Өмір мектебі. 1 кітап



Pdf көрінісі
бет105/107
Дата21.12.2023
өлшемі5,35 Mb.
#142380
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107
Байланысты:
mir-mektebi-sabit-mukanov 2

БІЗ ДЕ АНТ ЕТЕМІЗ
1923—24 жылдардың оқу қысында ұлтшылдармен жұлқыса түсем деп,
мен сабақ жағымды біраз босаңқыpaп алдым.
1924 жылдың күзінде өткен қазақ республикасының IV съезі мені
КирЦИК-қа мүше ғып сайлады. Өйту менің оқуыма аса жақсы жағдай
жасады. Біріншіден. рабфактың өткен қыста жағылмайтын жатақханасында
жаурай беретін болған соң Сəкен пəтерінің түкпіріндегі қараңғылау бір
бөлмесіне Ғабит екеуіміз шығып алғамыз. Ол үйде Сəкеннің бізбен бірге
оқитын інісі — Мəжит тұрады (қазір де тірі). «Байдың асын байғұс
қызғанады» дегендей, ол отынды қызғанып, біздің бөлмені үнемі суық
ұстады. Жарықты қызғанып электр шамын мезгілсіз жаққызбайды, «үйді
түтіндетпеңдер» деп шылым тарттырмайды; кейде кеш келсек, «мезгілсіз
уақытта мазаламаңдар» деп есікті де ашпайды; біз бұларды Сəкенге шағуға
ұяламыз. Сондай қысымда жүрген, КирЦИК-ке мүше болған маған «Совет
үйі» атала¬тын мейманханадан ақысыз, сəулетті, салтанатты бөлме тиіп,
Ғабит екеуіміз көшіп алдық. Ол кезде мүшелік ақыға 75 сом беріледі. Бұл
советтік ақшаның алтынға бағаланып қымбаттап алған көзі, мысалы: жүн
матадан тігілген ен, жақсы костюм, 15—20 сом, хром етік 10—12 сом,
базардың қойы 3—5 сом, тағы тағылар. Менің бір айда алған ақшама менің
інім Шəкең, Ғабит, оның, інісі — Баязит төртеуіміз костюм, шинель сатып
aп, жұттай киінгеніміз бар. Көшпелі ауылдың мақтанышты бір ісі қой сою.
Ғабит екеуіміз де сөйтіп, жұмасына бір қой соямыз, етті сақтар жеріміз
болмай, көбін шірітіп итке, не қоқыстық шұңқырға тастаймыз. Қойдан
жеріген кезде, сол мейманханада тұратын қарт учитель, революционер
Əбіш Тойбазаровтың үйіне масыл болдық. Оның əйелі — Ұлтуған өте
жақсы мінезді, асқа мейлінше қылап адам еді. Бізді ол өте жақсы күтті.
Ғабит марқұм əйелі — сол кезде қазақ педагогика институтында оқитын
Хұсни Мұстафа қызы Ягуфароваға Ұлтуған арқылы танысты. Тойбазаров
сол қыста өлді (менде суреті бар). Ұлтуғанның қайда кеткенінен
хабарсызбын.
Сабақтар жақсы оқылып жатты. Мен бір сабаққа ерек¬ше көңіл бөлдім,
оның аты «Саяси сауат». Бұл сабаққа байланысты кітаптарды қарастыра
жүре, менің ерекше көңіл бөлетіндерім — Лениннің қаламынан туған
еңбектер. Ол еңбектерден қазақ тіліне аударылғандары, ол кезде жоқ,
сондықтан, бірыңғай орыс тілінде оқуға тура келеді. Əлі де орыс тіліне
жетіліп болмаған мен, грамматикалық жəне синтаксистік жағынан жазғанда
я сөйлегенде қателер жібергенмен, орыс тілінде жазылған əдебиеттің
мазмұныңа еркін түсінем, аса бір қиын ғылыми немесе саяси формулалар
болмаса, өзге жағын түсінуге басқадан жəрдем сұрамаймын.
Лениннің негізгі еңбектері ол кезде «Шығармалар жинағы» деген атпен
томдап та, жəне əрбір еңбектері қалыңды жұқалы кітаптар боп жеке де
басылып жатады, оқуға кітап жетеді, тек, тілін тауып оқи біл!.. Саяси


сауатым əлі еркін ашылып болмаған, теориялық мəселелерге азуланып
болмаған менің тісім, Лениннің біраз шығармаларына батыңқырамай,
жалпы сарынын түсінгенмен, егжей-тегжейіне бара алмаймын, популярлық
шығармаларды еркін меңгерем...
Біздің замандағы тап тартысына бірден бір құрал Лениннің ғылымы
екенін білем... Большевиктер партиясы аталатын ұйымды тарихта бірінші
құрушы Ленин екенін, партияның да, оның көсемі Лениннің де күрес
жолында басынан қандай қиыншылықтар кешіріп, ол қиыншылықтарды
қалай жеңгенін, партияның, оның көсемі Лениннің Октябрь революциясын
қалай ұйымдастырып, қалай жүзеге асырғанын, Совет өкіметі қалай
құрылғанын, 
қандай 
қиыншылықтарды 
өткеріп 
келе 
жатқанын...
осылардың бəрін енді жақсы түсінем... Сондықтан да, мен Ленинді шексіз
сүйем, ендеше, оның еңбектерін оқуға құмартпағанда кімнің еңбектерін
оқуға құмартамын!..
Лениннің еңбектерін мен ғана емес, рабфактың барлық студенттері де
құмарта оқиды. Олар ғана емес, «Ленин сөзі» дегенде еңбекші атаулы
құлақтарын түре қояды. Мысалға қазақ ауылдарын алайық. Тарихи
жағдайлардың салдарынан, қазақ еңбекшілерінің көпшілігінің сана-сезімі
советтік дəуірде ғана оянғаны мəлім. Лениннің атын оған дейін ауыл
еңбекшілерінің азшылығы ғана естісе жəне реальдық адам бейнесінде
емес, ертегілік бейнеде естісе, енді, Совет өкіметі Қазақстанда орнаған
алғашқы жылдардың өзінде-ақ, қазақ еңбекшілерінің қайсысынан сұрасаң
да, «біздің қамқоршымыз Ленин» дей кетеді... Жəне олар бұл есімді аса зор
махаббатпен мақтаныш қыла айтады... Ленин басқарған партияның, Ленин
басқарған өкіметтің еңбекші көпшілікті, оның ішінде қазақ еңбекшілерін
бақытқа жеткізуіне сенеді, сондықтан, тарихи жағдайдың салдарынан туған
күнделік өмірдегі кейбір қиыншылықтарға қынжылмай, болашағына зор
қуанышпен қарайды... Сондықтан да олар өздерінін, бақыттарына,
Лениннің дені сау болуын, ұзақ жасауын шын жүректен тілейді, мен де
тілеймін!..
Сондай тілектегі көңілге 1924 жылдың басынан қорқыныш түсе
бастады... Өйтпегенде ше!..
Орталық газеттердің бетінен Лениннің сырқаттығы мəлім болды да,
беталысы туралы күн сайын бюллетеньдер жарияланып тұрды.
Бұған дейін ресми түрде жарияланбағанмен, Лениннің сырқаттығы
көпшілікке мəлім боп қалған. Мен рабфакқа оқуға түскен жылдың қысында
«Лениннің оң жақ қолы мен аяғы əлсіздене бастапты» деген қауесет
шыққан. Оған біз нанбағанбыз да, өйткені, сол — 1922 жылдың ноябрь
айында газеттер бетінде, Лениннің Москвалық Советтің пленумында
айтқан сөзі жарияланған.
«Денесіне жарымжандық кірсе, пленумға қалай қатынасады?» дескен,
Ленинді сырқат деген сөзге сенбеген жəне сенгісі де келмеген жұрт. Осы


қауесет 1923 жылдың көктемінде тағы көтеріліп, «Ленин он, жақ аяғы мен
қолынан айрылыпты, тілі сөйлеуге келмей қапты» деген хабар тарап кетті.
Ленинді сүйетін жүректер енді шынымен қобалжи бастады...
Қауесеттің шындығы сол жылдың апрелінде анықталды. Осы айда
партияның XII съезі болып етті. Бұған дейінгі съездерде Орталық
Комитеттің есепті баяндамасын Ленин жасап жүрсе, XII съезде Сталин
жасады. Ресми түрде жарияланбағанмен, соңғы съезге Лениннің сырқаттық
салдарынан қатынаса алмауы анықталды. Сталиннің XI съезде Орталық
Партия Комитетіне Бас секретарь боп тағайындалуын баспасөзден көрген
көпшілік, «Лениннің ен, сенімді адамы осы екен. Орталық Комитетті
басқартуы содан екен» десті. XII съезде Орталық Комитеттің есепті
баяндамасын Лениннің орнына Сталин жасағаннан кейін, көпшіліктің бұл
ұғымы бұрынғыдан да нығая түсті...
Солай ойлай тұра, Лениннің сырқатына көңілі қобалжыған көпшілік,
1924 жылдың басынан газеттер бетінде ресми түрде жарияланған
бюллетеньдерге өлшеусіз зор тынышсыздықпен тесіле қарап, зор қауіппен,
бұның арты неге соғарын күтті... Рабфак студенттерінің де, олардың ішінде
менің де көңіліме осы қобалжу, осы тынышсыздық пайда болды.
Ол кезде біздің Отанда радиофикация мəселесі əлсіз. Республикалық
басқарушы мекемелердің кейбіреулерінде ғана болмаса, көп мекемелерде
радиоустановка жоқ. Радио рабфактың оқу үйі мен жатақханасында да жоқ,
сондықтан, күнделік жаңалық хабарларды біз Орынборда орыс тілінде
«Советская степь» деген атпен, қазақ тілінде «Еңбекші қазақ» деген атпен
шығатын газеттерден ғана керіп отырамыз. Лениннің сырқаты жайындағы
бюллетень бұл газеттердің күн сайынғы сандарында басылады.
Бюллетеньнің түріне қарағанда сырқат жайы ыңғайсыздау сияқты,
сондықтан, «не боп кетер екен» деген ой жүректі шымшып түседі...
Рабфакта бізбен кластас Шорман Ыбыраев дейтін жігіт оқиды. Шыққан
жері Атбасарлық. Бала шағында ол да мен сияқты жетім қалып,
таршылықпен күн кешкең. Оқуға ересек уақытында түскенмен, орыс тіліне
жетік, бірақ, қоғамдық жұмыстарға аз араласатын, көбіне оқыған сабағын
құнттайтын кісі еді. Мен онымен доспын. Сондықтан, 1924 жылдың
басында Ғабит менен бөлініп жатақханаға көшкенде, Шорманды мен
номеріме кіргізіп алдым.
Мінезі жайдары жұмсақ бола тұра, оның бір əдеті — үлкен қызметтегі
адамдардың кейбіреуімен байланысып, солардың үйіне барып жүреді,
сондықтан өкіметтік, партиялық саясаттардың жаңалықтарын бізден бұрын
естіп, бұрын біліп келеді. Кейде ол, өзімен таныс үлкен қызметкерлердің
үйіне қонып та қайтады...
Бір күні сабақтан кейін қыдырып кеткен Шорман кешке номерге
қайтпады. Оны мен таныс адамдарының үйінде қонып қалған болар деп
жорыдым, сондықтан, сабақтарымның кешкі пысықтауын бітіргеннен


кейін, ұйқыға кірістім.
Ауыр сабақтан біз аса қалжырап ұйықтаймыз... Бүгін де солай ұйықтап
қалған екем, əлдекімнің есікті қатты ұрғанына оянып кеттім. Есеңгіреген
қалпыммен кроватьтан домалай түсе қап, жүгіріп барып есік ашсам, ар
жағында түсі қашып, екі көзі қызарып кеткен Шорман тұр!..
«Бұ несі?!» дегендей, таңдана қарай қап ем, ол қалтыраған қимылмен
номерге сенделіп əрең кірді де, бетін алақандарымен басып, солқылдай
жылаған дауыспен босағадағы креслоға құлай кетті!..
— Өй, Шорман, саған не болды?! —дедім мен қасына кеп. Онда үн жоқ,
өксіп жылай берді!..
Біраз уақыттан кейін Шорманның аузынан «Ленин... өліпті!..» деген сөз
жасқа булығып əрең шықты.
— Қойшы!—дедім мен жүрегім тас төбеме шығып, нанғым келмей.—
Кімнен естідің?..
— Обкомның бір жауапты қызметкерінен... Түнде шифрмен телеграмма
кепті! — деді жасқа қақалған Шорман, сөздерін бөлшектеп əрең айтып.
Менің де көзімнен жас ыршып кетті... мен де солқылдап жылаған қалыппен
кроватыма қисая кеттім...
Жан құбылысының өзге көріністері сияқты, əрине, жылауда да шек бар.
Алғаш, көз жасына қосылып ағып кеткендей, баста дуылдаған миға түк
ақыл оралған жоқ еді, аздан кейін оған да жан біткен сияқтанып, өзіне-өзі
келе бастады... Енді, Шорман екеуміз үн қоса өкініп, бір-бірімізге жұбату
сөздер айта бастадық...
«Біздің халіміз мынадай, жұрттың халі қандай екен?..»
Соны білу үшін жəне қайғылы халдің анығына жету үшін, біз көшеге
шықтық. Уақыт əлі ерте. Сабақ басталуға əлі бірер сағат бар. Күн үскірік
аяз. Тіршілік жабдығымен көшеде ерсілі-қарсылы қыбырлаған жандардың
кескіндерінде, Отанның басына туған бүгінгі зор қайғының ізі əлі жоқ
сияқты, соған қарағанда олар Лениннің өлімін естімеген тəрізді...
«Жаманат жатпайды» дейді қазақ. Сол рас қой деймін, Шорман екеуміз
рабфактың 
жатақханасына 
барсақ, 
студенттердің 
де 
кескіндері
əлемтапырық. Көбінің көзі қызарып ісіп кеткен!.. Өкіметтің ресми хабары
əлі жарияланбағанмен, кімнен естігендерін кім білсін, жолыға кеткен
студенттер бір-бірінен:
— Естідің бе? — деп сұрайды ақырын ғана.
— Нені?


— Ленин өліпті деген сөз рас па екен?
— Бəсе, рас па екен? — дейді анау да бұрын естігендігін білдіріп.
Қайғылы хабардың растығы, түс көзінде шыққан газет ой, азалы
сөздерінен мəлім болды. Газеттің бірінші бетінде, қара жақтаумен
төңіректеліп Лениннің портреті басылған, оның қасына өкіметтің,
хабарлауы, оның қасына Орталық Партия Комитетінің, Атқару Комитетінің
аза тұту хабарлары жарияланған!..
Кешікпей халықтық жалпы аза басталды. Енді, көшелерге шықсаң да,
үйлерге барсаң да, бəрінің аузында жалын атқан бір ғана сөз, ол —
«ақылдана, Ленин - ай!..»
Алғашқы бірер күні, ауыр күрсінумен ғана өткен көпшіліктің аузына,
енді «Лениннің орнын кім басады?» деген сұрау туа бастады. «Ленин» атты
поэмасында Маяковский айтқандай, бұл сұрауға əркімнің де берер жауабы
біреу - ақ, ол — «Большевиктер партиясы!..» «Партияны кім басқарады?»
деген сұрауға əзірге ешкім жауап бере алмайды...
Ленин январьдің 27 күні жерленді. Оған соңғы құрметін көрсеткісі
келген көпшілік, таң сəріден азалы демонстрацияға шықты. «Тіфу» десек
түкірік жерге түспейтін түндегі үскірік аяз, күндіз ызғарын үдете түсті.
Лениннің өліміне адам түгіл күннің де жүрегі ауырған сияқтанып, бүгін
құлақтана, қызыл күреңдене шықты...
Сырттан аяз, іштен жалын шарпыған көпшіліктің де кескіндері күн
көзіндей күп-күрең... Бірақ, үскіріктен қаймығып, ешкімнің де баспана
іздер түрі жоқ, еңбектеген жас пен еңкейген шал-кемпірдің арасындағы
қимылдауға жарайтын көпшілік көшеде...
Тан, ата басталған азалы демонстрация, түс ауа Орынбордың
орталығындағы кең алапқа кеп құйылды. Сол тұсқа үйме-жүйме жиналған
жанның қалыңдығы ұшан-теңіз сияқты, бірақ бұл теңіз дəл со бір сəтте,
қимылдағы теңізге емес, тынған теңізге ұқсады. Алапқа ошарылған қалың
жиынның ішіндегі жан адамда қимыл да жоқ, үн де жоқ...
Ленин күндізгі сағат үште жерленді. Жерлеу процессиясы Орынбордағы
алапқа радио арқылы айтылды ма, жоқ па — ол арасы менің есімде жоқ
жəне айтылғанмен тоңазудан ба, əлде ауыр қайғыдан өкпе қабынғаннан ба,
оны тыңдарлық күшім де жоқ. Жұқа киім, жүректің сыздауынан ба —
дыбыс атаулыға менің құлағым дəл сол сəтте керең...
Тек қана есімде қалғаны,— дəл сағат үште атылған көп зеңбіректің жер
тітіреткен даусынан құлағымның емес, денемнің тітірей қалуы... Со кезде
жан - жағымдағы жұрттың кескініне қарасам, əрқайсысының көзінен
сорғалаған жастың əрбір тамшысы бір-бір қорғасын оқ сияқтанып, бетіне
де, омырауына да түйін - түйін боп қата бастапты...


Менің, есім бұл күйзелуден, Ленинді жерлегеннен екі-үш күннен кейін
ғана жиналды, онда да номерімде емес, қалалық больница палатасының
ішінде. Менің температурам бұл кезде 39 бен 40 тың арасында жүгіріп жүр
екен. Бүкіл денем от болып жанып барады. Врачтың айтуынша — «өкпенің
қабынуы», өзімше — ауыр қайғының күйігі!..
Адамға əр жағдайда қуануға тура келеді. Тұлабойым жалындап,
қабынған өкпем кеудеме сыймай, булықтырған жөтелден тұншығуға
айналған күндерімнің біреуінде, күтуші сестра палатама кірді де:
— Сіздің көңіліңізді сұрауға жолдастарыңыз кеп тұр, рұқсат па? — деді.
- Рұқсат! — дедім мен.
Үстеріне ақ халат жамылып кірген үш адамның біреуі — Үміт Балқашев,
біреуі — Вера Солдатова, біреуі — Шорман Ыбыраев екен. Кеше — азалы
күндерде əлемтапырық олардың кескін-кейіптері, енді жинақыланып
қалған сияқты.
Денсаулық күйімді аз уақыт сұрастырып отырғаннан кейін:
— Өй, сенікі не бұл, ауырмайтын шақта ауырып? — деді Үміт.
— Не «шақ», айтып тұрғанын,? — дедім мен, оның көңілді кескінін
ұнатпай.
— Лениндік призыв болып жатыр! — деді ол, көңілділігіне
ыңғайсызданғандай.—Аниннің 
қазаға 
ұшырағанымен 
байланысты
Орталық Партия Комитеті жұмысшы табына үндеу жазып, Ленин жасаған
Большевиктер Партиясының маңына топтала түсуге, Ленин туын жоғары
көтере түсуге, яғни партияға кіруге призыв жасап жатыр.
— Солай ма?
— Бүгінгі газеттерде, деді Үміт, қалтасынан бүктелген екі-үш газетті
суырып алып,— Сталин жолдастың Ленинге берген анты жарияланды. Өзің
оқисың ба, мен оқып берейін бе?..
— Оқуға шамам жоқ, өзін, оқы!..
— Вера оқысын! — деді Шорман.
— Оқиын,— деді Вера.— Бірақ, оқыр алдында ескертіп қояйын, бұл
жолдас Сталиннің январь айының 26 күні, Советтердің Бүкілодақтық II
съезінде сөйлеген сөзі. Бəрін оқып шығуға шыдамассың, тəуірірек
болғасын түгел оқырсың, мен əзірге Сталин жолдастың Ленинге берген
анттарын ғана оқиын.
— Мақұл! — дедім мен.


Сталиннің аузынан сөйленіп, Вера газеттен оқыған алты анттың
əрқайсысының артынан «біз де ант етеміз» деген сөзді қайталай бердік...
Олай демегенде ше!.. Еңбекші адам баласынын, бақытқа жетуіне Ленин
жолынан басқа жол жоғын біз жақсы білеміз. Ендеше, сол еңбекші
көпшіліктің ішінен шыққан біздің де жүрер жолымыз — Ленин жолы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет