ТҮПКІ ТАМЫРЛАР
— Қалай, бала, ризасың ба, енді?— деді Сефең маған, үйге қайтып келе
жатып.
— Əрине, ризамын.
— Ендеше, бүгін тынышталып бір ұйықта!..
Сефең екеуіміз ұйқымызды қандырып оянсақ, күн түске тармасып
қапты. Жастық шіркін қойсайшы! Кешегі түнді кірпік жұмбай өткізген мен,
əрі сілем қатып шаршағанмен ұйқы қанып тыныққаннан кейін, денем
жараған аттай жинақталып сергіп қапты...
— Сарайға барсақ қайтеді?—деді Сефең — онда салқынырақ болар, үй
ысып кеткен екен.
— Оқасы жоқ.
Қасымызда ұйықтаған Бүкірді оятпастан, екеуміз сарайға шықтық та,
салқынға отырып, кеңеске кірістік. Бұл арада Сефеңді тағы да өз тілімен
сөйлетіп көрейік.
— Ия, бала, қалай, сонан соң, сол себептен, сөйткен уақытында,
əлгіндей кеттің, бе бүгін?
— Ия, Сефе, өте жақсы ұйықтадым! — дедім мен, Сефеңнің бұл
«нетіпі» менің ұйқымның қануына арнаулы екен деп ойлап.
— Түсіңе ештеңе кеткен жоқ па?—деді ол күлімсіреп қойып.
— Немене «нетуші» еді?— дедім мен де жымиып қойып,— бандылар
қамауда, көңіл жақсы, ұйқы қанған, осыдан артық рақат бола ма?
Сефең ойнақы кескінін бұл арада салмақтандыра қойды. Енді оны
«нетіпсіз» сөйлетейік.
— Бұл бандылар қамауда болғанмен,— деді Сефең, — өзге бандылар
қамауда емес қой!..
— Ол «бандыларыңыз» кім?
— Бүкіл буржуазия атаулының бəрі банды. Қолынан келмейді, егер,
қолынан келсе, олар Совет өкіметін түтігі жіберер еді.
— Əрине.
— Буржуазияның біздің елде қалған сімілтірлері басын көтеріп байқап
еді, одан ештеңе шығара алмады. Сен осым'ен күрес бітті деп ойлайсың ба?
— Бітпегенде не істейді?
— Ойбо-о-ой, шырағым - ай, əлі тəжірибең азғантай баласың ғой.
«Күрес» деген, шырағым, қолма-қол төбелес қана емес, идеология
майданының күресі, физикалық күрестен кем емес.
Сефеңнің айтуынша, күні кеше ғана Совет өкіметіне қарсы боп жүрген
алашордашыл адамдардың бірсыпырасы, қазір советтік жəне партиялық
қызметтерге орналасып алған.
— Мысалы, сен Мағжан Жұмабаев деген ақынды білесің ғой?—деп
сұрайды Сефең менен.
— Білем.
— Ол ғой, аузынан қаны аққан контрреволюционер?
— Ия! — деп, мен оған өткен жаз мұғалімдер мен Мағжанның арасында
болған жанжалды баяндап бердім.
— Со Мағжан қазір қайда деп ойлайсың?— деп сұрайды Сефең.
— Қайда?
— Совет өкіметі орнағаннан кейін, Омбыда қазақ тілінде «Кедей сөзі»
атты газет шыққанын білесін, ғой?
— Білем.
— Емельян Ярославский деген жолдасты білемісің?
— Білмеймін.
— Көп нəрсені білмейсің сен. Саған оқу керек,— деп қойды да, Сефең
сөзін əрі қарай жалғастырып əкетті.— Ярославский Большевиктер
партиясының алғашқы мүшелерінің бірі, — деді ол,— 1898 жылдан бері
революциялық істердің қалын, ішінде келе жатқан адам, «Социал-
демократ» дегенді білесің бе?
— Терең білмегенмен, нұсқасын жобалаймын.
—
Социал-демократияның
1903
жылдан
бастап
«большевик»,
«меньшевик» боп бөлінгенін білесін, бе?
— Хабарым бар.
— Ярославский кəрі большевик. Ол Лениннің ең сенімді шəкіртінің бірі.
— Жақсы кісі екен ғой,— дедім мен, Сефеңнің жолдас Ярославскийді
бұл араға неге тығындап отырғанын білгім кеп,— ия, о кісі не істепті?
— Ісі кеп о кісінің,— деді Сефең.— Менің айтқалы отырғаным, 1920
жылдың басында Ярославский жолдас, ЦК - ның Сібірлік бюросына
қызметке келді де, идеология жағын басқарды, əсіресе — баспасөз жағын.
Жоғарыда атаған «Кедей сөзі» газетін ұйымдастырушы со кісі... Со газеттің
Қызылжарға көшкенін естідің бе?
— Жоқ.
— Естімесең, Ақмола мен Семей болыстары биылғы көктемнен бастап
Кир. Крайға бағынғаннан кейін. «Кедей сөзі» Қызылжарға кешіп, аты
«Бостандық туы» болды... Жақын арада со газеттің бетінде Мағжанның
«Ертек» атты ұзақ өлеңі басылды, мазмұны ағып тұрған контрреволюция!
— Онда не айтады екен?
— Кенесары мен оның баласы Сыздықты мақтайды жəне оларды
«орысқа қарсы еді» деп мақтайды, жəне онымен ғана қоймай, бүгінгі
қазақтарды сол Кенесары мен Сыздықтың жолын қуып, Россияға қарсы
көтеріліс жасауға шақырады. Оның аты,— қазақ халқын Совет өкіметіне
қарсы үндеу деген сөз...
— Апырай-ə, рас айтасыз ба?..— дейім мен, мына сөзге нанғым келмей,
қалайша ашықтан ашық Советке қарсы бола алады?!» деген оймен.
— Əй, сен жүгіріп үйге барып келе қойшы,— деді Сефең жаңа ғана
біздің қасымызға кеп, кеңеске құлақ түріп отырған Бүкірге.— Төрде
тігілген газеттер ілулі тұр, қазақша газет, «Бостандық туы». Əкеле қойшы,
соны!
— Апыр-ай, Сефе, менің де кеңес тыңдағым кеп отыр,— деді Бүкір.
— Сен келгенше кеңесімді доғара тұрайын, жүгіріп барып келе ғой!
— Сен оны айтасың — деді Сефең,— Алашорда партиясының үш
көсемі бар еді ғой: Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатов. Осы үшеуі де Совет
өкіметіне сөзбен ғана қарсы боп қоймай, «Алаш» атты армия құрып,
құралды күреске шыққан еді ғой, сөйтіп, қан майданда жеңіліп қашқан еді
ғой. Бөкейханов пен Дулатовтың қайда екенін білмеймін, Байтұрсыновты
білем.
— Ия, ол қайда?
— Ол қазір, біздің «Кир. Край» аталған республикамызда Оқу
Комиссариатының комиссары боп отыр!..
— Қойыңызшы?!
— Қалай екенін кім білсін, біздің Большевиктер партиясына мүше боп
алған дейді өзін!
— Сұмдық қой мынау!..
— Əрине, сұмдық!.. Кешегі алашординец... бүгін большевик!»
— Қалай болғаны сонда?!.
— Менімше, ол біздің партияны алдап кірген, немесе, партияға одан
бұрын тонын айналдырып кірген біреулердің көмегімен өткен...
— Со күйінде қала бере ме ол? —дедім мен Сефеңнің сөзін бөліп.
— Менімше,— қалмайды. «Қасқырды қанша асырасаң да орманға
қашады» деген орыста мақал бар. Алашордашыл адам, əсіресе оның
Байтұрсынов сияқты идеологтері ешуақытта коммунист бола алмайды. Ол
төз арада əшкереленіп, біздің партиядан қуылуға тиісті...
— Онда жақсы болар еді...
— Болады солай!..
— Байтұрсынов белгілі «бекбике» ғой,— деді Сефең — «Мен мұнда!»
деп айғайлап тұрған адам ол. Оның қуылуы оңай. Қиыны артында...
-ЧО не?
—
Байтұрсыновтардың
жұмсауымен
біздің
партияға
кіретін
алашордашыл жастарда аз болмайды. Олардың көбі кедейшіл болғансып,
солақайлана келеді... əне, олармен күресу, қиын... Жəне ұзаққа созылатын
күрес ол!..
— Апырай, ə!.
Сол кезде газетті құшақтап Бүкір де кеп қалды. Газеттің Сефең
көрсеткен нөмерінің ішкі бетін қарасам, Мағжанның поэмасы екі беттің
астыңғы жағын белуарынан жоғары қамтыған екен, сыдыртып оқып
шықсам, Сефеңнің сөзі түп-түгел рас. Поэмада совет өкіметіне
қарсылықтың сасық иісі жаныңды түрішктіргендей аңқып тұр.
— Сефе - ау, сұмдық қой, мынау, — дедім мен, поэманы оқып болғаннан
кейін.
— Рас,—- деді Бүкір,—басын балтамен шауып өлтіретін ит қой мынау!
— Уау, сендер бүгін ас ішпейтін бе едіңдер? — деген əйел даусына жалт
қарасақ, сарайдың есігінен күлімсірей қарап тұрған Бəдіғұл жеңгей екен.
Асты тəтті даярлайтын Бəдіғұл жеңгей, ет пен ақ ірімшікті араластырып,
жеуге өте сүйкімді түшпəра даярлап қойған екен. Жеңгеймен əзілдесе
отырып, түшпəраға тойып, шайға қанғаннан кейін:
Біздің кеңсеге барайық, — деді Сефең.
— Барайық,— дедім мен.
— Мен ше? — деді Бүкір.
— Сен, аттарыңды қырға шығарып оттатып кел...
— Бүгін оттатармын, ертең оттатармын.... бүрсігүні. . одан əрі қайтем?
— Аулыңа қайтасың да, — деді Сефең.
— Алда сақтасын, — деді Бүкір.— Бандиттердің өздері қамалғанмен,
тұқымдары, тілектестері бар емес пе, ауылда?.. Олар мені тірі қояды деп
отырсың ба, Сефе...
— Бұл ойланатын мəселе екен,— дедім мен.
— Жақсы, ойланармыз,— деді Сефең, — əуелі атыңды оттатып
келсейші, жігітім. Бір сені тірі сақтаудың амалын табармыз.
— Ал, інішегім,— деді Сефең, мекемесіне қарай аян,- дап келе
жатқанда,— сонымен, қызмет атқарған болысыңа қайтасың ба?
— Оны ояздық Ревком шешеді де.
— Бар десе барасың ба?
— Өзіме салса, бармас ем.
— Неге?
— Бүкір айтқандай, мына қамалған бандиттердің тілектестері маған
қастық қылмай қояды дейсің бе?
— Со да сөз бе екен,— деді Сефең күліп,—«ұрыдан, қорыққан мал
жимайды, шегірткеден қорыққан егін екпейді» депті. Бандыдан қорқып
қызмет істемейміз бе?..
— Істейміз,— дедім мен тосылып қап.
— То-то и дело!— деп Сефең жымиып алды да,— мен де сол болысқа
қайтып бармау жағына шығар ем,— деді, — жассын, əлі, тəжірибең жоқ,
білімін, аз. Саған ең қызығы оқу ғой. Міне, біз, сендей жас шағымызда оқи
алмай, бармағымызды енді тістеп, жүрміз. Қазір біз сияқты орта жасты
кісіні оқуға жібере де алмай жəне өзіміз де оқу қиыншылықпен қонатын
сары - кідір боп қалдық. Сенін, нағыз оқу қонатын шағың. Қазір өн,гені
қойып оқуға кетуің керек. Маркстің, Энгельстің, Асниннің кітаптарын
оқып алмай, жақсы коммунист болу қиын...
— Өзімнің де ойым сол еді, — дедім мен.
— Ол дұрыс,— деді Сефең — бірақ, сен менің мына бір тілімді алшы!
— Айтыңыз.
— Оқу күздігүні ашылады ғой, оған дейін сен біздің политбюрода
қызмет атқар. Бұл өте қызық қызмет. Əсіресе, қазір... Қазір бандиттердің
істері тексеріліп жатыр, содан нелер қызық мəселелерді кездестіресің жəне
көп сабақ аласың. Алдағы өмірін, мен қызметіңе ол сабақтың пайдасы
тиеді...
Сефең мені осы ұсынысқа көндірді... Оған ояздық Ревком да қарсы
болған жоқ. Мен мініп келген жүйрік күрең мен Бүкір мініп келген көк
байтал милицияның қарамағына берілді... Төз арада, ауылдарда Ревком
орнына исполкомдар сайланып, Бүкір басқа бір болысқа ауылдық советтің
председателі боп кетті... Мен политбюрода қызметімді атқарып жаттым...
Сефең айтқандай — қызмет аса қызық... Бандиттердің өздерімен де,
істерімен де танысқан күндері, олардың кім екендіктерінен, не
істегендіктерінен жəне не істеуге ойлайтындықтарынан ұшан-теңіз сабақ
алдым...
Политбюро мені ара-тұра командировкаға да шығарып, кейбір
бандиттердің қылмысты істерін жасалған жерінде анықтап қайтуға жұмсап
жүрді.
Бір командировкада мен Рахымжан мен Нұрыштың, өліміне байланысты
істерді тексеріп қайттым. Бұл - екі жігіті бізге белгілі Шоқан Уəлихановтың
тұқымдары: Уəлидің бір баласы Шыңғыстан Жақып, одан Нұрыш, енші бір
баласынан Махмет, одан Рақымжан. Сырт естуімізше, бұл екі жігіт
коммунист болған да, бандылар көтерілісі көзінде өлтірілген.
Олардың мекені — бізге белгілі Сырымбет тауында екен. Көтеріліс
алдында Нұрыш болыстық Ревкомның председателі боп, Рахымжан
ауылдық Ревкомның председателі боп қызмет атқарады екен. Хан тұқымы
болғанмен, бұлардың шаруасы шағын, өздері совет тілегіндегі жігіттер
болады.
Серт
үстінде
біз,
оларды
өлтіруге
қатынасқан
бандиттердің
кейбіреулерін тауып алып Көкшетауға жібердік, енді біреулері ұстатпай
қашып жүрді, біреулерінің қайда екені белгісіз...
Оқушыларға қызғылықты болуға тиісті бір мəлімет мынау: Абылай
ханды біз білеміз. Оның үлкен шаңырағы Уəлиде, оның үлкен шаңырағы
Шыңғыста, оның үлкен шаңырағы Қоқышта болады екен. Менің Қоқышты
алғаш көруім 1913 жылы екені оқушылардың есінде. Енді, 1921 жылы
көрсем, бұрынғы қара сақалды Қоқыш ақ бурылданып қалыпты. Оның
шаруасы баяғыдай əлі де кедей екен. Со қалпында ол, баяғы көретін көп
жиһазды бытыратпай, «хан ордасын» салтанатты күйінде ұстайды екен.
Бандылар сол «орданы» талапты. Қоқыштың айтуынша, олар «ордадан»
мүлікті əлденеше бричкамен əкеткен, содан біздің тапқанымыз — бір жібек
кілемнің, пұшпағы мен, Уəлиге бірінші Александр патшаның сыйға
жіберген, іші сусар, тысы жасыл шұға, өңірлерін алтын зермен кестелеген,
жаға - жеңін құндыздаған тон. Кілемнің пұшпағы қызық: Қоқыштың
айтуынша, жібі де, түгі де шын жібектен жасалған бұл кілемді, Абылай
ханға Бұхардың Əмірі сыйға жіберген екен. Ұзындығы отыз көз, көлденеңі
жиырма көз бұл кілем, Уəли салдырған мешіттің кең залына төсеуге мол
жетеді екен. Бүктелген күйінде оны төрт жігіт көтереді екен. Кілем мешітке
ораза мен құрбан айтында ғана төселіп, өзге уақытта жыюлы тұрады екен.
Мына табылған пұшпақтың ұзындығы үш кездей, көлденеңі екі кездей,
ендеше, кілемнің Қоқыш айтқаны мөлшерлі екені рас...
Бірақ, менің, жаным күні бүгінге дейін кілемге емес, басқа бір қымбат
мүлікке ашиды: бандылар талаған мүліктің ішінде, Қоқыштың туған ағасы
Мақының альбомы да кетеді. Мақының енеден тіл-құлақсыз мылқау боп
туғанын біз білеміз. 1855 жылы апрель айында Шыңғыс Петербургта,
бірінші Николайдың азасына барады. (Со жолы ол бала Мақыны
Петербургдағы мылқаулар школына орналастырады,) кейін Мақы
Көркемөнер Академиясын бітіреді. Білетіндер оны аса суретші еді дейді.
Ол сөздің растығына, біз 1921 жылы бір бандының үйінен тауып алған,
жоғарыда аталған альбом куə еді. Альбомда қаланың, ауылдың жəне
табиғаттың нелер əдемі бейнелері болатын. Табылған альбомды Қоқыш
жігі - жаппар боп, жалынып сұрап алды. Бертінде сұрастырсам, Қоқыш
1924 жылы өледі, одан кейін альбомның қайда кеткенін ақылсыз балалары
білмейді... Қазақтан шыққан бірінші суретшінің бұл еңбегі аса қымбат еді,
бейғамдықтан жоғалып кете барды... Өте өкініш!..
Рақымжан мен Нұрыштың жұмысын тексеріп жүрген кезде, бізге
шапқын келді де, көршілес «Жаман жалғыз тау» аталатын өлкеде, тауда
жасырынып жүрген бандиттер ауылдық Ревкомның председателін өлтіріп
кеткен хабарын айтты. Барып тексерсек, ауылдық Ревкомның өлтірілген
председателі совет өкіметі құрылғаннан кейін ғана қызметке орналасқан
батрак жігіт екен. Қызмет бабында жүрген оны бандиттер ағаш арасында
ұстап ап, аяқ-қолын байлап, асып кетеді... Өлік сасып жатқан көзінде
табылады...
Біз бұл өлімнің, себебін тексеруге кірістік. Ол ап-айқын екен: бандылар
көтерілісінің көзінде, олармен күресуге өлген жігіт көп қайрат көрсетіпті.
Сондай адамды, қашып жүрген бандиттер аясын ба!..
Сыртқы себебі осы сияқтанып, протоколы да солай жазылып жатқанда,
өлген жігіттің əйелі көңіл бөлетін бір сөздің шетін шығара қалды. Жауап
алып отырғанда:
— Не қағаз екенін қайдан білейін,— деді келіншек жылап отырып, —
оның басына бір тарақ қағаз жатты.
— Неғылған қағаз?
— Орысша, қазақша оқып мұғалім боп жүрген біздің бір ағайын бар да,
со жігіт бандитке қатынасқан. Күйеуімнің басына сол ағайыны жетті...
— Қалай?!
— Со жігіт күйеуіме «осыны жан адамға көрсетпей сақта» деп,
көтерілістен бұрын бір бума кітап пен қағаз береді. Күйеуім қазақша хат
білетін еді, үйге əкелген қағаздарды ол ақтарып отырып, «бəрі де өкіметке
қарсы қағаздар екен» деп күлді... Мұғалім қағаздарын қайта сұрап алғанда,
бір қағазы жоқ боп шықты. Ол «бердім» дейді, күйеуім «көрген жоқпын»
дейді. Сосын екеуі қатты-қатты сөздерге келді де, анау күйеуіме, «сен
қағазды жойсаң мен сені жоярмын» деп кіжініп кетті... Ақыры дегеніне
жетті... көзін жойды!..
Əйелдің одан əрі сөйлеуге шамасы келмейді. Булыққан жастан тынысы
тарылып кеткен ол, өкіре жылап, қисайып жата кетті... Б.ір жағынан əйелді
уата отыра, біз со қағазды іздеуге ұйғардық. Ол үшін осы үйдің ішіне қағаз
тығуға мүмкіндігі бар қуыстың бəрін ақтару керек. Өксігін басындыраған
əйелден қағазды қайда тығуға мүмкіндігі барын сұрап ек, ол біраз ойланып
отырды да:
— Мына бір жерде болмаса,— деп орнынан түрегеліп, кішіректеу келген
сандықтың аузын ашты. Оның ішінен əлденелерді суырып алып жатқан
əйелдің қолына, газетке оралған бірдеме ілігіп шықты...
— Осы бір қағаздың ішінде болмаса, басқа жерде жоқ,— деді əйел,
газетке оралған қағаздарды біздің алдымызға тастай беріп.
Ақтарып көрсек, əр түсті, əр мөлшерлі қағаздардың беттеріне, ескілікті,
жаңалықты өлеңдер жазылыпты. Көпшілігі əнмен айтылатын халық
елеңдері. Соларға қарағанда бұл жігіттің елен, мен əнге əуестігі байқалды.
Сұрастырсақ, расында да солай екен... Сол үйде сыңғырлаған қарағай
домбыра тұр. Ауыл адамдарының айтуынша, өлген жігіт домбыраны бір
сыдырғы тəуір шертеді екен, қосылып əн де айтады екен.
Ақтарған қағаздардың ішінен, араб əрпімен жазылған бір қағазды
көргенде, көзімді жылан шағып алғандай, мен шошып кеттім.
— Табылды! — деп айқайлап жібердім мен.
— Не табылды? — деп шу ете қалды үйдегілер.
— Жоғалған қағаз табылды! Өлген жігіттің түбіне жеткен қағаз!..
— Не дейсің?! Неғылған қағаз екен ол?!.
Қағаздың мəн-жайын оларға айтудан бұрын, іштей тағы бір оқып ем, өз
көзіме өзім сенбеймін!..
«Неге?!» деп сұрайсыздар ғой, ардақты оқушылар.
Қағазға қол қоюшы Смағұл Садуақасовтың, со кезде Кир. Крайда
облыстық комсомолдар комитетінін, секретары екенін баспасөз бетінен
көргем. Оны мен, 1918 жылы Омбыдағы мұғалімдер курсына барғаннан
бері білем. Ол бізге жаратылыстан сабақ берген. Өзі Политехнический
институтта оқып жүретін. Арық, ұзын бойлылау, жалпақ беттілеу, май
мұрындылау, жалпақ ақ бұжыр кескінді бұл жігіт, ол уақытта
«толстовецпін» деп жүретін, алашорда жастарының белсенділерінің біреуі
болатын. Сондай адамның бірер жылдан кейін облыстық комсомолдар
комитетіне хатшы болды деген хабарын естігенде, мен «мұнысы қалай?!»
деп таңданғам да қойғам...
Міне, енді, алдымнан оның хаты кеп шықты. Хатты ол, кейін халық
жауы боп кеткен бір интеллигентке Москвадан кісі арқылы жіберіпті...
Хаттың мазмұны түгелімен Совет өкіметіне қарсы. Осындай сөздермен
пікірін ұзақ жазған ол, хаттың аяғында, «Совет өкіметінің өмірі қазір қылға
ғана ілігіп тұр... Антантаның шабуылы күшейетін... Қиыр шығыс та қарап
жатпас... Орта Азия жақта басмашылар көтерілісі белең алып барады...
Басмашыларды қазір өзіңе белгілі түріктің пашасы Ануар басқарып жүр...
Ішкі хал де ауырлады... Көп жерде қазір аштық... продразверстканың
қысаңқы жүріп жатқаны мынау... Бұған «сенін,» Сібірің де шыдай берер ме
екен?.. Онда да жуық арада бір зор уақиға болып қалмас па екен?.. Болуға
тиісті!.. Сонда сенін, де жəне де бізге тілектес азаматтардың да қарап
қалмаулары қажет... Əйтпесе, біз жаңадан құрылуға тиісті өкіметтен
сыбағалы орын ала алмаймыз» — депті...
Хаттық сөзі осындай!.. Жақында ғана күшпен басқан бандылар
көтерілісінің неден туғаны, оған қазақ байлары мен алашордашыл
оқығандардың неге қатынасқаны, маған енді ғана айқындала кетті!..
— Міне, қайда шошқалар! — деп жіберіппін мен,— міне, қайда,
бандылар көтерілісінің түпкі тамырлары!!
Оқушылардың есіне сала кетейік: Каз. Крайкомның 1926 жылы
Қызылорда қаласында шақырылған ІІІ - пленумда, Смағұл Садуақасовпен,
оған ергендердің байшыл -ұлтшылдық сырлары əшкереленгенде, 1921
жылы мен тауып алған осы хаттың мазмұны жарияланды... Ол
стенограммада сақтаулы...
|