Өмір мектебі. 1 кітап



Pdf көрінісі
бет103/107
Дата21.12.2023
өлшемі5,35 Mb.
#142380
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107
Байланысты:
mir-mektebi-sabit-mukanov 2

СƏКЕҢНІҢ СҮЙЕУІ
Бюродан кейін, мен губкомның секретарымен Орынбордың Рабфагына
оқуға кетуім туралы сөйлестім. Ол менің сөзімді ықыласпен тыңдап алды
да:
— Дұрыс шешім жасағансың, — деді маған,— Іс тəжірибесіне біраз
араласып, тап тартысының, қазанына біраз қайнадың. Жалпы білімің, оның
ішінде саяси білімің аз екені рас. Əдебиет шығармасынын, істеріне де
араласып жүрсің. Көңіліңе алма, ол жағынан тіпті шала сауаттысың. Енді
оқығаның жөн оқуды рабфакпен ғана аяқтап қоймай əрі қарай барғаның
жөн.
Секретарьмен келісімнен кейін, кезектегі бюрода менің мəселем
қаралды да, рабфакқа жіберілуім туралы бюро қаулы алды.
Мен Орынборға келсем, оның ең үлкен көшесі — Советскаяда тұратын
рабфак үйінің алды, оқуға түсу мақсатымен келген жастардан ың-жың екен.
Өткен қыс барып шыққанда, рабфакта қазақтар азғантай еді, танитын
біреуден сұрағанымда, мыңға жақын студенттің он шақты - ақ проценті
қазақ деген еді. енді көрсем, биыл оқуға түсуге келген жастардың тең
жартысы қазақ.
Рабфактың деканы — Шейнессон дейтін жебірей екен. Оның приемына
кіруге үш-төрт күн уақыт өтті, өйткені, жан көп, кезекке жазылып күту
керек.
Кіріп - шыққандардың айтуынша, Шейнессонның қазіргі міндеті —
оқуға түсем деп келгендердің документтерін тіркеуге жəне экзаменге
түсуіне рұқсат беру, экзамен ұстағам кезде жатақхана жəне тегін тамақ
беру.
Енді біреулердін, айтуынша, Шейнессон кейбір адамның арызына қолды
үн-түнсіз қоя салады да, енді біреулермен кеңесіп, көңілі толмаған
біреулерді тіркелуге жібермей қояды.
— Мəселен, кімдерді?—десең:
— Əрине, оқуы аздарды да! — деп жауап береді кеңескен адам.
— Сонда, қай оқу? Орысша тіл білуіне қарай ма? Жалпы біліміне қарай
ма?
— Екеуіне де қарайды...
Бұл сұрау, жауаптардан менің жүрегім дүрсілдей түседі, сонда
қорыққаным өзге емес, орыс тілінің экзамені.


Қабылдаған Шейнессонға мен документерімді ұсындым, онда: қолдан
жазған арызым (олай жазу — міндетті түрде), губкомның қаулысынан
көшірме жəне губком берген өндірістік мінездеме бар.
Арызды мен орысша жақсы білетін біреуге жаздырып, соған өз
қолыммен сығалай отырып көшіргем, подчеркім біркелкі тəуір болатын,
сондықтан ол ешбір күдік туғызбауы тиісті еді. Шейнессон оны сыдырта
бір оқып шықты да, кескініме қарап ап, сонда күдіктің жазуы тұрғандай:
— Өзің жаздың ба мұны?—деп сұрады.
«Өзім» деуге ар шыдамайды, «біреуге жаздырып едім» деудің артында
көп шатақ болуы мүмкін. Соны ойлаған менің жүрегім тулай қап, толқыған
дауыспен «өзім!» деп ем, жан -толқынымды сезіп ұялтпайын дегендей,
Шейнессон жымиды да қойды.
Ол губкомның қысқаша жазылған қаулысына көзін жүгіртіп өтті де,
машинкамен үш қағазға басылған мінездемені сабырмен түгел оқып
шығып:
— Бұл жақсы!—деді. Оған ішім жылып кетті.
— Қайда оқуын, жəне қай мөлшерде оқуың туралы справка қайда?—деді
Шейнессон.
— Ол жоқ,— дедім мен.
— Неге?
Мен қайда оқуым туралы қысқаша айтып шықтым.
— Рабфакқа түсу үшін, бұл оқу тым аз,— деді Шейнессон. Бұған түсу
үшін, ең кемінде, алты кластық білім керек. Сенде ондай оқу жоқ. Жəне
сөзіңнен көрініп тұр,— орыс тілін тым шалағай білесің.
Мен айыбын мойнына алған қылмыстыдай үндемедім. Шейнессон,
маған сүзіле қарап аз отырды да:
— Арыңа қарап шыныңды айтшы,— деді «р» əрпін «ғ» ғып сөйлейтін
тілімен — экзамен ұстай аласың ба?
— Тырысам!
— Мəселен,— орыс тілінен?
— Оған да тырысам! — дедім мен, толқыған сезімімді күшпен əрең
бөгеп.
— Бұл,— негізгі мəселе,— деді Шейнессон, — оқудың бəрі орыс тілінде


жүреді. Орыс тілін шалағай білсең оқуды алып бару қиын болады. Осы
жағын ойлан.
— Мүмкін,— деді ол аз кідіріп, маған тағы да сүзіле қарап ап,— тағы бір
қыс шыда, орыс тілінен біраз даярланарсың да, рабфакқа келер жылы
түсерсің?
— Мені биылғы Жылдың экзаменіне жіберуіңізді өтінем!..
— Ха-ра-шо-о! — деді де, Шейнессон арызға бұрыштама салып,
документтерімді тіркетуге жіберді. Ол арада жатақханаға қатынас қағаз
алдым.
Жатақхана, қаланын, шығыс жақ шетінде, бұрын спархиальное училище
аталатын діндік школаның жатақханасы болған үлкен қызыл кірпіш үйде
екен. Бұрынғы оқушылардың бəрі жазғы демалыстан əлі оралмапты.
Қазіргі тұратындар, кілең биыл ғана оқуға келгендер.
Танысып көрсек, орыстардан да, қазақтардан да мен сияқты оқуы аздар
да, бізден оқуы əлдеқайда зорлар да бар. Мысалы, кейін агроном боп
шыққан Қадыр Досжанов Торғайдағы гимназияны аяқтауға жақындаған
біліммен келіпті, менімен елдес Саруар Ташанов екі класты (алты жылдық)
училищені, қостанайлық Хакім Иманбаева Троицкийдегі Реальное
училищені аяқтап келіпті. Ондайлар қазақтардан да, орыстардан да толып
жатыр.
Енді біреулер татарша ортаға жақын білім aп келген, мəселен: Үміт
Балқашов, 
Базит 
Баширов, 
Таласпай 
Нұрпейісов, 
татардан
Мұхаммедзянова, Камалетдинов, Яманкулов...
Мен қатарлы, бастауыш мектептің көлемінде ғана білімі барлар да
бірталай. Мысалы, Анатолий Шашков. Орысша екі-ақ класты білімі бар
бұл сақа жігіт, азамат соғысына қатысып, Буденныйдың атты əскерінде
болғанда ерлік істері үшін əскерлік «Қызыл ту» орденін алған. Естуімізше,
рабфакқа биыл түсушілердің ішінде де, бұрынғы оқушыларының ішінде де
бұдан басқа орденді кісі жоқ.
Бір бөлмеде жатқан оның оқу мөлшеріне қарасам, өзі орыс бола тұра,
орыс грамматикасын шалағай білетін менен де жаман жазады. Грамматика
түгіл, орфографияның өзін де ол дұрыс жазбайды, мысалы, орыстың
«передать» деген сөзін «пиридят» қып жібереді. «Ц» мен «щ» əрпі ол үшін
жоқ. Өзінің көп қолданатын сөзі «конце концов»-ты ол «контсе констов»
қып, сүйіп ішетін сорпасы «борщ» пен «щиді», «борышши», «шши» қып,
үнемі бұзып жазады.
Жалғыз тілге ғана емес, өзге сабаққа да ол шорқақ екен. Соғыста
сілтегенін жібермейтін шапқыш, кездегенін жібермейтін мерген атанған ол,
жүздің бер жағындағы есептің өзін де қиналып əрең шығарады. Оған


əсіресе көнбейтін есеп көбейту. Мысалы, «бес жерде бес — жиырма бес»
деген сияқты көбейтуді ол өлсе де жаттай алмайды.
— Осы біліміңмен рабфакқа қалай түсесің?— деген кісіге, жұмысшы
семьядан шыққан ол:
— Жұмысшылардың факультеті емес пе, бұл! — деп жауап береді,—
мені алмағанда кімді алады?
— Егер экзамен ұстай алмасақ ше?
— Бəрібір алады.
— Алмаса ше?
— Еріксіз алдырады.
— Кім?
— Семен Михайлович.
— Буденный?
— Ия,— дейді Шашков тəкаббарсыған дауыспен.— менің жан аяспас
досым ол. Хат жазып тұрады маған. Егер оған хат жазсам, рабфак түгіл
Орынборыңды төңкеріп түсіреді!..
Жұмысшыны, кедей мен батрақты алады дегенге, станоктан, шахтадан,
соқадан шығып, тук даярлықсыз келген сауатсыздар да бар. Солардың бірі
— біз білетін Өміржан Наурызбаев. Өзге сауат түгіл, ол əліппедегі
əріптердің не қазақшасын, не орысшасын түгел білмейді, білген əріптерінің
өзін қиқы-шойқы ғып, танымастай түрде жазады...
Даярлығы молдар экзаменді елен, қылмай, уақыттарын киноға, театрға,
бақшаға, Орал өзеніне, оның тоғайына барумен, қала қыдырумен өткізеді.
Даярлығы аздар тамақ пен ұйқыдан басқа уақытта қағаз бен кітапқа үңілуде
болады, солардың бірі — менмін. Даярлығы жоқтар тəуекелге сенумен бос
жүреді.
Қадимше көп оқыған, жадитше аз оқыған, орысшаға шорқақ адамның
біреуі Баязит Баширов. Кейін медицина институтын бітіріп, аса шебер
хирург атанған. Ұлы Отан соғысында қазаға ұшыраған бұл жолдас,
рабфакқа түсер алдында өлердей діншіл.
Елден біз Орынборға онымен бірге аттанғамыз. Сонда ол, поезд үстінде,
күнделік бес уақыт намаздың біреуін де қаза қылмай оқып келген. Біздің
мінгеніміз жалпылық вагон да. Жəне, пассажирдың көпшілігі оқуға келе
жатқан жастар. Олар Баязитті мазақтап, намазына бөгет жасай берген соң,
ол жоғарғы полкаға шығып кетті де, сондағы багаждардың арасында


жасырынып оқитын болды. Көріп қалған біреулер оны саждаға жығылып
жатқан жерінен жұлып алса, ол полкасына шығып қайта оқиды.
Рабфакта да Баширов сол əдетін тастаған жоқ. Жатақханада жастар
мазақтай берген соң, ол намазын атқораның ішіне барып оқып жүрді.
Соншалық діншіл адам Рабфакта бір жыл оқып, медицина техникумына
көшті де, оны бітіргенде, барып тұрған атеист болып шықты.
Əрқайсымыз хал - қадарымызша даярланып жүргенде экзамен де болып
қалды.
Есептен мен еңбегіммен еттім. Ол экзамен төрт амалдың көлемінде
алынады екен. Экзамен алатын Казицин аса қатаң деп есіткем. Сол кезде
жасы отызды орталаған, сақал-мұртын қырынатын, бүкіштеу жүретін,
көзіне көлемі үлкен, шынысы қалын, пенсне киетін бұл адам, алдына
барған менің сəлемімді де алмастан, əлде не қиын задачаны диктовать ете
жөнелді. Ол ерні сүйреңдеп жылдам сөйлейді екен. Естуімше, бір айтқан
задачасын ол қайталамайды, ұғып үлгіре алмасаң, шешіп бере алмасақ
«жаманды» қояды да шығарып жібереді.
Ол маған үш задача берді. Үшеуін де мен тақтаға ілгішсіз шығарып
бердім. Орысшаға шалағайлығымды білді ме,— ауызша түсіндіруді тілеген
жоқ. Неге екенін білмедім, мен есептін, бəрін шығарып болғанда, ол ешбір
себепсіз, ұртын жиыра күліп жіберді, де, кенет түсін суыта қойып, экзамен
қағазына «уд» деп жазды да қол қойды. Артынан білсем, себепсіз күліп,
себепсіз тиыла қалу — оның дағдысы екен.
Саяси сабақтан Кострицкий дейтін қартаң, партияда жоқ адам алады
екен. Естуімше, оның сұраулары тап тартысының төңірегінде болады. Мен
өзімді ол жағынан саңлаусызбын деп ойлаймын. Мəселен: ескі Римдағы
патриций мен плебейлердің арасындағы тартысты, Англияда болған
шартистік қозғалысты, Париж коммунасын, 1905, 1917 жылдардағы
революцияны сұраса, мен болған жылдары, күндерімен жəне негізгі
мақсаттарымен шамалы түрде айтып бере алам.
Бұрын да білетін бұл сабақтарды, экзаменге даярланған күндері мен
əлденеше рет қайталап, пысықтап алдым. Соныма қарай, Кострицкий менің
ойымнан шықпай алдына барған маған бір де сұрау берген жоқ. Сəлемдесіп
отырғаннан кейін:
— Сізге губкомның жазған мінездемесін оқыдым,— деді ол.— Тап
тартысын өзіңіз қолдан өткізгенсіз. Енді соның теориясын білу керек. Мен
сіздің экзамендік қағазыңызға сұраусыз - ақ қол қоям.
Мен,— «сұрасаңыз да білем» деп мақтанайын деп ем.
— Əлі мақтануға ерте,— деді Кострицкий,— оқып, марксист болып ап
мақтану керек. Сен одан əлі түк те білмейсің.


Орыс тілінен экзамен алған Безин дейтін қарт кісі, маған Чеховтың
«Каштанка» атты əңгімесін оқытып, содан не түсінгенімді сұрады.
Сөздерін түгел ұқпағанмен, жалпы жобасын түсіндім. Сөйте тұра,
орысшылап айтуға тілім жетпей, «как сказалды?» қайта-қайта айттырып,
Безинді əуреге салдым.
— Орыс тілін нашар біледі екенсің,— деді Безин біраз əңгімелескеннен
кейін, мұндағы сабақтардың бəрі орыс тілінде жүреді, оны игеру саған
қиын болады...
Безиннің ойы қабылдамауға кеткенін байқағаннан кейін, мен шала-
шарпы тіліммен осы оқуға келудегі мақсатым не екенін білдірдім. Бір
дəлелім — жазушы болуға ынтамның барлығы, бірақ, білімімнің
жетпейтіндігі еді. Соңғы сөздерге Безин үйіріле қалды.
— Баспасөзде жарияланған ештеңең бар ма? — деп сұрады ол.
Мен оған, осы жылдың көктемінде, «Еңбекші қазақ» газетінде,
«Түсімде» атты фельетоным басылғанын айттым.
— Өлеңің? —деп сұрады ол.
— Өлеңдерім қолжазба күйінде ғана, — дедім мен.
— Маған солардың бірнешеуін сөзбе-сөз болса да аударып кел! — деді
ол.
Менің өтінішімді рабфактың төртінші семестрінде оқып жүрген қазақ
жігіті орындады да, білген тіліммен үш өлеңімді аударып берді: «Көңілім»,
«Жалшының зары», «Бостандық» Безинге бұл өлеңдер ұнады да,
экзамендік қағазыма ол да қол қойды.
Бұл экзамендер Шейнессонды қанағаттандырмады. Менің оны көндіруге
тырысуым босқа əурелену болды. Оның тұжырымды сөзі: «Бұл
қалпыңызда сізді қабылдауға болмайды».
Бұл сөзді естігенге дейін мен «жəрдемдеседі - ау» деп үміттенетін
адамдардың ешқайсысына жолыққан жоқ едім. Енді амал жоқ жолығуға
тура келді. Бірінші сөйлескен адамым Абдолла Асылбеков. Ол
ойындағысын тура айтатын адам еді. Менің шағым сөзімді тыңдап
алғаннан кейін:
— Өкінішті болған екен,— деді ол,— бірақ, бұл жайда обком тарапынан
саған тиер жəрдем жоқ. Советтік жəне оқу орындарының ішкі жұмысына
обком араласпайды.
— Сонда, мен қайтем? —деген сұрауға аз уақыт ойланып қалғандай
болған Аболланың қайтарған жауабы:


— Советтік орындардың жəрдем беруі мүмкін.
— Сонда?
— Мысалы Сəкенге жолығып көр.
Қазақ республикасының сол жылдық күзінде өткен III съезінде Сəкен
Сейфуллиннің Халық комиссарлары Советінің председателі болып
сайланғанын мен Орынборға барған кезде естігем. Көруге көптен құмартып
жүргем бұл адамға, оқуға түскеннен кейін жолғаспақ болып жүрген
жоқпын ба, енді амалсыз баруға тура келді. Оқуға түсе алмай қайту, маған
өлгенмен бірдей.
Сəкеннің өзіне жолықпағанмен, тұрған үйін сыртынан көргем:сыртын
тақтаймен əшекейлеп көк бояумен бояған, төңірегі орамның бір бұрышын
түгел алайын тақтай шарбақпен кең қоршалған, қақпасы жəне терезе
қақпалары оюланып, əр түрлі сырмен сəнделген үлкен ағаш үй.
Қақпасының маңдайына жазылған адресі — Деевская, 5.
Осы үйге түс ауа келіп, есігін қағуға ыңғайсызданған түрмен, көшеде
ерсілі-қарсылы жүрген шағымда, көлденең көшенің біреуінен солқылдақ
фаэтонға дара жегілген ақбоз арғымақ қылаң ете қалды да, бері қарай
бұрылды. Аттың жүрісі екпінді. Оның божысын сірестіре тартқан біреу
фаэтонның алдында отыр, ішінде жалғыз-ақ адам, мен көшеде жай жүрген
адам сияқтанып сылбыр аяңмен алыстан көз тіктім.
Екпіндеген арғымақ қақпа алдына таянғанда, сидам биік, бауыры
тартыңқы, қысқалау келте құйрықты, сұйықтау жалды ақбоз құлақтарын
қайшыландыра, танауларын делдите, тыныс тартып тұра қалды. Фаэтон
ішінде отырған адам жерге түсті «Əуелі көріп алайын» деген оймен түскен
адамға жақындаңқырадым. Оның «ортадан жоғарылау» деп шамалаған
бойы тіп-тік екен. Басы көтеріңкі. Кеудесі шалқақ. Кескін көзіме алғаш
шалынғаны, аса қою қияғы ұзын қара - сұр мұрт. Кескініне бедірейіп
қарауға ұялдым да, жанапайлап ілгері өтіп кеттім. Ол мені елемегендей,
қараған жоқ. Кескін - кейпінен есімде қалғаны — көзді, мұрынды,
сұрғылттау өңді, сұлу кісі сияқты. Ол кезде сəнденіп киіну салты жоқ. Ал
мына кісінің үстінде əдемі тігілген драп пальто, сол драптан жиегін
бұрыштандыра тіккен кепка... Сəкен осы болмағай да...
Мен жанап өткен қалыппен алдағы бұрышқа жетіп, кейін оралсам, сұлу
адам үйдің сыртқы есігінен кіріп барады екен. Божақ манағы орнынан
фаэтон ішіне отырып, өлең деген атын шерте аяңдатып, бері қарап
бұрылып келеді екен. Жақындағанда көз тоқтатып қарасам, шағындау ашаң
денелі, сарғылт өңді, жасамыстау біреу. Орыс, я татар екенін айыра
алмасым да, жақындап келгенде мұсылманша сəлем бердім.
— Уағалайкүм - ассалам! — деді ол, татар акцентімен, атынын, басын
тартып.


— Жаңағы кісі кім? — деп сұрадым мен.
— Қайдағы «жаңағы?»
— Анау үйге кірген.
— Шуни білмисіз ма ни?
— Жоқ.
— Өй, ақымақ! Сакин Сейфуллин иш!..
— Ə-ə.. өзіңіз?
— Кучер. Ниғматулла Бикмаев.
Ол атының божысын қақты да, жүріп кетті. Түскі тамақтың көзі
болғандықтан Сəкеннің үйіне ас үстінде баруға ыңғайсыздандым да, мен де
жөніме кеттім. Кешке Абдоллаға жолығып, Сəкеннің мінезі жайлы
сұрадым.
— Бір көрмеге,— деді Абдолла,— ол мейлінше такаббар кісі сияқты.
Ұнатпайтын адамына солай екені де рас.
Ал, ұнататын адамына, одан кішіпейіл кісі жоқ. Ертең ер - төмен
кеңсесіне барып жолық.
Ол кездегі КирЦИК пен Совнарком бір үйге мекендейтін, жыл басында
партиялық екінші конференцияға келгенде көргем. Білемін дейтін
адамдардың айтуынша, бұл үй революциядан бұрынғы жылдарда Орынбор
генерал губернаторының кеңсесі болған. Үй қаланын, күнгей жақ шетінде,
Жайық өзеніне жақын жерде. Одан əрі бір кезде, төңірегін кірпіш ауламен
биік, кең, етіп қоршаған қамал болған. Кейінгі жылдарда ол бұзылып, бірер
биік істік төбе мұнаралары қалған. Аумағы мол, үш этажды үйдің
архитектурасы өте көркем. Жайыққа қарайтын салтанатты «парадный»
есігі əр түсті бұжырмақ шынылармен əшекейленген.
Конференция тұсында мен бұл үйдің ішіне кіріп те шыққам. КирЦИК-
тің председателі мен секретарьларының, Совнаркомның председателі мен
орынбасарларының кабинеттері жоғарғы этажда, бөлімдердің бастықтары
орта этажда, техникалық қызметкерлер төменгі этажда екен. Екі
председательдің де терезелері Жайыққа қарайды, екі кабинет ортасында
үлкен бөлме: оның да КирЦИК председатлінің кабинеті, солында —
Совнаркомның. Олардың жеке жəрдемшілері орталық бөлмелерде отырады.
Ол көздің əдетінде үкімет үйіне немесе үкімет бастығына пропускамен
кіру салты жоқ, «паспорт» аталатын документ ол кезде жоқ. Партиялық,
комсомолдық, кəсіподақтық билетің болса да кіре бересің. Мен де сөйтіп
КирЦИК- тің председателі Сейітқали Меңдешевтің кабинетіне, есігінің


алдында отырған жəрдемшіге тіл қатпастан кіріп кеткем. Ашаң орта бойлы,
қоңыр өңді, бұжыр кескінді үлкендеу томпақ көзді, бет сүйегі батыңқылау
келген Сейтеқан, мені отырған орнынан түрегеп қарсы алып қолдасқан.
Конференцияда мен, бұл жолғасудан бұрын сөйлегем, Сейтеқаң мені сонда
абайлап қалған екен. Ол менімен фамилиямды атап амандасқан да, қарсыма
- қарсы отырып, өз жайымды, елдің жайын егжей-тегжейіне дейін сұраған.
Біраз уақыт осылай əңгімелескеннен кейін, мен ол кісінің кішіпейілділігіне,
елге қамқорлығына қатты риза болып шыққам. Күз осы Орынборға оқуға
келетін ойымды айтқанда, «кел, орналастырамыз» деген Сейтеқаң, сол
жолы Совнарком председателі — Мұрзағалиев Капидың кабинетіне кірмек
болғанымда, жəрдемші алдымды орап, «əуелі сұрап шығайын» деген де,
кабинетке кіріп шыққаннан кейін, «қолы тимейді» деген, кимелеуімнен еш
нəрсе шықпаған.
Енді, Орынборға күз келіп, оқуға түсе алмау хаупіне киліккеннен кейін,
Сейтеқаңа жолықсам да болатын еді, ол кісі əлдеқайда жолаушылап кеткен
екен, Сəкенге жолықпақ болу себебім сондықтан. Оның кабинетіне кіруіме
бөгет болған жоқ. Жəрдемшінің рұхсатымен (кім екені есімде жоқ) еменнен
əшекейленіп жасалған биік, ауыр есікті ашып кіріп барсам, кең,,
салтанатты бөлменің ортасына қойылған дөңгелек столдың төңірегінде
Сəкеннен басқа үш-төрт кісі отыр. Олар əлдене қызық нəрсені айтып
отырған болу керек, бəрінің де кескінінде күлкі. Есіктен кіре сəлем беріп,
нілген маған, бəрі бірдей жалт қарады. Олар европаша киінген. Сəкеңнен
басқаларының үстінде френч аталатын жағасы жабық қамзол, «галифе»
аталатын бұлтық сан шалбар, аяқтарында етік (ол кездегі жауапты
қызметкерлерде солай киіну модасы болған). Сəкенде ғана ашық жағалы
костюм, галстук байлаған жылтыр ақ жағалы көйлек, (ол кезде олай киіну
кеңсе қызметкерлерінің жүзден тоқсан тоғызында жоқ əдет). Жақын жерден
айқын керсем: кейін қайырған шашы толқынды қара - бұйра екен, шекесі
толық, маңдайы кең,, кеше мөлшерден артық қоңқақ сияқтанған мұрны
бүгін қырланған, мөлшерлі, эдемі қалыпта, кешегі қалың, ұзын мұрты,
бүгін қоюлана, ұзара түскен сияқты. Жалпы бейнесі, еркек жынысының ен,
сұлуы...
— Ие бала? —деді Сəкен, үлкен қара көзін маған қысыңқырай қарап.
Жуан дауысты адам екен.
— Сізде жұмысым бар еді,— дедім мен, қалтыраңқыраған дауыспен.
— Берірек келіп айт! — деді Сəкен.
Тым таянбай жақындап, мəн-жайымды жылдамдата айтуға кірісіп ем:
— Тоқта! — деп кідіртті де,— қазір асығыс жұмысым бар еді, — сен
кешке пəтеріме кел,— деді.
Пəтерінің қайда екенін айтқан жоқ, мен сұраған жоқпын. «Түскі асын
ішті - ау» деген кезде барсам, есігі жабық екен. Қоңырауын қағып ем,


əлдекім ашты да жөн сұрады. Жайымды айтқан мені, ол адам күңгірттеу
коридор арқылы, кең, бөлмеге алып кірсе, стол төңірегінде жеңіл жұпыны
киімді Сəкен отыр, қолында қазақы домбыра, қасында Абдолла Асылбеков,
тағы біреулер.
Тегі, менің өлең жазатынымды Абдолла айтқан ғой деймін (бұл
бөлмедегілерден ондай өнерге əуестігімді одан басқа білетін адам жоқ
сияқты), сəлем беріп қолдасқаннан кейін.
Сəкен маған:
— Өлең жазамысың, сен?—деді.
— Ептеп,— дедім мен, қымсынған бейнеде.
— Жазғандары бірталай. Маған ұнайды. Бірақ, мен сыншы да, ақын да
кісі емеспін, сен сынап бер,— деді Абдолла Сəкенге.
— Қайда ол өлеңдерін,? — деді Сəкен.
— Біразы қалтамда.
-— Кəне, отыр да ақы! — деді Сəкен, маған орын нұсқап
.
Стол маңындағы мосқалдау біреу, Сəкенге:
— Қысып кеттің ғой баланы, табан ауызында «оқы» деп? — деген еді.
— Оқысын,— деді Сəкен,— аяқ алысын көрейік. Өзгсін содан кейін
кеңесе жатармыз.
Мен «Көңіліме» аталатын 1917 жылы жазылған алғашқы өлеңімді оқып
ем.
— Тағы!—деді Сəкен.
— «Бостандық» деген 1919 жылдың күзінде жазылған өлеңді оқып ем.
— Тағы! — деді Сəкен ,— бірнешеуін оқып шық.
Мен он шақты елен, оқып бердім.
— Бүгінге осы да жетеді,— деді Сəкен.— Ертең ертемен кеңседегі
кабинетіме кел!
Біреулер, «өлеңдері қалай екен?»—деп еді:
— Бұл арада керегі қанша оның?— деді Сəкен.— Өлеңге бір кісінің


бағасы жетпейді. Оған көптің бағасы керек.
— Көпшілік бағалау үшін жарыққа шығуы керек қой, өлеңнің яғни газет,
журналда басылуы керек қой,— деді біреу.
— Басылса несі бар?— деді Сəкен,— басылады.
— Ішін, білсін, бала,— деді біреу, маған көзін қысып қойып, —
«өлеңдерін, басылады» дей бер енді. «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы
да осы Сəкен.
Ішім жылып кетті. Бұған дейін, өткен көктемде, «Еңбекші қазақ» бетінде
«Түсімде» деген атпен жазылған əңгімем ғана жарияланған. Пікірін
айтпағанмен Сəкеннің тыңдау түріне қарағанда, оқып берген өлеңдерім
ұнаған сияқты. Ендеше, Сəкен менің білім алуға ғана емес,
шығармаларымның баспасөз бетін көруіне де жол ашатын сияқты...
Ертеңіне Сəкеннің Совнаркомдағы кабинетіне барсам, есігінің алдында,
рабфак меңгерушісі Шейнессон отыр екен.
«Мен жайында шақырған болар» деп, оған да ішім жылып кетті.
Кабинеттен шыққан жəрдемші:
— Кіріңіздер!—деді Шейнессон екеумізге.
Кірсек, Сəкен екі қолын айқастырып, əлдене ойға кеткендей, кездерін
бөлменің потологіне тіге, сылбыр адыммен жүр екен. Теріс жақ қабырғаға
беттеген ол бізді көрмегендей, я елемегендей, не тоқтамады, не қарамады.
Қабырғаға тақала бұрылды да, тура бізге қарай жүріп, Шейнессонға
амандық саулықсыз қадала қарап:
— Мына жігітті танимысың?— деді.
— Ие, білем,— деді Шейнессон, Сəкенге бір, маған бір қарап.
— Кім бұл?
— Рабфакқа оқуға түсем деп келген жігіт. Фамилиясын ұмыттым.
— Алдыңдар ма?
— Рабфакқа жарамайды.
— Неге?
— Орыс тілін білмейді.
— Сен білесін, бе орыс тілін?
— Білемін деп ойлаймын,— деді Шейнессон, сұрауға түсінбеген


бейнемен.
— Қайда оқыдың сен, орыс тілін?
— Ол ұзақ əңгіме, Сəкен Сейфуллаевич...
— Ендеше мен саған əңгіменің қысқасын айтайын, аты Сəбит бұл
жігіттің, фамилиясы Мұқанов. Сен он жеті жасында гимназия бітірсең, бұл
он жеті жасында қазақтың əліп-биін таныған, естисің бе?
— Естіп тұрмын.
Совет өкіметі құрылмаса оны да танымайтын жігіт. Батрақ. Ұғамысың?
— Ұғам.
— Азамат соғысының солдаты. Коммунист. Ақын. Еңбекші тап ақыны,
түсінікті ме?
— Түсінікті.
— Ендеше, мұны оқытпағанда кімді оқытамыз?
Шейнессон үндемей қалды.
— Сөзді «,ой,— деді Сəкен бұйырған дауыспен. Оқуға қабылда. Осы оқу
жылының аяғына дейін, орыс тіліндегі оқуды жүргізіп кетуіне мен - ақ
кепіл болайын.
— Сол кепілдігіңізді ақтауға уəде берем,— дедім мен.
— Түсінікті ғой?—деді Сəкен шегелеп.
— Түсінікті.
— Орындайсың ғой.
— Өкімет бастығы айтқан сөзді орындамауға күш қайда?—деді
Шейнессон томсарып.
— Мəселе күште емес, адамгершілікте, қазақтан да совет өкіметіне
пайдалы адамдар даярлауда. Əсіресе. əдебиетшіні, қазақта ондай
əдебиетшілер əзірге жоқтың қасы. Ұғындыңыз ғой, жолдас Шейнессон? —
деді Сəкен, қатаң дауысты енді ғана жұмсартып, суық түсін енді ғана
жылытып.
— Ұғындым.
Шейнессон мені рабфак кеңсесіне ертіп əкелді де, оқуға тіленуіме
байланысты ісімді таптырып ап, «сен енді студенте» — деді маған.


ОҚУДА
Оқудың алғашқы бірер айында - ақ мен рабфак студенттерімен түгел
танысып болдым. Оған бір себеп оқуға түскен айдын, басында рабфактың
партиялық ячейкасының сайлауы болып, менің ячейка бюросына мүше
болуым еді. Ячейканың секретарь! болып, қазіргі қарт коммунист —
Мюташ Дəулетқалиев сайланды. Рабфакта ол жылы жарты мыңға жақын
студент оқиды екен, солардың отыз проценттейі — қазақ. Жалпы
студенттердің төрттен бірін дейі əйел, солардың ішінде қазақ қызы үшеу -
ақ. Студент атаулының тоқсан проценті коммунистер. Олардың көбі азамат
соғысына қатысқандар, Қазақстанда совет, партия, шаруа, мəдениет істерін
ұйымдастыруға араласқандар. Бұл жағынан қарағанда, рабфак ячейкасы,
Орынбор қаласындағы ячейкалардың сан жағынан да, сапа жағынан да ен,
күштісінін, бірі. Рабфакта тəртіп қатты. Партиялық, азаматтық, оқулық
істерден шашау шығуға жол берілмейді. Отанға тап тартысы қызу жүріп
жатқан шақ болғандықтан, бұл іске бөгет жасайтын қылықтарға жол
берілмейді, студенттер арасына қанаушы тап балалары кіріп кетпеуге
сығалай қарайды. Бұл істердің бəрінде, партиялық ячейка басшылық етеді.
Рабфак дирекциясы онымен есептеседі.
Таптық мəселені осылайша қатал жүргізумен қатар, ячейка адамгершілік
міндетін де ұмытпайды. Оған бір мысал: «бір күндері ячейкаға — рабфакта
биыл Сұлтан Қыдыров дейтін жігіт оқуға түсті. Ол Қостанай уезіндегі
атақты бай жəне болыстық правитель — Сайым Қыдыровтың баласы.
Сайым көп жыл правитель болған жəне өте қиянатшыл болған адам. Патша
өкіметіне ен, жағымды болған правитель болғандықтан Орынбордың,
генерал-губернаторы — Эверсман Сайымды 1913 жылы, Романовтардың
таққа отыруына 300 жыл толу тойына, Торғай облысындағы қазақтар
атынан өкіл ғып жіберген. Сол кезде, «Айқап» журналыңда хан киіміндегі
портреті басылған. Тойдан қайта Сайым жауыздығын тіпті күшейтіп,
халықты қатты қанауын қанағат етпей, .көңілі түскен адамына, елден
қалаған əйелін тартып əперетін болған... Осы қиянат күшейіп болған
шақта, 1916 жылдың оқиғасы бұрқ ете қап, көтерілгенде Сайымды өлтіріп,
мал-мүлкін талап алған. Эверсман бұған қаһарланып, елге əскер шығарып,
көтерілісшілерді қан жоса ғып қырған да, көп адамды тұт.қынға алып,
соғыс трибуналы төрт адамды атуға, елу адамды каторгіге айдауға үкім
еткен, атылу жазасы орындалып, өзгелері айдалғалы жатқанда, февраль
революциясы болып, босанған... міне, сол Сайымның баласы рабфактың
оқуына алынып отыр»— деген бірнеше адам қол қойған арыз түсті. Ячейка
тексергенде, арыздағы сөздер рас болды. Бірақ, Сұлтан Қыдыров оқудан
шығарылған жоқ. Əкесі өлтіріліп, мал-мүліктері таланған кезде, бұны
əлдекім Троицкий қаласындағы интернатқа орналастырып, рабфакқа содан
келген екен. Жасы он сегізде, ячейка арызды тексере келе: «əкесінің
қылығына баласы айыпты емес, интернатта тəрбиеленген жас, сондықтан,
рабфактан шығарылмасын» деген қаулы алды. Бұл оқиға, менің кейін


жазған романым «Ботакөзге» негізгі тақырып болды.
Қоғамдық істерге қызу араласу, оқуға қатты даярлану, өлеңдер жазумен
шұғылдануға мұрша берген жоқ. Жоғарыда айтқандай, тұрмыс ауыр: тамақ
жасық жəне аз, киім - жұқа, қыс суық, жатақхана да, оқу корпусы да
салқын, төсеніш — темір кровать үстіндегі жұқа матрац пен тұрпайы қара
сукноның қиығынан жасалған одеал...
Мұндай жағдайда күн көру қиынға соқты. Студенттердің біразына
туыстарынан көмек келіп жатады. Менде ондайлар жоқ.
Жəрдем сұрауыма болатын жалғыз адам Абдолла Асылбеков. Одан
сұрай алмаймын, себебі өткен күз, ауылда жалшылықта жүрген он бес
жасар немере інім Шəкең Мұстафинді оқуға түсіру ниетімен Орынборға
алып келгем, де, оқу табылғанмен өкімет қаржысына алынбай, қаладағы
үлгілі тəрбие мектебінен, Абдолланың үйінде тұрып оқып жатқан оның
үстіне жəрдем сұрау ұят.
Сондай қысаңқы тұрған күндердің біреуінде амалсыз Сəкенге барып,
жəрдем сұрауға тура келді. Бұған дейін ол кісімен талай жолғасқан, талай
шығармаларын оқығам, өз Жазғандарымды да көрсеткем, ол кісі менің
əдебиеттік ұстазым болуға айналған. Бірақ намысыма тырысып, қаражат
жағынан сөз қозғамайтынмын. Енді амал жоқ қозғағаннан кейін, Сəкеннің,
берген ақылы,— өлеңдеріңнің тəуір дегенін «Еңбекші қазақ» газеті мен
«Қызыл Қазақстан» журналына беріп тұр, басылуына көмектесейін.
Солардан алған гонорармен күн көре тұрарсың.
Содан кейін баспасөз бетінде өлеңдерім жариялануға айналды.
«Гонорар» деген сөзді естуім де, тиісті ақшасын алуым да сол кезден
басталды. Тұрмысым аз да болса түзелуге айналды, оқуыма бұрынғыдан да
шұқшия түстім.
Рабфакқа шалағай білімділерден мен ғана өтіп қойған жоқпын. Менен
білімі төмен Анатолий Шашков та, сауатсыз Əміржан Наурызбаев та, солар
сияқты тағы біраз адамдар да өтті. Білімі рабфакқа алыну түгіл асып
жататын біраз адамдар өткен жоқ. Себебі белгілі: бұл жұмысшылар
факультеті, ендеше оған, ен, алдымен жұмысшылар, қызыл гвардия мен
қызыл армияда болғандар, батрактар, кедейлер, советтік, партиялық,
құрылыстарға қатынасқандар алынады, өзгелерге содан кейінгі сыбаға
тиеді.
Соңғы сыбағаға, біздің елден келген бай адамның баласы — Таласпай
Нұрпейісов те ілікті. Жасы сол кезде жиырма бестерде, ешбір саяси
партияларда болмаған, мұсылманша азғантай ғана оқуы бар, кейін жақсы
математик боп шыққан бұл адамның рабфакқа түсер алдындағы бір
қызығы, орыстың жеке сөздерін орасан кеп біледі де, не жазуда, не ауызша
сол сөздерден дұрыс сөйлем құрай алмайды...


Кешікпей сабақ та басталды. Учительдермен біз жақын таныса
бастадық.
Біздің рабфактың оқу үйі, бұрын ер балалардың гимназиясы болған екен.
Оның учительдері түгелге жақын осы рабфакқа ауысқан екен. Көпшілігі
қарт адам жəне партияда жоқтар.
Оқуға олар мейлінше қатаң болды. Мысалы, химия сабағын беретін,
бурыл сақалды Лашкаревтің сабағына, ол класқа кіргеннен кейін бас сұғуға
мүмкін емес. Оның қаталдығы мұнымен ғана бітпейді. Сабақтан бір күні
бір минут кешігіп келсең, сені коридорда қатырып отырғызып қоюдың
үстіне, ол ен, кемінде бір жұма жүзін жылытпай, сілеңді ызбарланумен
қатырады. Сол кешігуің қайталанса, саған ол жауығып ап, соңыннан
қалмай, үнемі жерлейді де жүреді, оның арты: өз сабағында экзаменнен
құлату.
Осы мінезін білгендіктен, Лашкаревтің алдында, қандай тентек деген
жігіт жым болып, құрдай жорғалайды. Сақалын шоқшалау ғып қоятын
оның түсі II Николайға ұқсайтындықтан біз оны оңашада «Лашкарев
патша» деп атаймыз.
Физик — Васильев пен тарихшы Григорьев те сондай, Васильевтің
Лашкаревтен айырмасы — студенттерді тақтаға шақырғыш - ақ. Сөзінің
əдеті — «а, ну - ка!». Тақтаға шыққан студенттің сілесін ол «а, ну-ка» вы
үсті-үстіне төпелей айтумен қатырады. Сабаққа салақ қараған адамға ол да
өшігіп алады. Жылдам сөйлеуіне қарап біз оны «тоқылдақ» дейміз.
Григорьев те қатаң. Одан алатын тынысымыз,— ұштары қайрылып
аузына кірген қалың қара буырыл мұртты, айрандау ақ көзді, дыбдырлап
сөйлейтін ол, стол қасындағы орындыққа отырған соң-ақ, тарс жұмып
алған көзін анда-санда бір-ақ ашып, лекциясын төпей береді. Көзін жұмып
алуына қарап біз оны «кəрі мысық» дейміз.
Казициннің сөйлегенде ерні шошаңдап кетуіне, ойда жоқта бақ етіп күле
қалуына қарап, біз оны «тұқыл теке» дейміз. Ол да сабаққа аса қатаң жəне
формулаларды дəл түсіруді жақсы көреді.
Босаңдау учитель — Купцов дейтін биолог. Тимирязев Академиясын
жақында ғана бітіріп келген, ұзыншалау арық денелі, жирен кескінді,
шабдар түкті, ұзын мұрынды, тістері əрі сирек, əрі сойдақ, шашын «кірпі»
ғып қоятын ол, жіңішке дауыспен ыңырси сөйлейді. Оның атын біз «Бота»
қойып алдық.
Учительдердің ішінде ең босаңы — тіл жəне əдебиеттен сабақ беретін
Карл Карлович Безин. Арғы тегі неміс болғанмен, Россияда туған, орыс
школаларында оқып жоғарғы білім алған ол, өзін əдебиеттегі марксист
көреді. Бірақ, бір қызығы — грамматика, синтаксис сияқты сабақтарды
танымайды, олардың орнына, көркем əдебиеттің шығармаларын не өзі


оқып, не студентке оқытып, соған талқылау жасайды.
— Бұл қай əдіс?— деп сұрағанда: —
— Дальтон-план!..— деп жауап береді Безин.
Ол «планның» буржуазиялық əдіс екендігін, кейін, 1932 жылы Одақтық
Орталық Партия Комитетінің қаулысы шыққаннан кейін ғана түсіндік.
Əдетте, Безин өзін оқығыш адаммын деп санайды да, Пушкиннің,
Лермонтовтың, Некрасовтың өлеңдерін, поэмаларын жатқа айтады. Біздің
заманның ақын-жазушыларынан ол Блоктың «Он екісін», Маяковскийдің
өлеңдерін, Горькийдің жəне Неверовтың əңгімелерін оқуды жақсы көреді.
Оқыған шығармалар туралы студенттердің пікір айтқанын, кейде
айтысқанын ұнатады.
Ұнатқан шығармаларын ол сан рет қайталап оқиды. Сондай
шығармаларының бірі — қазіргі орыс ақыны Кирилловтың «Карл Маркс»
атты елеңі. Бұл өлеңді Безин бар ықласымен жəне қайталап оқуды жақсы
көргендіктен жəне мінезінің жұмсақтығынан біз оның атын «пайғамбар»
қойып алдық.
«Пайғамбардың» маған тигізген пайдасы — орыс əдебиетін ұғуда жəне
нені бұрын оқуда басшылық көрсетті, залалысының грамматика мен
синтаксисты бағаламау салдарынан, орыс тілін жақсы білуге аса қажетті
бұл сабақтарды жақсы меңгере алмадым. Соның тақсіретін күні бүгінге
дейін тартып келем...
Орыс тілі шалағай жүргенмен, ол қыста мен, өзге еш нəрсеге көңіл
бөлмей алаңсыз жəне жақсы оқыдым.
Күн көріс жағынан, рабфак студенттері де бай тұрған жоқ.
Қызылжардағы Совпартшколаның халіндей болмағанмен, бұның да беретін
сорпасы өкпе-бауыр ғана араласқан капуста, ботқасының, ең тəуірі гречиха.
Нанды бір сыдырғы тойып жейміз. Одан басқа берілетін тамақ жоқ.
Орынбор күнінің суықтығы Қызылжардан кем болмайды екен. Мұнда да
айлап, апталап үскірік суық, қызыл - шұнақ аяз болады. Жатақхана ол
жылы қыс бойы жағылған жоқ. Тұрпайы темір кроватьтың үстіне, ішіне
сабан толтырған матрац, қоғажайдың ұлпасын толтырған жастық
салынады, үстімізге қара сукнодан одеяло жамыламыз. Рабфак берген қара
сукно шинельден басқа жылы киім жоқ...
Біз сондай тамақпен ашықпаймыз да, сондай үйде тон,- баймыз да.
Жағылмаған үйдің су келетін трубалары кейде қатып қалады. Ондай
күндері, біз беті - қолды қора ішіндегі қармен жуамыз.
Суыққа шыдамдылық жағынан қайран қалдырарлық адам, бізбен


кластас боп оқып жүрген Волков. Жасы біз шамалас, толық денелі бұл
жирен сары жігіт, тан, ата жалғыз трусиімен далаға жүгіріп шығып кетеді
де, жап-жалаңаш қалпымен қар үстінде аунап, денелерін қармен ысқылап,
кең қораның, ішінде жалаңаяқ, жалаңаш біраз уақыт гимнастика жасап
қайтады. Бұл əдетін Волков, қырық-елу градустық үскірік аязды күндерде
де тастамайды. Сонда, бусанған денесіне қырау тұрып, қып-қызыл боп
кетеді...
Денешынықтыру жаттығуында алдына жан салмайтын Волков сабаққа,
əсіресе, орыс тіліне біздің кластың ең нашары. Мысалы, орыс тілінін,
заңында «пальто» деген сөздің аяғына ешбір жалғау қосылмай сол күйінде
айтылады. Волков сол ережені ұқпай-ақ қойып, учитель қашан сұраса да:
пальто, пальта, пальту... деп жалғастыра жөнеледі.
Орыс тілінде: əйелдік, еркектік жəне əрелдік деп үш жынысқа («род»)
бөліну бар ғой. Мысалы, «а» мен «я» ға бітетін сөздердің бəрі əйелдік
жыныс, «о» мен «е» ге бітетін сөздер əрелдік жыныс... дауыссыз дыбыстар
мен «и», «у» ға бітетін сөздер еркектік жыныс... Жалпы заң солай бола
тура, орыстың «я» ға бітетін время, племя, стремя, вымя... сияқты он сөзі
əрелдік жынысқа жатады. Бұл ереже де Волковтың басына кірмей-ақ
қояды. Өзі орыс бола тұра, орыстың ауызша айтатын түрін ұмытып кетіп,
мысалы «время» деген сөзді, əйелдік жыныстың заңымен: время, времи,
време... деп жалғастырып əкетеді... Грамматиканың заңдарын ұғуға сонша
шорқақ Волков, өзге сабаққа да жарқырай қоймайды...
Сабаққа шорқақ Волков, рабфактағы дене мəдениетінің үйірмесін
басқарады. Боранды күні, жатақхананың қырау тұрған суық залында, ашық,
жылы күні кең, қораның ішінде физкультура ойындары болып жатады,
оларға қатынасуға, менің сабақтан қолым тимейді.
Ол 
кезде 
биге 
қатты 
тиым 
салынады. 
Коммунистерден 
не
комсомолдардан кімде-кім биге қатынасса, ен, жеңілі — сөгіс беріледі,
əйтпесе, ұйымнан шығарады, партияда жоқтарға оқудан шығаруға дейін
шара қолданады. Галстукке де көзқарас сондай. Би мен галстук, ол көздің
ұғымында — буржуазиялық салттың сарқыншағы.
Тиым сонша қатты болғанмен, жастар билейтін немесе биге үйренетін
орындар тауып жүреді. Сондай орындарға біздің рабфактан көбірек
барушының біреуі Əміржан Наурызбаев. Рабфакқа сауатсыз күйде түскен
ол, даярлық бөлімнің біріншісінде оқиды, бірақ, сабаққа көңіл қоюдың
орнына, сыртын сылап, шамасы келгенше əдемі киінуге, киімдерін
щёткалап, етігін жылтырата майлап жүруге əуес.
Бүкіл рабфак студенттерінің ішінде, білек сағат сонда ғана бар жəне
үлкендігі күректей сағат.
Рабфактың қатарындағы үйде қазақ педагогика институты бар. Онда,
белгілі ақын Иса Байзақов оқиды. Исада да Əміржандікіндей бір үлкен


сағат бар.
Екеуі де сағаттарын жұртқа көрсетуге құмар. Бірақ, оған сылтау керек.
Сол сылтауды олар сабақ арасында шыққан демалыста табады да, біріне-
бірі:
— Əй, сағатың қанша болды?—дейді.
— Өзіңдікі қанша?-—дейді анау.
— Мə, қанша екенін өзің көр!—деп, қарсыма - қарсы келген екеуі, сағат
салған білектерін жанастыра жеңдерін түреді де, бірінің сағатына бірі
қарайды.
Жасырын ұйымдасқан бидің ішінде Əміржан да жүреді. Айға берілетін
жиырма екі сомдық стипендияның бес сомын ол би үйретушіге төлеп,
кебіне тоқ - жарау жүреді.
Биді үйретуші Нұрғазы Нұрсейітов дейтін жігіт. Жиырмасыншы
жылдардың аяқ көзінде өкпе туберкулезінен қайтыс болған бұл жігіт,
революциядан бұрын Омбының учительдік семинариясын бітірген.
Кішірек арық денелі оның кескін - кейпі де, бұйра шашы да жебірейлерге
ұқсайды, сондықтан оны қалжың қылған жұрт, Кирштейн деп атайды,
онысы — «қазақтың жебірейі» дегені.
Кирштейн ұршықтай үйірілген биші. Ол Европаның — классикалық
билерінің бəріне де шебер. Білетіндердің айтуынша бүкіл Орынборда,
мазурканы одан жақсы билейтін жан жоқ.
Менің биге де оқудан қолым босамайды.
Күні-түні оқитын мен, бір ғана нəрсеге амалсыз көңіл бөлем. Кейін
«қазақ халқының мың əні» деген бір қалың том, одан соң «қазақтың бес
жүз əндері мен күйлері» деген екінші қалын, том шығарған, жинаған талай
əн-күйлері жарияланып үлгермеген, қазақ музыкасын жинауда, жариялауда
ең зор еңбек сіңірген марқұм Александр Затаевич, сол жылы біздің
рабфакқа да кеп келетін еді, ішіне қырау қатқан суық бөлмелерде,
студенттердің қатқыл темір кроватінде отырып, білетін əн-күйлерін жазып
алатын еді, «уақытым жоқ» деген еркіңе ол қарамай, атқарған қызметінің
мəн-жайын айтып, еріксіз көндіретін еді.
— Əн-күй жағынан, қазақ ең дарынды халықтың бірі,— дейтін еді ол,
білетін əндерін жаздыруға ерінгендерді үгіттегенде, ғасырлар бойы жүздеп
емес, мыңдап шығарған оның тамаша əн-күйлері, ең қымбат ұлттық
қазынасының бірі. Оларды жазып алып, болашақ ұрпаққа жеткізбеу зор
қылмыс. Мұндай мəдени мəні зор іске жəрдемдесуге ерінбеу керек.
Құрметті қарт, мені де шұқшиған сабағымнан еріксіз бөліп, хал -


қадарымша айтқан халық əндерін жазып алды.
Сонымен, ол қысты мен оқуға шұғылданумен ғана өткізіп, екі
семестрдің де зачетын «жақсыға» тапсырдым.


ОҚУҒА!
Қысқы оқудан мен аса жүдеп шықтым. Қыстайғы жəне көктемнен бергі
жазған хаттарында, елдегі туыстарым биыл шаруа күйлерінің жақсылығын
хабарлап, жазғы демалысқа, туған ауылға келуді өтінген.
Оқудан босана мен Қызылжарға бардым да, ылаулатып еліме қайттым.
Өткен жылдың егіні жақсы болғандықтан, Қызылжарда, жолшыбайғы
ауыл, селоларда мейлінше күйлі, көңілді екен.
Көңілді елді аралай отырып, мен бетімді қазақша «Жекекөл», орысша
«Благовещенка» аталатын селоға туралап келем, ондағы ойым — Ғабит
Мүсіреповке соғу.
Бұл арада, ол екеуміздің таныстығымыз туралы аз сөз: екеуміздің
руымыз Сыйбан. Ол «Ойғы Сыйбанға», мен «Қырғы Сыйбанға» жатам.
Ауылдарымыздың арасы отыз - қырық шақырымдай. Үлкендердің
айтуынша, Ғабиттің бесінші атасы — Жолғұтты — түрікпен екен. Жас жігіт
көзінде ол əлдене себеппен біздің Сыйбанға келеді де, Беспай атты кісіге
бала болады. Жолғұттыдан Еламан, одан Мүсіреп, одан Кəжімбай, одан
Махмет, одан Ғабит.
Мүсіреп көзінде «ел ағасы» болған беделді кісі екен. Одан Кəжімбай,
Ботпай туады. Ботпай нағыз орта дəулетті болған адам. Мен соның үйінде
əке-шешем жалшылықта жүргенде туғаным, осы шығарманың бірінші
кітабынан мəлім.
Кəжімбай Ботпайдан жас шағында енші алады да, кедей шаруалы адам
болады. Одан Махмет, Мақан, Ақан, Самырт дейтін ұлдар туады. Олардың
Махметтен басқасы, советтік дəуірге дейін жалшылықта жүрді.
Махмет пысықтау боп өскен. Атқамінер Ботпай оны қасына ертіп
жүрген. Сондықтан да Махмет, əйелі — Динаны, біздің елден екі жүз
шақырым жерде, Обаған өзенінің бойында тұратын Арғын руынан алған.
Динадан: Хамит, Сəбит, Ғабит, Баязит, Əшім — бес ұл туды. Менің
əкемде қыз көп боп, ұл болмаған ғой. Көп қыздың артынан мен туғаннан
кейін, ескі ауылдың əдеті» мен, «Мүсіреп — өскен тұқым, баламызға
Махметтің бір баласынын, атын қояйық» деп ырым ғып, менің атымды
«Сəбит» қояды.
Пысықшылығы болмаса, Махмет те кедей шаруалы болған адам.
Шаруасы сондай бола тұра, ол балаларын жалшылыққа бермей, оқытуға
тырысады. Оның үлкен баласы Хамит (1896-жылы туған) əуелі молдадан,
содан кейін Уфадағы «Медресе Ғалияны» бітірген Камал Жайсақовтан
жадитше оқиды. Əлі күнге дейін жасап келе жатқан қарт Жайсақовтың


айтуынша, Хамит одан оқыған шəкірттердің ең зерегі екен.
Жайсақовтан оқыған Хамит, 1917 жылдан бастап, өз елінде мұғалім
болды. 1918 жылы, мен ен, алғаш хатты сол кісіден таныдым. Ол күні
бүгінге дейін мұғалім. 1951 жылы, көп жыл мұғалім болған еңбегі үшін,
өкімет оны Ленин орденімен наградтады.
Сəбит шаруа баққан ғана адам болды да, кейін колхозда мүше боп жүріп,
Ұлы Отан соғысынын, алдында қайтыс болды.
Ғабиттің алғашқы қойылған аты— Ғабдұлғабид. Ол арабша «құлдардың
құлы» деген сөз деседі. Кейін, ел, əке - шешесінің қысқартып айтуымен
«Ғабит» атап кеткен. Документтерінде Ғабит — «1902 жылы туған» боп
жүреді. Қазір сексеннен асып отырған шешесі — Динаның айтуынша, мен
Сиыр жылынын, көктемінде туғамын да, Ғабит күзінде туған, ол — 1901
жыл.
Ғабит кедей семьяда жоқшылықта есті. Бала шағында əкесі оны
көршілес орыс поселкелерінің малын бағуға да жалдады.
Ғабиттің нағашысы, қазіргі Қостанай облысы, Урицкий ауданында
Əсерғали Оңғарбаев деген кісі болады. О л ауылда, революциядан бұрын
двухклассное училище аталатын школа ашылып, белгілі ақын — Бекет
Өтетілеуов сабақ береді. Ғабит сол школаға 1916 жылы барып түседі де бір
жыл оқиды. Ересек жəне зерек бала - жігіт бір қыста орысша жап-жақсы
біліп алады.
Келер жылы Ғабит өз елінің маңындағы Пресногорьков станциясының
«Бастауыштан жоғары» (высшеначальная) аталатын школына түседі. Бала
күнінен білгенмен, Ғабитті менің көз тоқтатын тануым— 1918 жылдың
көктемінде. Сол кезде, оның ағасы Хамиттен оқып жүрген менен, Ғабиттің
орыс тілінен экзамен алуы, одан кейін, мен жұртқа күлкі болатын
«дөстебірен» формасын жазып беретіндігі, оқушыларға бұл шығарманың
бірінші кітабынан мəлім.
18 жылдың жазында ол, біздің елдің ауылнайы — Мəшік Аманкелдинге
хатшы болды. Сол кезде оған жұрт «жобасын айтсаң болды,— орысшаны
судай ағызып кетеді, жазғанда қолы қолына жұқпайды» деп тан, қалысып
жүрді. Расында да, біздің екі жүз үйлі Сыйбанда орысшаны ондай білетін
кісі болған жоқ. Мен де ол кезде Ғабитті орыс тілін білуде ен, зор бедел
керуші ем, əсіресе əдемі подчеркіне қызығушы ем
1920 жылдың қысында елге барсам, Ғабит Пресногорьковта оқуда екен.
Ол жолы көрісе алған жоқпын. Келер жылдың басында Пресногорьковқа
барсам, ол жеті жылдық школаның бесінші класында оқиды екен. Бұл кезде
ол орыс тілін өте жақсы біледі.
Сол қыста Ғабиттің продразверстка жұмысына қатынасқандығы


жоғарыда айтылды. 21 жылдың февралінде тұтанған кулактар мен
байлардың көтерілісінде, Ғабит сол маңайда Дмитрий Ковалевтің
басқаруымен ұйымдасқан коммунистер отрядына қосылады да, бандылар
жойылғанға дейін жүреді. Одан кейін Таузар болысынын, военкомы боп
тағайындалады. Осы қызметте жүргенде ол, Сəпі дейтін байдың Қаншайым
атты жас келініне үйленеді...
1922 жылдың жазында, қазақ болыстарына арналып, губернияның
бірнеше жерінде аудандық милиция штабы құрылатын болды, олардың
барлық қызметкері қазақтан ғана қойылатын болды.
Сондай штабтың біреуі, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов
ауданы, қазақша «Жекекел», орысша «Благовещенка» аталатын селода
құрылады екен. Мен ол кезде губкомда инструктормын.
Аудандық милиция штабтарының начальнигі мен орынбасары ғана
губернияда бекіледі екен де, өзге милиционерлерді, начальник пен
орынбасар жер-жерде өздері тауып бекітеді екен.
Осы мəселені алдын ала қарайтын комиссияда мен де болдым,
председателіміз — кейін халық жауы боп кеткен, ол кезде губерниялық
милицияның начальнигі болған қазақ. Ол ұсынған тізімде, Жекекөл
штабының начальнигіне, бізге мəлім бай - Абылай Рамазановтың баласы
Султан белгіленбек екен. Сұлтанды мен білем. Революциядан бұрын
орысша реальное училищені бітірген ол, революциядан кейін үйінде
қызметсіз отырып қалған. Сөзінде ол Совет өкіметін танитын, ниеті түзу
адам. Өзі орысшаға жүйрік.
Менің күдігім Сұлтанда емес, əкесінде. Ол Совет өкіметіне сөзде
қарсылығының үстіне, 1921 жылғы бандылар көтерілісінде, соларға жақтас
болып, бір отрядын басқарған кісі. Сондай адамның баласы, қалайша
советтік милиция штабының начальнигі бола алады. Жəне өзі, партияда
жоқ.
Осыны айтып, менің қарсы болғаныма комиссия председателе көнбей,
«бұдан лайықты кісі жоқ» деп қасарып отырып алды, комиссия
мүшелерінің көпшілігі оны қуаттады.
Оның ұсынысы өтуіне көзім жеткен мен, өзімше қулық жасамақ болдым,
оным — орынбасарды өзім білетін сенімді біреуден қою. Сол арада есіме
Ғабит түсіп, ұсыныс жасап ем, ол да қабылданды.
23 жылдың жазында, Орынбор рабфагынан Қызылжарға келсем,
Жекекөл штабы туралы «қазақшылығы кеп, елден қойды көп жейді,
кейбіреуі пара алады» деген сияқты есектер тарап жүр екен. Бұл штабты
таратып, Пресновкадағы аудандық штабқа қосу мəселесі де бар екен. Осы
жайларды менің Ғабитке айта кеткім, егер көнсе, Орынбор рабфагына ала
кеткім келді.


Штабпен кеп таныссам, «қазақшылығы» шынында да мол екен. Бірақ,
бағынған ел, Ғабиттің өз басында арамдық бар деп айтпайды, тек, оның
қаталдығын ғана сөз қылады.
Ғабитке мен оқу жайын айтып ем:
— Бұл қызмет мені қанағаттандырмайды,— деді ол, өзімнің де кеткім
келеді. Оқуға да көңілім шабады. Бірақ, бұл мəселені мен əкемсіз шеше
алмаймын. Сен əуелі сонымен жолық та, ризашылығын ал.
Біз соған келістік. Мен туған ауылыма барып біраз тыныққанша, Ғабит
қызметінен босанып аулына бармақ болды. Оның аулында əкесімен екеуміз
бірге сөйлеспек болдық.
Туған ауылыма келсем, жылдағы əдетімен Дос көлінің жағасын жайлап
отыр екен. Күн көрістері шынында жақсыланған екен.
Жата-жастана таныссам, жайлау жақ шетке қоныстанған бұл ауылда
мектеп əлі ашылмай, күші бар бірен-саран ғана балалар көршілес
ауылдардың мектептеріне барып оқиды екен, күші жоқ балалар сауатсыз
қалып барады екен. Сондай балалардың біразын менің Орынборға ала
кеткім келді.
Дəндібала дейтін əрі жесір, əрі кедей, əрі бала-шағасы көп əйел болатын.
Қазымбет дейтін ересек үлкен баласын оқуға жіберу туралы сонымен
сөйлесіп ем, «барсын !» деп көне кетті.
Ахмет дейтін кедей адам сол кезде өліп, балалары жетім қалған екен.
Соның Үмітбай дейтін ересек баласы, Нұртазаның үйінде жалшылықта
жүр екен. Оның шешесі Бəтима да «барсын, қарағым» деп кене кетіп еді,
«жалшымды жібермеймін!» деп Нұртаза байбалам салды. Бірақ, мен оған
қарамай, Қазымбетпен Үмітбайды да ала кететін болдым. Оларға,
Құрманғожа атты дөңгелек дəулетті адамның жасы соларға тең Ғабдолла
дейтін баласы еретін болды.
Оқушыларға белгілі Шəйін ағай ауылда екен. Оның ержетіп келе жатқан
Зайра атты қызы бар. Оқуға зирек қыз. Шəйін ағай маған оны да ертіп
жіберетін болды.
Ол кезде өлген ағам Мұстафаның кіші баласы Шəкең жалшылықта жүр
екен, оны мен, əрине сөзсіз əкетем.
Маған еретін төрт-бес бала, өзге балалардың да кездерін қызықтырды.
Оларға салса, тобымен аттанатын. Бірақ, көбін туысқандары жібермейді.
Оларды мен «биыл мыналар барып орналассын, ендігі жылы сендерді
апарам» деп жұбатам.
Ауылдан аттанар күні қызық көрініс болды. Оқуға баруы шешілген


Қазымбет, Үмітбай, Ғабдолла мен жатқан Мұстафаның үйіне келді. Оларға
ере көп бала келді. Бəрінің де кездері толған жас. Себебі белгілі: көбін
туыстары жібермейді, біразын мен əкете алмаймын.
— Осы биыл, осы ауылда мектеп ашылады,— деп жұбатам мен оларды.
Əуелі содан оқыңдар. Содан кейін əкетем, Қызылжар мен Орынборға!..
Балалардың көз жасы онымен тиылмайды...
Ал, оқуға баруы шешілген Зайра қайда?
Манарақ 
келіп 
кеткен 
Зылиқа 
жеңгей,—«Зайражанды 
даярлап
жатырмыз» деп кеткен. Енді келіп:
— Масқара болдық, қайным! — дейді жылап.
— Неге?
— Етікші - атаң,— дейді Зылиқа жасқа булығып,— əлгінде келді де, «ұл
емес ол, оқуға баратын. Қыз. Бармайды ол!» деді. Ағаң өз сөзін айтып еді,
етікші - атаң «кəне, мықты болсаң, тартып ала қой менен!» деді де,
Зайраны үйіне алып кетті. Артынан барайық десек, есігін ішінен бекітіп
алған. Ал, енді өзің жүріп көндірмесең, бізден хал кетті...
«Етікші - атаң» деп отырғаны, жасы сол кезде алпыстардан асқан
Сұрағанның Құсайыны деген кісі. Етік тігуге ол бұл маңайдағы елдің ен,
шебері. Шəйінға ол немере аға. Мінезі шəлкес ол адам, өз дегенінен басқаға
көнген емес. Маған да ол, əрине, көнбейді. Сонысын біле тұра Зылиқа мен
Шəйіннің көңілі үшін барып ем, қаба буырыл сақалды, қабағы түксиген,
жуан дауысты Құсайын, тігіп отырған етігінен көзін де алмай, маған қысқа
жауап қайырды.
— Бағын, өсіп келе жатқан баласың, шырағым,— деді ол,— бетімнен
алды деме. Бұл қыз Шəйіндікі емес, менікі. Мен мұны жібермеймін.
Қайталап айтпа, сөзіңді, қайталасаң көңілің қалады!..
Ағаш төсектің басында шөке түсіп отырған Зайраны Құсайын менен
бұрын қорқытып қойған болу керек,— көзінде мөлтілдеген жасын төгеді
де, үндемейді...
Құсайынды көндіре алмай біз шығып кеткенде, үйден құлағымызға
Зайраның сыңсып жылаған аянышты даусы шалынды...
Жоғарыда аталған төрт баланы ертіп, мен ауылдан аттандым. Аттана
алмаған балалар шулап жылап қалысты. Бізден қалғысы келмей жылап
жүгірген кей баланы əлдекімдер ұстап ап жібермеді...
Оларға мектеп керек. Сондай мектеп, сол жылдың күзінде біздің ауылда
да ашылды...


Достан біз Ғабиттің аулына тарттық. Оның ауылы (жəне Ойдағы
Сыйбанның өзге ауылдары) «Құдайқұл, Қарағайлы» аталатын көлдердің
жағасында отыр екен.
Бұрын қоңыр үйлі, кедей шаруалы боп отыратын Махмет, бір баласы
мұғалімдіктен, бір баласы советтік қызметтен табыс кіргізген соң, соңғы
екі-үш жылда ауқаттанып, орта шаруалы үй бопты, үйінін, қасына, іші
жасаулы ақ отау тігіпті.
Ескі ауылдың қазағы үшін бұлай тұру зор салтанат, сондықтан Ғабиттің
оқуға баруы туралы сөз болғанда, Хамит қолдағанмен, Махмет ыршып
түсті.
— Бармайды! — деген қысқа жауап айтты ол.
Хамит екеуміз оны көндірмек болып ек, баласына ол,— оттамай отыр!
— деп ақырып тастады да, маған:
— Өзің оқып жетіле берсейші, менің балама қамқор боп қайтесің,—
деді.
Ғабит əкесінің сөзінен шыға алған жоқ.
Оқуға Ғабит баратын болса, бұл арадағы ауылдардан да он шақты ересек
бала мен екі-үш жігіт ермек еді. Ғабитті əкесі жібермеген соң, оларды да
əкелері жібермеді.
Ғабитқа мен өкпеледім де, өз ауылымнан еріп келген балалармен,
ертеңіне жүріп кеттім. Жолда мен Тоқпамбет аулына қондым. Ол ауылда,
осы шығарманың біріншісінде аталатын, өмір бойы Құтырлаған
(Екатериновка) 
станицасында 
жалшылықта 
болған 
Оразалы
Мыңжасаровтың жалғыз жəне ақсақ баласы Əбілхайыр əке-шешесінен
жетім қап, қайыр сұрап жүр екен. Оқуға оны да ала кететін болдық.
Тоқпамбетте қонып ертеңінде жүргелі жатқанымызда, бізді қуып Хамит
келді.
— Ғабитті əкесі жіберетін болды,— деп келді ол,— жібермеуіне
болмады, Ғабит оқуға жібермесең басқа жаққа кетем деп жатып алды,
содан кейін амалсыз ризаласты.
Хамит бізді «бірге аттаныңдар» деп кейін алып қайтты. Оның əкесі
көнген соң, өзге əкелер де көніп қалған екен. Бізбен бірге, жасы біз
шамалас, кедей шаруада туып-өскен, Қызыл Армия қатарында болып
келген Əбдіқожа Байсақалов жүретін болды. Он үш, он төрт жастағы
балалардан еретін болғандары: Ғабиттің інісі Баязит, Садық Тайжанов,
Жүкең Телебаев. Көршілес «Төре - төлеңгіт» аталатын ауылдан Мұса
Оспанов деген бала. Лопушка аталатын казачая станицада өмір бойы жатақ


боп мал баққан Байжанның жігіт баласы Ташкент кеп қосылды.
Бұлардан басқа, жолдағы Андағұл болысынан ала кететін екі жетім бала
бар: біреуі үй-күйі жоқ, менің жиенім — Омар Көпжасаровтың аулында
қойшы боп жүрген Жұсыпбек Сатанов, екіншісі — əке-шешесі өліп, кедей
ағасынын, қолында жүрген Əбдіреш Əбəуов.
Біз қызық жағдайда аттандық. Түн бойы сауық құрған біздің ойымыз,
таңғы салқынмен жүріп кету еді. Со кезде, «Ал, жүреміз» деп қозғалып ек,
оқуға баратындардың шешелері, апа-қарындастары, кейбірінің əйелдері...
дегендей, бірінен соң бірі құшақтай көрісіп, ауыл маңы азан-қазан боп
кетті. Со көрісудің аяғы күннің көтерілуіне созылды...
Ұмытып барады екем, жуырда еліне Əміржан кеп қалған. Даңқой мінезді
ол, əлдекімнен грамофон сұрап алып, жолшыбай ойнатып келеді екен.
Оқуға баратындармен көрісіп жылағандарды ол да тоқтатпақ боп,
əрқайсысына білген сөзін айтып еді, жылаудың қызығына түскендер
құлаққа аспады. Соған ызаланған ол бричканың үстіне грамофонды құрып
алды да, сайратып қоя берді. Жұрттың көңілі грамофонға аударыла
бергенде:
— Ал, мініңдер, арбаларыңа!.. Тарттық! — деген даусы шықты
Əміржанның.
Оқуға баратындар арбаларға жапыр-жұпыр міне бастады.
— Тарттық, оқуға ! — деп, Əміржан грамофон қондырған арбаның
аттарын айдай жөнелді...
Өзге арбалар да қозғалды... Қалын, көпшілік жігін ашып жол берді.
— Оқуға! — деп айғай салды, жел мінезді Əміржан, жөнеп бара жатып.
Балалар ма, басқалар ма: «Оқуға!» деген дауыстар, кең даланың
таңертеңгі тымық ауасын күңірентіп жіберді.
Оқуға ынтасы бар балаларды, Қызылжарға дейін біз жинастыра жүрдік.
Қызылжардан Орынборға поезбен аттанғанда, олардың саны отызға жетті,
көпшілігі кедей -батрактардан қалған жетімдер. Жол қаражатын өкімет
берді.
Ойыншы Əміржан, «Оқуғаны!» мəтел ғып па, Қызылжарға дейін айтып
барған еді. Со дағдысымен ол, поезға мініп Қызылжардан жөнеле бергенде
де, бар даусымен:
— Оқуға!..— деп айғай салды.
— Оқуға!..— дестік өзгеміз де.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет