Изображение слайда
Слайд 5 Хикметтер тіл жүйесінде ә жіңішке ашық дауысты дыбыс бар. Ол араб парсы тілдерінің әсерімен пайда болған емес. Әуелден бар дыбыс. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, қазақ,татар, өзбек, ұйғыр, түркімен, әзірбайжан тілдерінде біздің жыл санауымыздың бірінші, екінші мың жылдықтарында пайда болған, яғни бұл халықтың ислам дінін қабылдамай тұрғанда, арабизм, фарсизмдердің түркі тілдеріне енбей тұрғанда бар болған дыбыс. Демек, дауыстылардың саны өзге кейбір түркі ескерткіш тілдеріндегідей 8 емес, 9 болуы да мүмкін.
Ал дауыссыздардың саны қазіргі қазақ тіліндегідей 17 емес, 20 болып шығуы - мұнда ш дыбысымен қатар ч дыбысыда орын алған. Мысалы: кіші қол қушырыб және нурын сачар, қолұм ачыб деген сөздер ш дыбысы, да ч дыбысы да бар екенін көрсетеді. Бірақ қыпшақ(қазақ) тілінде ш дыбысы басымырақ болған.
Ы,і Р У дыбыстарының ерекшеліктері Ы,і сөздің екінші буынындағы үнді дыбыстардан кейін келген езулік ы,і дыбыстары және еріндік ұ,ү дыбыстары сол сөзге тәуелдік жалғауы жалғанғанда сусып түсіп қалады. М: көңіл - көңлүм, көкүс - көксүм, елік - елкі, бағыр - бағры. Р көне түркі тілдері мен орта ғасыр ескерткіштерінде ер тұлғасында қолданылған көмекші етістіктің біздің ескерткішімізде соңғы р дыбысы түсіріліп қолданылған: еді, екән, еміш. Дегенмен мұнда да бұл көмекшінің ерміш, ерді, йоқ ерсә, ерүр деп берілген тұлғалары кездеседі. Сөз соңындағы сонор у - дың түсірілуі сирек бұл күнде қыпшақ тілдерінде, м: қазақ тілінде сын есімдердің соңындағы ғ,г дыбыстарының айтылмайтындығы белгілі, ал Ясауи хикметтерінде арығ(ару), сарығ(сары), бойлұғ(бойлы)
Слайд 8: Лексикалық ерекшеліктері Слайд 9 Жеке лекскикалық бірліктердің генетикалық бірліктеріне келгенде, бір алуан сөздердің қыпшақтық та, оғыздық та варианттары алмасып келе береді. Мысалы қыпшақтықтың қол сөзімен қатар оғұздық елк қыпшақтық қыл - ет. Көмекші етістіктермен қатар, оғұздық әйлә - ет - гі де жиі қолданылған. Қыпшақ - оғұз лексикалық қатарларын: йақын/йаууқ, сүйәк/сүңәк, кейін/соңра т.б. Бұлардың алдыңғылары қыпшақ, кейінгілері оғыз тобының бірліктері. Ал кейбір сөздер тек оғыздық немесе қыпшақтық та болып келеді. Мысалы: бір қатар сын есімдер тек қана ғ,г,қ дыбыстарына аяқталған тұлғада ғана хатқа түскен: арығ, тіріг, кічік
Ал күйүб - йаныб, күймәй - йанмай, күйүб - пішіб, йатса - тұрса, ічмәк - йемәк, ойнаб - күлүб, атам анам, тілім ағзұм, йер көк, іші ташы, түн күн, ачлық тоқлұқ. Бұлардың барлығы дерлік қазіргі тілдерде айталық қазақ тілінде қолданып келе жатқан сөздер