9. Қожа АхметЯссауи ілімі
10. Қожа Ахмет Ясауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады.
Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю.
Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет
Ясауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек
дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны
тыңда”. Осы хикмет жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз
ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының
қамын күйттейтін жан. “Ашқсыз адам” – илаhи фитраттан, яғни Алла тарапынан
адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай
алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға,
табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның
Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің –
шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді. Дертті, шерлі адам
пілте болып жанып, ашқ отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған
руханиятын көріп, көз жасы, қайрат-жігерімен одан шығар жол, дауа іздейді.
Шынайы ашққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашқ кемелдікке жетелейтін күшқуат көзі. Қожа Ахмет Ясауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа
құлшылық ету (ибадат), ол “Сізді, бізді Хақ жаратты ибадат үшін” – дейді.
11. Бұл ибадат (убудийат) – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Құдайлық ашқты,
Аллаға деген махаббатпен тұтастықта көретін Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы Алла
жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп
қарайды. “Сүннет екен кәпір де болса берме азар, Көңілі қатты ділазардан Құдай
бизар” деген хикмет адамның тегі мен түсіне, діні мен діліне қарамастан оған құрмет
көрсету, адам ретінде ардақтауды пайғамбарлық сүннет (жүйе, заң, қағида) ретінде
танытады. Өйткені Қожа Ахмет Ясауи ілімі – дін, мәзһаб аясына сыймайтын шексіз
ашық (махаббат) жолы. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында “дертті адам”, “топырақ
адам”, “кемел адам”, сондай-ақ, “ғарип адам” тұлғалары да дәріптеледі. Ғарип адамды
кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде
бағалайды (қ. Сопылық). Қожа Ахмет Ясауи өзін де ғарип ретінде көрсетеді:
“Ғариппін ешкімім жоқ, бейшарамын hәм пақыр, Сенен басқа кімім бар, рақым ет Сен
(Алла) таң сәріде” – деп рақымды тек Алладан ғана күтеді. Өйткені оны Алладан
басқа шын ұғатын, қолдайтын ешкім жоқ. Оны ғарип қылып, жалғыздыққа
итермелейтін күш оның дүниеге деген көзқарасы, илаhи ашқ – Хақ жолына деген
ұмтылысы мен махаббаты. Ғариптік – адамның өз-өзімен іштей күресіп, санасын
сансыратқан мәселелердің шешімін табу жолында рухымен тілдесу, өз әлімен ғана
ләззат алу сияқты көңіл-күйді білдіретін психологиялық хал.
12. Сондықтан да Қожа Ахмет Ясауи “Қай жерде ғарип көрсең һем дем болғыл” дейді.
Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені еді. Қожа Ахмет
Ясауи дүниетанымында өмір мен өлім мәселесінің мәні өзгеше. Ғазали “өлімнің
ақиқатын түсіну үшін, өмірдің мәніне жету керек, ал рухты білмей тұрып, өмірді
тани алмайсың” дейді. Оның ілімінде нәпсі – жамандықтың, рух – жақсылықтың
қайнар көзі болып табылады. Жақсылық пен жамандық секілді нәпсі мен рухтың да
қатар өмір сүруі мүмкін емес. Рухтың өмір сүруі үшін нәпсінің өлуі шарт. Өйткені
өмірдің мәні рухтың тазалығында, яғни көңіл айнасының сафтығында жатыр. Рух
тазалығын мақсат тұту “ашқ” мәртебесіне ұласып, Хақ дидарын көру болып
табылады. “Муту қабла ан тамуту-топырақ болмақ; Ашқтар өлмес бұрын өледі
екен...” “Құл Қожа Ахмет, нәпсіні тептім, нәпсіні тептім, Өлмес бұрын жан берудің
дертін шектім, Дидар тілеп тәрк етсем масиуаны; Өлмес бұрын болмысыңды айла
фәни...” Бұлар – “өлмес бұрын өлу” философиясына тән хикметтер. Қожа Ахмет
Ясауи мұнда масиуаны (Хақтан басқа барлық дүниені) тәрк ету арқылы шынайы өмір
мәнін ұғынуға шақырады. Оның көзқарасы бойынша, “шынайы өмір” деп, рухтың
нәпсіден арылып, илаhи нұрлармен шайылуын айтады. Бұл ілім негізінде адамдарды
“өлілер” және “тірілер” деп қарауға болады. Бұл жердегі “өлі” және “тірі” ұғымы
рухқа байланысты.
13. “Өлілер” – дүниеде нәпсінің құлы болып өткендер, олар тірі болса да өлікпен
тең. “Тірілер” – нәпсілерін жою арқылы рухтарына “өмір” сыйлағандар, олар
өлсе де мәңгілік өмірмен қауышқандар, бақи мәртебесіне жеткендер. Қожа
Ахмет Ясауи дүниетанымында физикалық өлім жоқ. Ол жай ғана рухтың
тәннен айырылып, басқа бір халге ауысуы. Аллаға құлшылықтың ең жоғарғы
халі – еркіндік. Рухани өмір ішкі рухқа қатысты болғандықтан,Қожа Ахмет
Ясауи іліміндегі еркіндік мәселесі де адамның “ішкі еркіндігі” шеңберінде
қарастырылады. Ішкі еркіндікті ислам ахлағында “моральдық еркіндік” дейді.
Яғни, Хаққа толық құл болған адам ғана толық еркін, азат. Демек, Алладан
басқа барлық нәрседен тазару шынайы еркіндікке ұласады. Сопы Хақ алдында
құл, халық алдында азат, еркін. Рухани өлімнің нәтижесінде нәпсі үстемдік
құрып, адамды өзіне құл етеді. Адам өзінің жаратылысын, табиғатын жатсына
бастайды. Нәтижесінде рух еркіндіктен айырылады. Қожа Ахмет Ясауи әдісі
бойынша, рухты еркіндікке қауыштырудың жолы – зухд Қожа Ахмет Ясауи
ілімінде ішкі еркіндікке жетудің дәрежелері мен басқыштары айтылады. Бұлар
сопылық дүниетанымдағы “халдер” мен “мақамат” категорияларының ретретімен жалғасуы арқылы жүзеге асады. Ішкі еркіндік жайындағы мәліметтің
негізі – дін. Ал дін адамзатқа “ішкі құлдықтан” құтылу және “ішкі еркіндікке”
жетудің жолын көрсететін Алла тарапынан берілген илаhи жолдағы Қожа
Ахмет Ясауи ілімі бойынша, “өлілер” мен “тірілер” ұғымына сәйкес, еркіндік
мәселесінде де адамдарды екі топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топ –
“еркіндікті аңсаушылар”. Бұлар тек қана Хаққа табынып, құлшылық етеді.
Екінші топ – “еркіндіктен қорқатындар”. Бұлар –нәпсі, мансап, байлық, атақ,
дүние, адамға, т.б. табынып, құлдық ұрады. Хикметтің басы – Алланы бар және
бір деп білу.
14. Қожа Ахмет Ясауи адам баласы осы шындықтан бейхабар қалғанда өзінің негізінен
алыстай бастайтындығын айтады. Осы ақиқатты адам баласына ескертіп, тікелей еске
салып отыратын таным көзі – Құран деп біледі. Сонымен қатар, Алланы танудың негізгі
сыры адамның өзінде екендігін айтады. Адам – микрокосмос болса, рух, бүкіл әлем,
болмыс – макрокосмос, Алланың аяттары, яғни белгілері. Адам – рух әлемінде Алламен
болған сұхбат-антты бұзбай “Зікір” арқылы үнемі есте сақтаушы. Қожа Ахмет Ясауи
іліміндегі зікір, уажд (экстаз), сама сияқты әдістер Алламен болған сертті ұмытпау үшін
қолданылған. Адамның арабша “инсан”, яғни “ұмытшақ” екендігін ескергенде, Құранның
бір аты болып табылатын зікір (еске алу) адамдық болмысты толықтырып, кемелдендіріп
отыратын әдіс екендігі белгілі. Осы тұста “қалу бәла” серті (“...мен сендердің Жаратушың
емес пе едім” деген Тәңірінің сұрағына рухтардың “Иә, әлбетте” деген жауап-серті) мен
рух әлеміндегі онтол. және туыстық бірліктің адамзат арасында осы кезге жалғасып,
сақталуына деген ұмтылыстың, тілектің жатқандығын байқау қиын емес. Жалпы сопылық
дүниетанымға тән бұл теориялы-тұжырымдамалық ұстанымды Қожа Ахмет Ясауи
түркілік дүниетаным негізінде жаңғыртты. Ислам тарихында дінді ұғынудың,
қабылдаудың ерекше түрі ретінде пайда болған “сопылық ағым” ресми діндегі (қалам мен
фикһ) қасаңдыққа қарсы бағыт ретінде бой көрсетті. Сол секілді Қожа Ахмет Ясауи ілімі
де түркілік дүниетанымның негізгі категориясы болып табылатын әмбебаптыққа сай
дамыды. Тәңірді жазалаушы, қорқыныш иесі ретінде ғана емес, Тәңірді сүю және оның
үкімдерін құрметтеу арқылы Аллаға махаббатпен қауышу-ұласу әдістерін қалыптастырды
15. Өйткені сопылық дүниетанымда Алла – ғашық (сүюші), мағшуқ (сүйілуші) әрі
ғашықтықтың өзі болғандықтан да, ғашықтық болмыс жаратылысының ең негізгі мұраты.
Бұл адам бойында махаббат, жауапкершілік сезімді, иман, т.б. асыл құндылықтарды
қалыптастырады. Адам хикмет арқылы, оның нәтижелі жемістерінің негізінде ғана мәнді,
мағыналы өмір, “адамша тіршілік ету өнерін” меңгере алады (қазіргі “Диуани хикмет”).
Қожа Ахмет Ясауи ілімінің танымдық тірегін құрайтын адамгершілік қағидалардың өзегі –
ахлақ (мораль). Ахлақ – хикметтің нәтижесінде қалыптасқан рухани құндылықтар жиыны.
Адам ахлақ арқылы адамдық болмысқа, мәнге ие болады. Яғни, адам ахлақтық-рухани
құндылықтарды бойына сіңіргенде ғана “шындыққа”, “жан тыныштығына” қауышады. Қожа
Ахмет Ясауи ілімінде “жан тыныштығы”, “шындыққа жету” адамгершілік қасиет пен
сипатқа ұласу арқылы тариқатта жүзеге асады. Аллаға қауышудың жолы қоғамға, адамға
қызмет ету – тікелей ахлақтық кемелдену арқылы өтеді. Нәтижесінде рухани тазалыққа, өзін
өзі меңгеруге қолы жетіп, “Кемел адам” тұрпаты қалыптасады. Көшпелі түркі қауымын
имандылыққа шақыру арқылы Қожа Ахмет Ясауи ілімі барша түркі халықтары мәдениетіне
үлкен өзгеріс енгізді. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізі сыршылдық (мистика) дін
екендігін ескерсек, сопылық танымның түркі мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін
қалыптастырудағы себептерін ұғыну қиын емес. Бұл құбылыстың табиғилығын дін
феноменол-сы тұрғысынан қарасақ, діндердің таралуындағы ескі ұстындардың толығымен
жойылмайтынын, жаңалары сол құндылықтар, түсінік, ұғымдар негізінде өз орнын
табатынын көруге болады.
16. Көбінесе діндерде ескі ұстындар мистикалық институттармен тұтасып, “халық
діндарлығы” түрінде тіршілігін жалғастырады. Бұл құбылыстың көрінісін Қожа Ахмет
Ясауи дың сопылық-моральдық ілімінен көруге болады. Оның “құрма” символизмі
арқылы Мұхаммед(ғ.с.) пайғамбарға байлануы, осы құбылысқа Арыстан бабтың
“себеп” болуы, өмірін пайғамбар өміріне ұқсатуға тырысуы, пайғамбарға ұқсаудың
ишараты ретінде ұлының атын Ибраһим қоюы, пайғамбар жасына келгенде тірідей
“жерасты мешітіне”, яғни қылуетке түсуі, осының бәрі оның іліміндегі көшпелі
түркілерге исламды таратудағы маңызды әдістемелік, құбылыстық ерекшелік әрі
жаңалық болып табылады. Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына,
әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни-мистикалық мектептің негізін қалаған
Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне
даңғыл жол салды. “Ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады” деген
түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тіл
– шағатай тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай
түсіндіру, шариаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде
тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты
поэзия тілімен жазды.
17. Қожа Ахмет Ясауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі
тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның
жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан
суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар,
оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Сөйтіп, бұрыннан дидактикалық
сипаты басым түркі әдебиеті насихаттық ой тұжырымдармен толыға түсті. Ол фольклор
мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері бола
отырып, Шығармашылық әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде
баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды
хикметтерінде ұтымды пайдаланды. Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы түркімұсылман әлеміне кеңінен танылып, Ясауише хикмет жазу дәстүрге айналды. Кіші
Азияда Хаджи Бекташ Уали, Жүніс Әміре, Сүлеймен Бақырғани хикметтерінен Қожа
Ахмет Ясауи сарыны байқалды. 12 ғасырдан бері түркі халқының дүниетанымына
елеулі ықпал еткен Қожа Ахмет Ясауи сарыны Асан Қайғыдан Абайға, сондай-ақ, күні
бүгінге дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан.
Қожа Ахмет Ясауи (? – 1166 ж.) қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты Қарашаш.
Ахмет Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға кліп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған софылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады.
Ахмет Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға кліп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған софылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады.
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул , Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шыығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кмшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.

«Диуани Хикматтан» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Ясауи әзіреті сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады.
Түркі халықтарының орта ғасыр кезіндегі Ислам мәдениетінің ықпалының күшеюі және біржола араб жазуына көшуі, өмірге көптеген ойшылдарды алып келді. Сонымен қатар бұл кез шығыс әлемінде сопылық ағымнын әсері күшейіп, бірте-бірте канатын кең жая түскен кез еді. Бұл кезең Орта Азия мұсылмандары үшін де аса жауапты уақыт болатын. Осы шақта елдің бірлігін, халыктың татулығын, адамгершілік пен имандылықты, Алла тағала адалдықты көксеген, соны ту етіп, өз шығармаларына арқау еткен. Ақын-шайырлар тобы тарих сахнасына шықты.

Олардың ішінде ерекше талантымен көзге түскендер хорезмдік Ахмет Үтінеки, Ахмег Ясауи, Сүлеймен Бақырғани (Отырар өлкесінен) тағы да басқа көптеген сопылық өкілдер болды. Бұлардың арасында асқан шеберлігімен, елге сыйлылығымен, кайырымдылық пен мейірімділікті өміріне арқау етіп, бүкіл түркі жұртын татулыкка, тазалыққа үндеген, қасиетті әулиесі атанған Қожа Ахмет Хазіреті Сұлтан Ясауи еді. Ахмет Ясауи жөнінде ел арасында көптеген аңыз әңгімелер тараған. Егерде, тарихи деректерге жүгінсек, ақын ежелгі қала Исфиджабта (Сайрам) Ибраһим бин Махмуд деген диханның әулетінде дүниеге келген.

Әйтсе де, Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайкылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді:
Әйтсе де, Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайкылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді:
... Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны,
Машайықтар ұлығы — шейхым Ахмет Ясауи.
….Иасы оның арасы, жатыр гауһар парасы,
Машайыктар сарасы — шейхым Ахмед Ясауи.
Сопылық "мистикалық" ағымның түркі тілдес тармағының негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауидың өмірбаяны жан-жақты. толық бізге белгілі емес. Өмірінің кейбір деректері ғана жетіп отыр. Ол әлі ғылыми зерттеулерді, ізденістерді қажет етеді. Ұлы бабамыздың туған күні мен жылы белгісіз.Бірақ Әбсаттар Дербісалы қажының жазған деректеріне сүйенсек Қожа Ахмет Ясауи 1093 немесе 1094 жылы туған делінеді. Өлген жылы— 1166. Ер жеткен соң Түркістан (ол кезде Ясы деп аталған) шаһарына келіп тұрады.

Ахмет Ясауидің ержете келе Түркістанға келуі дінге байланысты болса керек. Ақын өз өлеңдерінде Түркістанға келгені жайында былайша баяңдайды:
Ахмет Ясауидің ержете келе Түркістанға келуі дінге байланысты болса керек. Ақын өз өлеңдерінде Түркістанға келгені жайында былайша баяңдайды:
... Он жетімде Түркістанда тұрдым, міне
Он сегізде Шілтеменеи шарап іштім,
Рузы қылды, Жәннат кезіп қорлар
кұштым,
Хақ Мұстафа жүздерін көрдім, міне...
Ата-анасынан ерте айырылған ол атақты түркі шейхы Арыстан баб және Жүсіп Хамадани деген шейхтардан тәлім-тәрбие, білім, бата алады. Білімін Бұхарадан жалғастырады. Өзінің ұстазы кайтыс болған соң көп ұзамай туған қаласына оқымысты адам, сопы ретінде қайтып оралады.

XII ғасырдағы көне түркі тіліңде жазылған "Диуани Хикмет" кітабының авторы — Ахмет Ясауи. "Диуани Хикмет" ("Даналық кітабы") оғыз-кыпшақ тілінде өмірге келген, өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған төл әдеби туынды. Ақынның кең өлкені көшіп - қонып жүрген түркі тайпаларының бәріне де түсінікті ауыз екі сөйлеу тілінде әдемі жеткізе алғандығына күмән келтірмейміз.

"Хикметтің" түп нұсқасы сақталмаған. Бізге жеткені XV—XVI ғасырлардағы көшірмелері ғана. Көшірмелері өте көп. Олар негізінен Стамбулда, Қоқанда, Ташкентте, Мәскеуде, Алматыда сақтаулы.
"Хикметтің" түп нұсқасы сақталмаған. Бізге жеткені XV—XVI ғасырлардағы көшірмелері ғана. Көшірмелері өте көп. Олар негізінен Стамбулда, Қоқанда, Ташкентте, Мәскеуде, Алматыда сақтаулы.
Көптеген түркі халықтары "Хикметті" аудармасыз-ақ қиналмай оқый алады. Дін исламнан хабары бар жанға "Хикмет" тілі өте жеңіл. Оны беріліп оқып, тереңірек үңілген адам, Ахмет жырларының қыпшақ тілдеріне өте жақын екенін байқар еді. Шығарманың тілдік лексиконы әсіресе, лексикогеографиялық ерекшеліктері, этносипаттары "Хикмет" тілінің қыпшақ диалектісіне жақындығын айтуымызға белгілі дәрежеде мүмкіндік береді.

Кітаптан Орта Азиялық қалалардың мәуелі бақтарындағы алуан жемістер мен райхан гүлдерінен гөрі даладағы қызғалдақ пен қымыздық исі аңқиды. Отырықшы тайпалардың кәсіби тілінен гөрі, көшпенді жұрттың тұрмысына тән сөздер молырақ ұшырасады.

"Диуани Хикметте" негізінен төрт нәрсеге аса көңіл бөлінеді. Олар: шариғат, тарихат, хақихат, мағрифат. "Шариғат" ислам дінінің заңдары мен әдет ғұрыптарының жинағы "тарихат" сопылықтың идеясы, сопылық мүддесіне жеткізген жол, "хақихат" құдаймен бірігу оған жақындау, "мағрифат"— дін жолын танып, оқып білу. Ахмет Ясауидің пікірінше "Шариғатсыз", "Тарихатсыз" "Мағрифатсыз" "хақиқат" болуы мүмкін емес.

Ясауи сопылық ілімдерінің өте күрделі екенін, діни мистикалық сарындағы бұл төрт қағиданың арғы жағында үлкен философиялық арналардан бұлақ көздері бітеліп жатқанын мезгейді.
Ясауи сопылық ілімдерінің өте күрделі екенін, діни мистикалық сарындағы бұл төрт қағиданың арғы жағында үлкен философиялық арналардан бұлақ көздері бітеліп жатқанын мезгейді.
Ясауи өз хикметтерінде сопылық дін ілімі туралы ете көп әрі шын беріле айтады, ол бұл шын мәніндегі білім деп айтады, ал сопылықтың барлық ұсақ-түйегін білмейтін адамды ол "надан" "түк білмейтін","жалған сүюші", "жалған сопы деп есептеді.

"Менің асыл хикметімді жаны ауырмасқа айтпағым, Баға жетпес іпжуімді құнын білмеске сатпағын", — деп, бар жан-дүниесімен сопылыққа берілген Ясауи, "егер мен басымнан айырылсам да, бұл жолдан маған жалт беру жоқ",-— дейді.

Ахмет Ясауи аркылы сопылық түркі тілдес халықтардың рухани танымында шешуші орын алды. Сопылық философиялық жүйе ретінде адамдардың дүние-танымының қалыптасуына үлкен ықпал жасады. Бұған дәлел Ясауиден кейінгі көптеген қазақ ақын, жырауларының шығармаларынан да сопылыктың тікелей әсерін байкаймыз.

"Қазакстан мен Орта Азия халықтары арасында сопылықтың кеңінен және табыспен таралуына мына жағдай да әсер етті. Ол өз ілімін жеңіл және түсінікті тілмен, әсем бояулы өлең, жырларымен баяндайды, сопылық идеяларды жергілікті салт жырларымен үйлестіре дәріптейді.Ахмет Ясауидің Орта Азия мен Қазақстанның түркі тілдес халықтары арасында зор беделге ие болуы Ясауидің ислам заңдарын Шығыс сопылық ілімдік лангейзммен және бақсылық жыры элементтерімен икемді үйлестіре алуынан еді

Ясауи былай дейді: "Кімде-кім құдайды есіне алса, ол онымен табысқанын көре алады". Сондықтан да Ясауи үшін құдайды тану өзін-өзі танумен бірдей. Сопылықтағы доктрина құдайды мистикалық сүю болып табылады. Ясауи ілімінде бұл доктрина оның "таным" теориясының бөлінбес бөлігі бола тұрып, ерекше орын алады.

Ясауиден бұрын түркі нәсілдері Тәңірге табынатын болса, енді олар Аллаға сыйынатын болды. Ясауи сопылығы арқылы бүтін шығыс философиясымен, әлемдік діни философиямен хабардар боламыз.
Ясауиден бұрын түркі нәсілдері Тәңірге табынатын болса, енді олар Аллаға сыйынатын болды. Ясауи сопылығы арқылы бүтін шығыс философиясымен, әлемдік діни философиямен хабардар боламыз.
Сопылықтың ықпалын, Ясауиден кейін өмір сүрген көптеген ақын, ойшыл ғұламалардың еңбектерінен кездестіреміз.
Ахмет Ясауи өмірінің ақырғы он жылын жер астында жасалған мінәжатханада өткізеді. Сопы "алпыс үшке келдім, енді былайғы өмірім күпірлік, пайғамбардан аспақ күнә" деп өзіне бір тоқтам жасайды. Халуетте тіршілік еткен ақын өмірдегі жиған-терген, естіген, көрген, оқыған білгендерін сарапқа салып, қияли күй кешеді. Осы фактінің өзі, нақ сол сопылық Мұхамедті жаратылыстан тыс адам ретінде көрсетіп, оны құдай қатарына қосты және ол Мұхаммед заманына оралуды уағыздады.