Хош аман бол!
Əбілхайыр Досов.
11 апрель, 1928 жыл».
«Ескеру: ұмытып барады екем. Мақтанатын нəрсем бар,— бір жарым
мың кітаптық жақсы кітапхана жасап алдым, барлық білімнен де бағалы
кітаптар жинадым. Хасен (Нұрмұхамметов) маған, құдай оңдап, бір жаққа
кеше қалғайсың да, сонда мен, бұл кітаптарыңды Сухарев мұнарасындағы,
не Смоленкодағы ескі кітаптар дүкенінен сатып алар едім дейді; мен оған
«қошқардан... дəме еткен қасқырдай аштан өліп жүрме» деп күлем...
Ə. Д.
Меніңше, бұл хаттан да жақсы адамның, жаны коммунист адамның
айқын бейнесі көрініп тұр. Əбілхайыр Досовтың өмірі өте үлгілі, тамаша
өмір.
«ЕСІЛ ТАСЫП БАРАДЫ»
Есіл тасып барады жардан асып
Қар жауады жаңбырмен араласып...
Мұғалімдер курсын мен аяқтай алмадым. Шамасы — бір айдай
оқығаннан кейін, курстағы бірнеше қазақ коммунистерін Гозак шақырып
алды
да,
олардың
шаруашылық
майдандағы
қызметке
алынуға
ұйғарылғанын айтты. Шақырылған адамдар екі жүйелі қызметке бөлінбек
екен: бір жүйесі, продразверсткаға енді бір жүйесі — ауылдарда
тұтынушылар кооперациясын ұйымдастыруға. Бірақ, Гозактың айтуынша,
қызмет жүйелері осылай бөлінгенмен, продразверстканың инспекторлары
кооперация жұмысына, кооперация инструкторлары продразверстка
жұмысына жəрдемдесе жүреді. Бұларға қосымша жəне екі міндет
жүктеледі: бірі — ауылдарда құрылған болыстық жəне ауылдық
ревкомдардың істерімен толық танысып, Қызылжарға қайтып келгенде
баяндама жазып беру; екіншісі —- мүмкіндігі бар ауылдарда партия
ячейкаларын ұйымдастыру...
Шақырылушылардан əркімдер өзінше дəлелін айтып, мұғалімдік
қызметке қалғысы келетіндіктерін білдіріп еді, Гозактың дəлелі олардың
бəрін басып кетті...
— Оқу жұмысын өркендету, əсіресе ұлттық мектебі жоқ қазақ
ауылдарында өркендету аса қажет жұмыс екенін партия да, үкімет те жақсы
біледі,— деді ол,— сондықтан да, қиыншылыққа қарамай, мұғалімдер
курсын шақырдық. Бірақ, Совет өкіметінің алдына қазір одан да зор мəселе
туып отыр, ол астық мəселесі. Азық-түліксіз заводтар мен фабрикалар да
қызмет атқара алмайды. Армияны да қамтамасыз ете алмаймыз, ондай
жағдайда Совет өкіметі де жасап тұра алмайды. Сондай қажетті азық-түлік
мəселесі қазір аса қиын жағдайда. Оған себеп — азық-түлік кулактар мен
орташалардың қолында. Олар, əсіресе, кулактар, Совет өкіметін жақсы
кермейді, қолындағы астығын бергісі келмейді, астықтан тарықса, Совет
өкіметі бері салғанда əлсірейді, əрі салғанда құлайды деп ойлайды,
сондықтан да олар биылғы жылдың көктемінде егінді бұрынғы жылдардан
əлдеқайда аз екті...
Одан кейін Гозак продразверстка жинау жұмысы Упродкомдар
қарамағында екенін, жергілікті жерлерде Райпродкомдар барын, олардың
қарамағында Продотрядтар қызмет істейтінін, отрядтардың азық-түлікті
қалай жинайтындығын, қарсылық көрсеткен жерде нендей шаралар
қолдануға қажеттігін толық түсіндіріп өтті.
Гозактың кооперация туралы айтқан сөзінің қорытындысы: ауыл жəне
деревня кедейлері күн көріс жағынан кулактар мен орташалардың
тəуелінде отыр. Өз егісімен күн көре -алмайтын олар, астықты кулактардан
қымбат бағамен алады. Кеп жылдарға созылған империалистік жəне
азаматтық соғыстардың салдарынан, крестьяндарға, əсіресе кедей
крестьяндарға қажетті өндіріс товарлары жеткіліксіз шығарылды. Аз ғана
шығарылатын товар спекулянттардың қолында, олар əлденеше бағасына
өсіріп сатады. Осы бастан қам жемесе, бұндай алыпсатарлық алда да біраз
жылға
созылуы
мүмкін.
Кедей
крестьяндарды
.кулактар
мен
спекулянттардың бұл талауынан арашалаудың, құтқарудың бір жолы,—
оларды тұтынушылар кооперациясына тарту, сөйтіп, мүмкіндік қадары,
қажетті заттарын кооперация дүкендері арқылы жеткізіп беру...
Ақыры
Гозактың
сөзі
мақұлданды
да,
əрқайсымыз
тиісті
документтерімізді алып, қызметімізді атқаруға елге шықтық. Мен үш
документ алдым: бірі — «партия ячейкаларын ұйымдастыруға» деген
мазмұнда Укомнан, екіншісі — «ауылдарда тұтынушылар кооперациясын
ашу» деген мазмұнда Употребсоюздан, үшіншісі — Упродкомнан. Соңғы
документ ең «салмақтысы», өйткені, отыз жеті пунктымен жазылған бұл
документпен маған берілген праволардың ішінде, «егер қажет бола қалған
күнде атып тастауға» деген «право» да бар...
Осы үш документті қалтама салдым да, июль айының бас көзінде
обывательдық подводпен жүріп кеттім, қызмет атқаратын болыстарым:
Қызылжар оязының Қостанай жақ шетіндегі: Смайыл, Преснов, Таузар,
Нəстəсіп , Ақ - қусақ, Қаратал Қараоба.
Жазы самалды салқындау келетін Қызылжар оязының бұл аса бір рахат
шағы. Маған Бешкуль, Каменка, Данежін, Кегерін арқылы жүру керек те,
жолда Андағұлдағы туыстарыма соғып, амандығын біліп, одан əрі
қызметке кету керек...
Мен Қызылжардан Кегерінге (алпыс шақырым) дейін Есілді жағалап
жүрдім.
Есіл!..
Шілденің шамырқанған саршатамыз көзінде Есіл өлкесі адамның көзіне
күндік жерден шалынады. Күн сəскеден жоғары көтеріле, сумаңдай аққан
мөлдір толқынды сағым, Есілдің алабына сыймай, қазанда қайнаған сүттей
аппақ күміс көбігін кең кемерден көпіршіте төгеді. Төгілген сағымның
толқыны тулап, шиыршықталып аспанға шапшиды. Шапшыған толқынды
сағым сай-салаларды өрлеп, қанатын кең жазады. Сол кезде сағымға көзің
түссе, Есілдің көктемдегі асау тасқыны қайтадан көтеріліп, теңіздей топаны
кең өлкесін бөлеуге бет алған екен деп ойлайсың.
Сағым солай көтеріліп толқыған кезде, мұнартып алыстап көгілдірлене
көрінген Есілдің тоғайы, сағым бетіне сеңдей қалқып шыға келеді.
Қалқыған тоғай шайы шымылдықтай желпінеді. Желпінген тоғайдың түсі
көз тоқтатпай, біресе көк, біресе жасыл, біресе ақ сықылданып бояуы қас
пен қабақтың арасында əлденеше құлпырып түрленеді. Сағымның суына
шомылып денесіне шан, жолатпай түрленген сайын, тоғай жарқырай
түседі.
Көктемде кең жайылған тасқыннан еркін сусындаған Есіл өлкесінің
жібектей жұмсақ, жұпардай иісті қалың шалғыны аттың омырауына тіреп
бауырынан келеді. Бойжеткен шалғын сұлудай сыланады, сылана
жайқалған шалғынның бетінде шешек атқан гүлдер тотының қанатындай
толықсып құбылады. Қанша қадала қарағанмен құбылған бояуды көзің
түстей алмайды.
Шілдеде Есіл өлкесінің желі баяу еседі. Жылдың өзге мезгілдерінде
жортуылын жиілететін жел, піскен өсімдіктің жемісін төгермін деп
аяғандай, жұлқылап - желпіп мазаламайды. Бірақ, шалғын онымен тыныш
тұрмайды.
Үстінен
толқыған
сағымның
болар-болмас
салмағын
ауырлағандай, не оның толқуын еліктегендей, шалғын да желсіз тымық
түнде өзінен-өзі теңселіп шайқалады. Шайқалған шалғынның бетіндегі гүл
бағы да тербеліп, көзіңе күн шашырап шығып келе жатқан мезгілдегі кел
бетінің күн сəулесі шалған əлсіз толқынын елестетеді. Шайқалған шалғын
басын иіп, белін бүкірейте теңселгенде, жығылған жамбасынан тұрмас деп
ойласаң, камшат құндызының қылшығы тəрізденіп, сынып барып, қайтадан
тіріліп, жазылып жүре береді.
Толқындай теңселген шалғынның ішіне кірсең, оның гүлге бөленген
тереңіне сүңгігің келеді, жұпар иісті жасыл жібегін жастанып та, жамылып
та жаныңды жайландыра жатқың келеді. Жайқалған жасыл шалғынды
жапырып жүре беруге аяғандай, не жаныңды жайландырғың келгендей, бір
тұста сен жасыл жібекке бөлене сұлай кетесің. Сенің денеңді жасыл
шалғынның толқыны толқып кеп, екі жағың,- нан жаба бүркейді. Сен бір —
мөп-мөлдір жасыл суға сүңгігендей əсер аласың!..
...Бір кезде, жасыл толқынға сүңгіп құмарын, қанып, енді тыныстайын
дегендей, қимылсыз жата қойсаң, шалғынның түбінде ақ меруерттей
жалтылдаған, көлемі бөдененің жұмыртқасындай бір домалақ заттарды
көресің. Бұл не? Жұмыртқа дейін десең, тым жиі,— шалғынның түбіне
сыңысып сыймайды!..
Бұл не?! Бұл ма?—Жидек!..
Желге, күнге көрінбей, жасыл шалғынның жібек құндағына бөленіп
өскен Есіл өлкесіндегі жидектің түсі піспеген тəрізді аппақ көрінеді. Егер,
соның біреуін сабағынан үзіп алып мұрныңа тақасаң, жаныңа жайлы бір
тамаша иісті сезесің. Иісіне құмарта тұра, пісуіне күдіктеніп, аузыңа
салудан бұрын бармақтарыңмен демеңкіреп көрсең, балбыраған жұмсақ
жидек балдай ери бастайды... «Ə, піскен екен!» деген оймен аузыңа салып,
таңдайына баса сорсаң, тəттілігі тіліңді үйіре жөнеледі!.. Шіркін, содан да
тəтті жеміс бола ма екен!..
Есіл шалғынның арасына өсетін жеміс жидек қана емес. Онда үркер
жұлдызындай шоқталып, қызыл жақұттай жарқыраған бүлдірген де еседі...
Уыз қымыз татыған ол жемісті бүрінен ағытып алып, алақаныңды толтыра
асап жіберсең, қандай шөлің болса да қана қояды.
Жеміс адамға жеңсік. Оған өзін, тойсаң да, көзін, тоймайды. Сен оның
бірінен соң біріне құмартасың. Бүлдіргені мен жидегіне жеңсік құмарыңды
қандырған сен, шалғынның мөп-мөлдір жасыл толқынынан тұрып
сілкінесің де, мұнартып тұрған тоғайға тартасың.
Тоғай да бұл кезде кемеліне келіп толықсып турады. Дəудей деңкиген
кəрі үйеңкісі, күміс қабықты қайыңы, қалайы қабықты терегі, мыс қабықты
мойылы, теңселген талы ши борбай шілігі, шымшымпаз шеңгелі, кірпі
түкті тікені мен доланасы, торы тобылғысы аралас өскен тоғай теп-тегіс
жасыл желек киіп, жапырақтары желбіреп, өзінен - өзі сыңғырлап күй
тартқандай боп тұрады. Шиенін, шөптен аз ғана биік бұтақтарына көзіңді
салсаң, үстіне қып-қызыл шұға жапқан сықылданады. Мойылға қарасаң
ботаның көзіндей мөлдіреп бұтақтың басына сыймай сыңысып тұрған
қарақат.
Шіркін, қарақат, тəтті де, сұлу да жеміс - ау!..
Жібек шалғынды, жыныс тоғайды табиғаттың бұл байлығына көзін,
тойған кезде оның иесін іздейсің. Ол, əрине, Есіл!
Сен Есілді іздейсің де, көпке шейін ұшырата алмайсың. Бұл кезде Есіл
сабасына сарқылып, ағар арнасымен моп - момақан боп жылжиды да
жатады. Сол түріне қарағанда, егер тасыған кездерін көрмесең, оның сонша
кең өлкені сусындатқан, денесіне əл, бетіне нəр берген өзен екеніне
сенбейсің...
Есіл ағысының жасырын күшін сен суына сүңгігенде ғана көресің.
Момын боп, тұнып тұрған сияқтанатын оның суы, тізеңнен аспай-ақ, сені
қабықтай қалқытып ала жөнеледі. Сен малтымпаз болмасақ суға кеттім деп
үрейленесің. Бірақ, «жанды» аталатын Есілдің суында, тек аяғын, мен
қолыңды қимылдата білсең болғаны. Көтеріп ала жөнеледі!..
Тəттілігі қандай, сол судың!.. Салқындығы қандай!.. Мөлдірлігі қандай!..
«Шалғының бал болғанда, суын, сыра!» — деп сондықтан мақтайды да
оны!..
Есіл өлкесінің сондай көркемдігі көзіңді қызықтырса, сонша хош иісі
мұрныңды қытықтаса, құлағыңды қытықтайтын тамаша хорын қайтерсің!..
Ол хорға сұңқылдап аққу, қаңқылдап қаз, шаңқылдап шағала, безектеп
қызғыш, барылдап үйрек, сайрап бұлбұл, шықылықтап сауысқан,
қарқылдап қарға, шырылдап шегіртке дегендей,.. жан -жануардың бəрі
қосылады... «Бұл əн - күйге мен қалай қосылмаймын!» дегендей, сезімі өлік
біреу болмаса, мына хорды естіген адам қалай желікпес... қалай əн
шырқамас!..
Осы хорға менің де қосылғым кеп, көңілім желіккенмен, бір тарантасқа
мініп қасымда келе жатқан Қазының Мырзатайынан «қымсынам. Бес
болыс Керей - Уақтың ен, ірі əншісі танылған ол «ісінің жасы со кезде елу-
алпыс шамасында. Орталау толық денелі, қаба қара сақалды, жуан
мойынды ол, жасы жер - ортасынан ауғанмен, баладай жеңіл мінезді, кім
көрінгенмен құрдас бола кететін ойыншы, қулықшы адам. Оған өмір бойы
бар біткен байлық,— жарықшақсыз дауыс біткен өңеші ғана, əйтпесе,
шаруа жағынан, «жалғыз атты жалаңқайыңның» өзі. Сонда да ол елет əдемі
қоңыр əнімен ойнақы мінезімен өте сүйкімді боп күн кешкен кісі.
Маған ол осы тарауда баяндап отырған сапарымда, Кегерін қаласында
бірінші рет кездесті. Оған дейін естігінім көп еді де, кергенім жоқ еді. Ол
менімен Мүсінге дейін ғана серік болмақ та, одан əрі, мен көпірден етіп
оңға кетпекпін, ол Есілдің со жақ бетімен тура еліне тартпақ.
Мырзатайдың, біраз əнін мен Кегерінде қонақ болған үйде естігем. Одан
аттана байқасам, естігендерім «жүзден бірі» ғана екен, əнге ол кісіде «түп
жақ» екен, соларын ол сені өтіндіріп қана айтпайды, «бала мына бір əнге
қалай қарайсың?» деп тың бір əнді айта жөнеледі... Одан кейін,— тағы тын,
əн... одан кейін тағы бірі!.. Сөйтіп əнге əн жалғаса береді де, алыстан ағып
кеп, алысқа ағып кетіп жатқан Есілдің суындай таусылмайды, ұшы-қиырын
көрсетпейді!.. «Оның дауысы, тегі, лирикалық тенор - ay» деп жобалаймын:
Майда - қоңыр оның əні биіктетіп көтеруге де, бұралтып ырғақтауға да,
құбылтып нақыштауға да еркін жетеді.
Əндеріне ат қойып, айдар таға айтқанда, «мынау пəлен əншінің пəлен
əні» деп, мен бұрын естімеген əлдекімдерді атап кетеді. Біресе ол:
Сұрасаң менің атым Құлтума - ды,
Алтайдан Құлтумадай ұл тумады! —
деп бастап, Атбасардың күнгей жағындағы «Өр Алтайға» кетіп қалады.
Енді бір əнінде:
Атандым Ғазиз ақын бала жастан,
Əнші жоқ Қараөткелде менен асқан,—
деп, Ақмола барады. Енді бір əнінде:
Сұрасаң руымды Қаракесек,
Досым аз, дұшпаным көп қылған өсек.—
деп, Қарқаралыға барады. Бір əнінде одан ойысып, Баян тауын
төңіректеген Жаяу Мұсамен жолдас боп кетеді. Одан ойысып:
Ертістің арғы жағы Арғанаты,
Домбыра бозбаланың қолғанаты.
деп, Кереку (Павлодар) маңайындағы Естайға барады, содан Омбының,
Қызылжардың
əншілерін
түгендеп,
Қостанайдағы
Басығараның
Қанапиясына жетіп бір тыныстайды. Сонда, шамалап байқасаң.
Мырзатайды өз ауылына отырғызғанда, əр тармақпен келетін əндердің
радиусы — айнала бес-алты жүз шақырым!..
— Ал, Мырзеке,— деймін мен, оның əндерін тыңдап отырып,— мынау
Есіл өлкесі ғажап жер екен ғой, осыған арналған əн бар ма, тегі?
— Е бар! — дейді ол іркілмей,— «Есіл тасып барады» деген əнді
естігенің бар ма?
— Жоқ.
— Ойбой, мына жерде жүр екенсің ғой, оны естімей,— дейді Мырзатай
күліп,— ол өте жақсы əн.
— Айтықызшы, онда.
— Əуелі, əннің шыққан тарихын айтайын, содан кейін, əнді, жарай ма?
— Жарайды,— деймін мен. Олай дейтінім, бұл əннің ғана емес,
Мырзатай коп əндердің шыққан тарихын біледі жəне сол «тарихтары»
тыңдаушыға əннен кем қызық болмайды, өйткені, көп əннің тарихы —
кейде драма, кей¬де комедия, кейде трагедия боп жататын пьесалардың
сюжеті.
Мырзатайдың айтуынша, «Есіл тасып барады» əнінің тарихы былай:
елге ең алғаш штат шыққанда (1868 жылдың қазақ елін билеу заңы), Керей
атаулы елге Байтуменов Бекберді деген болыс болады. Ол Қызылжардың
малын бағатын жатақтың баласы екен. Жаңа заңды іске асырғалы шыққан
бала — Шодыр деген ояз, Бекберді қасына тілмаш қып алады. Заң
бойынша, орыс тілін білетін кісі ғана болыс болуға тиісті. Ондай адам
қазақ ауылдарынан табылмайды да, жұрттың «қалауымен», орысшаға жетік
Бекберді болыс сайлайды. Оның ар жағы белгілі: ақылды Бекберді аз
уақытта елді де иіріп жусатады, байып та алады, əлденеше əйел де алады...
Оның бір əйелінен Ұлпа дейтін қыз туып, аса көрікті боп еседі. Осы
қызға Шүректің Мұратбегі дейтін жігіт ғашық болады. Бірақ, ол,
жігітшілігі тəуір болғанмен, кедей жігіт. Бекберді оны кедейсініп
менсінбейді, басқа жердегі бір байдың баласына бермек болады... көктемде
ұзатпақ болады.
Сүйіскен екі жастың ендігі амалы — түн жамылып қашу. Екеуі осыған
уəделеседі. Олардың ауылдары Есілдің екі бетінде екен. Уəделі түнде
Мұратбек Есілден өтіп барса, құлақтанып тұрған Бекбердінің жігіттері тұра
қуады, аты жүйрік Мұратбек жеткізбей кетеді...
Сол түні қарлы жаңбыр жауған екен. Ұлпа уəделі жерге келсе, аттың ізі
бар да, жігіт пен ат жоқ!.. Кешігіңкіреп келген Ұлпа, Мұратбек өкпелеп
кеткен екен деп ойлайды. Со кезде Есіл тасып кетеді, ендеше, егер
Мұратбек өкпелеп аулына кетсе, тасыған Есіл сабасына түскенше орала
алмайды, ол ұзақ уақыт, оған дейін қыз ұзатылып кетеді...
Басына сондай қайғы түскен қыз «Есіл тасып барады» əнін жəне
Мұратбекке арнаған өлеңін шығарады.
— Кəне, соны айтыңыз! —деймін мен Қазының Мырзатайына.
— Айтайын,— дейді ол,— əні де, өлеңі де дəл, өйткені ұзатылып кеткен
со қыздың келіншек күйінде өзінен үйренген ем.
— Айтыңыз!..
Əн «шу» дегеннен шырқап биік басталады да, аяғы қоңырлайды.
Өлеңдері:
Есіл тасып барады жардан асып,
Қар жауады жаңбырмен араласып,
Шам сендіріп барайын деген басым,
Ұйықтап өліп қалыппын қара басып.
Ауылыңның тұсында ақша шатыр,
Ашуланып кетті де, біздің батыр,
Шошып тұрып орнымнан іздеп келсем,
Əсем басқан сал - қыңыр ізі жатыр.
Топырақтан жаралған қайран дене,
Жаны бірге, тəн басқа болды неге?
Қатты өкпелеп шынымен кетті ме деп,
Бір тимеді кірпігім, кірпігіме.
Өзін атың Мұратбек екен Шүрек,
Сені қос деп құдайдан қылдым тілек,
Осылайша екеуміз болғаннан соң,
Бір жаралса қайтеді қолқа - жүрек!..
— Қалай, бала, ұнай ма? —дейді Мырзатай.
— Ұнайды. Əсіресе, өлеңі.
— Əні ше?
— Əні де жақсы. Бірақ, өлеңі тіпті жақсы екен.
— Несімен жақсы?
— Үш жақтан: бірінші — қазақ əндерінің көбінің сөзінде өрбіген белгілі
бір уақиға болмайды, мына əннің сөзінде сондай өрбіген уақиға бар.
— Ол рас. Екінші?
— Біздің əндердің сөзі:
Базардан алып келген көзді құман,
Пəлеге ұшырайды сөзді қуған,
Бал шайнап, шекер жұтқан бөз қарағым,
Көзіңнен айналайын жаудыраған.
деген сияқты, əр пікірден құралған қойыртпақ болады, мына əннің
сөздері бір пікірді айтуға арналған жинақ, ықшам екен.
— О да дұрысқа келеді,— дейді Мырзатай аз ойланып,— үшінші?
— Біздің ғашықтық туралы өлеңдеріміздің көбін жігіт қызға шығарады
да, қыздың жігітке шығарған өлеңі өте сирек кездеседі ғой, мынау əн мен
өлең сондай сиректің бірі екен.
— Рас екен-ау! — дейді Мырзатай тағы да аз ойланып,— себебі не екен
осының?
— Халқымыздың тұрмысына байланысты ғой деймін. Мен орыс
арасында кеп тұрған жігітпін. Орыс қыздарының жігітке шығарған əн мен
өлеңдері толып жатыр, ал, қазақта ондай əн мен өлеңдер жоқтың қасы...
— Неліктен?
— Біздің қоғамдық тұрмысымыздың артта қалғандығынан, қалың малға
сатылатын əйелдеріміздің өз пікірін айтуға правосы жоқтықтан...
— Жобаға келеді,— дейді Мырзатай ойланып ап,— мынау Совет қазақ
əйелдерін еркекпен теңестірді десіп жүр ғой, рас па сол?
— Рас.
— Ендеше,—дейді Мырзатай қуанып,— қазақ қыздарының сүйгеніне
арнап əн мен өлең шығаруы көбейеді екен ғой?
— Əрине, сөйтеді.
— Есілдей тасиды екен ғой, олар?
— Əрине, тасиды.
— Со дұрыс! — дейді Мырзатай салмақты кескінмен,— əйелге жас
күннен жаным ашып өскен кісімін, маған осынысы керек!..
— Ендеше, тағы да басыңызшы, «Есіл тасып барадыға».
— Басайын,— деп Мырзатай көтеріңкі еңсемен шырқай жөнеледі: «Есіл
тасып барады жардан асып...»
|