АЗАТ ƏЙЕЛ
Мен түнделетіп жүріп келем, бетім — Дос көлін жайлап отырған
ауылым. Қасымдағы қартаң ылаушы ұйқыда. Үстінде талқан толған қорабы
бар тарантасқа жеккеніміз жалғыз ат, бірақ, əрі қарулы, əрі жүрісті. Төңірек
елсіз, ормансыз, көлсіз,— өзіме мəлім жазық дала.
Айсыз қараңғы түн. Күн батар алдында батыс жақ көк жиектен
торланып іңірде бізге қарай сіркірей жауған қоңырша бұлт, қазір ыдырап,
аспанның əр жерінде бөлшектене көшіп жүргенін, қараңғы аспанда
жымыңдаған сансыз жұлдыздардың көркем кездері біресе бүркеліп, біресе
ашылуы куəландырады...
Біздің аранын, мазасыз бір дүниясы — сармасалар екені мəлім.
Құрғақшылық күндері олар түнде де, күндіз де үстіне миллион жабылып,
мойны - басыңды тұмшалап алмасаң маза бермейді. Бүгінгі түн олай емес.
Құрғақта таңға жақын ғана түсетін шық, өткен кеш жаңбыр сіркіреп жерді
дымқостандырып кеткендіктен, іңір болмай түскен де, бусанған
буалдырымен, жердің бетін телегей теңіздің селі жапқандай аппақ қып
жіберген, сондықтан, қанаты малшынған сары масалардың ұшуға дəрмені
жетпей, қалын, шөптің арасына жатып қалған.
Біздің жер бетімен жүріп келе жатқанымыз — мінген тарантасымыздың,
жолдын, кедір-бұдырына тоңқылдап, секеңдеуінен ғана сезіледі, əйтпесе,
төңірегіне қарасаң, жер бетін қалын, жапқан шықтан, кең, теңіздің
ортасында кемемен жүзіп келе жатқандай əсер аласың...
Мың түсті ұсақ гүлдер араласа өскен біздің аранын, қалың бетегелі
жайқалған шалғынды өлкесіне, мұндай дымқос түндері аса бір лəззəтті иіс
көтеріліп, мұрныңды қытықтаудан қол жазбайды. Жұпар иісті өлкенің
желпігені сияқтанып, салқындау бір əдемі самал көтеріледі де, сенін,
бетіңді мақтадай жұмсақ алақанымен сыйпайды. Мазасыз масасы болмаса,
сондай бір түндерде жол жүрудің рахаты - ай шіркін!..
Ондайда, менің қасымдағы қарт сияқты біреу болмаса, жас адамға ұйқы
келе ме?.. Түс ортасы алдақашан ауғанмен, өткен түні де кеш жатып ерте
тұрғанмен, маған кепке дейін ұйқы келер түрі жоқ. Төңірегімнен көзіме еш
нəрсе көрінбегенмен, ортасында өскен бұл даланын, айналасынан, кемінде
жүз шақырымдық жердің барлық бейнесін көз алдыма келтіріп отырмын.
Солардың бəрі, қазіргі сəтте көзіме көрінбегенмен, көңіліме қандай
ыстық!..
Əуелі пысылдап қана қалғыған шалым, біраздан кейін менің иығыма
басын сүйегі қатты қорылдауға кірісті. «Ақсақал, тым қатты ұйықтадыңыз
ғой» деп ара-тұра оятсам, шал бірде есті кісінің, бірде есеңгіреген кісінің
үнімен жауап қайырған болады да, іле - ақ ұйқыға қайта кетеді... Соның
əсері тигендей, кейде мен де маужырай бастасам, алдымнан əлдене
малдардың, əлдене адамдардың немесе, əлдене құстардың үндері
естілгендей боп серги қалам...Маған сол дыбыстардың бəрі Достың
маңынан шыққан сияқтанады... «Əлде, «өліп қалдық па?» деп елегізсем де,
құлағымды төңірекке тігем... мені сезімім алдаған боп шығады: əлдеқайда,
дала түнде ғана ысқырып дыбыс беретін «жылқышы» аталатын құстан
басқа тірі мақұлықтың дыбысы естілмейді... Дыбыссыз далада аяқ басқан
аттың, дүбірі, паровоздың дүңкілі сияқты естіледі, өткен жауыннан
топырағы шиыршықталған жолмен секеңдей жүрген тарантастың салдыры,
даланы мыңдаған арбалы керуен келе жатқандай жаңғырықтырады...
Дегенмен, «ұйқы жау». Ұзақ уақыт сергіп-ақ отырып, қалғып кетіппін.
Мені кісінеген жылқының даусы оятып жіберді. Атшым да оянып кетті.
Екеуміз де қорабтан басымызды көтере түрегелсек, кісінеп келе жатқан
біздің, атымыз... Əлі де түн қараңғы... Көзді уқалаңқырап жіберіп қарасақ
жайылған қалын, жылқының ішіне қарай келе жатырмыз, олар бізге одырая
қарасып,
үркіңкіреп
барып
топтанысады
да,
«неткен
бейсəубет
жүргіншілер?» дегендей өзара шұрқырасып кісінеді. Тарантастың
доңғалақтарының қиралаңдай жүруіне қарағанда, жолдан соныға шығып
кеткен сияқтымыз...
Жылқы жүрсе, бұл маңайда əрине ауылдар бар, бірақ, қайда олар?.. Қай
ауылда?.. Сұрап алуға, жылқы арасында адам көрінбейді, дыбыс шығарсақ
жауап қатпайды...
Үйірсіреп кісінеген атымызды тоқтатып, төңірекке көзімізді де,
құлағымызды да тігіп аз уақыт тұрып ек, əлдеқайдағы қыраттың ар
жағынан бұлдыраған бір кіші - көлемді жарық көріне кетті. Бұны «шығып
келе жатқан ай» дейін десек, ала шабыр бұлттың арасынан өзге
жұлдыздардан оғаштана көрініп тұрған «Темірқазықпен» мөлшерлегенде,
айға келмейді, себебі жарық теріскей жақтан көрінеді, ол беттен ай
тумайды... «Өрт» дейін десек, көлемі кішкене... Кигіз үйдің шаңырағынан
көрінген оттың жарығы болар ма əлде?..
Соңғы жоба дұрысқа келді. Əне, со жақта үрген иттердің даусы естілді,
ендеше, ол арада ауыл бар, қай ауыл болса да соған баруымыз керек.
Атымыздың басын жарық көрінген жаққа бұрып келе жатыр ек,
алдымыздан со жаққа қарай қиғаштанған жол да кездесті. Аздан кейін
қаңқылдаған қаздардың даусы естілді... Міне, төбемізді баса қараңдап,
зуылдаған үйректер де өтіп жатыр... Ендеше, алдымызда көл бар!.. Дос
болмағай да!.. Əне, көлдің жарқыраған жалтыры да көріне бастады. Оның
төңірегінде ауылдар да қараңдады... Біздің ауыл болмағай да!.. Əне,
шуласып жүрген балалардың да даусы естілді... біздің ауылдың балалары
болмағай да!.. Сонша қуанышты үміттен жүрек те, өкпе де алқынып
кеудеге сыймай барады!..
— Атыңызды айдаңызшы, ағатай!..
Біз ауылға жақындағанда, алдымыздан бір топ бала шуласа жүгіріп
қарсы алды... Біреулері, арбамызға асылып жатыр... Олар мені де, мен
оларды да тани кеттім — біздің ауылдың балалары!.. Біреу мойныма
асылып құшақтай алды, ол немере інім — Шəкең екен!.. Мен оның
бадырайған үлкен көзінің үстінен, қоңқиған мұрнынан сүйіп бауырыма
қыса құшақтап жатырмын!..
— Ия, үй аман ба?— деймін мен Шəкеңге, құшағыма оны қаттырақ
қысып.
— Аман.
— Ауыл аман ба?
— Аман...
— Анау шаңырағында от жарқыраған кімнің үйі?
— Бекеннің.
— Кəдімгі Сары Бекеннің бе?
— Ия.
— Е, онда не боп жатыр?!.
Олай дейтінім, мұндай мезгілсіз шақта, үйінде не шілдехана, не той,
немесе, жаназа бар біреу болмаса, от болмауға тиісті, сондықтан Шəкеңге:
— Онда не боп жатыр?—деген сұрауды қайта беріп ем:
— Дау боп жатыр,— дейді ол.
— Не дау?
— Қызы қашып кетті.
— Қай қызы?
— Мағпи.
— Қашан? Кіммен?
— Əнеугүні. Кіммен екенін білмеймін.
— Дауласушылар кімдер?
— Уақтар.
— Қайдағы?
— Мына Батпақкөлдегі Жаман тымақ...
Есіме сонда ғана түсті: Батпақ көлге бертінде ғана қоныстаған, арғы руы
Уақ, бергі руы Жаман тымақ аталатын отыз шақты үйде Кеңбай дейтін
кедейлеу бір адам, Бекеннің əлгі Мағпи деген қызын ұлына атастырды деп
естігем. Со қыз біреумен қашып кеткен болу керек те, дау со жөнде
көтерілу керек.
Мен Мұстафа үйінің қасына кеп түсіп, ылаушымды қайтардым да,
ұйқыдағы үй ішін оятпайын деп:
— Ғаббасты шақырып шық!—дедім Шəкеңге. Ондағы мақсатым, Бекен
үйінде болып жатқан даудың мəнісін естияр Ғаббастан сұрап алу.
Тарантас кеп тоқтағанын үй іші естіген екен де, «кім екен?» деген оймен
үнсіз жатыр екен. Үйге Шəкең кіріп менің келгенімді хабарлаған соң, ауру
Мұстафа да, əйелі — Сілеусін де, Ғаббас та, ересек боп қалған Маржам да
көйлекшең қалыптарымен тысқа жүгіре шықты. Сағынып қалған қайғылы
туыстар менімен жылап керісті.
— Ие, үйге неге кірмей тұрсың?! — деді мауқын басқан Мұстафа.
— Бекен үйіне барайын деп ем.
— Неге?
— Дау боп жатыр дейді ғой...
— Ия,— деді Мұстафа күрсініп, ал,— қыз баланы бұрынғылар «ата-
анаға жау» дейтін еді, соның кері келіп жатыр.
— Неғыпты жау боп?
— Бұдан артық не қылсын: қалын, берген жеріне бармай, көңілі сүйген
біреумен қашып кетіпті...
— Бұның несі жаулық?
— Жаулық емей немене, шырағым? Бекенді өзін, білесің: балалары
болса жас, өзі өрттен күйіп қалған кемтар,— жұмысқа жарамайды, жүзге
жақындап отырған шешесі бар, дəулет жоқ, бар малы — жалғыз арық
мəстек пен бір бұзаулы сиыр, сонша қыруар жанды, Бекеннің жасап қалған
жалғыз қатыны асырап отыр. Сондай, өлмешінің күнін зорға көріп отырған
бейшара үйді, қашқан қызы əлекке салды да кетті...
— Не əлекке?
— Əлек емей немене: о заман да, бұ заман, жесір дауы деген оңай
болушы ма еді? Құда жағы мықты болса, жесірін кетірген жақты, іргесін
түріп шауып алмайтын ба еді? Уақ та сөйтейін деп жатыр деп естідім.
Даушылардан үйіле - төгіле қырық-елу кісі кепті деп естідім. Біздің
ауылдың атқамінерлері, бастығы өзіңнің ағаң — Нұртаза боп, сорлы
Бекенді қорғаудың орнына, жауларының жағына шығып, сорын біржола
қайнатқалы жатыр дейді.
— Не істемек дейді, сонда?
— Бекен Кеңбаймен ерте құда болған ғой. Нашар адам емес пе, күнін
зорға көріп отырған? Жыл сайын аздап ала берген де, бірнеше жыл ойына
алғаны көбейіп кетіп, қазір оның бəрін төлесе, шашы да шақ келер емес
дейді...
— Қанша мал екен, сонда?
— Уағы, ірісі бар, жиырмадан астам білем. Ал, Бекенде бар мал — бір
ат, бұзауымен бір сиыр. Бірер қой, ешкісі бар екен, даушыларға сойып
берген көрінеді.
— Сонда, «барлық малын теле дейді» дей ме?
—Əрине, солай деп қинайды ғой.
— Ол малды Бекен қайдан табады, қинағанмен?
— Барынша Бекеннің малын алатын көрінеді де, жетпегенін, анау,
Құсайын, Қожахмет, Шəйін сияқты ағайындарына төлететін көрінеді.
— Олар төлей ме, біреу үшін?
— Төлемеуіне қарай ма? Зорлықпен алмай ма?
— Жоқ, ол болмайтын шығар,— дедім мен.
— Болмағанда не істейсің! — деді Мұстафа.
— Советтің заңы ондай зорлыққа ұлықсат етпейді.
— Сол заң келгенше діңкесін қатырады ғой, Бекеңнің!..
— Келіп тұрса қайтесіз? —дедім мен күліп.
— Қайда?!—деді Мұстафа түсінбегендей таңданып.
— Мына, мен ше?..
— Сен?!— деді Мұстафа таңданған дауыспен,— сен Уақ пен
Сыйбанның атқамінерлеріне қарсы тұра аламысың?!.
— Əрине!
— Күшің келе ме, сонда?
— Əрине, келеді.
— Қалай?
— Маңайдағы орыс қалаларында советтің милиционерлері бар, соларды
алып келсем, атқамінерлеріңіздің екі аяғын бір етікке тығады...
Мұстафа түсінгендей аз кідіріп қалды да:
— Апырай, кіріспесең қайтеді осыған?—деді үрейленген дауыспен.
— Неге?
— Жуан сыңыр мұндарлар емес пе, не заманнан пəле бағып, тақыс боп
қалған? Сен əлі жассың, елдің қулық сұмдығынан тəжірибең жоқ, со
кəпірлермен ұстасам деп мерт боларсың!..
— Олардан мерт болар заман өткен,— дедім мен,— бұл қылықтарын
өкімет естісе, кездері абақтыда жылтырайды. Əуелі өздеріне осыны айтып
көрем. Көнсе көнді, көнбесе заңға айтам...
— Қайдам, қарағым! — деді Мұстафа толқып,— қылықтарына
қарағанда, не істесең де рауа. Бірақ, ойлан, байқа. Айлакер қу иттер мерт
қып кетіп жүрмесін!..
Ғаббас екеуміз қазір кетейік деп ек, Мұстафа рұқсат етпеді.
— Бүгін кетіп жатқан жоқ олар,— деді ол,— естуімше, ертең де
кетпейді.
— Неге?
— Мұндай дау-шарда атқамінерлердің құдайы береді: дауды сылтау ғып,
олар қона -түстене жатып, айыпты жақтың діңкесін қонағасымен құрытып
кетеді. Бекен отырған Болат аулына даушылар келгелі төрт-бес күн болды,
содан бері оннан аса тоқты жепті деп есітем. Əлі де тоқтысын
шығындандыратын бес-алты үйлері бар көрінеді. Соны тауыспай, өлсе
кетсін бе, құзғындар!..
— Сен онда бүгін бармай-ақ қой,— деді Мұстафа, аз кідіріп,—
барғаныңмен, түн ортасы əлдеқашан ауып кетті, олар кешкі астарын
əлдеқашан ішті. Сол асын сіңіруге кеңесіп отырған болар, кешікпей жатады
олар. Бүгін үйге кіріп ұйықта таңертеңгі асыңды ішіп бар.
— Дұрыс,— дедім мен.
Үйге кіріп, төсек сап жатқанмен, өзгелері ұйықтағанмен, қатар жатқан
Мұстафа екеуміз ұйықтаған жоқпыз.
Ол маған Қамза өлгеннен кейінгі бір қайғысын айтып кетті: Қамзаға ол
Жайылған руындағы Мəтіш дегеннің қызын айттырған, қыз ер жетіп осы
жазда ұзатып əкелгелі жүрген. Қыздың жəне Мұстафаның бақытсыздығына
қарай, Қамза өткен қыс өлген соң, Мұстафаның қызды Ғаббасқа қосқысы
келеді, қыз оны жассынып тигісі келмейді.
Бұның арты дауға айналып, Мұстафаның жоқшысы есебінде Нұртаза
көтеріледі де, Жайылғанынан барымта алдырып, Мəтіштің тізесін еріксіз
бүктіреді. Жайылғанның атқа -мінерлерін параға сатып алу арқылы,
Нұртаза дауда дегенін істетіп, алған қалың малына қоса, Мəтіштен көп
айып алады.
— Бұның аты жауыңды жеңу ғой? —десем:
— Менің жеңуім емес, Нұртазаның жеңуі,— дейді Мұстафа.
— Неге?
— Даудың жеңісі менікі болды да, пайдасы атқамінерлердікі болды.
— Неге?
— Мəтіштен ірісі - ұсағы аралас жиырма бір бас мал əкелінген еді, содан
маған бір-ақ бұзаулы сиыр тиіп, өзгесін атқамінерлер «сауға» деп үлесіп
алды. Көрерсің: Уақ жағы мен Бекен мен оның туыстарынан көп мал алды
бар ғой, мен сияқты, сорлы Кеңбайға да мал тимей атқамінерлер бөліп
алады...
Таң ата қалғыған мен, күн төбеден ауа, дау боп жатқан ауылға барсам,
даушылар Шəйіннің бозғылдау кең, кигіз үйіне лық тола түстеніп отыр
екен. Сойылған семіз тоқтының еті, есік алдындағы жер ошақта асылып
жатыр. Осы хабарды естіп асыққан ба, немесе, басқа себептер болған ба,
Шəйін ағай да Қызылжардан кеп қапты. Оның да, Зылиқа жеңгейдің де
қабақтары салбыранды.
Үйге сəлем бере кіріп, босаға жаққа отыра кеттім де, сөздеріне құлақ
түрдім. Дау біткендей, əлдене қызық əңгімені «біреу бастап, біреу қостап»
дегендей бəрі де қарқ - қарқ күлкіде...
Аздан кейін Шəйін ағай маған ым қақты да, екеуміз далаға шықтық.
Мұстафаның айтқаны рас екен. Ақсақал сотының үкімі: Кеңбайдан
алынған бір сиырдың соңына ұлылы-кішілі он бес мал ертіп беру, оған
қосымша Бекеннің қора-қопсысын сатып ақшасын беру.
— Осыған не шара істеуді білмей, сандалып отырған жайым бар
шырағым,— деп бітірді Шəйін сөзін.
— Неге сандаламыз?— дедім мен.— қарсы тұрамыз!..
— Қарсы тұрғанда не істейміз?
— Айтамыз, мұндай қиянатқа қазір жол жоғын.
Үйге кіріп, ақсақалдарға заңсыз іс туралы айта бастап ем, олардың
кескіндері - сұрлана қалысты. Мен сөзімді бітірген кезде, кескіні ашудан
бозарып, денесі дірілдеп кеткен Нұртаза, тұқырған басын көтеріп ап, маған
одырая қарады да:
— Дұрыс үкім екен мұнікі. Байбарақтың бұл бір баласы, мен бір
баласымын. Сөзін жықпайын. Ағайын, дау бітті деп сана енді!.. Қазір
аттанарда, анау менің ауылымның сыртындағы желімді қиып, екі айғыр -
үйір сауын биемді айдап кетіңдер! —деді.
— Бұның өзі қайдан шыққан неме? —деді Уақ руынан Қыдырма деген
бишіген Нұртазаға, қолымен мені нұсқап, маған қатулана қарап.
— Нұртазаның бір Мұқан деген немере ағайыны өліп, соның жетім
баласы қалды дегенді естіген жоқ па ен,? Осы сол!..— деді «қазықбас
Смайыл» дейтін кісі Қыдырмаға,— «өз асыраған текешігім, өзімнің басыма
секірді» деген екен біреу. Сол айтқандай, жетім қалған күнінде тəрбиелеп
өсірген Нұртазаға істеген жақсылығы мынау болса, оның атасына лағынет.
Нұртаза, сен кейіме, біздікі біткен дау. Біз кəзір аттанамыз да, Тілеген
тұқымының малын айдаймыз. Қарсы келген Мұқанның баласын керіп
алайық.
— Сөз осы!—деді Қыдырма жүгініп ап,— əй, Шəйін,— деді ол, ақыра
сөйлеп,— сен ғой осы өнерді үйретіп отырған бұ балаға? Қызылжардан
үйреніп келген өнерің ғой ол? Салмақтасайын деген екенсің, ал,
салмақтастым мен!.. Бəлем, көріп алайын сенін, əуселеңді!.. Əкелдір, анау
асыңды тезірек!.. Ішеміз де, аттанамыз. Егер өзіңе жан керек болса, мына
ақсақалдардың бəтуə қылған малдарын жинап əкеп байлатып қой, əйтпесе,
қашан Қызылжардан төре шығарып, мені шауып алғанша, мен қамшының
ұшымен шірітем!..
Одан əрі қайымдасудың реті жоғын көрдім де, мен шығып кеттім. Шəйін
тұнжырап отырып қалды. Мен тура өз ауылыма тарттық, ондағы ойым —
Мұстафаның үйіндегі кішірек чемоданымда қалған наганды алу да, қайтып
кеп қайрат көрсету. Ауыл адамының мылтықтан өле қорқатынын білем.
Өйтпей, Анновкада тұрады дейтін милицияға барып қайтам десем, мен
оралғанша, даушылар Бексы ауылын шауып əкетеді, одан кейін оларды
ұстау қиын...
Жаяу жүріспен ауылға беттеп келе жатқанымда, Құмдыкөл жақтан
шаңдатқан атты көрінді, беті біздің ауыл. Пар атты мені ауылға дейін қуып
жетті. Өте бергенде қарасам, тарантаста қарулы екі милиционер отыр,
алдында ылаушы. Мұндай қуанбаспын!..
— Тоқтаңыздар! — деп айғай салдым мен.
Олар кілт тоқтай қалды. Жүгіріп келсем, екі милиционердің бірі қазақ,
бірі орыс. Екеуі де жиырма бестер шамасындағы жас жігіттер. Екеуінің
басында да қызыл əскердің жұлдызды жазғы шлемі.
Аз сөзбен ғана өзімді таныстырып, одан кейін ауылда боп жапқан
уақиғаны айтып ем:
— Өте жақсы,— деді орыс милиционері,— іздегеніміз осындай еді, біз
оларға «ақсақал сотын» жасаудың не екенін көрсетеміз.
— Əрине, көрсетеміз,— деді қазақ жігіті де күліп.
Олар мені тарантасына мінгізіп ап, дау боп жатқан ауылға бұрыла
тартты...
— Не істейміз?—деді орыс милиционері, маған қарап, — Бəрін арест
жасап, Дмитриевкадағы милиция штабына жөнелтеміз бе, болмаса,
қолдарынан «дау бітті» деген расписка алып, ауыл-ауылдарына қуамыз ба?
— Штабқа жөнелту керек! — деді қазақ милиционері. Ғасырлар бойына
осындай қиянат жасап үйренген олар, таяқ жемей жуасымайды.
Мен ойланып қалдым да, «бара көрейік» деген жауап бердім.
Мылтықты екі адам менімен Шəйінің үйіне саудырап кіріп барғанда,
қорыққан атқамінерлердің кездері шарасынан шығып кете жаздады.
— Кəне, түрегеліңдер, тегіс! — деді қазақ милиционері, қолына ұстаған
винтовкасын ұсына беріп, түстері қуқылдана қалған атқамінерлер теп-тегіс
өре түрегелісті.
Кипе, еріңдер, менің артымнан! — деді милиционер.
Мылтығын көлденең ұстай тысқа шыға берген оның соңынан
атқамінерлер де шұбыра шықты. Біреуінде де үн жоқ. Тек, Нұртаза ғана
менің қасымнан өте беріп, «қылдың да, тындың» деп сыздана қарады.
Милиционерлер оларды Бекеннің жыртық үйіне апарып қамады. Мана
бір кіргенімде түгелімен жылап отырған бұл үйдегі бейшара адамдардың
кескіндері қазір жадыраңқы екен. Не уақиға болғанын білген олар,
атқамінерлерді милиционерлер қоршай алып кіргенде, «бəлем, жеңілдіңдер
ме!» дегендей күлімсірей қарасты.
Атқамінерлерге милиционерлер үкімін төз естіртті. «Бас бұзарлық
жолмен, Совет өкіметінің заңына қайшы кеп, нашар адамға қиянат
істегендеріңіз үшін, сіздер жауапқа тартыласыздар. Жауап Дмитриевка
милиция штабында алынады», деді олар. Қамалғандардың ішіндегі ең
қорқағы томпақ көзді кішкене Уəтəй екен. Жаңағы сөзді естігенде, оның
былай да шодырайған екі көзі, оқ тиген қоянның көзіндей сыртына
айналып кетіп:
- Қарағым - ай, Сəбит - ай, жанымызды алып қала гөр енді! — деп
жылап қоя берді. Өзгелерінің де, Нұртазаның да өңдері біржола сынды.
— Ал, біз ылау даярлатамыз! — деп милиционерлер і ысқа шықты. Мен
де шықтым.
Менің ойым — бұдан былай ақсақал сотына тиым болу үшін,
атқамінерлердің милиция штабына барып қайтуы қажет.
Милиционерлерге мен осы ойымды айтпақ ем, сол сəтте, гол араға
Нұртазаның Мырзағазысы келе қап:
— Бері кеп кетші! — деді маған, көптен оңашалана кіріп...
— Ал, бұл адамдарға не істемек боп жатырсыңдар? — деді ол
оңашаланған соң.
— Не істесе де заң істейді. Милиционерлер оларды штабқа жөнелтеді.
— Өзіңнің көксау ағаңды да ғой?
— Əрине. Жіберсе, бəрін бірге жібереді де...
— Сен өйтпе, Сəбит! — деді Мырзағазы,— жақсылыққа жақсылық
қайтар!..
— Қандай?
Өткен қыс қой, сен ауырып өлуге айналдық? Сонда жеркенбей, туыс
керіп, осы құшағыма баладай көтеріп, емші Құсайынға апардым ба?
— Апардың.
— Алладан ба, одан ба — шипасы боп жазылдың ба?
— Жазылдым.
— Молдағазыны сен жақсы көретін ен, ғой?
— Рас.
— Оны мен маған өкпең бар ма?
— Жоқ.
— Дəл осы сағатқа дейін менің саған өкпем жоқ. Ал, енді, мені
өкпелемесін десең, туыс көрсең, адам көрсең, көксау кəрі адамды
милицияға айдатпа. Жазығы бары рас. Осындай бірдемеге ұшырарын
білгендей, «Мекалай заманы емес, совет заманы, араласпа, бұл дауға!» деп
ем, бұрыннан атқамінерлікке үйреніп қалған бейшара, сөзімді тыңдамады.
Соған қарағанда, жазаға іліксе де оқасы жоқ. Бірақ, көксау, кəрі кісіні
қайтесің айдатып? Əрі, биыл баласы өліп қайғылы. Жəне бүліне
жаздағанмен əзірге бүлінген де ештеңе жоқ. Қорқып та қалды өздері.
Бұлардың бірінші жеген таяғы бұл. Енді қайтып, бұлар бұндай дауға өлсе
жуымайды. «Даудан бас тарттық» деген қолдарынан қолхат алдыр да,
босаттырып жібер...
— Береді ғой, ондай қолхатты?
— Ойбай-ау, не деп отырсың?!. Өмір бойы мұндай дауға араласпауға
десең де берер...
Шəйінға жəне милиционерлерге ақылдасып ем:
— Қалдырсақ қалдырайық, бірақ қолдарынан дауға жоламаймыз деген
подписка алайық, — деді олар.
Біз үйге кірдік.
— Сіздердің қылықтарыңызға қарағанда,— деді қазақ милиционері,—
ең ауыр жаза лайық. Бұл жұмыстарыңыз үшін ең кемінде екі-үш жыл
абақтыға отырасыздар. Біз соны істейік деп ек, мына Тілегенов, Мұқанов
жолдастар өтініш қып сұрап алды. Бұл жолы ғана емес, бұдан былай да
ақсақал сотына араласпаймыз деп, қолдарыңыздан подписка берсеңіздер
босатамыз, əйтпесе, штабқа жөнелтеміз.
Атқамінерлер қойдай маңырап, қозыдай шулап подписка беруді
мақұлдай кетті де, қазақ милиционері, қазақ тілінде араб əрпімен жазған
подпискаға бəрі жапырлай қол қойысты, хат білмейтіндері бармақтарын
басты.
Судан шыққан суырдай боп атқамінерлер жан-жаққа сүмірейе тарай
бергенде, іргелес қонған Жаманшұбардың үш ауылының момын
шаруалары, Бекен үйінің, маңына жинала бастады. Болған уақиғаны естіген
олар:
— Е, бəсе, осылай болса керек еді ғой, бұл!.. Совет өкіметі — кедейдің
өкіметі деген сөз осы екен ғой!.. Бұл өкімет былтыр күз орнағанмен, баяғы
атқамінер залымдар тізгінделмей, озбырлығын жүргізіп кеп еді, бəлемдер,
мұрындары қанай соққы жеді... Жүндері жаман жығылды өздерінің.
Əрдайым осылай болса, ете тамаша болды бұл!..
Со күні кешке аттанып кеттім, бетім — Баймағамбет Ізтөлиннің үйі,
ойым — оның əкесі Қанапиямен кеңесу, қарындасы — Айтжанды көру,
əндерін есту...
Ол үй мені бұрынғы жылы қабағымен қарсы алды. Түнді біз
бұрынғыдай сауықпен өткіздік. Біз тағы да түнді ен,- сере жатып, қалын,
ұйқыға кеттік... Бір кезде салдыр-гүлдір бір дыбысқа ояна келсем, əлдекім
орысшылап:
— Мұқанов здесь? — деді. Даусы қатаң жəне ызғарлы сияқты.
— Здесь,— дедім мен төсектен басымды көтеріп.
— Вставай!.. Одевайся!..
Есімді жисам, кигіз үйдің ашық есігінен, көтерілген күннің сəулесі түсіп
тұр. Орысшылаған адамға көз тіксем,— сыртында əскерлік ұзын қара
шинель, сол жақ жеңінің үстінде жасыл шұғадан ойған ай мен жұлдыз,
иығында кавказдық жасыл жалбағай, басында маңдайында жасыл жұлдызы
бар қара шлем, аяғында шпорлы етік. Оны Қанапия да, мен де тани кеттік.
Кейін жат адам боп кеткен о кісінің псевдонимы «Шұға» болатын. Ол
менімен, бұдан бірер ай бұрын ғана Қызылжардан айрылысқан: мен курсқа
оқуға түскенде, ол əлдене қызметпен Орынборға кеткен. Екеуміз бір-
бірімізді көптен білетін адамбыз да. Баймағамбет те солай болатын. Жəне
оның үйімен, жақын жүретін.
— Е, Шұға аманбысың? — деді Қанапия оған. Шұға жауап қайырмады.
— Е, саған не болды орысшылап?! — деді Қанапия, ұнатпаған дауыспен.
— Сен тұтқынсың! — деді Шұға маған жекіген дауыспен.
— Өй, Шұға - ау, есің дұрыс па өзіңнің? Бұның не өзі?!—дедім мен оның
манадан бергі сөздерін қалжыңға жорып.
— Молчать!—деді ол дікеңдеп. Мен сені тұтқынға аламын.
— Не үшін? — дедім мен, енді ғана оның сөзін рас көре бастап.
— Оны тиісті жеріне апарған соң сөйлесем.
— Расын, ба, осы сөзің?
— Мен ойнап тұрған жоқпын.
— Сен былшылды қой! Не оттап тұрсың өзін,? Есің дұрыс па, əлде
жынданып
тұрмысың?
Неғыл
деп
тұтқындайсың
м!ені?
Сенің
тұтқындағаныңа көнем бе мен?
— Қалай көнбейсің? Мен Киркрайдың особый уполномоченныйымын .
— Мейлің, кім болсаң, о бол, онда менің жұмысым жоқ. Мен де қашып
жүрген кісі емеспін, өкіметтің қызметкерімін.
— Бірақ, мендей қызметкер емессің.
— Əркім өз орнында үлкен. Қылмысым болса айт та, əйтпесе, шатаспа.
Сенде мылтық болса, менде де бар.
— Шырағым-ау, осы істеп тұрғанын, не? — деді Қанапия да Шұғаға
кейіп,— жат біреуің емес, мұқатып алам дейтін. Бірге өсіп, біте қайнаған
құрбысыңдар, бұ немене өзі істеп тұрғаның?!.
— Осындай да ойын бола ма екен? — деді шымылдықтан киініп шыға
келген Айтжан Шұғаға.
— Ойыным емес, шыным,— деді Шұға.
— Е, сонда неғыпты бұл?
— Бекеннен пара алыпты.
Мен сақылдап кеп күлдім.
— Неге күлесің? — деді Шұға түйіліп.
— Не қылжақ қып тұрсың да, не жындысың, екеуінің бірі. Мынауың есі
дұрыс сөз емес.
— Ендігі сөздің төркіні белгілі болды,— деді Қанапия.— Рас айтып
тұрсаң, мынауың ұят болды. Шұға шырағым.
— Үстінен арыз бар.
— Е, арыз болса, əуелі тексеріп алмаймысың?
— Өзім де соны істегелі тұрмын.
— Осы екеуің далаға шығып келіңдерші,— деді Қанапия,— мұнда
зілденетін түк те жоқ. Біріңе біріңнің бағынғыларың келмей отыр ғой біздің
көзімізше, оңаша шықсаңдар түсінісесіңдер.
— О да болсын,— деді Шұға.
Екеуміз далаға шыққасын, мен «мұның, не?» деп келе жатыр ем:
— Оны қой! — деді ұшқалақ мінезді Шұға.— Үстіңнен арыз түскені рас,
менің тексеруге хақым бары да рас... Бірақ, əлгім,— дұшпан көзі
қалжыңым ғана. Соны түсініп көне қойған болған, да ештеңең кетпейтін
еді. Өкпелеп қала жаздадым ғой өзіңе.
— Міне қызық! — дедім,— тұтқындаудың да ойыны бола ма екен?!.
— Мен осы елдің судьялығына сайландым. Документім қалтамда.
— Жақсы болған,— дедім мен,— бірақ мынадай судья бола ма? Əсіресе,
Совет заманында?..
— Ол туралы айтыспайық. Қыздың тиген жігіті зорлап алып қашыпты
деседі, соны əдейі барып білеміз бе?
— Білейік,— дедім мен.
Екеуміз ат жектік те жүріп кеттік. Біз қызды əкеткен жігіттің аулына
барғанда күн көтеріліп, ауыл адамдарының алды тұра бастаған көз еді.
«Үйі сонау» деген қоңырша үйге барсақ, жандары əлі ұйқыда екен, түндігі
жабулы.
— Əуелі мен кіріп оятып шығайын,— дедім мен Шұғаға.— Бұл үйдің
адамдары маған таныс болушы еді.
— Жоқ, бірге кіреміз.
— О да болсын, бірақ сенен өтініш, мінезін, əрі жылдам, əрі тығыз
адамсың, асығыс қимыл жасап ұят болып жүрмесін.
Шұға үйге менен бұрын кіріп еді, мылтық даусы шаңқ ете қалды.
Шошына қалған мен де асығып үйге кірсем, үстінде жалғыз көйлегі бар
Мағпи, қолына наган ұстаған Шұғаны, жалақтатқан пышақпен есікке қарай
қуып келеді екен. Шұға «шегін, атам!» дейді, Мағпи «сен атқанша, мен
жарам» дейді. «Атам» деушіден, «жарам» деушінің қимылы да, сөзі де
батылырақ. Шұғаны сол жасқана шегінген қалпымен, Мағпи менің артыма
əкеп тықты.
— Сен иттің баласын,— деді Мағпи Шұғаға, мен ұстай алған пышақты
қолын дірілдете безеп тұрып,— мені зорлап əкеткің келеді ғой? Мекалай
заманы емес, Совет заманында көнем бе оныңа! Кəне, ер болсаң жақындап
көрші!..
Совет өкіметінің əйелге, əсіресе, ғасырлар бойына қалың малға сатылған
қазақ əйелдеріне берген бас бостандығын түсінген əйелдің даусы еркін
жəне қатты шықты.
«Міне, азат əйел!» деп сүйсіндім мен ішімнен.
|