Өмір мектебі. 1 кітап



Pdf көрінісі
бет104/107
Дата21.12.2023
өлшемі5,35 Mb.
#142380
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107
ҚАРА ТАҚТАҒА
ЖАЗЫЛҒАНДАР
Біз жүріп келеміз. Өткен жылмен салыстырғанда, темір жолдын,
жұмысы бұл кезде бірталай тəртіпке түсіп қалған. Қазір былтырғы
жылдағыдай станцияларда ошарылып, көп уақыт тұрып қалатын составтар
жоқ, келген составтар расписаниемен, іркілмей тоқтаусыз өтіп жатады.
Дегенмен пассажирлер үшін жүру оңай да емес. Мінген поезден ешқайда
түспей айдай берсең құба-құп, егер, бір жерге пересадка жасасаң - ақ,
станция іші лық толып отырады да, билетіңді компассировать ету ауыр
бейнетке түседі. Қызылжар мен Орынбордың арасында ол кезде екі
пересадка болады: бірі Челябада, бірі Кинельде. Біз де ертіп бара жатқан
балалармен осы пересадкеге іліктік...
Аз ғана кісі болса бір сəрі, дыңдай отыз шақты кісіге орын жете ме?
Челябада билетті компассировать еттіре алмай ұрланып мініп ек, Златоус
тұсында тексеріс болып, бізді түсіріп кетті. Онда бес-алты күн əуреленіп
Кинельге жеттік... Онда төрт-бес күн ошарылып жатып, ақыры
теплушкалардан құрылған составқа іліктік....
Сонша азаптың ішінде жүрген кісінің ұйқысы қана ма. Қалжырап
жүрген адам, Кинельден Орынборға беттей қалың ұйқыға кірістім. Біреудің
«өй келдік, тұр!» дегеніне оянып кетсем, Ғабит екен, терезеден қарасам,
Орынбор вокзалының алдында тұрмыз. Киінейін десем, койкама төселген
матрацтың аяқ жақ астына салып қойған шалбарым мен етігім жоқ.
Серіктерім ойнап тыққан болар десем, олай болмай шықты... Енді ғана
білдім, киімдерім ұрланған!..
Запас киім деген ол кезде менде болмайтын. Серіктерімде де запас жоқ
екен. Тек, Ғабиттен ғана ескілеу галифе табылып еді, ол маған сыймады...
Кинельден шығарда біз Орынбордағы менің жолдастарыма телеграмма
берген ек, олар бізді вокзалда күтіп түр екен. Егер, олар еркек болса бір сəрі
ғой, арасында рабфактың кластас қыздары да бар. Етіксіз, ,шалбарсыз
оларға қалай көрінесің!..
Ұялғанмен амал жоқ. Ойнап-күліп бірге жүретін құрбылардың азан-
қазан күлкісіне бөленіп, ыстық күнде сыртыма пальто кидім де, қалаға
жалаңаяқ тарттым...
Бізбен барған балалар қаладағы əрбір оқу орындарына жайғасты:
біреулері—киноға, біреулері — Совпартқа, балалардың біразы — ересектер
школасына, кейбірі үлгілі тəжірибе мектебіне. Бұл келген топтан рабфакқа
Ғабит ақ түсті, орысша жақсы бітірген ол, рабфактың II курсына алынды.


Оқу мезгілімен басталды. Биылғы жылдың тəртібі өткен жылдан
əлдеқайда түзеліп қалған. Биыл рабфактың оқу үйіне де, жатақ үйіне де
қысқа жететін отын үйілген, үйлердің іші - сыртына ремонттар жүрген.
Тамақ жағы да дұрысталып, үш мезгіл тойдыратын дəмді ас беретін болған.
Ғабит екеумізге кешікпей одан да тəуір жағдай жасалды: со жылдың
октябрь айында Қазақстандық III Советтер съезі өтті де, мен Каз. ЦИК - тің
мүшелігіне сайландым. Мүшелерге ол кезде червонецпен айына жетпіс бес
сом ақ орысқа бағынса елдігінен айрылады деген ой емес те. Өзі Абылай
ханның немересі, Қасым ханның баласы болды... Кенесары өзін жер
тəңірісіндей көрсетіп, қазақ елін аузына қаратып тұрмақ болды. Сондықтан
ол, қазақтың қамын ойлап, қазақтың жоғын жоқтаған жоқ, өз бақытын
ойлап, Абылай мен Қасымның мұрасын жоқтады... Өтірік айтса жаны
шықсын, қазақтың қарт адамдары «Кене пəлен жерде пəлен тұқыммен
өштесіп, буаз қатынның ішін жарып, баласын керегеге іліп кетті» деп
отырады. Соған қарағанда, Кенені қазаққа залалсыз еді, тізесін батырмап
еді, момын еді деп мақтаған кісінің адасқандығы... Қырғызбен соғысқан
мəнісі қалай? Ақырында Кенесары орыстың қолынан емес, қырғыздың
қолынан өліп отыр. Не керек, Кенесарыны мақтағаньмыздың ішінде
қырғыз отырмады, егер отырса, бетімізге түкіріп пəле қылар еді».
Кенесары туралы қырқыншы жылдардың басына дейін осы пікірде
келген менің, 1943 жылы басылған «XVIII — XIX ғасырдағы қазақ
əдебиетінен очерктер» деген кітабымда, оны халықтық адам деп
қателесуім, жұрт алдында мойныма алған айып.
Байтұрсыновтың да халқымызға жау екені тарихи фактылармен
дəлелденген іс. Соларға қоса, Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты халықтық
адамдары да, сөз ғып отырған мақаламда жамандау себебім неде?
Ол, менімше, со кездегі менің марксизмге піспегендігімнен ғой деймін.
Менің ол кездегі ұғымымда хан мен байдан шыққандардың бəрі еңбекші
көпшіліктің дұшпаны. Шоқан хан тұқымы, Ыбырай мен Абай — аталықты
байдың тұқымы. Ол кезде саяси сауатым аз мен, соған қарағанмын да, бұл
үшеуін де халыққа жат адам деп түсінгенмін, мақала да солай жазылған.
Оның қате екені, жиырманшы жылдардың екінші жартысынан бастап, сан
рет баспасөз бетінде мойынға алынды...
Қате сөздерін мойындаумен қатар, «қара тақтаға жазылмаңдар,
шешендер» деген мақала, Кенесары мен Байтұрсынов сияқты халық
жауларын мақтаған ұлтшылдарды əшкерелей кеп, былайша аяқталады:
«қысқасын айтқанда, ақ жаға мырзалар Ахметті Ақаң демей, құдай деп
шоқынып отырса да еркі. Бірақ, қазақтың еңбекшілері оның ұранына
қосылмайды, дүние жүзінің кедейлерінің бірлік ұранына қосылады...
Сондықтан, шешендер тілмарсып Ахметті еңбекшілерге майлап өткізем
деуді қоюы жөн. Еңбекші қазақтың арасынан оған орын жоқ. Ахмет байдың
Ақаңы, күле кіріп, күңірене шығып жүрген арамзалардың, болмаса ақ -
жағалардың əкесі, еңбекшілердің Ақаңы да емес, əкесі де емес, досы да


емес. Еңбекші қазақтың əкесі — өздерінің қолын теңдікке жеткізген —
Октябрь революциясын басқарушы — Ленин... Ендеше, шешендерге
айтатыным,— қисынсыз сөйлеп, еңбекшілердің қара тақтайына жазылып
қалып жүрмеңдер!..»
Өмір шындығына сүйенген жорамал ақталды. Байтұрсыновтың да, оны
мақтаушылардың да аттары мəңгілік боп қара тақтаға жазылды...
Бұл мақаланың артынан тағы бір «жанжалға» араласуға тура келді.
Қазақ əдебиетінде байшыл - ұлтшылдық бағыт 1905 жылдың бер
жағында басталды десек, алғашқы он жылда бұл бағытты жетектеуші
адамдар Байтұрсынов пен Дулатов болды. Əдебиет майданына олардан
жеті-сегіз жыл кейінірек көрінген Мағжан Жұмабаев, революция
жылдарында өзінің ұстаздарын басып озып, революцияға қарсы
алашордашыл əдебиеттің туын қолына алды. Жұмабаевтың Омбыда,
Қызылжарда Совет өкіметіне қарсы жазған өлеңдерінің бірталайы өткен
тараулардан бізге таныс. Қызылжарда соққы көре бастаған Мағжан, 1922
жылдың күзінде Тəшкенге кетті. Со кезде бұ қалаға, Мағжаннан басқа да
ойда-қырда қашып жүрген алашордашылдар жиналды. Қазақ тілінде «Ақ
жол» деген атпен шығатын газет, «Шолпан», «Сона» деген атпен шығатын
журналдар, алашордашылдардың ықпалында болды. «Ақ жолдың» бетінде
Жұмабаевтың жəне басқа алашордашыл жазушылардың Совет өкіметіне
ашық қарсы шыққан өлеңдері, əңгімелері, фельетондары, мақалалары
басылып тұрды.
Орынборда Байтұрсыновтың юбилейі құлап жатқанда, Тəшкендегі
алашордашылар оны көтеріп, жоғарыда аталған журналдар мен газеттің
беттерінде мақалалар жариялап, портретін басты.
Мұның бəрін біз салқын қанмен оқып отыра алмадық. Бізге халық
алдында Мағжанның жəне өзге алашордашылдардың халыққа жау
екендігін əшкерелеуге тура келді. Осы мақсатпен біз 1924 жылдың басында
Орынборда Мағжанға əдебиеттік сот жасадық.
Білетін адамдардан сұрасақ, бұндай соттың əдеттегі соттан еш айырмасы
болмайды екен. Бұнда да судья жəне заседательдер белгіленеді екен,
айыптаушы мен қорғаушы тағайындалады екен, куəлар шақырылады екен.
Осы тəртіппен өткізбек болған сотта, айыптаушылық міндеті маған
жүктелді, қорғаушылық міндетін рабфактың Жəкең Сəрсембин дейтін
оқушысы қалап алды, Қазір əлдеқайда, төменгі қызметтердің біреуінде
жүрген бұл адам, ол кезде барып тұрған ұлтшыл болатын... Судья мен
заседательдер əрине, бізге сенімді оқушылар. Куəлікке қалаған кісі шыға
беруге тиісті...
Соттың мəжілісі Свердлов клубының залында басталды. Кең; залға бұл
жолы да адам сыймай, көп кісі сыртта қалып қойды.


Сот құрылар алдында, алған мəліметімізге қарасақ, кəрілі-жасты
алашордашылдар бұл сотты не құлатпақ, не өздерінін, пайдасына жаратпақ.
Олардың бұл ниеттері іске аспады. Заң бойынша, сөз айыптаушыға беріледі
екен. Менің екі сағатқа созылған айыптау — баяндамамнан кейін, залда
отырған көпшілік қорғауы — Жəкең Сəрсембинді айғайлап сөйлетпей
қойды...
Жұмабаевтың, Совет өкіметіне қарсылығы, халық дұшпаны екендігін
дəлелдеп сөйлеуші куəлар, жақтаушы куəларды басып кетті. «Көп ауыз
біріксе, бір ауыз жоқ болады» дегендей, «жалғыз қаздың үні шықпайды»
дегендей, Жұмабаевты жақтаушы азшылықтың əлсіз үндерін көпшіліктің
қалын, қуатты үні жоқ қып жіберді...
Сот үш тармақты қаулы алды:
1. Жұмабаев қазақ халқының, онымен қатар, қазақ халқына қамқор боп
отырған Совет өкіметінің қас жауы деп танылсын.
2. Оның барлық шығармалары оқылудан алыну, өкіметтен сұралсын.
3. 
Бұдан 
былай 
советтік 
баспасөздің 
бетінен 
Жұмабаевтың,
шығармаларына орын берілмесін.
Сот қоғамдық түрде құрылғанмен, халық тілегінен туған оның үкімі со
күннен бастап түгелімен іске асты. Аз уақытта Мағжан жəне оның
əріптестері халық жауы боп əшкереленді. Баспасөзден Мағжанға да, оның
серіктеріне де орын берілмеді.
Олардың аты да мəңгілік қара тақтаға жазылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет