Өмір мектебі. 1 кітап



Pdf көрінісі
бет67/107
Дата21.12.2023
өлшемі5,35 Mb.
#142380
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   107
Байланысты:
mir-mektebi-sabit-mukanov 2

ЕКIНШI ТАРАУ
ОҚУДА
ТОНАЛУ
Қарлы жаңбыр Қызылжардан қырық шақырым жердегі Тоқушы
станциясына таянғанда толастады да, Есіл - көл станциясына жеткенде
біржола тоқтап, жел де саябырлады. Бірақ, ауа райы ширап, суланған
сыртқы киімдеріміз сіресе мұз боп қатуға айналды...
Біраздан кейін аяз қатая түсті. Соған шыдамай ма, əлде мерзімді жеріне
жете ме, вагон үстіндегілер станция сайын түсіп азая береді. Қалғандары
поезд тоқтаған əрбір станцияға түседі де, вагон ішінен орын алуға
тырысады. Бірақ, олардың азшылығы ғана ұрыс -төбелеспен сығылсып
кіріп, көпшілігі вагондардың ішінен иығын сұғар жер таппайды. Мен де
соның бірімін.
Маскаленко станциясынан өткенде біз бір вагонның үстінде төрт - бес-ақ
адам қалдық. Мана көп кісі отырғанда біріне - бірінің панасы қалың
ағаштай екен. Енді кісі азайғанда аяз да, жел де бізді басынып алып, орман
шетінде өскен шыршадай қалтыратып жіберді. Уақыт өткен сайын су
киімдерімізге қатқан мұз қалыңдай түсті, мұз оранған дене дірілдей түсті...
Бұрын біреу «етігін, тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда» деген екен.
Сол айтқандай, менің шикі қайыстан тіккен етігім су тиіп мұздағаннан
кейін, тоңазыту үстіне аяқтарымды қысып, жанды шығарып барады...
Маскаленконың ар жағындағы бір разъезде поезд ұзағыраңқырақ
тоқтамағанда, біздің үсіп өлуіміз сөзсіз еді. Жанды қоярға жер таппай
отырғанда, поезд разъезге кеп тоқтады - ау!..
Сол арада біз вагон үстінен түсе қалдық та, составты аралап жүріп, əрең
дегенде бір вагонға сынадай сығылысып кірдік... Вагон ішіндегі адамның
кептігі бөшкеге толтыра салған балықтай екен, сондықтан, есігінен
кіргенмен, əрі қарай жылжи алмадық. Жылжиын десең, жан - жағыңдағы
сығылысқан жұрт тұс-тұсыңнан итермелеп қыса бастайды... Сонша
тарлығынын, үстіне вагонның іші көрдей қараңғы жəне дем ала
алмастықтай сасық түтін...
«Өй, өздің!.. Өлдім, ойбай!.. Аяғым сынды!.. Қабырғамды қираттың!..
Көзімді шығарамысың!.. Баланы өлтірдің!..» деген сияқты дауыстар араның
ұясындай ың-жың...
Төбелескен, тұрпайы сөздер айтысқан, жылаған, шыңғырған дауыстар
құлағыңды тұндырады... Əлдекімдер «пəленім ұрланды, түгенім ұрланды»
деп бақырады. Біреулер қалталарыңа сақ болыңдар» деп сақтандырады...


Мұндағы соншама ауыр жағдайдың өзі, вагон үстіндегі тоңумен
салыстырғанда тамұқтан жұмаққа келгендей болды.
Вагон қанша тар дегенмен, маңымдағыларды итермелей, біреулермен
соқтығыса, боқтаса, жұдырықтаса отырып, вагонның бір түкпірінен мен де
орын таптым. Лық толған адамның демінен тыныс алу ауыр болғанмен,
денем жылына бастады. Осы «жұмағымнан» айырылғым келмей, поезд
тоқтағанда кейбіреулер таза ауаға шықса, мен қою түтінге тұншыға
отырып, орныққан жерімнен тырп өтіндім...
Біраздан кейін маужырап қалғи бастадым. Бірақ еркін қалғуға,
маңайымдағы сапырылыс мүмкіндік беретін емес жəне егер қалғысам,
«жайлы» орнымнан біреулер сырғытып тастай ма деп қорқам, сондықтан
қалғи сала оянып кете берем... Əлдекімдердің қолдары денемді шарлайды,
«тегі 
ақша 
тапқылары 
келеді-ау» 
деп 
ойлаймын, 
бірақ, 
одан
қымсынбаймын, азын-аулақ ақшамды салған күмəжнігім оң жақ
қолтығымның астында, күнімнің ішіне дорбамен тігулі...
Вагон ішінде жанжалдан басқа күбір сөздер де аз емес. Бір жүйелі
сөздер, қай жерде ненің арзан, ненің қымбат екендігі туралы... енді бір
жүйелі сөздер саяси жағдайлар туралы...
Сөз жобасына қарағанда, менің маңымда білгіштеу бір орыс отырған
сияқты. Ол аузымен орақ орып, дүние жүзінің жəне Россияның əр жерін
көзеді де, сондағы саяси қалдарға өзінше пішулер айтады. Оның ойынша:
большевиктер ақтарды жеңуге тиісті, өйткені олар көпшілікті жақтайды,
жəне қазіргі көпшілік бұрынғыдай өзінің кім екенін білмейтін көпшілік
емес, бойына бостандық ұраны сіңген көпшілік.
— Уақиға соған айналып келе жатыр,— деді онымен əңгімелесіп
отырған екінші біреу.— Большевиктерге қарсы күштердің өңгесі сарқылып
кегі, соңғы күш Колчак үкіметі ғана боп қалды. Бірақ, бұл да қызылдарға
төтеп бола алмайды. Төтеп болар еді, қолында құрал жасайтын завод,
фабрикалар 
отырса. 
Ондай 
өндіріс 
орындарының 
барлығы
большевиктердің қолында...
— Оның сөз емес,— дейді үшінші біреу,— мəселенің тетігі қару-құралға
қалғанда, Колчак кеңде болмайды, оған мына жағы Япония мен Америка,
ана жағы Англия мен Франция құрал береді. Менімше, мəселе құралда
емес, адамда. Большевиктердің артықшылығы, əрбір еңбекші адамның
бойына, бостандық үшін күресу деген сананы сіңіреді. Ондай адамды
ешбір қарумен ырқыңа көндіре алмайсың, оған ешбір Американың əлі
келмейді...
— Кто там, за болыдевисткая агитация?— деп жақындау бір бұрыштан
əлдекім өкірген бұқадай күжілдеп қояды.
— Егер, сен колчакшыл болсаң,— дейді оған шешен адам,— бұл


айтылған сөздерге дəлел тауып қарсы бол.
— Кескініңді көрсем, — деп қорқытады күрілдек,— мен саған дəлел
тапқанды үйретер ем...
— Кімді кімнің үйретуі алдағы күннің мəселесі...
— Мұның бəрі бос сөз,— дейді көлденең біреу,— кімді кім жеңсе де
мейлі, тек аштан өлмесек екен. Колчактың мына түріне қарағанда, егер ол
енді бір жыл тұрса, халықтың талайы аштан қырылар...
Бір кезде ұйқы жеңіп қаттырақ қалғып кетсем керек, ду ете түскен
дауысқа ояна келдім де, қайда екенімді ұмытып қап, есеңгіреген дауыспен
«һа, һа» - лап, жан-жағымды қармалай түрегелдім. Біреу мынау
«жынданудан сау ма өзі» деп кеудеме түйіп жібергенде, қатты жұдырықтың
күшімен ғана есім кірді. Жұрттың неге шулағанын сонда ғана білдім —
Омбыға кеп қаппыз.
Жұрт абыр-сабыр боп жатқан кезде поезд да тоқтады. Бірақ соншама иін
тірескен адамның ішінен тысқа шыға қою оңай да болған жоқ. Жаппай
қимылдаған жұрт бірін -бірі итергенде, жел айдаған толқындай кейде
ілгері, кейде кейін, кейде оңға, кейде солға лықсып, əрең дегенде тысқа
шықтық - ау!..
Дала əлі түн екен, жел саябыр, аяз шымырлана түсіпті. Мана вагон
үстімен салыстырғанда, вагон іші жұмақтай көрінсе, енді вагон ішімен
салыстырғанда даланың аязды тұнық ауасы жұмақ көрініп, жанды
жадыратып жіберді... Шіркін, еркін ауа - ай!..
Қызылжардікімен салыстырғанда Омбы вокзалы əлдеқайда үлкен де,
салтанатты да көрінді. Бұл вокзалдың іші де тығызшылық, бірақ
Қызылжардікінен гөрі бостау. Сұрастырып көрсем, Омбының вокзалы мен
қаласының арасы бес-алты шақырымдай, екі араға «ветка» атты поезд
жүреді. Оған мініп кетуге, таң əлі атқан жоқ, түн ішінде қайда барам?
Таң атып, қызмет басталғанша, вокзал ішінде отыруға ұйғардым да,
қарным ашқан coң, тамақ іздедім. Алдымнан буфет кездесті. Оның шыны
астына жайған тамақтарын сұрасам, ақша төлеген кісіге сата береді екен.
Мен күнімнің ішкі қолтығына тыққан күмəжнігімді алдым да, кішірек
булочка мен екі жұмыртқа ап жедім. Қарынға аздап «ауыл қондырғаннан»
кейін түкпірдегі қызуы сыртына тепкен үлкен қара пешке арқамды тірей
отырдым...
Бойым жылынған соң қалғып кетіппін. Менің кейбір кездегі
ұйқышылдығым ғажап болатын. Бала көзімде ораза ұстаймын деп, бір күні
кешке ауыз аша қалғып, келешек ауыз ашарға шейін, яғни жиырма төрт
сағат ұйықтағаным, онда да оятқан соң ғана тұрғаным əлі күнге дейін
есімде... Сол дағдымды Омбы вокзалының ішіндегі пешке сүйеніп


ұйықтағанда да істеп, күн - ұзын ұйықтап, күн еңкейгенде ғана ояныппын,
онда да, үй сыпырушы əйел оятыпты.
Ояна келсем, əкемнің үйінде жатқандай шалқамнан түсіп, далия
ұйықтаған екем. Ұйқым қанып қапты... Түрегеп, мезгілді білгеннен кейін,
есіме ақшам түсіп, қолтығымды қарасам, орны тып-типыл, күмəжнігімді
біреу қалта - малтаммен түбінен кесіп алып кетіпті...
Зəрем тас төбеме шықты... Ақша да аянышты, бірақ ең аяныштым —
документтерім жəне адрестерім!.. Жуан қара пештің қасына жылап отыра
кеттім...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет