Өмір мектебі. 1 кітап



Pdf көрінісі
бет91/107
Дата21.12.2023
өлшемі5,35 Mb.
#142380
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   107
Байланысты:
mir-mektebi-sabit-mukanov 2

АЛТЫНШЫ ТАРАУ
КҮРЕС КҮНДЕРІНДЕ
КАЛИНИННІҢ КЕЛУІ
Көшеде күбір көбейе бастады:
— Не естідің сен?
— Немене естуші едім!
— Жаңалығын, жоқ па дегенім ғой.
— Не жаңалық?
—Қалаға келген - кеткен бөгде ешкім жоқ па екен?
Жауап беруші «ə-ə-ə...» деп əлде не жаққа хабар барын естіген қалпын
көрсетеді де:
— Тегі, өзіңнің бір жаңалық естіген түрін, бар сияқты ғой, айтсайшы
оны, оспақтатпай!—дейді.
— Не естіді деп ең?
— Жұмбақтауды қояйық, — дейді анау, енді турасынан кеп.— Қалада
бір зор жаңалық боп жатыр дейді ғой?
— Қандай?
— Бүкіл Россияның Старостасы келіпті деп жүр ғой, осы қалаға?
— Кім ол?
— Михаил Иванович Калинин!
— Қойшы - ау?!. «Староста» деп тұрғанын, не оны?
— Орыс сөзі емес пе ол? Ел басқарушыны «Староста» демей ме орыс
халқы? Бүкіл Россия үкіметінің бастығы емес пе, Калинин жолдас?..
Еңбекші көпшіліктің ең сүйікті адамының бірі емес не, ол кісі?.. Сүйікті
бастығына, халықтың қойған аты емес пе, «Староста» деп?..
— Түсінікті. Рас па екен келуі?
— Рас деседі. Өз вагонымен келіп, темір жолдың бір тұйығында тұр
дейді. Бүгін ғана кепті.


— Не жұмысқа келді екен?
— Оншасын білмедім. Бүкіл Совет өкіметінің бастығы, əрине, ұсақ
мəселемен келмейді, Неде болса, бір зор мəселемен келді ғой бұл.
— Мүмкін, Жол соқты тоқтаған шығар?
— Жоқ. Білетін кісіден естідім. Əдейі арнап біздің Ақмола облысына
келіпті. Петропавлда бірнеше күн болады дейді.
Михаил Ивановичтің келу сыры кешікпей ашылды. Ертең кешке театр
үйінде Қалалық Партия жиналысы шақырылатыны мəлім болды. Не мəселе
қаралатыны ешкімге арналып айтылмағанмен, жиналыс Михаил Иванович
Калининнің, келуіне байланысты екенін жорамалдамаған коммунист жоқ.
Тек, олардың тап басып жауап бере алмайтын сұрауы,— «жиналысқа
Калинин жолдастың өзі қатынаса ма екен? Болмаса, оның не себепті келуін
қаланын, басшылары ғана айта ма екен?»
Жұрт, əрине, Михаил Ивановичтің өзі келгенін аса тілейді, соның бірі
менмін... Тілемегенде ше?!. «Совет өкіметі, — еңбекші бұқараның өкіметі»
деген ұғым, со көпшіліктің бойына сіңіп болған. Бақытты болашағы осы
өкіметке байланысты еңбекші көпшілік, осы бақытты өмірді жасауға
кіріскен өкіметтің Старостасын көруге неге құмартпасын!..
Көруге құмартқан жұрт, Калинин жолдастың өмірбаянын бір-бірінен күн
бұрын сұрасып, білісіп алды.
— Неше жаста екен өзі?
— 1875 жылы туған. Ендеше биыл қырық бесте.
— Крестьян ба екен, жұмысшы ма екен?
— Тверь губерниясындағы кедей крестьянның семьясында туады. 1893
жылы, 18 жасында жұмыс іздеп Петербургқа келеді, де, «Старый арсенал»
заводына үйренуші боп қызметке кіреді. Онда екі жыл ауыр еңбек
атқарғаннан кейін, Путилов заводының жұмысына ауысады. Сонда жүріп,
«жұмысшы табына бостандық əперу үшін күрес одағына» тартылып,
революциялық істерге араласады. Сөйтіп жүргенде патшашыл полицияның
көреген көзіне шалынады да, Петербургтан қуылады. Бірақ ол,
революциялық істерге қызу араласуынан танбай, Петербургтан Ревельге,
одан 
Тифлиске 
ауысқанмен, 
большевиктер 
ұйымдарымен 
тығыз
байланысты болады. Сөйтіп жүріп ол əлденеше рет тұтқынға алынады,
əлденеше рет жер аударылады. 1906 жылы Стокгольмде ашылған
большевиктер съезіне өкіл боп барады. 1917 жылы болатын февраль
революциясынан кейін ол Петроградқа қайтады да, Ленин — Сталин
партиясына, Социалистік Ұлы Октябрь революциясын ұйымдастыруда көп
жəрдем береді. 1919 жылы Бүкіл Россиялық Орталық Атқару Комитетінің


председателі Яков Михайлович Свердлов жолдас өлгеннен кейін, сол
жылғы апрель айынын, үшінен бастап, со қызметіне сайланады... Бұл
қызметінің үстіне ол Россиялық Коммунист (большевиктер) Партиясының
Р. К. П. (б) Орталық Комитетінің жəне саясаттық бюросының мүшесі...
Бір қызық мəлімет: Мұқатай Жəнібеков (1871—1931) деген кісі болды,
жұрт оны «Угар» десетін. Оның кім екендігі туралы, ұмытпасам, 1925
жылы (немесе, 1926 жылы) «Еңбекші қазақ» газетінде, «Біздің Угар» деген
атпен менің жазған кең көлемді очеркім бар. Бұл арада қайталап қысқаша
айтқанда, оның туған жері Қарқаралы оязы. Кедей семьясында туған ол жас
күнінде жұмыс іздеп кетеді де, атақты Лена алтын кеңіне барып, шахтаға
түседі..
Ауыр азаптық жұмыстағы шахтерлар 1912 жылы көтеріліс жасағанда,
Угар бастаушылардың қалың ортасында болады. Патша өкіметі көтерілісті
қан-жоса ғып басып, атылғандардан қалғандарын өмірлік каторгіге
бұйырғанда, Угар осы тізімнің ішінде жүреді. Содан кейін шахтада үнемі
қамаумен жұмыс атқарған ол, əлдеқалай ебін тауып қашады да,
Екатеринбургу (қазіргі Свердловск) барады. Сол арада ол қолға түсіп
абақтыға жабылғанда, (дəл қай жылы екенін ұмыттым), Михаил Иванович
Калинин жолдас, сол абақтыда қамауда екен. Угар екеуі сонда танысады.
1920 жылы Петропавлдық ояздық милиция начальнигі боп қызмет
атқаратын Угар осы таныстықты сөз қылғанда, біреулер нанып, біреулер
нанбайтын еді, нанбайтындар дерек сұрайтын еді. Калинин жолдас
Петропавлға тоқтаған хабары естілген соң, «таныс кім бар екен?» деген
сұрау туғанда, əркімдер Угарды ,аузына алды.
— Ендеше,— десті əркімдер,— көрерсіздер, Калинин жолдасты қалаға
əкелгенде, қарсы алушылардың ішінде Угар да болады.
— «Боладың» не?—десті кейбіреулер,— егер ондай жақындығы болса,
қазір Калининнің вагонында отырмағанын қайдан білесін,?
Бұл сөздердің бəріне менің құлағым елеңдей қалды, өйткені,— Угармен
танысып үлгергем, оның үйіне барып жүретінмін. Ендігі ойым, егер
Угардың Калинин жолдасқа жолыға алатыны рас болса, соны сатылап
барып Бүкіл Россиялық Старостаны көріп қалу.
Угар маған турасын айтты.
— Калинин жолдасты күзету міндеті милицияда емес,ЧЕКА да,— деді
ол,— сондықтан, билеп еш нəрсе айта алмаймын. Политбюроның
начальнигіне сөйлесіп көрейін, не деген жауабын түскі ас көзінде айтайын,
со кезде осында келе ғой.
Мерзімді кезде келдім. Угардың айтуынша, қазір Батыс Сібірдің барлық
бастықтары Петропавлда. Оларды Калинин шақырып алған. Дəлдеп


айтпағанмен, 
Угардың 
жорамалдауынша, 
Петропавлда 
болатын
жиналыстың мəні аса зор болу керек, тегі Калинин астық мəселесімен келу
керек. Мен өз тілегімді кездетіп ем:
— Сөйлестім,— деді Угар,— бірақ, тиянақты жауап ала алмадым. Бір
ғана үміт бар: ертең Калинин жолдас театрдағы партия жиналысына
келгенде, күзетке коммунистер қойылатын көрінеді. Тізімі бүгін кешке
Укомда жасалады. Онда сені жақсы білетін кісі бар ма еді?
— Соколов жолдастың өзі жақсы біледі.
— Тем лучше, — деді Угар.— Өзін, сөйлесесің бе, мен сөйлесейін бе?
— Сіз сөйлесіңіз!.. Маған ыңғайсыздау болар.
Ертеңіне таңертең ертемен келіп ем, Угар қуаныш хабар айтты:
— Тілегің орындалды,—деді ол,— бүгін түнде Калинин жолдастың
вагонын күзететін комунистердің тізіміне кірдің. Укомға бар қазір, вагон
күзетіне қай кезде баратыныңды сонда айтады.
— Жай ғана күзет болмай ма? — дедім мен.
— Саған қандай күзет керек еді?
— Көре алам ба, дегенім ғой.
— Неге көрмейсің? — деді Угар.— Михаил Иванович вагоннан
шықпайды деп ойлайсың ба? Вагоны алыстағы бір тұйықта тұр. Қасында
екпе тал бар. Бос уақытында ол сонда серуендейді. Өзі өте кішіпейіл адам.
Көрерсің,, көзіне түссең - ақ шүйіркелесіп сөйлесе кетеді.
Укомға барсам, мені түнгі кезектің тізіміне жазып қойған екен. Күзетте
ауысқандарға арналған грузовик бар екен. Соған мініп, он кісі ымырт
жабыла күзет орнына жүріп кеттік.
Қызылжар вокзалынан батысқа қарай тартатын темір жол, төрт-бес
шақырымдай жердегі биік жарды жағалап отырады, со жолдын, теріскей
жағында, қыс қар тоқтату үшін еккен қалын, тал бар. Темір жолдын, бір
тұйығы осы талдың ішіндегі кең алапқа кіріп тоқтайды. Михаил
Ивановичтің вагоны сол тұйықта екен. Алапты айнала, бағандардың
басында əлектр жанып тұр.
Күзеттің штабы, алаптың шетіне салынған кішірек ағаш үйде екен.
Командир бізді қабылдады да, бұрынғы күзетті қайтарды...
Күзетке кезектесіп екі адамнан тұрады екен. Алғашқы екеудің, біреуіне
мен тұрдым. Қолымда винтовка. Тəртіп жайын білем. Біріне бірі тіркелген
күрең, түсті үш вагонның екі жақ қабырғасына серігіммен екеуміз,


винтовканы көлденең алып, ерсілі-қарсылы жүреміз.
Қараңғы түн. Төңіректе жанған электр жарығынан түн пердесі қарауыта
түседі. Мезгіл — октябрьдің аяғы, күн райы суытқан. Сібірлік өлкелерде
көктем алдында жəне күздігүні есіп кететін «қара дауыл» аталатын желдің
басталған шағы. Оның екпіні бүгін де қатаңдау... Біраздан бері қара
доңғалақтанып қата бастаған жердің бетіне, мана, күндіз себелеп қар
жауып өткен. Аспанды қоршаған бұлттың, түріне қарағанда, кешке
қалыңырақ жауар деп жобалағанбыз. Сол жоба дəл келіп, біз күзетке тұра,
қар қайтадан жапалақтай жауып, боранға айнала бастады... Бірақ, біз тоңа
қояр емеспіз, киім онша жылы болмағанмен бойға .бүгін ерекше бір қызу
да пайда болған сияқты: терезесінен жарығы жылтыраған тым-тырыс
вагонның ішінде Калинин жолдас отыр... Оны көруге құмарта түсем,
құмартқан сайын қызына түсем...
Бір кезде ортадағы вагоннан үш адам шыға келді. Жүрегім əлденеге
лобли қалды... винтовканы жамбасыма баса сіресіп тұра қалдым. Серігім
көзіме түссе, ол да солай... штаб үйіне көзім түссе, онда отырғандар да есік
алдында қаз-қатар тұра қалыпты.
Вагоннан жерге түскен адамдардың үстінде қысқы киім, бастарында
құлақшын. Олар тура маған қарай жүрді, шеткі екеуін танымадым, ал
ортадағы — Михаил Иванович Калинин... Дəл өзі... дəл портреті...
Маған олар бас изеп амандасты да, ілгері кетті. Ар жақтан машина
гудогі естілді, фардың жарығы көрінді...
Үшеудің, біреуі қоштасты да машинаға қарай кетті екеуі бері оралды,
оның бірі — Калинин... сөздеріне құлақ түріп тұрмын,— ауа райы туралы...
Олар жақындағанда, мен басымды кекжитіп, сіресе түстім. Маған таяна
беріп:
— Сəлем, жас жігіт! — деді Михаил Иванович.
Сасқаным ба, əлде тəртіп сақтағаным ба, мен қимылсыз қалпымды
өзгерткен жоқпын.
— Тоңған жоқсыз ба? — деді Михаил Иванович.
— Жоқ, жолдас Калинин! — дедім мен, честь беріп. Дауысымнан
қалтырағандық белгі байқалды.
— Көптен тұрсыз ба?
— Жаңада ғана.
— Қазақсыз ба?


— Қазақпын.
— Фамилияңыз кім?
— Мен аты-жөнімді айттым. Күзетте тұрған кісімен одан көп
ыңғайсызданғандай, «өте жақсы» деді де, Михаил Иванович жөнеле беріп:
— Бізге шай ішуге кіріңіз! —деді.
Мен өзіме - өзім олар алыстаңқыраған кезде ғана келе бастадым.
Калинин жолдастың кескін - кейпін, дене тұлғасын айқын көрдім,— орта
денелі, кең, жаурынды, еңкіштеу жүріп, аяқтарын жылдамырақ басатын кісі
екен; кескіні портретіне ұқсайды, бірақ жансыз портретте, тірі кескіндегі
жанды жылылық дəл келе қоймаған, оған дауысындағы жұмсақтық пен
сыпайылықты қосқанда, искусстводан өмірдің əлдеқайда бай екендігі көзге
баттиып көрінеді... Қандай жұмсақ, кішіпейіл адам!..
Мен сол оймен қарап тұрғанда, Михаил Иванович пен серігі вагонға
кірді. Сол кезде командирім жүгіріп кеп, «Ия, не болды? Не деді?» деп
сұрауды жаудыра бастады. Мен оған жауап беріп үлгірмей Калининнің
қасындағы адам қайта шықты, мені шайға шақырды.
— Рахмет! — дедім мен.— Бара алмаспын.
— Сізді Михаил Иванович келсін деп өтінді.
— Барыңыз! — деді командирім.
Командирдің бұйрығымен мылтықты екінші күзетшіге бердім де, өзім
Калининнің серігіне еріп вагонға жөнелдім. Жолшыбай сұрасам, сақал-
мұртын қырған бұл сақа жігіт Михаил Ивановичтің жəрдемшісі екен.
Бұған дейін менің көргенім, дағдылы пассажирлік вагондар ғана
болатын. «Жұмсақ» аталатын вагоннің барын естігем, бірақ көрген жоқпын
да. «Международный» немесе «Салонвагон» аталатындардың барын
білмейтінмін де.
Кейін сұрасам, Калинин «Салонвагонмен» келген екен. Ондай, вагон
барын кермек түгіл естімеген адам, есігінен кіре əрине, қайран қалар еді,
мен де сөйттім: жəрдемшіге еріп вагон ішіне кірсем, еденіне кілем төсеген
коридор!.. Терезелеріне көгілдір барқыттан перде құрылған!.. Оң жақта
перде құрылған терезелер, сол жақта перде құрылған есіктер!.. Вагон іші
былғары сияқты күрең түсті нəрсемен қапталған!.. Есіктердің тұтқалары
жарқыраған жез!..
— Мұнда жүріңіз,— деп жəрдемші бастаған бір бөлмеге кірсек, онда да
төселген кілем... Оның да қабырғасы күрең түсті былғарымен қапталған...
Босағада былғары жұмсақ диван... Ортаға стол, онда жайылған сəнді
ыдыстар... Жұмсақ орындықтар... Əр бұрышта кең ағаш ыдысқа есірген гүл


мен үй ішінде өсетін ағаштар... Бір қабырғада зор айна... Төргі қабырғаның
жоғарғы жағында Лениннің портреті... Диван үстінде балалайка жəне көп
тілді (бір қатарлы) сырнай, бұрыштағы бір кішкене столдың үстінде
шахмат қобдиы жəне бірнеше кітап!..
— Отырыңыз! — деді жəрдемші.
Мен отыра қоймадым. Таңдана қараған көзім төңіректе, ойым
Калининде, «ол қайда!» деп ойлап тұрмын...
Бір кезде пижама киген Калинин кіріп келді. Ол маған тағы да қолдасып
амандасты да:
— Неге шешінбей тұрсыз? —деді...
— Шешіндіріңіз,— деді ол жəрдемшісіне,— кешкі асты кешіктірмей
əкелдіріңіз!
Мен коридорға шешініп қайтып келсем, Михаил Иванович диван үстінде
балалайканың шектерін қозғап ермек қып отыр екен.
— Отырыңыз! — деді қасынан орын нұсқап.
Өзімді шамаласам, манағыдай емес, бойым үйреніп қапты. Қарсы
отырған маған:
— Орыс арасында тұрғаныңыз бар ма, жас жігіт? — деді ол.
— Бар,— деп, мен оған орыс поселкелерінің бала шақта бақташысы
болғанымды айттым.
— Ананы қара! — деді Михаил Иванович, онда сіз деревняның əдет-
ғұрпын да біледі екенсіз ғой?
— Аздап...
— Мəселен?..
Мен білгенімді айта бастадым... Содан менің биографиямның беті
ашылды.
Сұрау, жауап арқылы, менің кім болғанымды, кім екенімді білгеннен
кейін жəне бұл маңайдағы ауыл - қалалардың хал-жайын біраз сұрағаннан
кейін:
— Мүмкін, енді көңілділеу кеңеске көшерміз?—деді Михаил Иванович.
Олай деуіне, менің саяси, шаруашылық мəдениет мəселелерінде кездесіп
жүрген халдерді қоюлата айтуым болды ғой деймін. Ол сөздерді мен,


«мені, шайға шақырғанда, жергілікті хал-жайды сұрауды ойлаған болар»
деген оймен əдейі айттым. Бұл халдерге менсіз де оның көзі жеткен болу
керек, өйткені, уезд бастықтарымен сөйлесуден басқа ол кеше қаланы,
бүгін жақын жердегі ауыл - селоларды аралап келді деп естігем. Қалада да,
ауыл -деревняларда да хал — ауыр; өткен екі соғыстың жəне көп жерде
құрғақшылық 
болудың 
салдарынан, 
аранын 
ашқан 
аштық 
пен
жалаңаштықтың лебі сезіліп тұр... Соның бəрі туралы мен айтқан сөздерді,
қабағын шытына тыңдаған Михаил Иванович, ауыр сөзімді жеңілдеткісі
келді ғой деп жорамалдадым:
— Орыс музыкасы сізге ұнай ма? —деп сұрады менен. Оған себеп менің
диван үстіндегі музыка аспаптарына қарай беруім болды ғой деймін.
Мен орыс музыкасын сүйетіндігімді, əсіресе, сырнайды сүйетіндігімді
айттым.
— Өзіңіз ойнай білесіз бе? — деді ол.
— Ептеп, сырнайға... Бірақ нашар ойнаймын...
Михаил Иванович менен сырнай ойнауды өтінді. Мен сырнайдың оң жақ
пернелерін ғана баса білем жəне екі қатардың емес, бір-ақ қатардың, ғана.
Сол жақ пернелерін басуды білмеймін. Екі жақ пернесін қатар басайын
десем, білгенімнен де жаңылып қалам. Бір жақ перненің өзін де мен
сыпылдатып жылдам ойнап кете алмаймын. Ақырын ойнағанда, бұл жақ
пернеден мен қазақ əндерін түгел келтірем, ал орыстың əн-күйлерінен бар
білетінім: «Саратовские частушки», «Златые горы», «Камаринская».
Бұларды мен шебер ойнамай, тек жобасын ғана келтірем, өлең текстерін де
шалағай білгенмен, əнін дəл айтам.
Менің орысша сырнай тартып өлең айтқаным Михаил Ивановичқа
қызық керінді. Кей жерінде күле отыра ол құмарлана тыңдады.
Қазақ əндерін оның бірінші естуі екен. Айта қалғандай шебер
болмағанмен, даусым да оншалық жақсы болмаған кең, қазақ өлеңдерін
мен, əрине, бірсыдырғы тəп-тəуір орындаймын.
Калинин жолдасқа мен, бірнеше əн айтып беріп ем, көпшілігін құмарта
тыңдап, жақсы баға берді. Бұл бөлмеге жиналған оның серіктері де сөзін
қолдап отырды.
— Искусствоға жақын жігіт екенсіз,— деді əндерді тыңдап алғаннан
кейін,— сіздің артист боларлық түріңіз бар екен.
— Мен жазушы болудың соңында жүрген кісімін,— деп, мен бұл
талапқа қашан кіріп, не істегенімді, не істеп жүргенімді айтып бердім.
Бұл сөзге Михаил Иванович елеңдей қалды да, менің білім жайымды


сұрап кетті:
— Оқу керек, — дейді Михаил Иванович, оқуымның аздығын білгеннен
кейін,— міндетті түрде оқу керек.
Ол маған не Совпартшколаға, не рабфакқа баруды ұсынды:
— Егер, деді ол,— қажет деп тапсаңыз, қалаған мектебіңізге қазір-ақ
орналастыруға болады.
— Оны Укоммен ақылдасайын,— дедім мен.
— Партиямен ақылдасу жақсы сипат,— деді Михаил Иванович.— ертең
Соколов жолдасқа мен де айтармын. Биыл кешіктіңіз. Алдағы оқу жылына
даярлану керек.
— Мақұл,— дедім мен.
Əуелі ужин, оның артынан шай келді. Ac үстінде Михаил Иванович
қазақтың əдет-ғұрыптарын сұрады, кейбір ертегілерін айтқызды. Орыс
тілін менің шала сөйлеуім, оның қызыға тыңдауына бөгет болған жоқ.
Шайдан кейін мен қызметіме баруға рұқсат алдым. Вагоннан мен
кеудеме сыймастық қуанышпен шықтым. Өйтпегенде ше!.. Совет
өкіметінің ен, биік мекемесі — Бүкіл россиялық Атқару Комитетінін,
бастығымен сөйлесу, аз олжа ма?.. Əсіресе, мен сияқты. төмендегі
қатардың қызметкеріне?..
Мендей адамға соншалық көңіл бөліп, соншалық жылы шырай көрсету,
тек советтік құрылыстың ғана көзінде болатынына, іс жүзінде көзім айқын
жетті. Мен жүрген маңайға Совет өкіметімен бірге келген «жолдас» деген
жылы сөздің мəні қаншалық зор екендігін айқын көрдім... Ия, қызметі
соншалық жоғары бола тұра, сөзінде, қылығында, мінезінде Михаил
Иванович шын жолдас екен. Тек, жолдастыққа тəн жұмсақтық пен
жылылық барлық бейнесінен көрініп тұр. Өкіметтің сондай жоғарғы
бастығымен жолығып, оның шын жолдастығын көзбен көрген мен, не
деген бақыттымын!.. Шіркін, енді Ленинге жолығып осылай сөйлессе!..
Будкадағы жолдастарым мені қоршап қарсы алып, не кеңес болғанын
естігеннен кейін, қолымды алып құттықтады...
— Не деген кішіпейіл адам! — деп таң қалысты олар...
— Оған таңданатын ештеңе жоқ,— деді командир,— өкімет еңбекші
халықтікі. Өзі де еңбекші халықтан шыққан адам. Оның осындай адам
болуы заңды.
— Ол өз алдына тұр ғой,— деді біреу,— мына сияқты,— деді мені
көрсетіп,— кішкене кісіге көңіл бөліп сөйлесуі ғажап қой!


— Рас,— деді командир,— бірақ өзгемізді шақырмай, мұны иеге
шақырды? Соны білемісің?
— Қайдан білем, менімен ақылдасқан жоқ.
— Білмесең мен айтайын: бұның қазақ екенін көрді де, қазақ жайларын
сұрағысы келді...
— Ол жайды сұраса, басқарушы оқыған қазақтар да бар емес пе,
осында? Солардан неге сұрамайды?
— Əдейі, осындай төмендегі адамнан сұрайды, бұндай адамдарды
халыққа жақын деп біледі, халықтың жайын осындайлар кеп көреді деп
ойлайды.
— Рас,— десті басқалары.
Ертеңіне болатын партия жиналысы кешкі сағат жетіде басталды...
Ертеңіне іңірде, театрда болатын партия жиналысына баруға шықсам,
көшелер мен алаптарға адам сыймайды. Қайдан естігенін кім білсін,— əр
адамның аузындағы сөз:—«Калинин келіпті!.. Бүгін кешке театр үйінде
жиналыс өткізеді дейді...»
Алаптар мен көшелерде иін тірескен адамдардың арасынан салт атты
əскерлер Калинин жолдас мінген автомобильге жолды əрең ашты.
Сығылысқан қалын, жұрттың арасынан жүріп келе жатқан машина қай
тұста екендігі, шапалақтаған қолдар мен Старостаға сəлемдескен
дауыстардан ғана байқалды...
Мен тыста Михаил Ивановичты көре алған жоқпын, сондықтан, төз үйге
кіріп керуге асықтым. Онда да «ине тастаса жерге түспейтін» тығызшылық
екен. Қоңырау қағылып, жиналған жұрт залға кіріп жатыр, біреулер
алыстан, біреулер жақыннан көргенін айтып, біреулер көрмегенін айтып,
жиналғандар азан-қазан...
Бірінші қоңыраудан кейін залға сығылыса кірген адамдардың арасына
қыстырыла, алдыңғы қатардан мен де орын алдым. Міне, енді үшінші
қоңырау соғылды... Аз уақытта у-шу да басылды... Төңірек жым бола
қалды. Сол кезде сахнаның шымылдығы ашылып кетті... У-ду шапалақ
соғылып, залды жаңғырықтырып жіберді...
Кеше көзім қаныққан құрметті Калинин жолдасты тани кеттім!.. Сөз
оған бірінші боп берілді. Одан кейін де талай сөйлегенін көргенде
байқағаным,— ол үнемі трибунаға жымиған кескінмен, жеңіл қимылмен
аяқтарын жылдамдата басып шығады да, трибуна қасына келгенде, айтар
сөзін ұмытып қалған кісі сияқтанып, сол жақ қолының саусақтарымен
желке шашын қобыратып аз тұрады... Кейін қайырғанмен, көтеріле беріп


маңдайдан төбеге қарай тура айрылған шашын ол ұзын ғып қояды. Сол
шаш самайына қарай сусып түсе берсе, ол қолын желкесінен алады да,
маңдай шашын төбесіне қарай бір сыпырып тастайды... ұмытқан сөздері
сонда ғана есіне түскендей, ол тағы бір жымиып, жұмсақ дауыспен сөзін
қулана бастай жөнеледі...
Əдетте ол «мен сөзге шешен емеспін» деп бастайды. Онысы
сыпайылығы екенін төз аңғара қоясың. Егер шешендікті сөзді сапылдай
айтып, пулеметтен атқан оқтай бұрқыратуды айтсақ, Михаил Ивановичтың,
ол тұрғыдан қарағанда шешен емесі рас. Бірақ, сапылдауда емес қой
шешендік, сөздің салмағында, мағынасының тереңдігінде ғой. Калининнің
осындай сөздің иесі екенін оны тірідей де тыңдаған, жазғанын оқыған
кісіде білмейтін кім бар? Əрине,— жоқ!.. Сонда, ол, мемлекеттік, немесе,
философиялық нендей салмақты сөздерді, қалжың сияқты байырғы
сөздермен еңбекші көпшіліктің ұғымына терең сіңетін түрде айтып береді.
Петропавл театрында да ол осы стилін бұзбастан, əуелі көпшілікті
күлдіре Совет өкіметінің орнауымен құттықтап алды да:
— Бұл жолы мен сіздерге Москва мен Петроград халқының сəлемін ғана
əкелдім,— деді,— олардың сəлемінен соң айтқаны,—«Ақмола облысы бір
қыста бізді азық-түліктен тарықтырмасын, ол қарызды біз де бірдеме ғып
өтеуге тырысамыз...»
Қалжыңын араластыра, жұртты күлдіре айтқан бұдан кейінгі сөзінен
тыңдаушылардың аңғарғаны: Өкімет шынында да Москва мен Ленинград
халқын биыл азықтандыруды Ақмола облысына жүктейді екен...
Бүкіл россиялық Старостаның күлдіргі сөздеріне өзу тарта, кейде
сақылдай күле отыра, бұл жиналысқа қатынасқан əрбір коммунист,
мəселенің аса салмақты екенін ұғынып отыр... Өйтпегенде ше!.. Тұтас
алғанда, со кезде алты миллион халқы бар деп есептелетін ол екі қаланы
жыл бойына азықтан қамтамасыз ету, халқы жарты миллионға жетпейтін
бір облысқа оңай боп па!.. Қиын болғанда амал нешік!.. Кеше ғана
аяқталған 
азамат 
соғысынын, 
жəне 
соңғы 
бірер 
жылдың
құрғақшылығының салдарынан азықтан тарығып отырған екі астананы со
күйінде қалдыруға бола ма?.. Ол екі қала ғана ма, азықтан тапшылық керіп
отырған?.. Ішкі Россияның бəрінде солай емес пе?.. Соның бəрін алдағы
жылдың, егісі орылғанша, аранын ашқан аштық - ажалдан сақтап қалу
қажет қой?..
Желпініс сөзге шыққандардың бəрі осы бағытта сөйледі. Сонымен қатар,
олардың ерекше астын сыза айтқан сөзі: «Петроград — Россияның
пролетариаттық революциясының ошағы. Москва — Советтік Россияның
астанасы. Сондай екі үлкен астананы азықтандыру, биыл негізінде Ақмола
облысына жүктелсе, бұл аса құрметті міндет, ендеше, оны орындау керек.
Істі ұйымдастыра білсе, орындауға мүмкіншілік толық...»


Ұзаққа созылған жиналыс, Ақмола облысынан үш миллион пұт
астықты, 43 мың бас малды үш айдын, ішінде Москва мен Ленинградқа
жеткізуге қаулы алды. Бұл қызметті атқаруға коммунист атаулы жұмсалмақ
болды.
Жиналыс таңға жақын тарады. Совет өкіметінің ен, жоғары өкілі боп
келген Михаил Иванович Калинин жолдастың сөзі əр коммунистін,
құлағында кетті. Олар осы сөзді бұлжытпай орындауға бекінді жəне көп
күрес, аса қиындықпен орындалды да, ол туралы сөз — алдағы
тарауларда...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет