мүше болуға қажетті адамдарды атады.
— Забировты білесің ғой?— деді ол.
— Губчекадағы Шахизаман Забировты айтасыз ба?
— Ия.
— Білем оны.
— Бюроның бір мүшесі болуына қарсы емессің ғой?
— Ол дұрыс.
— Алданазаров Адамқұлды білесің бе?
— Білем.
— Оның бюро мүшесі болуына қалай қарайсың?
Мен іркіліп қалдым. Оған себеп төмендегі еді: Адамқұлды мен, бірінші
рет 1919 жылдың күзінде көруім оқушыларға өткен тараулардан мəлім. Ол
кезде еркін таныса алмаған Адамқұлдың хал-жайын артынан білсем,
қысқаша өмірбаяны төмендегідей екен: 1882 жылы, Семей облысы,
Қарқаралы оязы, Нұра болысында туады. Балалық шағында кедейлікпен
елінен қаңғырып шыққан ол, 1900 жылы Қызылжарға келеді де, Мұстаев
Нұркей дейтін шала қазақ байына атшы боп қызметке орналасады. Одан
кейін Мұхаммедин Шəкір дейтін байдың тас үйінің пештеріне от жағатын
кочегар боп кіреді...
1916 жылдың дүрбелеңінде, майдан жұмысына алынуға іліккен
Адамқұл, Зак дейтін врачтың жəрдемімен Қызылжарға жылқы заводы бар
Владимир Григорьевич Вефер дейтін байға атшы боп жалданады.
Революциядан кейін завод Совет өкіметінің қарамағына көшкенде,
Адамқұл старший конюх боп қалады. Сонда жүріп, 1920 жылдың басында
партияға кіреді. Бандылар көтерілісін басуға ол осы заводтан кеп
қатынасады. Көтеріліс басылғаннан кейін бұрынғы қызметіне қайтқан
Адамқұлды, өткен жаз Қалалық Партия комитеті, Қалалық Советтің
председательдігіне ұсынады. Бұл қызметке ол ұзақ тұра алмайды, өйткені,
— Қалалық Советтің қызметкерлері председательдің қолы қойылатын
қағаздарды əкелсе, Адамқұл:
— Я бумажной волокиты не признаю,— деп қол қоймайды.
Осы хабар Қалалық Партия комитетіне жетіп, арнаулы комиссия
тексерсе, Адекең «волокитаны» ұнатпағандықтан емес, сауатсыздықтан қол
қоймайды екен!.. Ондай адам Қалалық Советті, əрине басқара алмайды.
Осы себеппен ол босайды да, бұрынғы қызметіне қайтады.
Адамқұл дегеніміз осы. Мен онымен Көкшетаудан келгелі ерекше дос
боп, үйімен араласып жүрем. Қырықтан асқанша үйленбеген ол, со жылы,
бұрын есігінде жалшы болған Дəулетгелдеев дейтін байдың, Сара атты жас
қызына үйленген екен. Жас аралары алшақ болғанмен, ол екеуі тату-тəтті
семья боп тұрады екен. Адамқұлдың таза коммунист екенінде менің ешбір
шегім жоқ. Жаңадан құрылатын ячейканың бюросына оның мүше болуы
туралы менің ойланып қалуым — сауатсыздығы еді. Со жайды айтып ем,
горкомның секретары жымиып алды да:
— Есіңде болсын,— деді маған, түсін салмақтандырып,— бізде сауатсыз
коммунист жалғыз Алданазаров Адамқұл емес, олардың сауатсыздығын
жою біздің кезекті міндетіміз. Ал, ячейка бюросына мүше болуға, жолдас
Алданазаровтың тазалығы жетеді.
— Болсын,— дедім мен.
Бюроның үшінші мүшелігіне секретарь пимокат заводында жұмысшы
боп қызмет істейтін башқұрт Закирзянов Батталды ұсынды.
— Өзіңіз мақұлдасаңыз ол да болсын,— дедім мен.— Бірақ мен ол кісіні
білмеймін.
— Үлгілі жұмысшының бірі жəне сауатты жұмысшы,— деді секретарь
ол туралы,— өзі актив, оның кеп пайдасы тиеді.
— Болсын.
— Енді бір кандидатура,— губерниялық милицияның начальнигі
Мұқтай Жəнібеков.
— Білем,— дедім мен, оған екі қолымды бірдей көтерем.
— Бесінші мүше,— өзің.
«Мұсылман» ячейкасының қызметі, секретарьға сөйлескеннің ертеңінен
басталды. Қызылжарда Сақау Баймағамбет дейтін бай болған, оның екі
қабат зор қарағай үйін Қалалық Совет қазынаға алған екен де, «Кир. Тат.
клуб» аталған үй соның кең, залында жасалған екен. Біздің ячейка клуб
қасындағы бір бөлмеге ұйымдасты.
Марксистік көзбен қарағанда, аты дұрыс қойылмаған, бірақ, со көздің
жағдайы солай атауды тілеген «Мұсылман» ячейкасының төңірегіне,
«мұсылман» ұлттардан шыққан коммунистер жинала бастады. Көпшілігі
өндірістің жұмысшылары. Интеллигенция да біраз бар. Ячейка хал -
қадарынша коммунистердің арасында саяси жұмыстарды жүргізіп жатты.
Клубта бірнеше мəдени-ағарту үйірмелері бар. Мысалы: музыкалық,
драмалық, хор үйірмесі тағы басқалар. Олар ара-тұра клубтың залында
сауық кештерін өткізеді, халық көп жиналады...
Бір қызығы — спектакль қойғышпыз. Сонда, «пьесаны қайдан
аласыңдар?» десеңіздерші!..
Революциядан бұрын қазақта театр болмағаны, сондықтан қазақ
əдебиетінде драматургия жанры да болмағаны мəлім. Алашордашыл кейбір
жазушылар 1917—19 жылдары бірен-сарандаған пьеса жазған, олардың
бəрі совет тілегіне жат, сондықтан біреулер «Кир. Тат. клубта» ол
пьесаларды қоям десе, ячейка рұқсат етпейді. Совет тілегінде жазылған
пьеса о жылы жоқ. Ендеше, спектакльге нені пайдалану керек?
Біздің клуб маңында пьеса «жазғыш» адамымыз бар. Əйел дауысты ол
адам үш-төрт актілі,. əлденеше картиналы «пьесаны», айналасы бір
жұманың ішінде даярлап береді, «артистеріміз» ол «пьесаны» бір жұмадай
даярланады да қояды. Алғашқы күні халық залға лық тола жиналды да,
арзан жазылған «пьесадан», арзан жазылған «спектакльден» көңілі суып,
келесі қойылған жолдары келмей қояды... Біз «драматургтарымызға» тағы
да «пьеса» жазуға заказ береміз...
Əлі есімде: со қыста, со «драматург» отызға жақын «пьеса» жазып, бəрі
де қойылды... бірақ, бір-екі «спетакльден» аспай сахнадан біржола шығып
қалды...
Сауық кештерінің бір түрі əдебиет кеші. Сондай кештердің біреуінде,
бізге белгілі алашордашыл ақын Мағжан Жұмабаев өзінің пан -
азиятшылдық бағытта жазылған «Пайғамбар» атты өлеңін, пан - түрікшілік
бағытта жазылған «Бауырыма» атты елеңін, ұлтшылдық мағынада
жазылған «Сары дала» атты елеңін оқыпты. Жиналып тыңдағандардың
көбі,— Нэпмандар. Осы, мəселе, ячейканың бюросында сөз болды.
Пікір алысқанда, біреулер «Жұмабаевқа елең оқытпау оңай, сонда,
севеттік темада жазылған елеңдерден əдебиет кешін ұйымдастыруға бола
ма?» деген сұрау қойып еді, мен бюро мүшелеріне советтік бағытта жаза
бастаған бірнеше жастардың барын айттым.
— Онда, былай болсын,— деді Угар,— жақын арада Жұмабаевтар тағы
да əдебиет кешін жасағалы жүр деп естідім. Со кештің алдында, совет
тілегінде жазып жүрген жастардың басын құрастыру керек те, өлеңді
соларға оқыту керек.
Оқитын адамдар табылатынына бюро мүшелерінің көзі жеткеннен кейін,
«Жұмабаев оқимын десе қайтесіңдер?» деген сұрау қойды біреулер.
— Ол оқымайды,— деді Угар.
— Қалай? Сөз бостандығы бар емес пе?— деген біреуге, Угар:
— Онда сен керден суырып əкеп, Николай мен Колчакты да сөйлет! —
деп кейіп тастады Угар. Анау:
— Өлгенді айтпа сен, тіріні айт! —деп еді:
— Колчак пен Николайдың сөзін айтатындар жоқ деп отырмысың?—
деді Угар,— іздеп көрші. қаншасы табылар екен!.. Сөз беріп көрші. қалай
зарлай жөнелер екен!.. Табылмайды деп қайғырма, достым... Жүздеп емес,
мыңдап табылады... Нэпмандар бітпей бітпейді олар. Сөзіне ерік беруге
болмайды олардың. Ерік берсең басыңды айналдырып жібереді. Советтік
дəуірдегі сөз бостандығы олар үшін емес, еңбекші көпшілік үшін...
— Сонымен Мағжанға өлеңдерін оқытпау керек ие?
— Əрине.
— Əдебиет кешіне де келіме деу керек пе?
— Келсін, бірақ, өлеңін оқымасын.
— Егер, оқимын десе?..
— Сенің мені сөзбен шырмалдырғың келеді-ау тегі? — деді Угар,— оны
қоя тұр сен. Кешке мейлі кім келсе де еркі, ал, бұл кеште, совет тілегіндегі
өлеңдер ғана оқылады. Осы кештің билігін маған беріңдерші, мен «арба да
сынбайтын, өгіз де өлмейтін» жайда өткізейін.
Угардың аса қатал мінезіне қарап, біреулер «ұят боп жүре көрмесін»
деген қауіп айтып еді, көпшілік Угар жасаған ұсынысқа қарсы болған жоқ...
Алдағы əдебиет кешінде «шығыстық кеш» бөлімі болатынын естіген
көпшілік, əсіресе нэпмандар клубқа сыймай кетті. Міне, звонок та болды...
Билеті бар жұрт залға кіре бастады... Орын атаулы толық... Орынсыз тік
тұрған адамдар да бірталай... Сыртта билетсіз тұрғандардың біразы
кимелеп кірмек боп, ішкі күршегін салып қойған есікті тарсылдата ұрып,
айғайласып жатыр... Оған құлақ асар кісі жоқ...
Угармен уəде бойынша, өлеңін Оқитын жастар сахнаның сыртында жүр,
Мағжан солардың арасында. Əлдене қауіпті сезгендей, оның сұлулау
кескіні əлем-тапырақ... Со кезде сыртқы есіктің ашылғаны естіле қалды...
Мен коридорға шықтым, бірнеше қарулы милиционер келе жатыр,
алдарында Угар!.. Қаһарына мініп алғандай оның кескініне адам қарап
боларлық емес!
— Занять все двери! - деп команда берді ол милиционерлеріне.
Милиционерлер залға кіретін үш-төрт есіктің алдына көлденең тұра
қалысты.
— За мной! — деді маған, өзі сахнаға қарай жөнеле берген Угар. Оған
ере мен сахнаға кірдім. Угардың қаһарланып келгенін көріп, бүгінгі бір
актылы пьесада ойнайтын «артист» атаулы үрпиісіп, топтала қалысты.
Мағжанның да томпақтау үлкен қоқыр көзі шарасынан шығып барады...
Сахнаның шымылдығының жабығын көрген Угар:
— Кəне, аштыр, шымылдықты!—деді сауық кешінің администраторына.
Үлкен көзді, жіңішке ұзын бойлы администратор жаһанда жоқ қорқақ па,
əлде Угардан ғана солай қорқа ма, қалтыраған денемен шымылдықтың
бауын тартты, шымылдық ашылып кетті. Сахнаға Угар көтеріле берді...
— Ал, революцияға қарсы ақын, бері шық! — деді ол, сахна сыртында
тұрған Мағжанға. Мағжан Угардан қаймықты да, сахнаға үн-түнсіз
көтерілді.
— Ал, сен де көтеріл, бедняцкий поэт,— деді Угар мaғaн. Мен де
көтерілдім... Шамы сөндірілген залда лық толған жұрт, қобалжиын деп еді:
— Молчать! — деп ақырып қалды Угар.— Бəріңді де көріп тұрмын. Қай
нэпман тəртіпсіздік жасаса, мен онымен ертең сөйлесем...
Зал тыныш бола қалды...
— Ты, алашординский последыш, перестань морочить голову советских
людей со своими бредово-контрреволюционными стихотворениями!..
Неужели ты не понимаешь, что твоя песня спета?..
Ұсқынды қара - сұр кескінімен сүзіле қараған Угарга Мағжан төмен
қарап, жауап қатпады.
— Ал, бедняцкий поэт, оқы өлеңіңді! —- деді маған Угар,— сен,
контрреволюционный поэт,— деді - ол Мағжанға қаһарлана түсіп,— тыңда,
мынаның өлеңін!..
Мен ыңғайсызданған дауыспен «Кедей баласы» дейтін өлеңімді оқуға
кірістім... Менен кейін, тағы бір жастар революцияға, советтік құрылысқа
арнаған елеңдерін оқыды. Жиналыстан біз жеңіспен қайттық деп тарадық.
Ертеңіне мені Губкомның секретары шақырды. Не жұмыс екенін білмей
барған менен, ол кешегі өткен əдебиет кешінің жайын түгел сұрап алды да,
партизандық қылығымыз үшін, жатты да ұрысты. Біздің бұл бассыздық
ісімізді Губкомның бюросында қараймыз деп біраз қысып алды да, артынан
жадырап, ақылды сөздерге келді.
Шын
мағынасындағы
көркем
əдебиеттің
қандай
жолдармен
өркендейтіндігін ұзақ жəне көп дəлелдермен сипаттай кеп:
— Міне,— деді ол,— көркем əдебиет осылай жасалады. Оған
партизандық жүрмейді.
Мен секретарьға бұл сөздердің бəрі көңілге қонатынын, бірақ, қазақ
əдебиетінде, мұндай совет əдебиетін жасайтын кісі əзірге жоғын айттым.
— Жоқ болса жасаймыз,— деді секретарь.— Ол үшін мына сен сияқты
советтік талапкер жастардың оқуы керек.
Мен Совпартшколадан шығып кеткен өкінішімді айттым.
— Оның оқасы жоқ,— деді секретарь,— оқуыңа əлі уақыт бар.
— Қашан?
— Оны ақылдасамыз.
Секретарьмен қоштасып шыққанда, оның «əдебиетке партизандық
жүрмейді» деген сөзі менің құлағымда қалды...
Достарыңызбен бөлісу: |