Өмірбаяны және әдеби мұрасы туралы ой-тұжырымдар дәрістер



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата06.03.2017
өлшемі393,22 Kb.
#8298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

тарапынан да ауыр езгі көрді.

Бір сөзбен айтқанда, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың 

бас   кезі   қазақ   халқының   тарихындағы   ең   бір   елеулі   кезең 

болды.   Бұл   –   Россияда   революция   дауылдары   өршіген, 

халықтың   басына   сан   қилы   сынақтар   түскен   кез   еді. 

Россиядағы   әлеуметтік   жаңарулар   мен   өзгерістердің,   ірі-ірі 

оқиғалардың   жаңғырығы   қазақ   даласына   жетіп   жатты.   Бұл 

кездегі қазақ әдебиетінде де терең көрініс тапты. Сол себепті 

де бұл дәуірдегі қазақ әдебиетін сол тұстағы тарихи-әлеуметтік 

жағдайлармен тығыз байланысты алып қараған жөн.

ХІХ   ғасырдың   екінші   жартысынан   бастап,   қазақ 

даласының   экономикасы   мен   шаруашылығы   ғана   емес, 

мәдениеті мен әдебиеті де жедел өркендей бастады. Халықтың 

сана-сезімі оянып, жаңалыққа құштарлық күшейе түсті. Елдің 

оқу,   білімге   ынтасы   артты.   Елді   мекендерде   оқу-ағарту   ісі 

жанданып,   мектептер   ашыла   бастады.   Егер   ХІХ   ғасырдың 

аяққы кезінде қазақ жерінде ондаған ғана орыс-қазақ мектебі 

болса,   жаңа   ғасырдың   басында   жалпы   білім   беретін   оқу 

орындарының саны бес жүзге жетті.

Қазан   төңкерісіне   дейін   қазақ   арасында   оқу-ағарту 

жұмысы   екі   түрлі   бағытта   жүргізілді:   бірі   –   мұсылманша, 

екіншісі   –   орысша.   Діни-мұсылманша   оқу   қазақ   елінде 

11


бұрыннан, тіпті, Қазақстан Россияға қосылмай тұрған кезден-

ақ бар болатын. Ол кезде қазақтар бір не бірнеше ауыл болып 

бірігіп,   ортадан   молда   жалдайтын   да,   балаларды   сонда 

оқытатын. Екі дәуір аралығынан, яғни ХІХ ғасырдың ақыры 

мен   ХХ   ғасырдың   басынан   бастап   жаңа,   төте   оқу   –   ұсули 

жәдит оқуы шығуына байланысты, қазақ арасында ескіше оқу 

Бұқара,   Қазан   жанындағы   мұсылманша   оқудың   үлгісі 

бойынша жүргізілді.

Осы   кезде   Қазақстанда   баспасөз   ісі   де   қолға   алынып, 

жандана бастады. ХІХ ғасырда қазақ тілінде тек бір ғана газет 

(«Дала уалаятының газеті») шығып тұрған болса, ХХ ғасырдың 

алғашқы   жылдарында   қазақ   тілінде   алты   газет-журнал 

шықты.   Сондай-ақ,   қазақ   тілінде   ХІХ   ғасырда   небары   100 

шақты   кітап   басылса,   ХХ   ғасырдың   басында   (1900–1917 

жылдары) 300-ге жуық кітап басылды. Бірақ бұл дерек нақты 

емес.   Өйткені   бұған   кейін   ақталып   жатқан   «ақтаңдақтар» 

аталған көптеген арыстарымыздың еңбектері енбеген еді. Сол 

кітаптардың   жартысына   жуығы   қазақтың   сол   кездегі   ақын-

жазушыларының күнделікті тақырыпқа, сол заман тақырыбы-

на арнап жазған төл шығармалары: өлең жинақтары, дастан-

поэмалар, әңгіме, романдар еді [3].

Міне, қазақ қоғамы үшін осындай үлкенді-кішілі оқиғалар 

мен   өзгерістерге   толы   кезеңде   дүниеге   келген   халқымыздың 

біртуар ұлдарының бірі – Мәшһүр Жүсіп Көпеев болды.

Көшпелі   сахара   қазақтары   көрген   теңсіздік,   әділетсіздік, 

зорлық-зомбылық   Мәшһүр   Жүсіп   туындыларынан   айрықша 

орын   алды.   Оның   шығармаларынан   қазақ   халқының   өткен 

кезеңдегі өмірін, арманын, күйініш-сүйінішін, қайғы-қасіретін 

көреміз.   Ол   халықтың   ғылым-білімнен   шет   қалмауын,   өнерлі 

болуын, алдыңғы қатарлы ел болуын тіледі. Патша саясатының 

қара халық  басына азап төндірген ауыртпалықты жақтарын 

әшкерелейді.

Талай   жердің   дәмін   татып,   озық   елдердің   үлгілі 

жетістіктеріне   қаныққан,   әрі   қазақтың   тұрмыс-тіршілігінен 

аса хабардар Мәшһүр өз елінің мәдениетті де, өркениетті ел 

болуын   армандады.   Және   осы   жолда   белді   бекем   буып,   «дос 

жылата   айтады,   дұшпан  күлдіре   айтады»   деген   бұрынғының 

сөзі бар»,- дей отырып, батыл да бекем ойларға барады.

Замана   сипатын   мейлінше   шынайы   таныту   кез-келген 

ақын-жазушының   үлесіне   тие   бермейді.   Ал,   М.Ж. Көпеев   ірі 

қалам   иесі   ретінде   өз   қабілет-қарымына   қарай   дәуір 

тынысына   үн   қата   білді.   Қоғамдағы   нақты   жағдайлар   мен 

өзгерістерді   көзімен   көріп,   жүрегімен   сезінген   ақын   ғасыр 

12


басындағы дүрбелеңі мол кезеңде туған халқының көкейтесті 

мұң-мұқтажын жыр етті [4].

Өзі   өмір   сүрген   дәуірдің   шынайы   сыр-сипатын   суреттей 

білген   жазушылардың   бірі   –   Мәшһүр   Жүсіп   Көпеев.   1907 

жылы Қазан қаласында Хұсайыновтар баспаханасынан оның 

«Сарыарқаның   кімдікі   екендігі»,   «Хал-ахуал»,   «Тіршілікте   көп 

жасағандықтан   көрген   бір   тамашамыз»   деген   үш   кітабы 

жарық көрді. Бұл шығармаларында ол өзінің саяси-әлеуметтік 

көзқарастарын білдіреді.

Жалпы, 1906–1907 жылдары – М.Ж. Көпеев шығармашы-

лығының   идеялық   жағынан   тереңдей   түскен   дәуірі.   Бұл 

жылдары   жазған   шығармалары   тегісінен   қазақ   халқының 

бостандық,   саяси-экономикалық   праволарымен   байланысты 

болып келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Дәуітов С. Алғы сөз // М.Ж.Көпеев. Таңдамалы. І-том. – А., 

1990. – 271 б.

2. Мырзахметов   М.   Абай   жүрген   ізбенен.   –   А.:   Қазақстан, 

1985. – 172-б.

3. Әбіқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. – А., 1971. – 

18–19-б.

4. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – А.: Жазу-

шы, 1964. – 230-б.

3. Мәшһүр Жүсіптің ғұмырының соңғы кезеңі

Мәшһүр   Жүсіп   өмірінің   соңғы   жылдарында,   дәлірек 

айтқанда,   Кеңес   өкіметінің   тұсында   өзінің   жазған 

шығармалары   мен   ел   аузынан   жинап-терген   ауыз   әдебиеті 

үлгілерін   қағазға   түсірумен   шұғылданады.   Ақын   1931   жылы 

өзінің ауылында дүниеден қайтады. Айта кететін бір жай – ол 

қайтыс   боларынан   бір   жыл   бұрын   өкімет   саясатына   қарсы 

оғаштау   бір   мінез   көрсетеді.   Күні   бұрын   бейітін   тұрғызып, 

жаназасын   шығарып,   өзінің   көзі   тірісінде   өзіне   ас   бергізеді. 

«Жетпіс үшке шыққанша балталасаң да өлмеймін, жетпіс үшке 

шыққан соң сұрасаң да тұрмаймын», – деген сөзі дәл келеді. 

Осы   бір   жайлар   ел   арасында   әңгіме   аңыз   боп   тарап,   ауыл 

адамдары   өлгеннен   кейінгі   жерде   Мәшһүр   Жүсіпті   әулие 

тұтып, басына келіп тауап өтуді, түнеуді шығарады. Ал, саяси 

идеология   үстемдік   құрған   кезеңде   бұл   жағдай   көпе-көрнеу 

13


ақынға пәле болып жабысты. Оның әдеби мұрасын тексеріп, 

дұрыс тануға көпке дейін залалын тигізіп келді [1].

М.Ж.Көпеев   –   ұзақ   жасап,   талай   тарихи   кезеңдерді 

басынан   кешірген   ақын.   Мәшһүр   Жүсіптің   ұзақ   өміріндей 

творчестволық   жолының   да   талай-талай   кезеңдері,   бел-

белестері   болған.   Бұл   ақынды   өзінің   қатарлас,   иықтас 

әріптестерінен оқшауластыратын ерекшеліктер.

1929   жылы   Ескелдідегі   қыстауын   бастап,   1930   жылы 

аяқтап,   бір   қыстайды.   Осы  жылдың   жазында   зират   үйін   де 

салдыруды қолға алады.

«Әуелі   «Жатар   орнын»   дайындатады.   Үлкен   келіні   Ақ 

Зейнептің Дұсжан деген інісіне қаздырып, өзі үнемі басында 

отырады екен. Енін, көлденеңін, биіктігін екі жарым кез етіп 

алдырады   да,   ол   біткен   соң   көңілі   әлдебірденеңеге 

дауаламағандай балдызына тағы да біраз тереңдету керектігін 

айтады.   Күндегі   әдетінше   ертеңгілік   тағы   да   басына   келіп 

отырады  да,   дұға  етеді.  Бұл кез  Дұсжан  бірыңғай  қиыршық 

тас   жер   үйіндісінің   астынан   тұтасқан   бір   ақ   күлгін   түсті 

тастың белгі бере бастағанын байқайды. Сөйтеді де:

– Моллеке, мына жердің тасының түсі өзгере бастады, әрі 

тұтас жатқанға ұқсайды, енді не істейін, бөлектеп уақтайын 

ба, – деп жоғары қарайды.

– Жоқ,   Дұсжан.   Менің   де   күткенім   сол   болса   керек. 

сындырмай тұтас ал да жоғарыға шығар, – деп тағы да дұға 

оқиды. Биіктігі бір жарым, ені бір кезге таяу, қалыңдығы 20-

30 сантиметр бұл тасты аты-жөнін жазып, басына белгі етіп 

қойғызған екен тірісінде. Ол тастың қалдығы әлі сақтаулы. Ал 

Мәшекең   зират-үйін   екі   бөлмелі   етіп   салдырған   да,   төргі 

бөлмесіне өзін ашық қоюды өтінеді. Ауызғы бөлмеге ыдыс-аяқ, 

кітап-құрандарын,   ер-сайман,   кілем,   үккіш   т.б.   пайдаланған 

заттарын   түгел   қойғызады.   Насыбай   шақшасына   әрдайым 

дайын насыбайды толтырып кетіп отыруды өсиет етеді.

