АЛҒАШҚЫ СОҚҚЫ
1922 жылдың февралында Орынбор қаласында қазақстандық II партия
конференциясы шақырылды. Оның алдында Қызылжарда болып өткен
губерниялық II партия конференциясында Семейден келе жатып Смағұл
Садуақасов қатынасты. Білетін адамдардың айтуынша, бұл жігіт өткен күз
Орынбордан Семейге Кир, ЦИК тан өкіл боп барады да, губерниялық
ревкомның ұлтшыл председателімен ауыз біріктіріп, Қазақстанға қарайтын
жерде барлық мекемелердің бастығы қазақ болуы керек деген талап қояды.
Жергілікті партия комитеті «Олай істеу халықтар достығына қайшы келетін
саяси қате» деп көнбеген соң, Садуақасов, бұл пікірін облыстық атқару
комитеті арқылы өткізбек болады, ол да көнбеген соң «исполкомды тартып,
Семей Ревком құру керек» деп Орынбордағы Обком мен Кир. ЦИК ке
телеграмма береді. Садуақасовтың бұл қылығын обком мен Кир. ЦИК
саяси қате деп тауып, оның өкілдігін телеграммамен қайтып алады да, өзін
Орынборға тығыз түрде шақыртады. Садуақасов ол телеграммаға
бағынбай, жолда Омбыға соғып біраз күн тоқтайды, одан Қызылжарға
келеді...
Қызылжар ,да Садуақасовты жақсы .қабақпен қарсы алған жоқ. Бұған да
оның өзі кінəлы. Губерниялық конференцияға қатынасуға мандат алған ол,
баяндама бойынша «ұлт мəселесі» деген тақырыпта сөз сөйлеп, «Қазақстан
қазақтар үшін ғана, мұндағы мекемелердің бастықтары түгелімен қазақ
қана болу керек, Қазақстанға келген орыс поселоктері кейін көшіріліп,
жерлері қазақтарға қайтарылу керек...» деген пікірді дəлелдеуге тырысты.
Конференцияға - қатынасушылардан оның бірен-саран əріптестері ғана
болмаса көпшілік бұл пікірге қарсы боп, Садуақасовтың мандатын
қайтарып алды да, конференциядан қуды.
Конференцияда оған ерекше қарсы болған жəне ол туралы қазақтан
көбірек сөйлеген адамның біреуі Угар. Садуақасовтың бағыты байшыл
ұлтшылдық екенін дəлелдей кеп, оның қорытындысында айтқаны:
— Бұл - бетін бояған Бөкейханов. Екеуінің тарауы басқа болғанмен,
түйісуі бір. Оның үстіне, бұл Бөкейхановтың жалғыз қызы Лизаға осы
жолы Семейде үйленіп қайтты. Бөкейхановтың қайда екені де бізге мəлім.
Совет өкіметіне құралды қарсылық жасаған ол, Колчакпен, бас -
қолбасшысы барон Унгернмен, атаман Анненковпен қолдас болды да,
Қызыл Армия ақтарды жеңгеннен кейін, тығылып қалды. Қайда тығылды
сонда? Өзінің туған өлкесі — Тоқырауын өзенінің маңына. Оған ең жақын
қала - Аягөз екі жүз елу шақырым. Көшпелі ол араға Совет өкіметінің
тəртібі əлі орнап болған жоқ. Бірақ, біз Бөкейхановты да табамыз. Оған
дейін, мына Садуақасов сияқты құйыршықтарын аяусыз қырқуымыз керек.
«Шақырусыз келген адам, аяқсыз жерге отырды» дегендей, шақырусыз
келген Садуақасов абыройдан айрылып, басын алып қашты да,
конференция бітпей аттанып кетті.
Конференция ұлтшылдықпен де, отаршылдықпен де қатты күресу
туралы, со жылдың басында болып өткен партияның X съезінің шешімдері
негізінде қаулы алды.
Орынборда ашылатын қазақстандық II партия конференциясына біз
февраль айынын, басында аттандық. Ақмола губерниясынан баратын
делегаттың бар саны 24, он бесі қазақ.
Өткен соғыстардың жəне ашаршылықтың салдарынан ол жылы
поездбен жүрудің жағдайы аса ауыр, сондықтан, делегат атаулының бəріне
«теплушка» аталатын қызыл вагон беріледі де, есігінің аузына жоғары
көтерілетін үзеңгі ілініп, ішіне шеген пеш орнатылады.
Орынборға біз төз жете алған жоқпыз. Қалай жетесің, — вагонымыз
кейде кісі мінетін, кейде жүк таситын составтарға тіркеледі де, олар
станция басы сағаттап қана емес, кейде суткелеп тұрып алады. Сондай
жүріспен, үш күнде жететін Кинельге біздің теплушка жеті күнде əрең
барды...
Кинель жан-жаққа тарайтын темір жолдардың торабына салынған,
жайылымы көп, үйлері кішкентай станция екен. Мұнда көзге баттия
көрінген бір жағдай — аштық. Біздің Қызылжарда жəне мен білетін
Ақмола облысының төрт оязында астық аса тапшы болғанмен, ашаршылық
жоқ та. Ал, Кинельде аштықтан ісіп жүрген немесе өліп жатқан адамдар
жиі кездеседі. Соның салдарынан қалтаға түсушілер де, тонаушылар да,
өлтіріп кетушілер де аз кездеспейді екен. Сондықтан біз вагонымызды
күзетпен сақ ұстадық, вагоннан шашау шығып қыдырмадық.
Кинельден Орынборға беттеп жүріп кету де оңай бола қойған жоқ.
Самардан Кинель арқылы Орынборға қарай талай составтар өтіп жатады,
бірақ, біздің вагонды ешқайсысы қабылдамайды. Станция начальнигінің
айтуынша, бұл вагонды тіркету үшін темір жол қатынасы комиссариатының
ерекше ұлықсаты керек. Комиссариатқа біздің басшыларымыз телеграмма
да соғады, жүріс жұмысын басқаратын начальнигіне прямой проводқа да
шақырады, бірақ, ешбір нəтиже шықпайды... Енді біз аз кешіксек,
конференцияның ашылуынан қалып қоямыз.
Осы қиыншылықтан бізді Угардың «өлермендігі» шығарды. Самардан
Орынборға қарай беттеп бара жатқан пассажирлік состав Кинельге кеп
тоқтады. Составта жиырмаға тарта вагон бар. Оларға тағы бір вагон
тіркеуге мүмкіндігі жоғын айтып, поездық начальнигі жүріп кетуге
айналды. Вокзалдың дежурныйы, машинистке жезл тапсыруға кетті.
— Ал, мен кеттім! — деді Угар, со кезде теплушкадан қарғып түсе қап.
— Қайда?
— Машинистке!
— Одан не аласың?
— Біздің вагонды тіркемей, паровозды жүргізбеймін...
«Қой» дегенге қарамай, бораны бұрқырап тұрған үскірік аязда, Угар
жүгіре басып кете барды. Артынан біздің үш-төрт кісі жүгірді, ішінде .мен
де бармын...
Машинист
дежурныйдан
жезлды
еңкейіп
ала
бергенде,
Угар
«здравствуй, мой друг» деп машинистің арқасына қарғып мініп алды да:
- Жолдама құралы.
— Сен, достым, осы станцияда біздің вагон тұрғанын білдің бе?— деді.
— Неғылған вагон?—деді машинист.
— Ақмола губерниясынан Орынбордағы партия конференциясына бара
жатқан делегаттардың теплушкасы.
— Еш нəрсе де білмеймін,— деді машинист, маған неғыл дейсіз оны?
— Сен, осы составыңа тірке, сол вагонды!..
— Поездың начальнигімен неге сөйлеспедіңіз? Менің iciм емес ол,
түсіңіз! — деп машинист паровгазды қозғауға гудок берді.
— Ендеше, біздің, вагонды тіркемей жүре алмайсың,— деді Угар.
— Қалжыңды қойыңыз! —деді машинист, ашуланған кескінмен,—
түсіңіз!
— Теплушканы тіркемей түспеймін...
— Мұныңыз заңға қарсы...
— Вагонды тіркемеу де қарсы...
Ашуланып кеткен машинист итерме қылайын деп еді, Угар «осторожно,
друг» деп ақырып қалды да, жұлқыламақ болған машинистің тұмсығына
шинелінің он, жақ қалтасынан суырып алған наганды тоса қойды.
Машинистін, зəр'есі ұшып, кейін шегіне берді...
Сонымен, сөздің қысқасы, біраз жанжалдан кейін біздің теплушка
составқа тіркелді де, поезд жүріп кетті...
Орынборда біз «Бірінші Советтер үйі» аталатын гостиницаға
орналастық. Со күні обкомға барып, мандатымызды тіркеттік те, екі-үш
жігіт қала қыдырып кеттік.
Қаланын, орталық көшелерінің үйлері маған Қызылжар түгіл Омбыдан
да əлдеқайда сəнді сияқты. Мұндағы биік, сəнді үйлердің көбі ол қалаларда
жоқ. Орынборда шіркеу мен мешіт көп екен. Білетін біреулердін,
айтуынша, он алты шіркеу, жеті мешіт бар, солардың ішінде мен бұған
дейін кермеген" зор собор тұр.
«Борисоглебский Кадетский корпус» аталатын зор үй, Омбыдағы
кадетский корпустың үйінен əлдеқайда көлемді де, биік те. Азамат соғысы
бұл үйдің бетіне айғыз таңбасын сап, терезелерінің бəрі қирапты, кейбір
қабырғалары опырылыпты, сондықтан, қазір пайдаға аспай, айнала
тақтаймен қоршалып қойылған екен.
Көзге ерекше түсетін үйдің біреуі «Караван - сарай». Екі - үш кварталды
тұтас алатын бұл сарайдың айналасы кірпіш қорғанмен биік қоршалып,
төрт бұрышына қақпаларының үстіне, бастарына ай орнатылған мұнаралар
жасалыпты. Сарайдың ішінде мешіт, медресе жəне сауда дүкендері бар.
Білетін адамдардың айтуынша, патша өкіметі бұл сарайдың ең алғаш
көршілес шығыс елдерім.ен сауда-саттық жүргізу үшін салынған екен...
Ең биік үйдің біреуі, «Орынбор - Ташкент темір жолының басқармасы».
Бұл басқарманың тұрқы биік болғанмен, көлемі Омбыдағы темір жол
басқармасынан əлдеқайда кішкене... Олардан басқа да сəнді үйлер толып
жатыр...
Қаланың күнгей жақ жиегін ала, Орал өзені ағады екен. Жұрттық ерте
кезде «Жайық» деп атайтын өзені осы екен. Өзеннің бойы қалың тоғай.
Өзенге тақала салынған бір кездегі қорғанның қабырғалары қазір құлап,
сорайған бір-екі мұнарасы ғана қалыпты.
Білетін адамдардың айтуынша, қазақша «Орынбор» орысша «Оренбург»
дейтін қаланың аты немістің «өрен» (шеткі), «бург» (қала) деген екі сөзінен
құралады екен. Орынборды бұлай атауы, бір кезде Россияның шығыс
жақтағы ен, шеткі қаласы болғандықтан дейді... Қызылжар мен Омбыдан
бұл қаланың бір ерекшелігі — көшелерінің кебіне тас төселген...
Конференция ашылардан бұрын, мен қаланын, ой-қырларын түгел
аралап шықтым. Бұған дейін көрген қалаларым сияқты, мұның да орта
көшелері ғана тəртіпті жəне со көшелерде ғана жақсы үйлер бар, шеттегі
үйлердің көпшілігі Қызылжар мен Омбының шеттегі үйлеріндей нашар,
көшелері былық...
Аранын ашқан аштық бұл қаланын, да көшелеріне кіргені, кейбір
жерлерде кездесетін ісінген немесе өлген адамдардан байқалады. Бірақ
мұнда төтенше шара қолданып, ашыққандарға тығыз жəрдем береді екен.
Бірақ, белең алып кеткен аштыққа, кейде жəрдемнің де күші келмей қалады
екен.
Естуімізше, ашаршылық Торғай, Ақтөбе жақтарында қатты белең алған.
Аштарға жəрдем беруге Бүкіл Россиялық жəне республикалық төтенше
комиссиялар құрылып, олар қызметіне тығыз кірісіп жатыр екен.
Мен бірнеше оқу үйлерінде де болдым. Мұнда: Кино (қазақ
педагогикалық институты), Тино (Татар педагогикалық институты), Пино
(Педагогикалық институт) аталатын, мұғалімдер даярлайтын үш институт
бар екен. Институттардағы оқу əр ұлттың өз тілінде... Рабфак аталатын
орта дəрежелі мектеп бар екен, оның сабақтары орысша.
Оқуға ниетім бар маған, институттардан рабфак көбірек ұнайды,
мүмкіндігі болса, менің соған түскім келеді...
Конференция февральдың 19 мен 27 сінің арасында болды. Қойылған
негізгі баяндамалар үшеу: жер жүзілік хал, аштықпен күресудің шаралары,
ұлт мəселесі. Алғашқы екі мəселе ың-жыңсыз өтті де, тиісті қаулылар
алынды. Көп айтыс туғызып, ұзаққа созылған мəселе — үшінші. Бұл
мəселе жөнінде ұлтшылдықтың туын көтерген адам Смағұл Садуақасов.
Делегаттардың тең жарасына жақыны қазақтар еді жəне олардың
бірсыпырасы: Риддер, Екібастұз, Қарағанды, Спасовка, Қарсақпай, Доссор,
Елек - орқаш тұзы сияқты өндіріс орындарынан келген жұмысшылар.
Ұлтшылдарға қарсы болғандардың көпшілігі осылар.
Конференцияда мен де сөйледім. Шама - шарқымша, мен ұлттар
достығын, əсіресе орыс пен қазақтың достығын айттым.
Бірнеше күнге созылған бұл мəселе, ұлтшылдардың пайдасына
шешілген жоқ. Делегаттардың көпшілігі ұлтшылдыққа да, отаршылдыққа
да соққы беріп, партияның X съезінің бұл мəселе жөніндегі қаулысына
сəйкес қаулы алды... Ұлтшылдардың бірталайы республиканың басқару
жұмысынан қуылды...
Алашордашылдарға бұған дейін де соққы беріле бастаған екен. Мысалы,
1920 жылдық жазында болып өткен республикалық бірінші партия
конференциясында, тонын айналдырған алашордашылдар əшкереленіп,
коммунист партиясының қатарынан шығарылған, жауапты қызметтерден
алынған, солардың бірі — Оқу Комиссары боп қызмет істеген Ахмет
Байтұрсынов.
Бұл, əрине, ұлтшылдарға қатты соққы, бірақ, бұнымен күрес бітіп
болмағаны байқалады. Лидерлері аласталғанмен, алашордашыл жастардан
губерниялық жəне республикалық қызметте жауапты орын алып
отырғандары əлі де кеп, солардың біразын өзім де білем.
Қазақ елі ол кезде екі республикаға бөлінеді: тең жарасы «Киргизская
АССР» аталатын республика да, оның орталығы Орынбор; қалған тең
жарасы (бұрынғы Жетісу мен Сырдария облыстары), Түркістан аталатын
республикада, оның орталығы — Ташкент. Естуімізше, Түркістанда да
ұлтшылдардың «рысқұловшылдар», «қожановшылдар» аталатын екі тобы
бар, алашордашылдар соларға паналайды.
Сенетін коммунист жолдастардың айтуынша, бұл ұлтшылдардан
тазалану күресі, əлі де біразға созылады. Олардың маған беретін ақылы —
ұлтшылдықпен күресу үшін де, социалистік құрылыстың қызметкері болу
үшін де, ең алдымен марксистік білім алу, ол үшін оқуға, əсіресе орысша
жүретін оқуға түсу.
Соған келіскеннен кейін, Орынбордан қайтар алдында, мен обкомның
үгіт-насихат бөлімінін, меңгерушісімен сөйлесіп, алдағы күзге қарай
Орынбор Рабфагына келетін болдым.
— Бірақ,— деді меңгеруші, менің оқу мөлшерімді сұрап алғаннан кейін,
— Рабфакқа түсу үшін саған біраз даярлық керек сияқты, əсіресе, орыс
тілінен... Осыдан қайта сен, жеке учитель жалдасаң да, бірер ай даярлан!
— Жарайды,— деп уəде бердім мен.
Бірақ мен, уəдемді орындай алмадым. Біз Қызылжарға қайта, егіс
науқаны басталып кетті.
Зор мəселенің біреуі — тұқым даярлау. Мəліметтерге қарағанда,
губернияның өз ішіндегі мүмкіншілігі өзіне қанағат болатын, бірақ, бар
тұқым губернияның алыстағы селоларында жатыр. Оларды көлік күшімен
ғана жеткізу керек. Өткен қыстың қатаңдығынан, көлік атаулының
көпшілігі жүкке жарамайды...
Екінші мəселе — жеке шаруалы кедейлердің күштерін біріктіріп, егіс
тұсында мойынқос жасату. Бұл да үгіт-насихатпен ұйымдастыруды тілейді.
Үшінші мəселе — кедейлердің көпшілігінде егіске қажетті құрал-сайман
жоқ, оларды потребсоюз арқылы мүмкіндігі барынша жеткізу керек.
Қазынадан берілетін машиналарды сатып аларлық кедейлерде қаражат жоқ.
Ол үшін қарыз серіктігінің жұмысын күшейтіп, кредиттер аштыру керек,
ссудалар бергізу керек...
Төртінші мəселе — көлігі, сайманы бар орташа крестьяндардың бар
мүмкіншілігін пайдаға асыру керек. Ол да үгіт - насихатты көп тілейді.
Бесінші мəселе - көпшілігі бұрын егін кəсібімен айналыспаған ауылдың
кедейлері мен орташаларын егінге шығару оңай емес. Тұқым да, көлік-
сайман да оларға орыс крестьяндарынан көбірек берілетін, бірақ, сол
берілген жəрдемді ретін тауып пайдалану керек қой, ондай тəжірибе
ауылдық көпшілігінде жоқ.
Ең қиын мəселе — көлігі, сайманы кеп кулактар мен байлардың да
мүмкіншілігін толық пайдаға асыру керек.
Қолға қысыңқырай ұстамаса, НЭП ке сүйенген олардың ырық берер түрі
жоқ.
Губкомның бюросы осы мəселелердің бəрін талқылады да, мүмкіндігі
бар шараларды іске асыру жұмысына, қаладағы активтің көпшілігін
жергілікті орындарға жұмсады, сол топтың ішінде мен де кеттім...
Осы сапарда суға кетіп қала жаздағам бір жағдайым болды. Есілдің
Явленка тұсынан өтпек боп келсем, көктемде тасқын бұзған көпір, əлі
түзелген жоқ екен, паромный, арқаны үзіліп жүрмей тұр, оның жүруін
күтсем кешігіп қалатынмын. Жұмыс аса тығыз. Сондықтан, жағада тұрған
ескілеу бір қайықты жалдап кете бардым... Біз өзенге өрлей бере, қаңсыған
қайықтың жігінен жылжыған су, ішіне құйыла бастады. Ескекшіл шал оны
елең қылмай:
— Сен, бала, бақырашпен суды төгіп отыр,— деп ақыл үйретті маған.
Менің іштегі суды сыртқа төгуімнен, сырттағы судың ішке құйылуы
басымырақ боп кетті. Кең, жайылған Есілдің орта тұсына жеткенде,
қайыққа кірген су белуарынан асты. Шалдың «ештеңе етпейді, төз
шығамыз» деген сөзі маған енді жұбаныш бола алмады...
— Баттық! —- дедім шалға.
— Ештеңе етпейді,— деп, шал өз əніне басты.
Біраздан қайық толуға айналды!.. Көзім шарасынан шыға бастады... Со
кезде көлденеңдеп бір қайық келе халды. Шал да сасқан екен:
— Жылдам!.. Біз батуға айналдық! — деп айқай салды, ол анау
қайыққа...
Көлденеңдеген қайық тақалғанша, біздің қайық бата жөнелді... Жұқа
шалбармен, жеңіл көйлекпен отырған шал, суға құлаш ұрды... Əне, ол
жағаға қарай зымырап жүзіп барады... Мен қалып қойдым!.. Қайық та
батып барады, онымен бірге мен де батып барам!.. Бірақ, менде шалдың
бойындағыдай өнер жоқ, суға жүзе білмеймін!..
Жақындап келген қайықта үш жас жігіт отыр екен. Оларға мен бар
даусыммен:
— Спасите!—деп айғай салдым да, өзім суға батып жүре бердім...
Тұншыға бастадым!..
Лезде арқамнан əлдене кеп тұтты да, судың бетіне көтеріп шығарды.
Демім бітуге аз-ақ қалған екен... Жұтқан су ішке симастықтай болған ғой
деймін,— коп уақыт лақылдатып құстым...
Əрең легенде есімді жинап жан-жағыма қарасам, манаты көлденеңдеген
қайықтың үстінде отырмын, қасымда орыстың үш жігіті отыр!..
Сұрастырсам, олар жексенбі күні өзенде серуендеуге шыққан, осы қаланың
комсомолдары екен. Менің мəн-жайымды сұрағаннан кейін:
— Жоқ жерде жоғалып кете жаздадың ғой,— десті маған,— жүзе
білмейтін адам, жаман қайықпен суға шыға ма екен!..
Енді есіме түсті,— қайықпен бірге чемоданым батып кетіпті. Маған
оның ішіндегі киім-кешектерім емес, соңғы бес - алты жылдың ішінде
өлеңдерімді жазып жүретін тетрадь!..
Қазір жүзден тоқсан бесі есімнен шыққан ол өлеңдердің арзан -
қымбатын бағалау маған қиын. Жалпы көлемі екі мың жолдай болатын ол
өлеңдердің бəрі де күнделік өмірдің шындығынан туған еді, сондықтан,
егер сақтала қалған күнде, жазылған көзінің біраз шындығын елестетер ме
еді, қайтер еді!..
Өкініші соншалық болған бұл сапардың қуанышы да аз болған жоқ.
Июньнің орта көзіне қарай, мен Қызылжарға өзім барған елдің егіс планын
артығымен орындап қайттым. Соныма губкомның бюросында мақтанайын
десем:
— Сіздің мақтануыңызға қарсылығымыз жоқ,— деп қалжыңдады
обкомның секретары,— бірақ, сіздің ғана жетістік емес ол. Біздің
губернияда егіс планын орындамаған болыс жоқ. Губерния бойынша 125
процент орындадық. Жауын əзірге жақсы. Осы қалпымен барса, егінге
биыл шаш - етектен боламыз. Біздің ғана губернияда емес, советтік
Россияның бар жерінде де егін жақсы шығу үміті бар. Онда біздің отан,
азамат соғысынан кейінгі ен, зор жауымыз аштықты да жеңеді.
Бюродан бірер ай кейін, жергілікті советтердің сайлауы өткізілетін
болды. Губерниялық атқару комитеті маған, Петропавл оязының бірнеше
болысында өтетін сайлау жұмысын басқарып келуді ұсынды, мен, əрине,
көне кеттім. Маған Уисполкомнан бір инструктор еретін болды. Үш
болыста сайлау өткіземіз.
Сайлау жұмысына шыққаннан кейін, - жолшыбойғы елдің тұрмысына
асықпай - үсікпей, сабырмен егжей-тегжейін сығалай байқасам,
көктемдегіден əлдеқайда өзгеріп қапты. Егін өте жақсы. Шөп мол. Мал
күйлі. Ел тоғайған.
Елдегі Совет жұмысы да тəртіптеле бастапты. Өткен жылғы сайлауда
біраз атқару комитетінін, басқару қызметінен байлар босатылып, орнына
коммунистерден,
немесе,
Оқыған
азаматтардан
халыққа
беделді
предссдательдер қойылған екен, олар шын мағынасындағы советтік
тəртіпті іске асыруға кіріскен.
Ерекше көзді тартатын бір іс — «Қызыл отау» аталатын үйдің
төңірегінде. Ондай үй ояздан жіберіледі. Қызыл отауда судья да, зерттеуші
де, дəрігер де жəне саяси үгітшілер де бар. Олардың əрқайсысы ауыл
арасында өзіне тəуелді істерді тындыра жүреді... Қызыл отау əр айда ірге
аударып қызметін тың жерлерге көшіреді... Бұл аса бір игілікті іс екен...
Ауыл ішіндегі бұрынғы əкімдерде белгілі кеңсе болмай, көпшілігі
«істерін» қоржындарына артып жүруші еді, қазір кеңселер белгілі жерге
орныққан. Бірнеше жерде болыстық кеңселерге арналып, ағаш үйлер
салына бастаған, олардың төңірегіне шаруалардың үйлері оралып, көшпелі
ауылдардың алды қоныстануға айналған.
Əрбір болыстық исполкомның қасында «Батрачком» аталатын бөлімдер
құрылған екен. Ерекше көзге түсетін бір іс солардікі. Бұл белім құрылғалы
бай атаулының жалшылары шарт жасап қана жалданады екен, ол
шарттардың мүлтіксіз орындалуын Батрачкомдар бақылап отырады,
Байларда бұрын ақысы кеткен жалшыларды да осы Батрочком есептестіріп,
тиісті ақысын төлеттіреді екен. Бұл шаралар, əрине, ауылдағы кедей,
батрақтардың сана-сезімін оятуға көп жəрдем береді екен. Менің, əуелі
«Кешегі жалшы мен бүгінгі жалшы» деген атпен, кейін «Батрақ» деген
атпен жарияланған поэмам осы батрачкомдардын, істерімен Танысып,
олардың өмірге ие болу нəтижесінде туған еді...
Сол жылдың басынан кей болыста болыстық партия комитеті жəне
комсомолдар
комитеті
құрылыпты,
біраз
ауылдарда
партияның,
комсомолдардың яченкалары ашылыпты. Олар еңбекші көпшілік арасында
саяси тəрбие жұмысын жүргізе бастапты.
Кей батрақтардан кей жерде коммуна да құрыла бастапты. Мысалы
Қызылжар оязының Қызыл əскер болысында (қазіргі Солтүстік Қазақстан
облысының Приишим ауданы), «Өрнек» атты коммуна құрылыпты. (Кейін
ол «Өрнек» колхозы болды), Коммунаға жиналғандардың жүзден тоқсан
бесі қазақтар, өзгелері орыстар мен татарлар. Қазақтар — «Қырық ру»,—
əр болыстан, əр ояздан жиналыпты. Бəрі кедей, батрақтар. Оларға Бажанов
дейтін помещиктің кең участогі жəне өзі Колчакқа еріп қашқанда қалып
қойған малдары, үйлері, соқа-саймандары беріліпті. Үлгілі коммуна жасау
мақсатымен, губернялық басқарушы орындар, жауапкер қызметкерлерден
бастықтар жіберіпті... Көктемде ғана жалаңаш-жалпы келген кедей -
батрақтар биыл адам қатарына қосылып, «тамақ тоқ, көйлек кек» деген
халге келіпті. Бұрын Бажановтың заимкасында тұратын аз ғана үйлер мен
сарайлардың төңірегіне қала өсіп, көше - көше боп үйлер тарапты...
Мемлекет қаражатына мектеп, больница үйлері салына бастапты... Сол
өркендеудің үстіне биыл егіні де, шабындық, шөбі де мол шығып, «Өрнек»
коммунасының адамдары аса көңілді екен, шаруашылық жағынан да,
мəдениет жағынан да «Өрнек» төңіректегі ауылдарға үлгі бола бастаған
екен.
Ел жағдайымен осылайша асықпай таныса отырып, мен өзімнің сайлау
еткізетін өлкеме жеттім. Байқаймын, ояздық жəне губерниялық орталықтан
алыс жерде, байлар əлі табанды жатыр.
Мысалы Смайыл болысында, өткен жылғы исполком сайлауында, бізге
белгілі Жүкеңнің Бекісі тағы да председатель боп қалып қойыпты.
Жолда бізге соның үйіне қонуға тура келді. Бəрі ақ үйлі бай ауылдың,
оның үйі төрінде отырады. Жуандығына құшақ жетпейтін əкесі Жүкең əлі
тірі екен. Жасы алпысты алқымдаған ақ буырыл сақалды оның, жиырмадан
жаңа ғана асқан сымбатты сұлу тоқалы бар.
Жүкең де, Беке де бізді ақжарқын жүзбен қарсы алды. Кең, ақ үйдің
ішіне кірсек, жасаудан тұнып тұр: үйдің ішкі баулары түгелімен сəнді
тоқылған кілем, кілемнен жасалған басқұрдың жалпақтығы жарты метр,
кереге арасын қосатын таңғыштар да кілемше тоқылған, шаңырақтан
салбыраған желбау мен тағы да əлдене бір салпыншақты баулардың бəрі
сондай... Үйдің төріне текшеленіп, сырты оюлы кигізбен қапталған
сандықтар жиналған, астында — бетін оюлаған сүйекпен жапқан жүк - аяқ,
үстінде — қатарлана жиналған кілемдер, сəнді көрпе-жастықтар... оң
жақта, масахананың ішінде, сəнді жиналып варшавалық кровать тұр, оның
бас жағында қайқиған тармақты күміс адалбақан, оған асыл киімдер
ілінген... босағадан төрге дейін төселген кілем, төрінде төселген шыт
көрпелер... Кейбір байлардың ыдыс-аяғы, қазан-ошағы үйінде болатын еді,
бұл үйде олар жоқ, тегі, ас үйі оңаша болу керек... мұнда бар ыдыс —
піспегінің басы күміспен əшекейленген, теңкиген қара саба мен оның
қасында дастарқанмен жауып қойған тегене жəне аяқтар...
Бойы үйреніп алғаннан кейін, «өзін, бір иман жүзді жақсы бала екенсің»
деп Жүкең астыма көпшік қойып, мені мақтап алды да, енді өзін
кембағалдар қатарында көрсетуге тырысты.
— Осы өкімет жетім-жесірді жақтайды деседі,—: деп бір қойды ол,—
маған сонысы керек. Əкем Тоқайдан жеті жасымда жетім қалдым. Біздің
елде «Алдайдың алпыс биі» аталған ылғи білектілер боп, маған не
көрсетпек еді олар...
Жүкеңнің бұл мүлəйімсуі мен түгіл өзінін, баласы Бекеге де ерсі көрініп,
ол теріс қарап күліп жіберді. Жүкең оған алая бір қарап қойды да, сөзін
жалғастырып əкетті.
— Жұрттың аталық деп сыйлағаны болмаса, біздің үйге ауыр дəулет
бітіп керген жоқ. Жылқымыз бес жүзден асқанын көрген емен. Доңыз
жұтында сабамыз керегеге ілініп қала жаздап, қазіргі азын-аулақ мал, содан
кейін ғана үйірілді...
— Қазіргі жылқыңыз қанша?—дейді қасындағы интруктор.
— Бір-екі-ақ айғырдың үйірі,— дейді Жүкең дəлін айтқысы келмей.
— Сонда да...
— Елу - алпыстың маңында ғана. Анау Сəпі, мынау Əлтидің ширегіне
келе ме ол...
Оның маймаңдатып айтқан сөзінің бар түйіні — Бекені орнында
қалдыруға соғады. «Айта бер — деймін мен ішімнен,— босқа шығын боп
жатқан сөзін,». Өзіне сыпайылық қып:
— Қазіргі ,ерік халықта ғой,— дейміз біз,— халық сайласа
қарсылығымыз жоқ.
Жүкең одан əрі тағы бірдемелерді айтайын десе, заман жайынан аздап
болса да хабары бар Беке:
— Қойсайшы, əке, қонақты мазаламай, көңілге қарар деймісің, заңына
қарар,— деп əкесінің сөздерін ұнатпаған болады. Бірақ, өзі біздің
аузымызды алуға екінші тəсіл қолданып:
— Сəбит,— дейді менімен оңашаланып,— біздің « Керей атаңнан» бұл
өкіметтің тəуірлеу қызметіне ілігіп жүрген сен ғанасың. Қанымыз бір ғой,
оған қуанамыз. Дəрежеңнің есуіне тілектеспіз. Сайлаушы боп шыға қалған
екенсің, ол да қуаныш. «Таныған жерге бой сыйлы, танымаған жерге тон
сыйлы» депті. Сені əлі жұрттың бəрі біле бермейді,— қызметке жаңа
орналастың ғой. Танымайтын жұрттың алдында көркейіп жүр: пəуескеге
жақсы пар ат жегіп берейін, сайлау біткенше мен, одан əрі Қызылжар мініп
кетем десең де еркін.
Бекенің мұнысы — көрінеу көзге пара ұсыну екені айқын, соны біле
тұра, мен икемделе қоймаймын,— «елде ат бар емес пе, қайтесің,
аттарыңды қинап»— деп былқылға салам.
Со былқылмен ертеңіне аттанып кеттім. Бекенің ере шыққысы кеп еді,
өзімше қулық жасаған боп:
— Күн бұрын сайлаушымен ауыз жаласып алды деп жұрт есек қылар,
ермегенін, жөн болар,— деп қалдырып кеттім. Менің былқылымнан ол
балды да болмай, балсыз да болмай, «əрі - сəріде» қалып қойды.
Преснов болысында исполком председателі əлі де Əлти баласы Сейтақ
екен. Үйі жолымда, оның да əу - жайын байқай кеткім келеді. Əлти төрт-ақ
үй тігеді екен: өзінікі, Садуақастікі, Сейтақтікі жəне қонаққа арналған үй.
Соңғы үй бос тұрғанмен, жолда салт жолыққан Сейтақ мені өз үйіне
түсірді. Сусындап аз жайланғаннан кейін, ол да, кейіннен келген атасы
Садуақас та «Қазекемнің» жатаған қулығына сап:
— Ал, Сəбит,— деді маған, — қажыға сəлем беріп шығатын боларсың.
— Оқасы болмас,— дедім мен, кезекті жеріне жеткенше, олармен
дипломатиялық қарым-қатынасымды үзбейін деп.
Əлти маған өзін туыс көрсетуге тырысты. Амандық - саулықтан кейін ол
да Бекенің сөзін айтып:
— «Керейден де бір ұл туып, мына өкіметтің басы-қасында жүр» дегенге
қуанып та қоям, балам! — деп бір қойды ол. Одан кейін сөз аралата беріп:
— Біраздан кейін, жалпы «аты Керейім» емес, қаны бірге жақынымсың,
— деп тағы бір қойды.
— Əдетте,— деді Əлти,— Керей ішінде, бізді «Көшебе» деп, сені
«Сыйбан» деп, «Көшебе - Сыйбан» бірге туған көріп, екеуін қоса атайды
ғой. Мен саған одан да жақынмын.
Ол өзінін, біздің тұқымға жиен екендігін айтты.
— Естіп ем,— дедім мен.
— Естисің, əрине,— деді Əлти,— айтыпты ғой, бұрынғылар,— «есік
алды төбе болса, ерттеп қойған атпен бірдей, ауылыңда көне болса, жазып
қойған хатпен бірдей» деп. Нұртаза бар ғой ауылыңда, ол көксаудың
білмейтіні бар ма. Сол айтқан ғой, тегі, мені сіздің тұқымға жиен деп?
Солай ма?
— Солай.
— Не дейді Нұртаза? Мені əкесінен бері бай дей ме? Өзі байыды дей ме?
— Қайсысы болса да байығансыз ғой,— дедім мен қуланған боп.
— Жоқ, онда мəн бар, балам,— деді Əлти,— жоқшылықтың табы
өтпеген кісі, жоқтың қадырын білмейді. Мен де өзің сияқты əкеден жетім
қап, өз еңбегіммен ғана байыған кісімін, сондықтан да кедейге жаным
ашып тұрады...
«Атаңның басы! — деп күліп отырмын мен ішімнен,— менің бала
көзімде, əкесінде елу көпене шебім кетіп еді, деп, жетім менің жалғыз
торпағымды алғаның есіңнен шыққан екен, со ма, кедейді аяғаның?!..»
Мені сөзіне ұйыту мақсатымен, Əлти ерекше мəн берген дауыспен,
өзінше «үлкендеу» бір сөздің пернесін басып қойды.
— Əкеден жастай қалғанмен, дəулет болмағанмен, жақтай талпынып
аздаған қара-құра жинадым, — деді ол,— сонан, құданың беруі шығар,
асылығы болмасын, атам Керейдің ат байлар үйі болдым. Со кезде, Мынау
Торсан деген Есенейдің жалғыз қызымен көңіл қосып, ен дəулетіне ие бон
алды да, біздің Керейді ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап, ит -
сілікпеге салды... Əсіресе, сенін, Сыйбаныңды!.. Сонда, əрі Керейдің
аруағы үшін, əрі жиендік хақым үшін, бері салса Сыйбанға, əрі салса
Керейге араша түсіп, Торсанды аяғына жығып берген мен едім.
— Ол Нұртаза мен біздің заман еді,— деді Əлти күрсініп ап,— біз ол
кезде тату-тəтті едік, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарушы ек. Ендігі
заман, анау отырған менің екі балам мен мынау отырған сенікі шырағым.
Сендерге береке, бірлік берсін дегеннен басқа не айтайын, өзгесін
балалармен кеңесе берерсің!
— Сөз жетті,— деді Сəдуақас, əкесінің шешен сөзіне разы болмағандай,-
— өз туысымыз. Басқа не дейміз, бұл Сəбитке. Сайлау өткенше осында
болар да, Қызылжарға өзіміз апарып салармыз.
Мен Əлти ғана емес, Сəдуақасқа да іштей қайран ғап отырмын. Он
сегізінші жылдың қасына ол сауда жұмысымен Омбыға барған. Бұл менің
қаражаттан аса жүдеп жүрген көзімде. Сəдуақастан қаражат алмақ боп,
пəтеріне іздеп барғам. Мəн-жайымды айтқаннан кейін, ол сөз қатпастан
қабағын түйіп отырып алған. Жауап күтіп қалжыраған мен, «ал, Сəке, не
айтасыз?» дегенде, ол үнсіз қалпын өзгертпей, қалтасынан томпиған
былғары күмəжнігін суырған да, ішінен жұқалау бір қағазды суырып,
піркəшігі Самыратқа «əпер, анаған!» деп, мені иегімен нұсқаған. Қолыма
ұстатқан қағазды жазып көрсем, почтаның маркесі сияқты жасалған,
Колчактың он тиындық маркесінен құралған тұтас ақша — барлығы бір
сом. Одан басқа берері жоғына көзім жеткен соң:
— Ал, Сəке, беретініңіз осы болса, сізге рахмет. Жүрек жалғауға
келмейтін мына маркелеріңіз өзіңізге қалсын, мен - ақ аштан өлейін,— деп
алдына тастай бергем.
— Я не обязан,— деген ол теріс қарап. Мен шығып кеткем.
Оған төрт-ақ жыл өтті. Менің сол атым, сол фамилиям, сол кескінім,
өзгерісім — киімдерім мен Совет өкіметінің арқасында тең праволы кісі
болуым.
Сол уақиғаны еске алам да, ішімнен, «апыр-ау, осы Сəдуақас мені
танымай отыр ма, таныса, неғып ұялмай, неғып қымсынбай отыр!» деп
ойлаймын.
Ол қымсынады екен жəне анау-мынау емес, қатты қымсынады екен.
Сонысын сайлау күні көрсетті. Со күннің алдында, күндізгі қызметті
бітіріп, Шөгелдің Төрежаны деген кісінің үйіне қонып жатыр ек, біреу
аяғымнан тартып оятады.
— Бұл кім? — дедім қараңғыда басымды көтеріп.
— Мен,— ағаң Рамазан.
— Ыбырайдың ба?
— Дəл өзі.
Жөнін сұрасам, Нұртаза екеуі келіпті, Нұртаза мені шақырыпты.
— Қайда ол кісі?—деймін мен.
— Далада, көл жағасында. Жүр, төз, тосып отыр.
— Не жұмыспен?
— Оны өзі айтар. Мен шақырушы ғанамын.
Киініп шықтым. Рамазан бастап келеді. Жөнін айтпайды. Қырық - елу
шақырымдағы Жаманшұбардан түнделетіп келулеріне қайран қалам.
Көл басында бірталай адам бар екен, орталарында Нұртаза, қасында
Сəдуақас,
қоршай
отырғандардың
да
кебін
танимын,—
байлар,
атқамінерлер!..
Сəлемдескеннен кейін, шешен Нұртаза туысқандығын, кəрілігін алдына
сала, түнделетіп келген жол жайын кең, орамды сөзбен айтты да, аяғын
Сейтақтың болыстыққа қалуына əкеп соқты. Мен, «дұрыс қой ол, бірақ,
кімді сайлау еркі сізде де емес, менде де емес, халықта ғой» деп жалтаққа
салайын деп ем, жүйрік Нұртаза төңірегімді орап бұлтартпады. Енді
шынымды айтуға тура келді.
— Ренжисіз, Кішкене аға,— дедім мен Нұртазаға,— бірақ мен сіздің бұл
өтінішіңізді орындай алмаймын. Совет заңы бұрмалауды көтермейді. Ол
заңда байды өкімет басына отырғызуға жол жоқ.
Нұртаза бұл жолы бұрынғыдай ақыраңдамай, жалбарынған дауыспен,
көндірмек болып еді, мен заңды көлденең тартуымнан танбадым. Сонда,
Сəдуақас:
— Шырағым - ай, Көшебе - Сыйбанның аурағын шақырып, бізге
қабағын, келіспеген соң, ағаң Нұртазаны алдырып ек, бұ не қылғанын,?—
деп өкпе айтқан болды. Маған оны сөзден жығу реті кеп қалды.
— Сіз Көшебе - Сыйбанның аруағын сыйлайсыз ба? — дедім мен оған.
— Неге сыйламаймын?—деді ол,— əрине сыйлаймын.
— Жоқ, сыйламайсыз?
— Неге?
— Мен он сегізінші жылдың қысында «аруақ шақырып» жəрдем сұрауға
барғанымды, оның бір сом бергенін айтып ем, өтірік дей алмады, иелер
арсыз болса да ұялғандай жерді шұқып:
— Бір қате болған! — деді күрсініп.
— Көрдіңіздер ме?—дедім мен төңіректеп отырғандарға,— кім айыпты
екен?
— Айыпты бұл екен! — деп ду ете қалысты отырғандар.
—Төлетем, айыбын,— деді Нұртаза,— тек, менің өтінішімді ғана
орында!
— Айыптың керегі жоқ маған,— дедім мен,— менікі тек байлардың,
оның ішінде мына Сəдуақастың дүниеқоңыздығын көрсету еді. Қайталап
айтам, кімді өкімет басына қою еркі халықта.
Соны айтып, тұрып кеттім де, Нұртазаның шақырғанына қайырылған
жоқпын.
Ертеңіне сайлау басталды. Ол көздің сайлауы ашық дауыспен.
Сайланатын адамдарын халықтың өзі атайды да, қол көтереді, кеп дауыс
алған сайланады. Бұл дауыс беруге Əлтидің өзі де, балалары да қатынасқан
жоқ. Ол көздің жəне бір тəртібінде, сайлауға правосы жоқтардың тізімі
көпшіліктің алдында жасалып бекіледі. Тізімге кіргендер, сайлау өткенше
қамала турады. Сондай тізімді жасамақ боп, сайлауға жиналған қалын,
жұрттың еркіне беріп ек, «Əлти!» деп ду ете түсті олар. «Сəдуақас!..
Сейтақ!..» деп айғайлады олар!.. Осы үшеуінен басталған «қара тізім»
кеңіп барып тоқтады, оған елу-алпыс бай ілікті... Менен күдер үзген
Нұртаза түнде тайып отырыпты...
«Қара тізімге» іліккендердің бұл арада бары қамалды...
Даусы еркін еңбекші көпшілік, өзінің қалаған адамдарын атай бастады...
Олар сайланды да...
Біз Қызылжар келе, губкомның бюросында бүкіл губерния бойынша
өткен сайлаудың қорытындысы талқыланды. Баяндамаларға қарағанда,
биыл бірінші рет ауылдың жəне болыстық исполкомдар байлардан түгел
тазаланып, бар жерде еңбекші көпшілік қалаған адамдар сайланыпты.
Сөйтіп, ауыл байлары қазақ тарихында бірінші рет əкімшіліктен қол
үзіп, оларға бірінші рет қатты соққы берілді.
|