КӨКШЕНІҢ БИІГІНДЕ
Көкшетау болысынын, байлары, менің оларға қаталдығыма қарап,
атымды «қара бөрік» қойды, олай дейтіні — бұл елге мен алғаш қара
сеңсеңнен жасалған папаха киіп келгем. «Қара бөрік айтты» десе, байлар
Ревком тарапынан барған бұйрықты қалт еткізбей орындайды, орындамаса
күш жұмсаймыз, өз күшіміз келмесе, мына жағы Бурабайда, мына жағы
Сəбдіде, мына жағы Қырау - қамыста тұратын, бандымен күресуші
отрядтарға айтсақ, құралды адамдар жібереді.
Бір күні бізге əлдекімнен арыз түсті. Оның айтуынша, Молдажанның
Омары дейтін əрі беделді, əрі малды біреудің аулынан, көңілі сүйген
келіншекті алып қашпақ боп барады да қолға түседі. Омар оның жоны
сыртын бірдей ғып сабайды да келіншекті тартып алып қалады.
Молдажанның Омарын Ревкомға шақыртып бір кісі жібереміз - Жоқ, екі
кісі жібереміз — жоқ... Не болды оларға?!.
Астыртын тағы бір кісі жіберіп білдірсек, Омар біздің адамдардың қару-
құралдарын алдастырып тартып алыпты да, өздерін сабап - сабап,
Бурабайдағы Қызыл Армия отрядына алып кетіпті. «Не үшін?» десек, Омар
оларға «мылтық атты, кісімізді сабады, қорқытып ас ішті...» деген сияқты
атты, жапқан түрі бар. Бұл жұмыстың анығына жету үшін, қасыма Fаббас
əнші мен Əбутəліпті ерттім де, пар атпен жүріп кеттім. Бетіміз Бурабай
тауы.
Кейде «Көкшетау», кейде «Бурабай» аталатын тау, Неғметжан аулынан
бұп - бұлдыр көкпеңбек боп көрініп тұрады. Жалғыз ол ғана емес, бүкіл тау
атаулының төбесі алыстан көгілдір көрінетін əдеті ғой, бірақ, Бурабайдың
көгілдірлігі өзге таулардан əлдеқайда кекшіл сияқты, бұл алыстан,—
Жерден аспанға өсіп шыққан көгілдір гəуһар тасқа ұқсайды.
Төңірегіне оралған ертегісі көп жəне алыстан көзіңді қызықтырып
тұратын тауды керуге, мен əлденеше рет құмартқанмен, жұмыс жағдайы
мүмкіншілік бермеген. Міне енді сол тауға келе жатырмын. Ғаббастың
репертуарында
«Қара - ай көз» деген əн бар. Шырқай биік басталып, ортасы баяулау
келіп, аяғы тағы да биіктей көтерілетін бұл əннің қайырмасы:
Көкшетаудың биігі - ай,
Бауырында ойнар киігі - ай,
Ғашық болған қара - ай көз
Басылар ма екен күйігі - ай,
Əй - уай, қара – ай көз
Қалдың кейін,
Мен не дейін,
Уəй қалқа, сен үшін,
Қайғы жейін! —
деп бітеді. Со Көкшетау əне тұр!.. Біз жақындаған сайын ол биіктей
түседі, көгілдір бейнесі мөлдірлене түседі!.. Біз оған жетуге асығамыз...
— Асыққанмен бүгін жете алмаймыз,— дейді Əбутəліп,— көрініп
тұрғанмен, бұл арадан елу-алпыс шақырым жер ол. Жетеміз десек
түнделетіп барамыз. Оның қызығы жоқ. Одан да жақындап барып қонайық
та, тауға ертең таңертең кірейік, тамашаларын сонда түгел көреміз.
— Мақұл. Қайда қонамыз сонда?
— Таудың дəл бергі етегінде Лəтай деген ауқатты үй бар. Өзі де, баласы
Қазығожада қонақ - жай, кеңесшіл адамдар, сонда қонайық.
Əбутəліптің жымысқы қулығы болатын. Со қалпына барып, ұртын
шұқырайта жымиып алады да, «Лəтайдың бір қызы бар» деп бастап, оны
елердей мақтайды.
— Көрерсің,— деді ол қызды көтермелей кеп,— сұлулығының үстіне,
қыз өзін аса еркін ұстайды. Əкесі де, үлкен ағасы Қазығожа да жігітшілік
құрып, сері боп өскен адамдар. Сондықтан ғой деймін, қыздың бетін
қақпайды. Үй-іші ойыншы, сауықшы. Қыз да сондай. Өзі ағып тұрған
əзілқой. Керерсің, біз үйіне барып түскен соң қыз бізді «ал, құрбылар, өлең
айтыңдар, домбыра тартыңдар!» деп əурелейді.
— Оған біз əзірміз ғой,— деймін мен елеңдеп.
— Əрине,— дейді Ғаббас.
Алпыстар шамасындағы Лəтай, оның отызды алқымдаған баласы
Қазығожа, расында «сіз - бізі» көп жайдары адамдар екен. Олар бізді
құрметпен қарсы алды. Қыздың сұлулығы да, мінезінің ашықтығы да рас
екен. Ол əзілдесе жанасып алды да, бізге де өлең айттырды, өзі де домбыра
тартып, өлең айтты. Ол əнші де, домбырашы да екен! Жасы он жетіде. Өзін
əлі ешкімге атастырмапты..
Сол күні мəжілістің қызған көзінде, орталау жуан денелі, көркем кең,
бетті, көселеу иекті мұрнының астынан қасқая біткен сирек буырыл мұртты
бір адам пайда болды. Аты-жөнін сұрап ек, Қазығожа «біздің бір
нағашымыз еді, Омекең деген кісі» деді де, ар жағын тəптіштемеді.
«Омекең» деген кісі бармақ біткен адамның домбырашысы боп шықты.
Бұдан
бұрын
Мұхамметқали
жəне
со
сияқты
нелер
жақсы
домбырашыларды көре - жүре, домбыраның шектерін бұлай қозғап,
пернелерін бұлай басқан бармақтарды мен кездестірген емеспін. Бұның
басуында домбыраның даусы, менің құлағым бұрын естімеген əлдене бір
нəзік дыбыстарды аңыратып кетеді... Бұған дейін мен білетін домбыраның
бұрауы
екеу-ақ
болатын:
бірі
əнге,
бірі
күйге
бұрау.
Талай
домбырашыларды көре - жүре, сол екеуінен басқа бұрауды кездестірген
емен. Ал, Омардың қолында, домбыра шектерінің кейде асты, кейде үсті
қатты бұралып, кейде екі шек тең, дыбыспен бұралып, кейде мен естімеген,
бір бұрастардың түрі көрініп... жалғыз бұраудың өзі ғана əлде неше
құбылады!.. Əр бұрастың, əрине, өзіне тəуелді тартысы бар. Омекең сияқты
кəнігіленген саусақтар болмаса, тосаң саусақтар ол тартыстарға иліге алар
емес!..
Мен Омекеңе де, домбыраға да қайран қалдым. Омекеңе қайран қалуым
— бұған дейін домбыраға мұндай тартқыш адамды кермеуім болса,
домбыраға қайран қалуым - егер, тартуын білсе, оның да шегі сегіз
пернесінен нелер ғажап дыбыстар шығарады екен!..
Домбыраның да, Омекеңнің де осындай биік енері туралы мəжілісте
болған адамдар кеп қошемет сөздер айтты. Мен де оларды қуаттадым.
Қазығожа қаршығашы жігіт екен. Оның отауында баптаулы сұлу
қаршыға тұғырда отырғанын іңірде көріп шыққам.
— Аманшылық болса,— деген Қазығожа, — ертең таң біліне .құсқа
шығып келерміз. Қаршығаның қанаты сау болса, күн көтерілгенше біраз
қызық көріп үлгерерсің.
Ол күнгі кешті біз домбыраның жəне мəжілістің қызығымен өткіздік те,
көздің шырымын алмастан, таң біліне Қазығожа, Əміржан үшеуіміз
қаршығаны алып салт атпен құсқа шықтық.
Қаршыға алғыр екен. Бабында жүрген ол, сілтеген құсты бұра
бастырмай іледі де түседі. Күн шыққанша ол бес, алты үйрек алды.
Қаршыға үйрекке ұмтылған кезде, былай да дегбірсіз Əміржан есінен
айрыла желігіп жүрді де, біраздан кейін Қазығожадан:
— Енді, маған бер! — деп өтінді.
— Айрылсам, бір құсына тұрармын, дүниедегі құс атаулы жалғыз осы
емес, тағы бір құс табылар,— деп Əміржан жабысып алды.
— Беруін берейін,— деді Қазығожа,—бірақ, қатты лақтырам деп жер
сүздіріп алма. Еппен ақырын сілте жəне құс алған жеріне жедел шауып
барма, шошытып аларсың, баяулап барып түс. Жəне құстан тұяғын
жазғанда, қолыңды бүргізіп алма!..
Əміржан жай ғана желөкпе емес екен. Ол да құс салудан ептеп хабардар
екен. Соны байқаған Қазығожа маған:
— Мына бір сазды, бұл жігіттің өзі айналып келсе қайтеді? Екеуміз осы
тұста аттардың сарығын бастырып, аяңдай тұрсақ, қайтеді? — деді.
— Болсын,— дедім мен.
Əміржан бізден бөлініп, өз қызығымен кеткенде, мінезі де, сөзі де
сыпайы Қазығожа, əдемі қоңыр көзін маған күлімсірете бір төңкеріп қарап
алды да:
— Шырағым, аталарымыз айтқан екен, «түсі игіден түңілме» деп. Түсің
игі інім екенсің, жағынғаным емес, аз уақыт мəжілістес болғанда өзіңді
жақсы көріп қалдым,— деді.
— «Сыпайы сырын жасырмайды» дегендей, — деді Қазығожа тағы біраз
кеңескеннен кейін,— мен саған,— інішегім, бір сырымды айтқалы келе
жатырмын. Айтатын да сыр емес, тек, жігітшілігіңе сеніп айтам.
Сырымның аяғы үлкен бір өтінішке соғады, сонымды орындар деп айтам.
Қазығожаның шешен, шебер тілмен, əдемі үнмен ұзақ уақыт бипаздап
айтқан кеңесінін, мазмұны мынау боп шықты: түнде мені домбыра
тартуымен таң қалдыратын Омекең — мен іздеп келе жатқан
Молдажанның Омары боп шықты. Ол осы үйдің қимас ілігі екен. Біз
жіберген адамдармен ол жанжалдасып қалады да, екі жағы да күш
жұмсауға келгенде, «ауыл итінін, құйрығы ұзын» боп, біздің адамдарды
байлап алады. Іс осылайша бүлінгеннен кейін, Омарды жұрт «бұл бір пəле
болды. Мұны білсе, қаһарлы қара бөрік жанында қалдырмайды!» деп
қорқытады. «Не істеу керек?» дегенде, ақылшы біреу, кінəны мойнына
аударатын акт жазайық та, өздерін Бурабайдағы қызыл əскер отрядына
апарып берейік дейді. Отряд начальнигі Донской Омардың үйіне кеп түсіп
жүретін кісі екен, сондықтан, Омар оны дос көреді де айтқанымды істейді
деп сенеді.
Донской Омардың ойынан шықпайды. Орыс тіліне шебер Шолақ
Шəймерден, болған халді алақанына қондырғаннан кейін, Донской
Омардың өзін шақырып əкелуге жəне мені де шақырып əкелуге кісі
жібереді. Бұл хабар құлағына тигеннен кейін, Омар жатады да сасады. Со
кезде «сымсыз ділгірам» оның құлағына «Қара бөрік Бурабайдағы отрядқа
аттаныпты» деген хабар əкеледі. Істің беті ыңғайсызға айналғанын
аңғарған Омар, мені жолда Лəтай аулына түседі деп жорамалдайды да,
Қазығожа арқылы менімен татуласпақ боп тосады...
Сыпайы сөзді Қазығожа, ұзақ кеңесіп «пышағыңды шыныңмен бер,
шыныңмен берсең қыныңмен бер» деген екен, шырағым. Сол айтқандай
сенен бүгер сөзім жоқ, шынымды түгел ақтарам, ар жағын өзін, біле
берерсің деп бастап, жоғарыда болған уақиғаны жасырмастан түгел айтып
берді де:
— Ендігі сөзім мынау, інішегім, - деді маған, салмақты - кескінмен бір
қарап ап. Дəулетті, беделді адам болғанмен, баласы жоқ бейшара еді. Өр
кеуде қазақы кісі, баяғы бетімен, ұрынбайтын іске ұрынып, тіріде масқара
боп отыр. Егер, сенің бетін, қисайса, бұ бейшараның соры қайнайды. Жасы
жетпіске тақалған кəр;і кісімен бой теңестіріп қайтесің, шырағым,
«білмегенді білмесең, білгенің қайсы» деген екен аталарымыз. Бір
білместік қылды бұл шал. Ел бұзылып, Ертіс жарылған ештеңе жоқ. Бірер
жігітің аздап таяқ жеген екен, оның айыбына ат шапанын, даяр. Атын
аруаққа, шапанын маған кешерсің. Сонымен, ұзын сөздің қысқасы, осы
шалға кешірім өтінем... — деді.
Қылығына қарағанда, кешірер жөнім жоқ. Менің бетам қисайса, шалдың
оңбайтыны да рас, өйткені. Бурабайдағы отрядтың начальнигі Донскоймен,
əлі жүздесіп көріспесем де, арамызда жиі қағаз қатынасы жүргендіктен
жақсы таныспын. Сырт естуім,— мейлінше əділ, адал адам дейді. Совет
өкіметіне қарсылық қылған кісіге мейірім істемейді дейді...
Омар туралы толғанып келгенде маған оның өзі емес, он саусағы
аянышты болды. Өзін жазалай салсақ, немесе со көздің жағдайымен
«могиловская губернияға» жібере салсақ, одан ешкімге келіп жатқан зиян
жоқ. Ондай арам дене қайда шірімей жатыр. Маған, тек аянышты —
саусақтары ғана. Бұндай саусақтарды мен ауыл арасында көрген емен, елде
жоқ саусақты жоққа шығын қыла қоюға көңіл қимайды... Ойым осыған
тоқтағаннан кейін:
— Болсын, Қазығожа ағай, шалдар айтушы еді, «қарғайын десем
жалғызым, қарғамайын десем жалмауызым» деп. Мына шалын, сол.
Қылығына қарағанда бұған не қылса да рауа. Мен оған мейірімді өзі үшін
емес, саусақтары үшін көрсетем... — дедім.
Бұл хабарды естіген Омардың қуанышы шектен шықты. Расы ма, əлде,
жағынуы ма:
— Қарағым - ай, «Қара бөрік, қара бөрік»дегенде, сыртыңнан қара
албастыдай көруші ем, бандиттердің айтағына ерген екем ғой! —деп
жылап жіберді.
Со күні кешке Лəтай үйіне əлдеқалай келе қалған Донскоймен таныстық.
Ол самайына ақ кіріп қалған орта жасты адам екен. Өткен империалистік
соғысты да, азамат соғысын да басынан кешіріпті. Тілге жұмсақ болғанмен,
таптық, мемлекеттік іске ол аса қатал екен. Омарға ол тісін қайрап отыр
екен, мен ұзақ кеңесіп, кешірімге əрең көндірдім.
Бурабай тауын аралау туралы ойыма Донской қосыла қойған жоқ. Оның
айтуынша, бұл маңайдың бандылары қазір түгелге жақын біткен, тек қана
қазақтан Балташ Дəуітов деген мен қазақ-орыстан Алексей Кожедуб деген
бандылар тауда тығылып қашып жүр. Ол екеуінің қасында бірен-сарандап
қана болмаса, топталған кісілер жоқ. Оларың қай жерде қандай
коммунистерді қапыда өлтіріп кеткенін айта кеп:
— Жаз мезгілі,— деді Донской,— айнала тау, таудың өн бойы қалын,
ағаш, сондықтан қыс түсіп жолдары тарылғанша ұстатпайды. Сізге тауды
көру, аралау, əрине, қызық. Оның өн бойында тамаша жерлер көп. Бірақ,
бандылар қаупі бар кезде аралауды мен мақұл кермеймін.
— Бұл өзі өлең жазатын ақын жігіт көрінеді,— деді əдебиеттен хабары
бар Қазығожа,— Бурабайдың өн бойы толған ақынның азығы. Менімше,
аралауы қажет.
Ойы, тілі жеткенше, Бурабайды Қазығожа да мақтай жөнелді. Бұл тау
туралы менің бұрын естіген сөздерімді Қазығожа байыта түсті, мен оны
көруге құмарта түстім.
— Банды деген қанша адам дейсің, — деді Қазығожа,— бүкіл
Бурабайдың өн бойына жайылып кететін? Оған да күн көріс керек емес пе?
Елге жақын жерде жасырынып жүріп тамақ асырамай ма ол? Біздің
аралайтынымыз Көкше мен Оқжетпес маңы болады, ол арада бандыға
пайдалы ештеңе жоқ.
— Онда өзің бастап алып жүресің!—дедім мен Қазығожаға.
— Болсын!—деді ол.
— Егер пəле-жалаға ұрындырсаң, басыңмен жауап бересің,— деді
Донской Қазығожаға.
— Бейілмін,— деді Қазығожа.
— Онда өзіңіз біліңіз,— деді Андрей Гаврилович маған,— егер баруға
бел байласаңыз, қасыңызға қарулы жауынгерлер қосып беруге болады.
Ертеңіне салт атпен Лəтай аулынан жеті кісі аттандық: екі жауынгер
Қазығожа, Əміржан əдейілеп алдырған əнші Ғаббас жəне мен.
Қазығожаның айтуынша, таудың көруге қажетті өлкелерін түгел шолып
шығуға ең кеміне бір жұма уақыт керек. Бізде ондай уақыт жоқ. Дегенмен,
Бурабайдың бұл бетіндегі қажетті орындарын түгел аралап шықпақ
болдық.
Бізді Қазығожа бастап жүрді. Таудың етегінен қиялай өрлеген жол, біз
біраз биіктеп алған кезде, сол қолымызда жарқыраған ұшы-қиырсыз кең
көлдің жағасына апарды. Қазығожадан:
— Бұ қай кел? — деп сұрасам:
— Кіші - шабақ,— деп жауап береді ол.— Бурабайдың батысы мен
теріскейін түгел орап кеткен екі шабақ бар, бірін «Кіші», бірін «Үлкен» деп
атаймыз. Кішісі осы. «Үлкен» мен «Кішінің» арасындағы үзікте біздің ауыл
отырады. Үлкен шабақтың біздің ауылдан көрініп тұратынын шамалаған
шығарсың.
— Шамаладым. Ол маған ұшы-қиырсыз теңіз сияқтанып еді, мынау Кіші
дегеніңіздің өзінің о шеті мен бұ шетіне көз жетпейді ғой! Сонда мұның,
Үлкеннің кеңдігі қандай?
— Землемердің айтуынша, Кіші шабақтың ұзын тұрқы он шақырым, ені
- бес-алты шақырым көрінеді. Үлкен - шабақтың ұзын тұрқы он бес
шақырым, көлденеңі — он шақырым деседі.
— Тереңдігі қанша екен?
— Үлкенінен Кішісі терең деседі. Кіші - шабақтың ең терең тұсы, осы
тауға астасатын жағасы болу керек. О күнде өлшеген бір землемер, тауға
тақалған тұсын жиырма бес метр деген еді...
Ауа райы со күні желкемдеу еді. Сондықтан ба, немесе, үлкен көлдің
толқыны да үлкен бола ма,— бұ көлдің ар жағынан бері қарай биіктей
жарысып келген толқындары, көкпеңбек мұздай тастан текшеленген жар
қабаққа кеп соққанда, көпіршіген толқынның басы жоғары қарай шапшып
барып, қайқайған қалпымен қайрылып кейін түседі. Бірін-бірі қуып кеп,
жар қабақты кезекпен сүзгілеген толқын атаулының бəрі де осылай
шапшығанда, биіктігі елу-алпыс метрдей жар қабақтың тасынан асып кетер
деген .ойға келесің. Бірақ, толқындар қаншама екпіндей, долдана кеп
сүзгілегенмен, биік жарқабақ бетке сабап кейін лақтырып тастай береді...
Жар қабақты жағалаған сайын біз де биіктей түсеміз, қабақтың өзі де
биіктей түседі, таудың асқары аспанға қарай тұрқын созып шырқай түседі,
жолын, ені тарыла түседі жəне жол дегеніміз көкпеңбек тас. Тас жолдан
атын, тайып жығылып, жар қабақтан көлге ұшып түсер деп те қауіптенесің.
Жолдын, кейбір тұсының тіктігі сондай, астыңдағы кəнігі ат еңбектеген
сияқтанып, анда-санда екі тізесін бүгіп жіберіп тыныстайды да, тағы да
танауын делдите дем алып, ілгері тырмысады...
Қалың қарағайдың арасынан қасқалана тартылған жолдың өн бойына
көз тіккенде, ар жағындағы сайдан ұшы-қиырсыз тағы бір көл көріне кетті.
— Бұл қай көл? —дедім мен Қазығожаға.
— Бурабай дейтін көл осы. Бұл көл Бурабай тауының қоршауында тұр.
Айнала біткен таудың жотасы кигіз үйдің дөңгеленте жайған керегесі
сияқты.
— Бұл да үлкен көл ме?
— Əрине, үлкен. Бірақ, бұл Шабақ көлдеріндей ұзын тұрқы созыла
біткен көл емес, сақинадай дөңгелене біткен көл. Білетін адамдардың
айтуынша, бұның да бір жағасынан екінші жағасы он километрдей.
— Тереңдігі?
Землемер мұның да тереңдігін он бес, жиырма метр бар деседі. Шабақ
көлдері құрғақшылық жылдары қыр жақ шетінен біраз тартылынқырайды,
ал, бұ келдің көлемі кемігенін, немесе суынын, төмен түскенін көрген кісі
жоқ. Қайдан түссін, тауға жауған қар атаулының суы осыған құлайды, жан-
жағынан жүздеген бұлақ құяды, арнасынан шығар жері жоқ!..
Қалың қарағайдың арасымен жүріп отырып, біз көлге қарай ылдилай
берген кезде, он, қолымыздан аспанға шаншыла шыққан тас діңгек ұшырай
кетті. Діңгек аса биік.
Діңгектің етек жағын өрлей қарағай шыққан да, біраз жерінен əрі қарай
текшеленген тастар жалаңаштанып кеткен. Со жалаңаш тастардың жоғарғы
жақтағы кейбір жіктеріне адақтап жалғыз-жарым қарағай шыққан.
Соншалық жалаңаш тастың арасына олардың қалай өрбіп, қандай дəн алып
тұрғанына адамның миы жетер емес.
— Оқжетпес аталатын діңгек тас осы, деді Қазығожа, менің ол шың
тасқа алаңдап қарай бергенімді көріп,— Неге «Оқжетпес» аталған тарихын
естіп пе ең?
— Естігем. Талай батыр садақ тартып төбесіне жеткізе алмапты ғой.
Сондықтан «Оқ жетпес» қойыпты ғой...
— Ұзақ ертегісі бар ғой оның... Естіп пе ен, оны?
— Айтыңыз.
— Жайланып отырғанда айтармын, — деді Қазығожа,— əуелі айна
көзбен шолып алайық...
— О да болсын...
— Осынын, биіктігі қанша деп ойлайсың?—дейді Қазығожа, аздан
кейін.
— Қайдам.
— Сона бір басында желбірегенге көзін, жете ме? — дейді ол.
— Жетеді. Жалау ма өзі?
— Бертінде ғана сол биікке бір орыстың қызы өрмелеп шығып, басына
жалау қадап кеткен. Оған он шақты жыл болды.
— Қалай шықты екен?!
Соған өзіміз де қайран қаламыз, деді Қазығожа,— жабайы адам жетер
жеріне шейін мен де бардым. Ол желке жағы. Одан əрі текшеленген тастар
аспанға шаншыла өрледі, биіктігі жүз метрдей.
— Ғажап екен!..
— Бурабайдың ғажабы бір бұл ғана емес, онда əлі та¬лай ғажаптар
барын кересін, —деді Қазығожа.
Оқжетпесті айналып біраз көргеннен кейін. Қазығожа бізді көлдің со
жақ жиегін ала, судың ішіне біткен тасқа алып келді. Тастың жалпы
жобасы, теңізде жүзіп бара жатқан кеме сияқты. Бұның аты «Жұмбақ тас»,
— деді Қазығожа,— оның да ертегісін кейін айтам.
Көлдің со бір тұстағы жиегін жағалап аз жүргеннен кейін:
— Шырағым,— деді Қазығожа, — бүгін күн ашық екен, мұндай күн
сирек кездеседі бұл арада. Бұлт оралып қалса, таудың ең биік жотасы—
Көкшенің басына шығу қиын
болады. Оған шықса, Бурабайдың бар бейнесі, көз жетер төңірек те
алақаныңдай көрінеді, шықсақ қайтеді, қазір?
— Мақұл,—- дедім мен.
Оқжетпестің, ар жағын айналып, Көкшенің биігіне қиялай өрледік.
Алдымызда Қазығожа.
Таусыз тегіс жерде туып - өскен менің басым, мана Шабақ көлінің
жарын жағалағанда да айнала жаздап əрең шыдаған еді. Мынау ер одан
əлдеқайда тік, əлдеқайда биік. Қазығожа бізді биікке тік бастап кетпей,
қиялай ерлеп отырғанмен, аттың жалын құшар бір тұстарда, денеге,
əлдекім бізді аспанға арқанмен тартып жатқандай эсер пайда болады...
Ондай тұста жүрегім аузыма тығылған мен, көзімді тарс жұмып ала қоям...
Тауда өскен қасымдағылар мендей емес, батыл...
Қиғаштай, бұрала, орағыта жүріп отырып, түске тармаса өрлеген
Көкшенің биігіне, біз күн төбеден ауа «рең жеттік. «Көкше» аталатын бұл
жота, «Бурабай» аталатын ағайындас таулардың ішіндегі ен, биік өркеші
екен. Соған шыға аттан түсіп, аз уақыт адымдағаннан кейін, төңірекке көз
салсам, айналаның бəрі алақынында тұр. Мана, етегінен қарағанда, ен, биік
шоқы сияқтанған Оқжетпес, енді аяқ астында!.. Манағы телегей теңіз
көлдердің бəрі енді тегенеге құйған судай ғана жалтырайды... Ондай көлдер
төңіректе толып жатыр!..
— Неше кел бар өзі? —дедім Қазығожаға.
— «Көкшетау» атына қосылатын тауларда, қарттар сексен кел бар
деседі.
— Ол қай таулар?
— Қарашы, төңірегіңе! —деп қияға қараған қырандай, Қазығожа
айналаға көз тастайды...
Біз де қараймыз...
Төңіректе толқыған мөлдір сағым, көз жанарын жыраққа қадаған сайын
қалыңдап, айнала шетсіз-шексіз ұша« теңіз сияқтанады... Сол теңіздің əр
жерінде жүзіп келе жатқан кемедей қараңдап бірдемелер көрінді.
— Олар не? — деп сұрасам:
— Таулар,— дейді Қазығожа. — Əрқайсысының жеке аты болғанмен,
бəрі «Көкшетау» атына қосылады. Осы арадан ең жақыны сонау «Зеренді»
дейді Қазығожа сағымда қалқыған бір тауды нұсқап,— қанша шақырым
деп ойлайсың соны бұл арадан?
— Қайдам! — деймін мен иығымды көтеріп.
— Тоқсан! — дейді Қазығожа ұртын толтыра сөйлеп. Ал, соноу біреуді
ше? — дейді, алыстан қос өркешті түйе сияқтанып көрінген бір тауды...
— Айыртау ғой ол,— дейді Əбутəліп,— осы арадан ол жүз қырық
шақырым...
— Соноу бір көрінген ноқат — Сандық тау,— дейді Əбутəліп, маған
қолын батысқа сілтеп,— ол бұл жерден жүз елуден артық!..
— Көп тау көрінеді екен-ау, бұл арадан!—деп, мен аузымды ашып,
көзімді жұмам...
— Соның бəрін көрсеткен бұл Көкше биік екен-ау! — дейді Ғаббас.
— Биіктігі өзін, айтатын əннен де көрінбей ме,—дейді Қазығожа.—
Кəне, басшы, сол — «Көкшетаудың биігі - айға!»
— Ия, бас! — деймін мен,— етегінде шырқайтын əніңді төбесінде бір
шырқап көрші, Көкшенің!..
Ғаббас қамшылы оң қолының, алақанымен аузын желпіп, «Қаракөз»
əніне шырқай жөнеледі... Оның, аспанға ерлей тартқан биік əніне біз
төбесінде тұрған Көкшенің ғана емес, «Көкшетау» атына қосылатын, алыс-
жақындағы барлық таулар жаңғырығып кеткен сияқтанады... Айнала
жаңғырыққан таулардың дыбысы құлақты шыңылдатып жібереді...
Не деген биж əн еді? Не деген биік тау еді!..
«Көкшетаудың биігі - ай!..»
|