– Қысы  бар,   жазы   бар,   әрі-бері   өткен   жолаушылар  келіп 

түнеп   қалса,   барлық   мүлкімді   пайдалансын.   Бірақ   жуып-

тазалап   қайыра   орын-орындарына   қойып   кететін   болсын. 

Қорықпасын, мен көрден тұрып ешкімге да бас салмаймын, – 

деп тапсырады. Бұл жерде Мәшһүрдің:

– Мен   өлгеннен   кейін   де   қырық   жылға   дейін   денем 

бұзылмайды.   Тірі   адам   көзі   көреді,   серт   етем.   Тек   жаздың 

ыстық айлары ақіретімді айырбастап отырыңдар, қыс керегі 

жоқ.   Сонда   көздерің   жететін   болады,   –   деп,   үлкен   баласы 

Шәрәпиденге шырақшылықты өсиет етеді» [2, 21].

14


Иә, Мәшһүр 1931 жылдың күз айының аяқ кезінде дүние 

салды.   Одан   бұрын   тірісінде   өзіне-өзі   бата   жасатып,   дұға 

өткізген екен.

Пайдаланылған әдебиет:

1. Жүсіпов   Н.Қ.   Мәшһүр-Жүсіп   және   фольклор.   –   Павлодар, 

1999. – 93 б.

2. Көпеев С.Ш. Мәшһүр Жүсіп өмірі (аңыз бен ақиқат). – Пав-

лодар, 2000. – 19 б.

2-дәріс тақырыбы

ФОЛЬКЛОРШЫ, АҚЫН ӘРІ ТАРИХШЫ ЖАЗБАГЕР 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ МЕН ЖАРИЯЛАНУЫ

Мақсаты:   М.Ж.Көпейұлы   туралы   уақыт   талабына   орай 

жазылған   не   айтылған   ой-пікірлерді   саралай   отырып,   ол 

еңбектерді бүгінгі күн тұрғысынан талдап, таразылау.

Міндеттері:

– кеңес өкіметі тұсында жазылған, идеология қыспағында 

кейде оң, кейде теріс айтылған пікірлерге шолу жасау;

– жариялылық, қайта құру заманынан бері қарай Мәшһүр 

Жүсіп   мұрасы   жайында   жүргізілген   тың,   соны   зерттеу 

жұмыстарын толық қамту;

– 1907   жылдан   бері   жарияланып   келген,   әлі   де   жарық 

көретін   әдеби-фольклорлық,   тарихи   жазбаларының 

жариялануы туралы мәліметтер беру.

Жоспар:


1. М. Әуезов,   Ә. Марғұлан,   М. Ғабдуллин,   Б. Кенжебаев, 

Қ. Бейсенбиев,   Ә. Қоңыратбаев,   И. Жарылғапов,   Ы. Дүйсен-

биев   және   т.б.   ақын,   фольклоршы   әрі   ағартушы   ретінде 

бағалап,   бірде   қаралып,   бірде   жаңалап   жазған   оң,   теріс 

пікірлері

2. Д. Әбілов,   С. Дәуітов,   Қ. Мәшһүр-Жүсіп,   С. Сүтжанов, 

Н. Жүсіпов,   Г. Жүсіпова,   Е. Жүсіпов,   т.б.   ғылыми   еңбектерін 

саралап, салмақтау.

3. Төңкеріске   дейін   жарық   көрген   кітаптарынан   бастап 

бүгінгі   күнге   дейінгі   том-том   болып   шыққан   және   шығуы 

жоспарлап шығармалар жинағы жайында.

15


Дәріс мазмұны:

1. М. Әуезов, Ә. Марғұлан, М. Ғабдуллин, Б. Кенжебаев, 

Қ. Бейсенбиев, Ә. Қоңыратбаев, И. Жарылғапов 

және т.б. ақын, фольклоршы әрі ағартушы ретінде бағалап, 

бірде қаралып, бірде жаңалап жазған оң, теріс пікірлері

Ұлылар   мұрасын   игере   білу   ең   алдымен   кешегі   тағдыр   – 

тарихымызды терең тану үшін сол арқылы бүгініміздің мәнін 

жете   парықтауымыз   үшін   керек.  «Кешегіміз   түгенделмей, 

бүгініміз   бүтінделмейді»,   –   дейді   алаштың   ардақты   азаматы 

Қошке Кемеңгеров.

ХІХ   ғасырдың   аяғы   мен   ХХ   ғасырдың   басы   қазақ 

халқының рухани-мәдени өмірінде өшпес із қалдырған ерекше 

бір кезең екені белгілі. Сондықтан да осы кезеңнің әрбір қалам 

иесінің   шығармашылығын   нақты   әрі   жан-жақты   зерттеу 

бүгінгі таңда толғақты да маңызды. Өйтпейінше, сол дәуірдің 

шын суретін көзге елестету еш мүмкін емес.

Қазан

 

төңкерісіне



 

дейінгі


 

әдеби


 

процесте 

М.Ж.Көпейұлының да атқарған ролі айрықша. Ол – қазақтың 

сөз   өнеріне   өшпес   із   қалдырған   көрнекті   тұлғаларымыздың 

бірі.   Әдебиетіміздің   тарихын   зерттеуші-сыншы   ғалымдары-

мыздың көпшілігі оны осы кезеңнің белді де белгілі өкілдерінің 

бірі   деп   танылды.   Ақын,   ағартушы,   тарихшы,   халық   ауыз 

әдебиетінің   үлгілерін   жинаушы  ретінде   ол   туралы   М. Әуезов, 

Ә. Марғұлан,   М. Ғабдуллин,   Б. Кенжебаев,   Қ. Бисенбиев, 

Ә. Қоңыратбаев,   И. Жарылғапов,   Ы. Дүйсенбаев,   М. Бөжеев, 

Д. Әбілов және т.б. әр ой-пікірлер білдіріп отырған.

М.Ж. Көпейұлы  туралы уақыттың  талғам-талабына  қарай 

әр кезде әр түрлі пікірлердің болғаны рас. Алайда оның кестелі 

өлеңдері   мен   келісті   ойларын,   әсіресе,  халық   ауыз   әдебиетін 

жинаудағы еңбегін ешкім жоққа шығарған емес.

Қолда   бар   деректерге   қарағанда,   Мәшһүр   Жүсіп   туралы 

алған мақала («Қазақ әдебиеті», №2, 5 қаңтар, 1940 ж.) жазып, 

өзінің әділ пікірін айтқан адам – академик Әлкей Марғұлан [1]. 

Оның   Мәшһүр   өмірбаяны   мен   творчествосы   жетік   білуі   сол 

өлкеде   туып-өскендіктен   де   болса   керек.   Жастайынан   оның 

өлеңдерін жаттап, атағына тәнті болған ғалым өзінің аталмыш 

еңбегінде ақынның шыққан тегі, өскен ортасы, шығармашы-

лығы   туралы   мол  мағлұмат   береді.  Сонымен  бірге,  Көпейұлы 

діни ортада тәрбиеленгендіктен «діншіл молдалардың әсерінен 

жуық арада шыға алмады» деп, ақын шығармаларында діни 

сарыннның орын алу себебінің сырын да ашып айтады.

16


Бір айтарымыз, зерттеушінің Мәшһүр Жүсіп араб, парсы 

халқының   тарихын,   философиясын   жақсы   білген,   химия, 

физика,  геология,   астрономия  ғылымдарынан  хабары   болған 

деуі   шындыққа   әбден   жанасады.   Себебі,   ол   қалдырған   көп 

мұраның ішінде әр алуан ғылым саласынан мағлұмат берерлік 

ой-тұжырымдардың жиі кездесетіні бұған толық дәлел.

Мәшһүр   Жүсіп   Көпейұлының   шығармашылығына 

ықыласпен ден қойған және орынды сын-пікір жазған әдебиет 

тарихының білгір маманы, ғалым – Бейсенбай Кенжебаев [2]. 

Ол   өзінің   «Қазақ   халқының   ХХ   ғасыр   басындағы   демократ 

жазушылары»   атты   еңбегінде   Мәшһүр   Жүсіпті   демократтық-

ағартушылық   бағыттағы   ақындардың   бірі   ретінде   қарап, 

негізінен   оның   Қазанда   жарық   көрген   (1907)   үш   кітабына 

жеке-жеке   тоқталып,   сөз   етеді.   Ғалым   аталмыш   ақынның 

шығармаларында өз кезеңі үшін өзекті мәселелерді көтергенін, 

халықты оянуға, өнерге, мәдениетті іргелі ел болуға шақыруын 

жоғары бағалады. Сонымен қатар, жинақтарға енген көлемді 

шығармаларға   тоқталып,   мысал   келтіре   отырып,   оз   ой-

толғамдарын ортаға салады. Мәселен, Мәшһүр Жүсіптің «қазақ 

жұртының осы күнгі әңгімесі» деген ұзақ өлеңін талдай келіп, 

«Бұл   жинағында   Мәшһүр   Жүсіп   негізінен   демократтық-

ағартушылық   жолда   бола   тұрып,   біраз   қателесті   де»,-   деп, 

бүгінгі   күнге   дейін   дұрыс   саналып   келген   идеологияны 

жақтайды. Әрине, білімдар сыншының бұл пікірін қаралауға 

еш негіз жоқ. Өйткені, Кеңес өкіметі орнағанннан бері қарай 

дінге   деген   теріс   көзқарас   қалыптасқаны   мәлім.   Проф. 

Б. Кенжебаевқа   мұндай   пікір   айтқызып   отырған   сол 

сыңаржақ көзқарастың әсері.

Әдебиет тарихының көмескі мәселелерін айқындауда 1959 

жылы өткізілген ғылыми-теориялық конференцияның маңызы 

айрықша болды. Бұл конференцияда қазақ әдебиетінің келелі 

мәселелерін   шешуге   бағытталған   бірқатар   ұсыныстар 

айтылды.   Ол   ұсыныстар   әдебиет   тарихын   тануға   әрі   жалпы 

қазақ   әдебиеттануына   кедергі   болып   келе   жатқан 

проблемалардың бетін ашып алуға ықпал етті.

М.Ж. Көпейұлының   әдеби   мұрасы   жайында   баяндама 

жасаған   І.Жарылғапов   болсын,   не   басқа   баяндамашылар 

(Е. Ысмайлов,   Ә. Қоңыратбаев,   Ш. Кәрібаев,   Б. Кенжебаев) 

болсын,   бері   дерлік   оның   творчествосының   құндылығын, 

әсіресе,   халық   ауыз   әдебиетін   жинаудағы   еңбегін   аса   зор 

бағалады. Әрине, шығармаларының идеялық қайшылығы бар 

деп   саналған   М.Ж. Көпейұлының   әдеби   мұрасы   талас 

тудырмай   қойған   жоқ.   Ол   туралы   қилы   кереғар   пікірлер 

17


айтылғанмен,   сайып   келгенде,   барлық   ой-тұжырымдар   бір 

арнаға тоғысқандай болды.

Конференцияда   қорытынды   сөз   сөйлеген   М.Әуезов 

баяндамаларды қорытындылай келіп, әдеби мұра және оның 

зерттелуі   жайында   толғақты   мәселелер   төңірегінде   өз   ой-

толғамдарын   ортаға   салды.   Әдебиет   тарихының   бірнеше 

күрделі де күдікті мәселелерін шешуге Мұқаңның сөзі шешуші 

әсер етті. Мәселен, өзгесін айтпай-ақ, өзіміз сөз етіп отырған 

Мәшһүр   Жүсіптің   әдеби   мұрасы   туралы   топшылауларын 

алайық. Әр нәрсеге тереңнен толғанып, ой жүздіріп алып қана 

байыбына   баратын   ғұлама   М.Ж. Көпейұлы   туралы   баяндама 

жасаған, жарыссөзге шыққан сыншыларға сын-ескертпелерін 

айта   келіп,   былай   дейді:   «Мәшһүрдің   ұзақ   өміріндей 

шығармашылық   жолының   да   талай-талай   кездері   болған. 

Соны ескерту қажет еді. Ол кейде патшалықты жақтаса, кейде 

халықтық   сарынға   жақындаған.   1905   жылғы   патша 

манифесінен   үміт   етіп   сөйлеген   кезі   де   бар.   Бұл   тарихтық 

заңды   жайлар.   Мұндай   кездерін   мінеудің   қажеті   жоқ»   [3]. 

Сонымен   қатар,   Мұхтар   Әуезов   Мәшһүр   қолжазбаларының 

құндылығын,   ауыз   әдебиеті   үлгілерін   жинаудағы   еңбегін 

ерекше атап өтеді.

Шынында   бұл   конференция   ХІХ   ғасырдың   аяғы   мен   ХХ 

ғасыр   басындағы   әдебиеттің   бірсыпыра   өкілдерінің 

творчествосын танып білуге аз да болса жол ашты. Солардың 

бірі – М.Ж. Көпейұлы еді. Ол тірісінде репрессияға ұшырамаса 

да,   оның   әдеби   мұрасына   көп   тосқауыл   қойылды.   Бұған 

әсіресе «Социалистік Қазақстан» газетіне 1952–1953 жылдары 

жарық көрген қос мақала мен осы мақалаларға орай шыққан 

партия қаулысы күшті әсер етті. Мәшһүрге «діндар», «ұлтшыл», 

«панисламист»   деген   атақ   тағылды.   Міне,   сондықтан   да   бұл 

мәслихат   Ж.Көпейұлын   толық   ақтамаса   да,   оның 

шығармаларының   жарыққа   шығып,   зерттелуіне   бірден-бір 

себепші болды.

М.Ж. Көпейұлы   туралы   кереғар   пікірде   болғандардың 

бірі –   белгілі   тарихшы   ғалым   Қ. Бейсенбиев.   Ол   өзінің   «ХІХ 

ғасырдың   екінші   жартысындағы   Қазақстандағы   ой-пікірлер» 

мен   «ХІХ   ғасырдың   аяғы   мен   ХХ   ғасыр   басындағы 

Қазақстандағы   саяси-идеялық   ағым»   деп   аталатын 

кітаптарында   Мәшһүр   Жүсіп   шығармаларына   тоқталып, 

туындыларында   діни   уағыз   бен   ұлтшылдық   сарын   басым 

екендігін   айтады.   Автор   ақын   творчествосында   діни 

дүниетаным   айрықша   рөл   атқаратындығын   дәлелдей   келіп, 

оны   қоғамдық   ой-сана,   діни-мистикалық   ағымның   беделді 

18


өкілі   деп   таныды.   Автор   М.Ж. Көпейұлы   шығармаларының 

прогрессивтік-демократиялық   бағыттарын   да   ашып   көрсет-

кен [4].

М.Ғабдуллин, Қ.Бейсенбиев секілді ғалымдардың былайша 

ой қорытуы сол кездегі теріс идеологияның әсері екені даусыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Марғұлан Ә. Қазақ әдебиеті. – 1940. – №2. – 5 қаңтар.

2. Кенжебаев   Б.   Қазақ   халқының   ХХ   ғасыр   басындағы 

демократ жазушылары. – А.: ҚКБ, 1958. – 308-б.

3. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. – А., 1959, ҚМКӨБ, 556-б.

4. Бейсенбиев   Қ.   Қазақ   ағартушыларының   әлеуметтік-саяси 

философиялық көзқарастары туралы. – А., 1958.

5. Қоңыратбаев Ә. М.Ж. Көпеев лирикасы. // Қазақ әдебиеті. – 

1959. – 19 маусым. – 3 б.

6. Мұқанов   С.Абайдың   шәкірттері   туралы.   //   Абай. –   1992. – 

№4. – 57-70 б.

2. Ы. Дүйсенбаев, Ә. Жиреншин, Д. Әбілов, С. Дәуітов, 

З. Сейітжанов т.б. ғылыми еңбектерін саралап, салмақтау

Ы. Дүйсенбаев   халық   жыраулары   мен   классик 

ақындарының өмірі мен творчествосын арқау еткен еңбегінің 

жиынтығы   –   «Ғасырлар   сыры»   (Алматы:   Жазушы,   1970) 

кітабында   әдеби   мұрасы   жөнді   ескерілмей   келе   жатқан 

ақындарымыз   –   М.Ж. Көпейұлы   мен   Ғ. Қарашұлына   аз-кем 

тоқталып   өтеді.   Мәшһүр   Жүсіптің   халық   ауыз   әдебиеті 

нұсқаларын   жинаудағы   еңбегін   жоғары   бағалай   келіп,   төл 

туындыларындағы   кейбір   қайшылықтарды   атап   көрсеткен. 

Біріншіден, Мәшһүрдің дінді мойындауын, Құдайды бар және 

бір деп тануы, – дейді. Екіншіден, – дейді автор, – ақын патша 

өкіметінің   отар   елдерге   жүргізген   езу-қанау   саясатына 

қарсылық   білдірсе   де,   ол   ақ   патшаға   сенім   білдіріп,   одан 

мейірімділік,   қамқорлық   күтеді,   әлсіздік   пен   жәбір-жапаны 

көрсетушілер   патша   әкімдері   мен   болыс-ауылнайлар   деп 

ұғынады» [1,192 б.].

Сонымен,   ғалым   Көпейұлы   шығармаларына   ортақ   басты 

кемшіліктерді атай келіп, жазушының халық мұңын мұңдап, 

өткір   де   улы   тілімен   сын   айта   білгенін,   өкімет   өкілдерінің 

жауыздығын,   арам   ниетін,   батыл   әшкерелегенін   ерекше 

көрсетуге ниеттенген.

Ә.Жиреншин «Қазақ кітаптары тарихынан» (Алматы, 1971) 

атты   зерттеу   кітабында   Көпейұлының   шығармашылық   өмір 

19


жолын   қысқаша   баяндай   келіп,   кітаптарына   тоқталады. 

Ғалым   әр   жинақтың   туындыларына   ортақ   өз   ой-тұжырым-

дарын ортаға салады. Ол Мәшһүр Жүсіпті өнер-білімге жетілу, 

оқып-тоқу   арқылы   жетуге   болады   деген   пікірдегі,   яғни   таза 

демократтық   бағыттағы   ағартушы,   бұқарашыл   ақын   деп 

таниды.   Шынында   да   М.Ж. Көпейұлы   халқына   саяси-

әлеуметтік   бостандықты   талап   еткен   ХХ   ғасыр   басындағы 

алғашқы қайраткерлер қатарына жатады. Сондықтан да оны 

патша өкіметі саяси қудалауға алып, кітаптарын зиянды деп 

тапқан [2,3 б.].

Ә.Жиреншиннің   Көпейұлы   творчествосына   қатысты 

жаңалығы   мынада,   ол   патша   цензурасы   Көпейұлының 

кітаптарын   бастырған   Хусаиновтар   баспаханасына   айып 

салып,   өкімет   орындарының   авторы   саяси   қудалауға   алуын 

архив деректерімен растайды.

«Жалын» журналының 1974 жылғы №3 санында «Мәшһүр 

Жүсіп мұралары хақында» атты көлемді мақала жарияланды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет