Өмір мектебі. 1 кітап



Pdf көрінісі
бет75/107
Дата21.12.2023
өлшемі5,35 Mb.
#142380
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   107
Байланысты:
mir-mektebi-sabit-mukanov 2

БАЛТАБАЙ АУЫЛЫНДА
Мен «Балтабай» аталатын ауылдың балаларын оқытуға тұрдым, алты ай
жазға алатын ақым бір сиырдың құны, оны бала санына бөліп күздігүні
төлейді. Жұма сайын баласы оқитын үйлердің бірінен біріне көшіп тұрам,
тамағым көшкен үйдің мойнында болады.
Бұл ауылдың ең байы — Балғабайдың Ахметі деген кісіде айғыр - үйірге
зорға жететін, үлкен-кішісі аралас он шақты жылқы, жиырма шақты қой,
он шақты ғана сиыр бар екен. Өзгелері алды екі - үштен сиыры, бірер
құлынды биесі ғана бар, көбінде бірлі-жарымды сиырдан басқа малы жоқ,
шағын шаруалы ауыл екен. Ауылдың негізгі кəсібі — егін. Менің, туған
елімде бірен-саран ғана адам, көршілес орыс поселкесіндегі тамыр
крестьянға көлік майын беріп, бірлі - жарымды ғана егін септірсе, бұл
ауылда бір десятина егін сеппейтін үй жоқ, алды — жеті-сегіз десятиналап
себеді, сондықтан, ішерге ұны жоқ үй, бұл ауылда жоқ екен. Мен көктем
көзінде мұғалім боп барсам, өткен жыл астық шығымды болғандықтан, бұл
ауылдың ең кедейі Султан мен Əбудің үйінде де екі-үш қаптан астығы бар.
Ахмет, Мəжен немесе Сердалы молда сияқты ауқатты шаруалары өзінен
артылған астықтарын жақын жердегі поселке базарларына, күші келгендері
Қызылжарға апарып сатып келеді. Айналадағы ауылдардың бəрі де егінші.
Көп адамдар егінді орыс поселкелерінің крестьяндарымен бірлесіп салады.
Мен мұғалім боп тұрған ауылдың да, оған көрші ауылдардың да бəрі
егінші болғанмен, егін себетін жерді тауып алу көпшілікке, əсіресе,
кедейлерге аса қиын мəселе екен. Патша үкіметінің отаршылдық
саясатының, айқын бір бейнесін көрсететін орын осы ара боп шықты. Бұл
тұстағы тұрғын елдің шұрайлы жерінің барлығын патша үкіметі переселен
участкесіне кесіп алған да, өткен ғасырдың 90 жылдарынан бастап, іш«і
Россиядан көптеген поселкелер көшірген. Ұлт пен ұлтты араздастырып
ұстау саясатын қатты жүргізген патша үкіметі, бұл арадағы қазақ ауылдары
мен орыс поселкелерін де бір-біріне жауластырып кепті. Бірақ, еңбекші
көпшілікті ол саясаттың шеңберінен өмір шындығының өзі шығарып, қазақ
аулындағы кедейлер мен орыс поселкелеріндегі кедейлердің күш.қосып,
азын-аулақ егіндерін бірігіп салуды əдетке айналған... Бұл арада жəне бір
ерекше көзге түсетін іс — Столыпин реформасының жүзеге асуы. Соның
салдарынан шұрайлы жерлердің көпшілігі от - рубная системаға көшіп, сол
араларға кулактар хутор салыпты, помещиктер заимка ұйымдастырыпты.
Мысалы, мен орналасқан елдің маңында: Поляковтың, Смольныйдың,
Бажановтық, Кондратьевтің заимкелері деген кең-кең участоктерде
помещиктер мен кулактар жүздеген десятина егін салып, табындаған асыл
тұқымды малдар өсіреді екен. Шын мағынасындағы помещиктер мен
кулактарды мен сонда ғана көрдім. Жалғыз Бажановтың ғана заимкасына,
кейін. Совет уақытында «Өрнек» атты сексен үйілі колхоз орналасты. Өзі
Колчакпен бірге Қытай шегіне қашқан Бажановтың біраз асыл малы, үйлері


мен қора-қопсылары, машина -саймандары, 1923 жылы, сол маңайда артель
боп бірінші ұйымдасқан «Өрнекке» берілді.
Темамызға оралайық: қазақ ауылдарындағы жерлердің егінді жəне
шабындық 
шұрайлы 
тұстарының 
бəрі 
əр 
ауылдың 
байларының
қарамағында екен. Мысалы, Есіл бойыңдағы шабындық мол шығатын
өлкелерге Құлым хажы, Қожан хажы, Жүсіп балалары, Құсайын балалары,
Зілғара, Шопан тұқымдары сияқты байлар мен аталықтардың, болмаса
былайғы момын шаруаның қолы ілекпейді екен. Егіндік жерлер де сондай.
Ауыл байлары кедейлерге өзінен артылған жерлерді сатады екен, егер олар
сатып алмаса, егіндерін салдырмайды екен, кейбіреулері жерлерін орыс
кулактарына жалға береді екен. Осы жөнде жыл сайынғы егін себу науқаны
зор жанжалмен, кейде төбелеспен, тіпті кейбір жылдары кісі өлумен барып
тынады екен.
Мен барған жылы да осы жанжал қатты көтерілді. Кедей шаруалар
«жерді бірдей бөліп аламыз» деп шуласқанмен, егістік жерлерге шұбырып
барысқанмен, 
байлар 
маңайдағы 
поселкелерден 
Колчактың
милиционерлерін алып кеп, олар жанжал шығарған кедейлерді қамшының
астына алып, ауыл-ауылдарына қуып тықты. Ақыры, жерсіз кедейлер, жер
«иелерінің,» сұрағанын беріп, азын-аулақ егіндерін шамалары жеткенше
сепкен болды...
Со кезде, менің құлағыма «Қыстаубайдың Жақыбы» деген бір адамның
аты шалына қалды. Жұрттың айтуынша, ол жігіт өмір бойы орыс
поселкесінің малын бағып келген Қыстаубай атты жатақтың баласы, жасы
со кезде жиырма бестер шамасында. Əкесі момын болғанмен, өзі жалынды
туған Жақып, жас күнінен бай балаларына кеудесін бастырмай өр боп
еседі.
1916 жылы, патша өкіметі қазақтан майдан жұмысына жігіт алғанда
тізімге Жақып та ілегеді. Көп жігітпен майданның Минск тұсына барып
жұмысқа түскен ол, армия арасында революциялық идея таратып жүрген
большевиктермен танысады да, патша өкіметі құлап, жігіттер тарағанда,-
туған жеріне революциялық идеяның жаршысы боп қайтады.
1917 жылы Қызылжарда Совдеп құрылғанда Жақып мүше боп жазылып,
ұйымның тапсыруымен осы елге қызметке келеді, сонда оның қолына ең
алдымен алған жұмысы — жер мəселесі болады. Сол жылдың көктеміндегі
егіс науқаныңда, жаздыгүні шөп шабарда, жер атаулының шұрайын
байлардан кедейлерге тартып əпереді.
Сол жұмысын келер — 1918 жылдың көктемінде де жүргізбек болғанда,
контрреволюцияшыл чехословактардың перевороты боп, Совдеп құлайды
да, адамдары тұтқынға алынады, Жақып қолға түспей қашып құтылады...
Ауыл кедейлерінің сыбырлап қана оңаша айтуына қарағанда, Жақып
қазір өзі сияқты адамдармен бас қосып, партизан боп жүрген сияқты,


көпшілік «Жақыптың тобы пəлен жерде Колчактың сарайын өртепті, пəлен
жерде поезын құлатыпты, пəлен жерде əскерлеріне шабуыл жасапты...»
деген сияқты сөздерді айтады жəне Жақыпты үнемі жасанған жаудан да,
жалақтаған қылыштан да тайынбайтын ержүрек қып сипаттайды. Бірақ,
оның нақ қай жерде жүргенін ешкім дəлдеп атамайды...
Балтабай аулы маған аса бір жайлы ауыл боп шықты. Баласын оқытқан
қай үйге барсам да, жылы - жұмсағы менің аузымда. Бұрын балаларын
қадім молдалары оқытып, басын қатырғандықтан, енді мен кеп жаңа
əдіспен оқытып, балалары төз сауаттанып кеткендіктен, əрбір баланын, əке
- шешелері мен туыстары мені өте қадірлейді, əрдайым жылы шыраймен
қарсы алады...
Бəрі де жылы ұшырайтын, бұл ауылдың адамдарынан, мен бірнеше
адамды ерекше жақсы керіп кеткенім, соның біреуі, жоғарыда аталған —
Балғабайдың Ахметі. Көк көзді, шабдар мұртты, ақсұр қушық бетті, түрін
байырғы орыстан айырып ала алмайтын бұл жігіттің бойындағы бар
қасиеті — атбегілік пен құсбегілік. Оның «Қара торғай» аталып кеткен
жүйрігінің алдына түсетін жылқы құлақ естір жерде жоқ...
Жаз айларында ол үнемі лашын салады екен. Денесінің бар көлемі
жұдырықтай ғана, бірақ, қанат, құйрығымен тұтас алғанда сүңгуір
қайықтан ұп - ұзын көрінетін, маңдайы жайпақтау келген, тұмсығы
жолбарыстың тырнағындай иілген, сарғылттау қияғының өткірлігі
ұстарадай, мөлдіреген қарақаттан қап-қара кездері томпайып сыртына
қарай тепкен, бетегесі жүйрік аттай төстектеу, сирақтары жіңішке, сарғылт
саусақтарының басына имие біткен сұрғылт тұяқтарының ұштары егелген
біздей өткір, жазған қанатының топшысынан арғы жағы қарлығаштың
қанатындай ойылыңқырап барып, үш жағы іп - істік боп кеткен,
құйрықтары сауысқандай ұзынша, қара сұрлау қанатынын, түсі қоңырлау
таңбалармен сапырылысып, түсін кейде қара сұр, кейде қара қоңыр
көрсетіп құлпыртып тұратын... бұл құстың көркемдігіне қанша қызықсаң
да, дəл сол отырған түріне қарап оны «құс алады-ау» дегенге, əсіресе, «қаз
бен дуадақ алады »дегенге сенгің келмейді.. Сол сөздердің растығына,
Ахметтің қасына ерсең ғана сенесің...
Ахмет лашынын салуға екі-ақ мезгілде шығады: бірі — таң ату мен күн
көтерілудің арасы, бірі — күннің еңкеюі мең батуының арасы. Осы екі
мезгілдің, біреуінде, оның қасына салт атпен еріп шыға қалсаң, бұл
кездерде қандай құстардың, қайда жайылатынын жақсы білетін Ахмет,
«қазір үйректер пəлен жерде... қаздар пəлен жерде... дуадақтар пəлен
жерде...» деп болжалын айтады да, саған қызық көрсеткісі келген
кескінімен, «кəне, қайсысына барамыз солардың» деп сұрайды, сенін,
тілеген жеріңе қарай тартады...
Үйрек алу лашынға сөз емес екен. Əдетте, үйректер шалшықты көлдер,
томарларда көп болады. Шалғында тығылып отыра берсе, оларды, əрине,
лашын түгел, шындықта жоқ, қиялда ғана бар «бидайық» та ала алмас еді.


Алдыратын — ақылы жоқ үйректердің өздері. Əрбір құс салатын адамның
қолында дабылы болады. Ол — шеңберлеп иген ағашқа сірестіре керген,
кептірген тері. Оны қамшының сабымен қаққыласаң, күңгірлеген даусы
маңайды шулатып жібереді. Қазақтың халық елеңінде, «құс салып айдын -
көлді дабылдаттым» дейтін дабылы осы... Дабылды қақсаң, неге екенін кім
білсін, шалшықта не томар арасында тығылып жүрген үйрек атаулының
бəрінде де дегбір қалмай, үрейленген қалыпта ду көтеріле ұшады, со кезде
Ахмет оң қолына қондырған жеңіл лашынның көзіндегі томағаны
сыпырады да, астындағы жарау атты тебініңкірей шоқыта жөнеліп,
бытырай ұшып бара жатқан үйректерге қарай лашынды сілтеп кеп
жібереді...
Қазақтың халықтық өлеңінде — «қыран құс қисық ұшып, түзу ілер»
деген сөз бар. Осының өмір шындығынан алынғанын сен Ахметтің
қолынан ұшқан лашынға қарағанда көресің. Алғаш лақтырылғанда сен
лашынды құлап бара жатыр екен деп ойлайсың, өйткені, ол жоғары емес,
төмен қарай құлдырайды.. Жерге жақындап барып бауырлай ұшқанда, ол
аспанда аққан жұлдыздан кем зымырамайды... Жəне ол зымыраған
қалпында қашқан үйректерді тура қумай, əлдеқайдағы қияға қарай қисая
тартады...
Со бетімен біраз қарқындап алғаннан кейін, ұшып бара жатқан
үйректердің астына қалай жетіп қалғанына көзін, де ілеспейді... Лашынның
бір ғажабы — ілуге ойлаған үйрегінің дəл астына жетпей аспанға
көтерілмейді... Жəне ол, көтерілгенде қиялап барып емес атылған оқтай
боп шашыла тік көтеріледі. Сонда, ұмтылған үйрегіне қалай барып
айқасып қалғанын шамалап та үлгермейсің!..
Лашын əр түрлі болады екен: біреулері ілген үйрегін ала, жерге түседі
екен де, енді бірі ілген үйрегінің не желкесін, не топшысын аспанда қиып
жіберіп құлатып, өзі екінші, үшінші... тағы сондай үйректерге ұмтылып, бір
жолдың өзіңде бірнеше үйректі түсіріп алады екен.. Мен қасына ерген
жылы Ахметің лашыны осындай алғыр екен!.. Бұл — былтыр ғана баулып
салған, бірақ түлекті құс.
— Құстың,— дейді Ахмет,— ең алғыр болатын көзі екі мен үш түлектің
тұсында, оған дейін алаңғасарлау болады да, одан кейін қайраты
қайтпағанмен, тақыстанып жалқауланады...
Қазды алу үйректен əлдеқайда қиын екен. Адамнан алысырақ жерде
лашын бір қазды іліп түсіре қалса, бар қаз сол араға қона сап, лашынды
қанаттарымен ұрып, не талдырып, не өлтіріп кетеді екен. Бірақ, тəжірибелі
лашын алған қазының қанатынын, астына тығылып қалады екен де, қаздар
оны сабаймын деп, қазды сабап өлтіреді екен...
Ілуде біреуі ғана болмаса, лашынға алдырмайтын құс дуадақ боп шықты.
Сонда ол, ұшқырлығымен қашып та құтылмайды, қаздардай төбелеспейді
де, оның бар істейтін қайраты, лашын нақ үстіне келгенше отырады да,


ілуге жақындай берген кезде басына саңғып жібереді жəне көбінесе
лашынның көзіне саңғиды!.. Бұндай саңғуға ұшыраған лашын, енді қайтып
дуадаққа жоламайды!..
Со жазда Ахмет салған лашынның неше түрлі тамаша қызықтарын
кезден өткіздім... Құс салудың ен, қызықты айлары көктем емес, шілдеден
былай. Осы кезде ғана құстар семіреді. Ахметтің, де ерекше аңшылайтыны
осы көз. Бұл кезде оның жарғақ құлағы жастыққа тимей, ертелі - кешті
уақытын құс қонатын өлкелерде өткізеді. Саятқа оның құмарлығы соңдай:
қай кезде ұйықтап, қай кезде ас ішетінін білмейсің. Құс салатын мезгіл
түгіл, күндіз, күн ысыған көздің өзінде де ол саятшылықтың əлде не
ермегін тауып дамыл көрмейді. Кей күңдері ол далада қонып қалады.
«Шаруаңа неге қарамайсың?» дегенге:
— Баяғыда, мен сияқты аңшы біреу далада аң аулап жүрсе,— дейді ол
қуланып,-— үйдегі кəрі əкесі жəне бір кəрі атаны өледі. Сонда ақшы «атан
өлсе сойылар, əкем өлсе қойылар, бұл сияқты қан сонар, маған қашан
табылар» деп қайтпаған екен дейді. Сол айтқандай, басқара алмай жатқан
не шаруа бар менде? Шағын шаруаны інім Алпыспай да игере алады,—
дейді.
Балтабай аулында мұғалім боп қызмет атқарған жазда, менің аса бір
қызғылықты өткен уақыттарым,— лашын салған Ахметтің қасына ерген
кездерім еді!..
Мынадай бір саят күндері бүгінге дейін көз алдымда елестейді де
тұрады: ішіне Балтабай аулын қоса, «Андағұл» атанатын рудың он шақты
аулы айнала қонып жайлайтын. «Алуа» атты шалқар кел бар, (оған кейін
ораламыз), көлдің əр тұсынан суағар жырақалар кеп қосылады. Көктемде
ғана су жатып, жаз құрғап қалатын бұл жырақалардың ен бойы əлдеқайда
алысқа кетіп, қайдағы бір баттауық саздарға барып ұштасады. Ол ара,
əрине, құстардың құмарлана оттайтын жұмсақ шөбінің мырығы... Ахмет
лашынды осындай жерлерге апарып салады...
Құстың отқа шығар мезгілі таңның сіберлеуінен басталады. Со кезде у-
шу боп көлден көтерілген құстар отты жерге жапа-тармағай қонады да, əр
тайпы құс өз күзетшісін қарауылға қойып оттауға кіріседі. Өзі құс болсын
да, өзі қарауыл болсын!.. Кəне, көзін алдап көр оның!.. Əрине, алдай
алмайсың... Ендеше, олардың оттап отырған жеріне, кездеріңе шалынбай
жету керек.
Білетіндердің айтуынша, аңның өзге сөзім мүшелерінен мұрнының
сақтығы өткір, құстың құлағының сақтығы өткір, сондықтан жел жақтан
келе жатқан жауды аң көзімен кермей-ақ құлағымен естімей-ақ, исін
алыстан сезеді де, қорғану қамына кіріседі: құстың мұрны — ең топас
сөзім мүшесі, сондықтан, көзі көрмейтін жағдайда оның жауын алыстан
сездіретін мүшесі — құлақ. Осындай жайын жақсы білетін Ахмет,
жайылымға шыққан құстардың көзі мен құлағын алдастыру жабдығын


қарастырады.
Не істейді ол? Құс салар күні ол таң қараңғысынан тұрады. Лашынын
қолына алған ол, күн бұрын болжалға алған жеріне көбінесе жаяу тартады,
ондағы ойы — атпен қоқиып құстардың көзіне түспеу. Олардың көзіне
жаяу да түспеу керек. Ендеше не істеу керек?.. "
Алуаның Балтабай ауылы отыратын батыс жақ ернеуі биік жар. Ахмет
екеуміз сол жардың астына түсеміз де, етегін жағалап отырып, ойға алған
жырақаға жетеміз. Құрғақ, терең жырақаны бойлап отырып, құс
жайылымына жақындаған кезде, екеуміз ауыр киімді шешеміз, етікті
тастап, балақты түрінеміз, сөйтіп, еппен ғана қимылдап, құстың
жайылымына жетеміз... Бойымызды көрсетпей, еппен ғана басып барған
бізді, құстардың қарауылы қанша сақ болғанмен аңғара алмайды...
Ес білгелі құс салуды кəсіп еткен Ахмет, жайылымда шыққан құстың
құмарта аттайтын көзіне дəл барады. Бұл таңның жаңа ғана бозамықтана
бастаған көзі... Тегі, құс деген алаңғасар «халық» қой деймін, өйткені,
сақтануда бар қаруы құлағы бола тұра, құлағына сендіріп қарауылды қоя
тұра, сол қарауылына келер жаудың дыбысын тиыштықпен тыңдаудың
орнына, құлаған өздері керең ғып, өздеpi азан-қазан, у-шу болады да
жатады, сондықтан ба, немене, жасырынып барған саятшыны, көбінесе нақ
қасына жеткенше сезбейді...
Нақ қасына жақындап, Ахмет дабылын қағып кеп жібергенде, құстар у-
шу көтеріле кеп ұшады, со кезде, Ахметтің қолынан лашын да ұшады...
Неге екенін кім білсін, дабыл даусынан үрке көтерілген құстар, со
қалпымен лағып кете бермей, кең, сазды айнала жүйткіп, қонып ұша
береді... Лашын сондайда талайын іліп қалады...
Өте бір əдемі көріністер де болушы еді: тан, сіберлеп келе жатқанда жер
бауырлай құсқа ұмтылған лашынның денесі оның өзі емес, көлеңкесі ғана
сияқтанады... Жердің бетін ала зымыраған көлеңке, жоғары көтерілген қаз
не үйректердің астынан жарқ етіп жоғары шапшығанда, жерден жоғары
атқан тас сияқтанып, домалана ұшады... Лашын жармаса кеткен құс,
аспанда қанаты талып құлаған сияқтанып, далбаңдап төмен құдия
жөнеледі... Со кезде, Ахметте де, менде де ес қалмай, екеуіміз екпемізді
қолға ала ұшамыз... «Бүркітші» деген өлеңінде «бір қызық ісім екен сұм
жалғанда» деп Абай айтқандай, со бір сəт менің өмірімнің де аса бір рақаты
еді-ау!..
Балтабай аулында менің ерекше дос болған адамымның біреуі —
Кенженің 
Мұхамметқалиы. 
Бұның 
бойындағы 
бар 
өнері 

домбырашылығы. Бұрын ондай домбырашыны көрмегендіктен бе, əлде,
оның шеберлігі расында солай ма, кейін де талай домбырашыларды көре
жүре, егер Мұхамметқалиды есіме алсам, маған күні бүгінге дейін, саусақ
біткен адамда ондай домбырашы жоқ сияқтанады да тұрады. Арқада


тартылатын əндер мен күйлерді домбыраға ойнағанда, домбыраның
пернелерін бойлай жорғалаған нəзік саусақтарының астынан, жабайы
домбырашылардың бармағынан естілмейтін əлде не бір өте нəзік, ете тəтті
дыбыстар шығады!..
Ол домбыраны, басқа бір домбырашылардай төпей, жылдамдата шерте,
берекесін кетіре, ентіктіре, алқындыра тартпайды. Домбыраның шектерін
оның үш қана саусағы қозғайды: бармағы, үсік қолы жəне шынашағы. Осы
үш саусақпен екі шекті ерсілі-қарсылы іліп тартқанда, бұл саусақтардың
қозғалыстары, перненің асты - үстерін араластыра басқан сол қолдың
саусақтарымен бір ырғақта дəл қимылдайтынына қайран қаласың!..
Ол тартатын домбыра — Арқаның екі шекті, сегіз пернелісі. Оның
мойны Батыс Қазақстанның домбырасындай сорайған ұзын емес, Арқаның
өзге домбыраларындай қысқа, ұзын тұрқының шамасы бір-ақ кездей. Бірақ,
бұл домбыраның алқымы Семейдің домбырасындай жалпақ емес,
Көкшетау, 
Қызылжарда 
ғана 
кездесетін 
домбыралардай 
жіңішке,
сондықтан, оны бойлаған саусақтар іркілмей, бөгелмей, тік, айқын жолмен
шапқан аттай еркін отырады...
Мұхамметқали екі ағайыңды жігіт. Өзінен үлкен ағасының аты —
Жұныс. Жұныс со кезде шамасы қырық бестерге, Мұхамметқали отыз
бестерге келген жігіт. Бұл елдің ғұрпында, ол кезде сақал, мұртты қыру
жоқ. Кенженің екі баласы да, сақалдары сапсиған жасамыс жігіттер, сонда
да əлі күнге шейін үйленбеген. Қайдан үйленеді,— бұл үйге бір бұзаулы
сиыр, бір жылқыдан артық мал ешуақытта бітпеген, ал, үйлену үшін,
əрқайсысына ең кемінде он шақты мал керек. Мұндай малды олар қайдан
таппақ!..
Кенженің балалары да үнемі жалшылықта тұратын жігіттер екен, бірақ,
қазақтың байына емес, орыстың байына жалданады жəне екеуі бір мезгілде
емес, кезектесіп жалданып, біреуі үнемі үйінде болады... Тұрмыстары
кедей болғанмен, бұл екі жігіттің өздеріне тəуелді қыстық шым үйі, жаздық
кигіз үйі бар. Үйінде əйел болмағанмен, жазғы, қысқы тұрақтары үнемі
жинақы, төсек-орындары, ыдыс-аяқтары таза. Астарын олардың үнемі
өздері істеп ішеді, тек қана сиыр сауу мен кір жуу жұмысын көрші ағайыны
Əбділман дейтін кісінің əйелі атқарады... Жүнісі болсын, Мұхамметқалиы
болсын,— қайсысының болса да қайнатқан шайы да, пісірген наны мен
сорпасы да үнемі таза жəне дəмді болады.
Ескі ауылдың салтыңда мұндай кейбір үйдің адамдары ауылды
қыдырып, асы бар үйге барғыш, телміргіш келеді ғой. Ондай мінез
Кенженің екі баласында да жоқ. Аш отырсын, тоқ отырсын, егер, біреуі
арнап дəмге шақырмаса олар ешкімнің үйіне қыдырып бармайды да, егер,
бара қалған күңде асқа қарамай шығып кетеді...
Мен бұл үйге Жұныс бар кезде емес, Мұхамметқали бар кезде ғана
үйірмін, өйткені Жұныс деген жігіт кісімен аз кеңесетін, өзің бір нəрсені


сұрамасаң айта қоймайтын, шешіліп сөйлемейтін, қалжыңдасуды
білмейтін, 
қабағы 
үнемі 
түсіңкі 
жүретін, 
көңілсіз 
жігіт; 
ал
Мұхамметқалидың мінезі ағасына қарама-қарсы, ол, — қалжыңсыз сөйлей
алмайтын, ойнамай отыра алмайтын, жұғысып кетсе кеңесшіл, сырласа
қойғыш, дос бола қалғыш, əңгімешіл, ертегішіл, үлкенмен де, кішімен де,
əйелмен де, еркекпен де құрбы -құрдас, мейлінше ойнақы жігіт...
Оның домбырашылығын жұрт аса бағалайды да жəне қадірлейді де.
Сонысына қарай, бала болсын, үлкен болсын, əйел болсын, еркек болсын
кім де кім «Ия, Мұқа» деп, немесе, «ия, Мұхамметқали» деп домбыра
тартуын өтінсе, ол ешуақытта тартынбай ойнай жөнеледі. Бірақ, ол
домбыра атаулының бəрін бірдей тарта бермейді, егер, жақын болса, өз
домбырасын алдырып ойнайды да, алыс болса таңдамалы домбыраны
алдырып қана ойнайды...
Мені Мұхамметқалидың үйіне мінезі де, домбырасы да тартады.
Əсіресе,— домбырасы! Музыканы жаным сүйетін мен, əрдайым
Мұхамметқалидың өлшеусіз шебер ойнауын көргенде, сол дəрежеге жетуді
арман етем... Əрине, Мұхамметқалиға барған сайын, домбыра ойнағанда
қасында сағаттап отырған сайын, менің де өзімше шеберлігім арта түскен
сияқты, бірақ, мен жақындаған сайын, Мұхамметқалидың ойнау шеберлігі
биіктей түскен сияқтанады, өзімше көтерілдім дегенмен, оның шеберлігі
аспанда, менің шеберлігін жерде жүрген сияқтанады...
Мұхамметқалидың аса шебер ойнайтын күйлері мен əндерінің ерекше
бір тəттіленіп кететін мезгілі түн уақыттарында. Бұл əрине, ауылдың
жайлауға барып қойған көзіндегі түн. Он екі, он үш үйлі Балтабай
аулының, Мұхамметқалидың кішкентай қоңыр үйі ық жағына қонады.
Кейбір айсыз қараңғы түндерде, мал атаулының бəрі жусап, дыбысы
семген кезде, үй атаулының бар адамдары ұйқыға кеткен кезде, үйген
тезектей ғана боп алыста қарауытқан Мұхамметқалидың үйінен
талмаусырап ақырын ғана шыққан тəтті күй, түрген құлаққа балдай боп
құйыла қалады!..
Со кезде осы бір əлсіздеу нəзік күй, кең, аспанның астын түгел қамтып,
жұлдызды аспан Мұхамметқалидың домбырасының шанағына айналып
кеткен сияқтанады!.. Кең аспанның астына нəзік күй əрең ғана сыйып
тұрғандай сөзім пайда болады...
Сол шақта Мұхамметқалидың іші қараңғы кигіз үйіңе кіре қалсаң,
домбырасының күйіне берілген ол, үйіне кісі кіргенін сезбей ме, əлде сезсе
де күйін бөлгісі келмей ме,— «ө, кім -өй!» деп жауап қатпастан,
домбыраның балбыраған даусын балдандыра, тəттілендіре түседі... Кірген
адам да Мұхамметқалиды бөгегісі келмегендей, ол күйін ойнап болғанша
жауап қатпайды, немесе, ұзақ ойналған тəтті күйлердің тербеуімен қалғып
кетеді!..


Бұндай кештердің талайын мен өз басымнан да өткердім!.. Аса бір тəтті
кештер еді олар!..
Балтабай аулында менің үшінші жақсы керіп кеткен адамым Өстемірдің
Сыздығы. Жасы со кезде қырықтарды орталаған, сұйықтау ұзын сары
мұртты, имектеу мұрынды, ақ бұжыр кескінді, екі көзінде де шешектің
салдарынан түскен аздаған шелі бар бұ кісіге құрбы замандастары мен
жеңгелерінің ойнап қойған аты — «Қырсық». Олай дейтіні — ойнақы
мінезді Сыздық үнемі шалыс жəне теріс сөйлейді, күлдіргісіз, сықақсыз,
қалжыңсыз, ілгішсіз сөзді айтпайды. Ол, əсіресе, біреудің, бойындағы мінін
көргіш жəне сол мінді сықақ қылғыш, сондықтан, міні бар кісі одан қашып
жүреді.
Сыздық та кедейліктің салдарынан со күнге шейін үйленбеген жігіт.
Оның өзіне тетелес інісі «қалтақ бас Ғабдош» аулындағы Бəтіш дейтін
жесір əйелге үйленіп, қолына кірген. Сыздың үйіндегі одан басқа жандар:
жасы алпыстарды орталаған шешесі, ол аса зор жəне жуан денелі, қарағым,
шырағымшыл, жайдары мінезді ақ көңіл адам, одан басқа бұл үйде менен
оқитын, жасы он бес, он алтыға келген Қази дейтін бала бар.
Сыздық етікші жігіт жəне жұрттың көзінде бұл маңайдағы ен, шебер
етікші сол, сондықтан, кім де кім жақсы етік тіккізгісі келсе, Сыздықты
қалап шақырады... Етікшілігінің, қулықшылығының үстіңе Сыздық бір
сыдырғы домбырашы жəне даусы шағындау болғанмен, тəп-тəуір əнші,
Сондықтан, оның етік тіге барған жері үнемі ойын -сауық болады. Өсекші
ауыздардың айтуынша, Сыздық қыз-келіншекке де аса жұлдызды адам.
Талай байлардың үйлеріңе барып етік тіккенде, сол үйлерде оның басынан
өткізген «драмаларын», ойыншы жігіттер неше түрлі қызғылықты
анекдоттарға айналдырып əкеткен.
Жас мөлшері менен екі есе артық болғанмен, көпшіліктің бəрімен
құрдас Сыздықпен мен де құрдас болып, оған да аса жақын жүрдім,
онымен де аса сырлас болдым. Сонда менің одан көбірек сұрастырған бір
кеңесім — Қыстаубайдың Жақыбына байланысты сөздер, өйткені менің
естуімше, Жақып Қызылжардан большевик боп келгенде, ел кедейлерінен
жақын сырласынын, біреуі осы Сыздық болған.
— Жақыптың ең жақын жігітінің бірі болуым рас,— дейді Сыздық,
менен ырын жасырмай,— біздің бұл арада жердің тарын екенін, тəуір
жердің бəрі байлар мен аталықтардың қолында екенін көріп жүрсің ғой.
Жердің тақсіретін тартып келген кедейлер, Жақып «жер иесі — кедейлер
сендерсіңдер» деген соң-ақ, бүкіл кедей ұлардай шулап артына ертеңі рас,
былтырғы жылы егіндік жердің де, шабындық жердің де бар тəуірін
Жақыптың кедейлерге тартып əпергені рас. Сонда, оның артынан көптің
бірі боп мен де ердім...
— Бірақ, не керек,— дейді Сыздық күрісініп,— Совдептің өмірі қысқа
болды. Ол ұзақ жасағанда жер де, су да кедейлердікі болатын еді!..


— Неден күдер үздің, Сыздық аға,— деймін мен,— бұл арада Совдеп
құлағанмен, Мəскеу, Петроград жағында құламаған көрінеді ғой, құлаудың
орнына күшейіп бара жатқан сияқты көрінеді. Ертең мұнда да Совдеп
орнамауын, қайдан білесің?!..
— Ылайымда солай болғай ақта,— дейді Сыздық.
Жақыпты ол «ерге біткен нұсқасы бар, бойы ұсынса қол жетпейтін биік,
екі жаурынына екі кісі мінгендей, кескіні де адам қарап тұрарлықтай
көркем, мінезі де түр - тұлғасына лайықты боп біткен, адам түгіл, əзірейіл
кеп жаныңды алам деп тұрса да тайынбайтын көзсіз ер, барып тұрған
кедейшіл, бай дегенге қаны «қас» деп өсіре, серпе мақтайды.
— Сонымен, со Жақыпқа ерген кедейлерді, əсіресе, сен сияқты
басшыларын байлар артынан қужамады ма? — деген сұрауға:
— Неге қужамасын,— деп жауап береді Сыздық,— Есілдің ар
жағындағы Аққозы, Жарқын аталатын елден Жақыпқа ерген төрт жігітті
Алашорда мен Колчак аттырып тастатты. Тілеп дейтін ауылдан да екі жігіт
атылды. Қараталдағы Досан қарияны білесін, ғой?
— Бекпеннің Досаны ма?
— Ия. Соның немере ағасы Шегір дегеннің жалғыз баласы да Жақыпқа
еріп жер алам деп атылып қалды...
— Өзің қалай аман қалдың?
— Бұл елде Жақыпқа еріп, кедейлерге көтермеші болған жалғыз мен
емеспін де. Өтеміс — Құлтай аталатын ауылдарда Батайдың Жоламаны,
Дəулидің Сəрсенбайы, Бірімнің Қабиы, Құсайын хажының ұлы да
Əуелбектің Мəлікаждары, өзіңнің жиенің Əшкəр, Қараталда Құсайынның
талайы Жақыпқа жəрдемші боп, кедейлерді оның артына ергізуге
көмектесті. Совдеп құлап, билікті ақтар қолыңа алғаннан кейін, бастығы
Құлым хажы, Қожан хажы боп, оларды Жұсыптың Қозкесі, Құсайынның
Оспаны, біздің Сақау Мəжен сияқты бишігештер қолдап, «Жақыпқа
ергендердің барлығын аттырамыз да, жойдырамыз» деп қылықты қылып-ақ
бақты. Со кезде кездеріне түсе қалсақ, бізді де аттырып тастайтын еді,
қашып-пысып қана жан сақтадық. Артынан байлар бəсеңдеңкіреді. Тегі
қызылдар тағы да кеп қап, кедейлер басымызға тағы да əңгір таяқ орнатар
деп қорқады - ау деймін, əйтпесе, бізді аяр түрлері жоқ сияқты. Аямағаны
емес пе — Досан қари өзінің жақыны Шегірдің баласын сақтап қалуға
мүмкіншілігі бола тұра, «мен оған қызыл бол дегем жоқ, болған өзі, өлмесе
жаны шықсын» деп қорғап алып қалмады.
Балтабай аулында менің жақын болған адамдарымның бірі,—
Жұныстың Қамзасы. Ол татар медресесінен оқып, ортаға жақын білім
алған жігіт, менің екі жас үлкен, шаруасы кедей, үйінде кəрі шешесі мен


менімен жасты інісінен басқа адам жоқ. Бала көзінде ауылда оқыған Қамза,
бертінде Троицкийге кетеді де, мұғалімдер даярлау мақсатымен татар
тілінде ашылған «Уазифа» атты медресеге түсіп екі жылдай оқиды. Бізге
белгілі Ізтөлин Баймағамбетпен, Балқашов Үмітпен ол бір класта болады,
содан үйіне өткен қыстың аяқ көзінде келеді. Бұл ауылдағы «көзі ашық»
деген екеуміз - ақ болғандықтан, Қамзамен мен сырлас, достас боп кеттім.
Біздің сырласуымыз, Сыздықпен екі арамыздағыдай бозбалашылық кеңесі
болмайды, көбінесе саяси тақырыптағы кеңес болады. Бір-бірімізге
сеніскеннен кейін, оның маған айтуынша, Троицкий қаласынан
Баймағамбет Ізтөлин большевиктерге тілектес боп қайтқан, бірақ
коммунист партиясына мүше боп кірем деп жүріп, кенеттен болған бір
уақиғаның салдарынан кіре алмай кеткен.
Ізтөлиннің большевиктер ұйымына жақындасуының тарихы Қамзаның
айтуынша былай екен: Троицкийдің ортасын жарып, Үй атты өзен ағады.
Өзеннің бойы қалын, тоғай. Қаладан екі-үш шақырым жердегі тоғай ішінде
Алтын төбе аталатын бір биік төбе бар, өзі өзеннің нақ жағасында. Саяхат
жасаушылар жаз айларында осы «Алтын төбенің» маңайына көбірек
жиналады: суға шомылады, құмға аунайды, тоғайдың көлеңкесіне
саялайды... «Алтын төбеге» көпшілік ішінде «Уазифа» оқушылары да
араласып барып жүреді.
— Бір күні, — дейді Қамза,-— Баймағамбет екеуміз «Алтын төбеге»
бардық та, киімімізді үстіне шешіп, суға шомылдық. Есіл бойында
ескендіктен мен малтымпазбын, Баймағамбет өзеннің тайыз шетіне ғана
шалпылдатып, ортасына бара алмайды. Шомылып шыққаннан кейін біз
«Алтын тебенін,» үстіне өрлей шыққан қалың қарағайдың саясында
демалып жаттық. Ол арада Баймағамбет екеумізден басқа ешкім болған
жоқ... Біз солай жатқанда, иығына сумкесін артқан, сақал-мұрты өскен,
солдатша киімді орыс жігіті кеп өзен жағасына шешінді де, суға шомылды.
Ол да жүзімпаз адам екен. Өзенді бойлай біраз жүзіп, сүңгігеннен кейін ол
қырға шықты да, киініп, сумкесінен тамақ алып жей бастады... Тегі, біз оны
көргенмен, ол бізді керген жоқ-ау дейміз. Жақын жерден біз айқын көріп
жатырмыз,— сумкеден алған тамағы қатып қалған қара нан, солдат оны
мықшия, жағының бар қаруын сала кеміргенмен, қатып қалған қара нан
бола қояр түрі жоқ... Баймағамбет мұқтаж адамды аяғыш болатын. Оның
сол мінезі ұстап кетіп, «əй, мынау тегі соғыстан қашқан солдат па, əлде
үйіне демалысқа қайтып бара жатыр ма, қайсысы болса да, тегі, ашығып
келе жатқан адам ғой, тамақ берсек қайтеді?» деді. Мен «қайтеміз соны?»
деп ем, Баймағамбет «ашығып келе жатқан адамға қолымызда бола тура
дəм бермеуіміз обал болар» деп, мені көндірді де, орамалға түйіп алып
шыққан азын-аулақ тамақтарымызды алып, солдатқа қарай жөнелді,
соңынан мен де ердім.
Ортадан аласалау бойлы, арық денелі, жүдеу кескінді, киім-кешегі əрі
тозық, əрі кір, сарғыл сары сақалы мен мұрты қаулаған бұл солдат, біздің
«здравствуйте» деп берген сəлемімізге жылы жүзбен жауап қайтарып


қолдасты. Біз оның жол жайын сұрасақ, «майданда едім, демалыс алып,
Көкшетау уезіндегі үйіме келем» деді. Фамилиясын сұрасақ «Антонов»
дейді.
— Біздің онымен бұл жолғы кеңесіміз осылай сұйықтау ғана боп бітті.
Одан айрылып, былай қарай шыға бергенде:
— Қашқын,— деді маған Баймағамбет,— анық қашқын. Түрі соған
ұқсайды.
— Неден қашады ол?
— Кім білсін, бір есептен соғысқысы келмей қашып жүрген болуы
мүмкін, енді бір есептен, ақтардан қашып жүрген қызылдың біреуі болуы
мүмкін.
— Кім болса ол болсын біз енді оны біле алмайтын болдық.
— Егер қашқын болса,— дейді Баймағамбет,— ертең де осы арадан
ұшырасады, нанбасаң келейікші.
— Бардыңдар ма? —деп сұраймын мен Қамзадан.
— Мен барған жоқпын,— дейді ол.
— Баймағамбет ше?
— Ол қызық жігіт қой, ойға алғанын орындамай қоймайтын. Менің
ерінгенімді көрді де, өзім - ақ барып қайтайын деп кетіп қалды. Қайтып
келгенде ол, «жолықтыра алмадым», бірақ, жобасын байқаймын,—
жолыққанын менен жасыратын сияқты.
— Неге?
— Оны кейін айтайын. Байқаймын, Баймағамбеттің сөз жобасы
өзгеріңкірейді, ол енді шет - жағалап қызылдар туралы жылы сөздер айта
бастайды. Оның сөздері менің құлағыма жаттау естіледі, өйткені, біздің
медресемізде оқытатын мұғалімдердің көпшілігі татардың миллəтшілері
яғни, қазақша айтқанда — ұлтшылдары. Олардың бəрі де Совет өкіметін
жек көре сөйлейді, саяси сабақтарда бізді большевиктерге .қарсы
үгіттейді...
— Сонымен,— дейді Қамза,-— Баймағамбет менің сырымды
шыжымдай тартып жүрген кезде, Орал жақтан қызылдар жақындап қалды
да, мектебіміз жабылып, шəкірттер тарады. Баймағамбет екеуміз елге
қайттық.
— Неге?— деп сұрадым мен, — ол маңайға сендер мұғалім боларлық
ауылдар жоқ па екен?


— Неге жоқ болсын, Троицкийдің маңайы айнала қонған қазақ
ауылдары. Егер, мұғалім болғымыз келсе, жалдайтын ауыл да табылды,
менің жалданғым да келді, оған болмаған Баймағамбет. Неге өйткенін
Петухово станциясынан айрыларда ғана айтты. «Қызылдар кешікпей
келеді,— деді ол,— оларды туған жерде қарсы аламыз да, қызметке содан
кейін біржола орналасамыз». Троицкийде большевиктердің жасырын
ұйымы болғанын, «Алтын төбеде» кездескен солдаттың сол ойымда мүше
екенін, сол солдат арқылы өзінің де ұйымға жанаса бастағанын, бірақ мүше
боп үлгіре алмағанын Баймағамбет маған сол арада ғана естіртті.
Солдаттың атын сұрап едім, «жуырда онымен жолығармыз, сонда білерсің»
деп жан сақтатып айтпай кетті.
Қамзадан сұрастырып көрсем, жалпы білімі менен жоғары болғанмен,
саяси көзқарасы терең сияқтанбайды. Большевиктерді ол да мақтайды,
сондағы ең мықты дəлелі,— «пайғамбарымыз кедей мен байды бірдей
көрген ғой, кедейге жаны көбірек ашыған ғой. Большевиктердің айтатыны
да сол. Егер, большевик үкімет басына келе қалса, құранда не айтылса,
соны бұлжытпай орындайды да қояды...» дейді.
Қыстаубайдың Жақыбы туралы Қамзаның айтары: «.мен ол жігітті
білем. Тақыр кедейдің, баласы екені.рас. Ер жəне өжет жігіт екендігінде де
сөз жоқ. Бірақ, шала сауатты жігіт. Сондықтан, надан да болды ғой ол.
Надандығы емес пе: Совдепте аз күн қызмет істегенде осы маңайдағы
орыс, қазақтың байларын «сендер біздің қас дұшпанымызсыңдар» деп,
қырып жібере жаздапты, кедей атаулыны соңына ертіп, байлардың жерін
тартып əперіпті.
— Онысы ағаттық болған ба?—деп сұраймын мен.
— Əрине, ағаттық, — дейді Қамза.— Кедейлерді байлармен теңестіре
жұмысын ептеп жүргізбей, өктеп жүргізуге бола ма? Өктеуіңе байлар көне
ме? Олар да тірі жан емес пе? Қарсылық білдірмей ме?
— Жақыпты өзің көрдің бе? — деп сұраймын Қамзадан.
— Бір-ақ рет көрдім, содан кейін көрген жоқпын.
— Неге?
— Екеуміз келісе алмай айрылдық. Мен оған байларға тым қатаң
келгенін айтып ем, ол: «сен - ақ жұмсақ бол!» деп менімен ренжісіп
айрылдық...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет