Өмірбаяны Қожа Ахмет Яссауи түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет



бет1/4
Дата25.11.2023
өлшемі364,64 Kb.
#126656
түріӨмірбаяны
  1   2   3   4
Байланысты:
Даналық кітабы


Өмірбаяны
Қожа Ахмет Яссауи – түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет
Яссауидың арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа
бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса
шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта
әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Яссауидың
Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты
қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Яссауидың ұрпағы
негізінен осы қызынан тарайды. 9 ғасырда Отырар, Исфиджаб,
Баласағұн, Иасы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур,
Отлук, Өзкент, тағыда басқа Мауераннахр қалаларында ислам
діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, 10 ғасырдан бастап
ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып,
исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа
Ахмет Яссауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі
ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Яссауи ілімі осы саяси-әлеуметтік,
тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Яссауи ұстаздарының
көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи «Рашахат-ул айн-ил хайат» атты еңбегінде Қожа
Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры
мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жылы қызмет еткендігі туралы мәлімет береді.
Яссауидың «Диуани хикметінде» де Арыстан баб жиі ауызға алынады. Қожа Ахмет
Яссауидың өмірі мен қызметі туралы Жазба деректерде (Хазини, «Жауаһир-ул Абра
Мин Амуаж-ил Биһар») оның Юсуф Хамаданидың шәкірті екендігін көрсететін деректер
болғанымен, соңғы зерттеулерде оны теріске шығаратын тұжырымдар айтыла бастады


3.
Қожа Ахмет Яссауидың алғашқы шәкірті – Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, екінші
шәкірті – Сайид Ата Хорезми, үшінші шәкірті – Сүлеймен Бақырғани. Осылардың
ішіндегі ең көрнектісі – Бақырғани (Хакім Ата) (Кашифи, «Рашахат-ул айн-ил хайат»).
Тағы бір танымал шәкірттерінің бірі Мұхаммед Данышменди сопы Қожа Ахмет
Яссауидың «Мират-ул Қулуб» атты мұрасын хатқа түсірді. Сондай-ақ Садр Ата, Бадр
Ата, Қажы Бекташ Әулие, Сары Салтұқ, Шейх Лұқпан Перенде сияқты тұлғалар да
Қожа Ахмет Яссауидың шәкірттері саналады. А. Беннигсон Қожа Ахмет Яссауидың
Шопан Ата және Зеңгі Баба атты да шәкірттерінің болғандығын айтады. Яссауи
шәкірттері жөнінде Фуат Көпрулу: «Мутасаууфтардың (сопылардың) өмірбаяны
жайлы еңбектерде Ирак, Хорасан және Мауераннахр сопыларынан басқа түркі
шейхтары деп жүрген сопылардың барлығы дерлік Қожа Ахмет Яссауи тариқатының
шейхтары еді» дейді. Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты
шайкылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде
оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді:


4.
…Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны, Машайықтар
ұлығы — шейхым Ахмет Ясауи. …Иасы оның арасы, жатыр
гауһар парасы,
Машайықтар сарасы — шейхым Ахмед Ясауи. Ахмет Бұқар
қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін,
Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған
сопылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына
айналады. Ахмет Ясауидің ержете келе Түркістанға келуі дінге
байланысты болса керек. Ақын өз өлеңдерінде Түркістанға
келгені жайында былайша баяндайды:
…Он жетімде Түркістанда тұрдым, міне Он сегізде Шілтеменеи
шарап іштім, Рузы қылды, Жәннат кезіп қорлар құштым, Хақ
Мұстафа жүздерін көрдім, міне…
6.
«Диуани Хикмет»Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани
Хикмат» (Хикмат жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып
басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында
бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының
қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған
бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін
өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады,
бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген
кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын
білдіреді. «Диуани Хикматтан» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына,
ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына
қатысты бағалы деректер табуға болады.
7.
Қожа Ахмет Яссауи сағанасыТүркістан қаласында жерленген Қожа
Ахмет Яссауи «әзіреті сұлтан» аталып, басына 14 ғ. аяғында атақты
Ақсақ Темір күмбезді сағана орнаттырады. Жалпы дәстүрлі түркілік
сопылық рух пен Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні
мен маңызы «Диуани Хикмет», «Мират-ул Қулуб», «Пақырнама» сияқты
мұраларынан көрінеді. Қожа Ахмет Яссауи сопылық ілімінің,
дүниетанымы мен философиясының негізін моральдық-этикалық және
сопылық хикметтер деп жіктеуге болады. Яссауи іліміндегі парасат
ұғымы адамның адамгершілік ахлақи мәртебесіне және «инсани камил»
дәрежесіне жету мәселесін қарастырады. Қожа Ахмет Яссауидың
дүниетанымдық тұжырымдамасының теория негізін шариат пен
мағрифат құраса, ал тәжірибелік негізін тариқат белгілейді. Қожа Ахмет
дүниетанымының мәні – «адамның өзін-өзі тануы» арқылы «Хақты
тануы». Бұл жолдың алғашқы мақамы (басқышы) – «тәуба», соңғысы
«құлдық» (убудийат, абд). Бұл жолдағы адам «жаратылған – мен»
екендігінің ақиқатына, жаратылыс сырына көзі жеткенде, өзінің
адамдық парызы – «Алла мен адамның және адам мен қоғамның»
арасында «көпір – жол» болу екендігін ұғынады
8.
Ясауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі – адам. Адам
“кемелдікке” жетуі үшін қажетті білімді игеруі керек. Бұл білімнің
қайнары – хикмет. Хикметтерде адам жаратылысы – Жаратқан
иенің ұлылығын көрсететін, көркемдігі жағынан ең жоғарғы
кейіпте жаратылған болмыс екендігі айқын көрсетілген. Қожа
Ахмет Ясауи хикметтерінде адамның табиғаты Құранда
айтылғандай – су мен топыраққа телінеді. “Асылың білсең су уа
кил (топырақ) және килге (топыраққа) кетер йа” – дейді ол.
Сопылық мағынада “топырақ” – адамның жаратылыс табиғаты,
парасаттылық пен қарапайымдылық. Ал, нәсіпқұмарлық,
менмендік, өркөкіректік– адамды адамшылықтан кетіретін
қасиеттер. Қожа Ахмет Ясауидың кейбір хикметтерінде өзінің
бүкіл болмысымен топыраққа айналғандығын білдіретін
символдық ұғымдар қолданылады: “Басым топырақ, өзім топырақ,
тәнім топырақ; Хаққа қауышар ма екем деп – рухым муштақ”. Бұл
сопылық мағынада “уисал” (Хаққа қауышу) мақамын білдіреді.
Топырақ болу, нәпсіден арылу – Хаққа қауышудың бірінші шарты.
Осыдан кейін адам ақиқатқа жетіп, инсани кәміл дәрежесіне
ұласып, өзінің Хаққа бастар “жол” екендігінің мәніне қанығады.
“Топырақ болғыл әлем сені басып өтсін” дегендегі мақсат осыған
саяды. Өйткені сопылық атауда әулиелер мен пірлердің қабірін де
“топырақ” дейді. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында әулие –
даңғыл жол, өйткені ол – халқына жақсы мен жаманның, ақиқат
пен жалғанның арасын айыруға жөн сілтейтін, Алла рақметінің
қоғамдағы көрінісі болып табылатын дана тұлға.


Слайд 3
Соның ішінде Қ.Жұбанов пен Қ.Жолаевтың “Диуани хикмет туралы бір - екі ауыз сөз” деп аталатын материал едәуір көлемді. Ол 6 тақырыптан тұрады. Қожа Ахмет Яссауи кім? деген сұраққа жауап беріп әрі қарай Шейхтың “ 95- толғауы талданады. Яссауи хикметтері - Орта Азиядағы түркі тілдес халықтарының ортақ мұрасы дей келіп, Яссауидің кейбір толғауларының құрылысы да, буындық өлшеуі де басқаларынан гөрі қазақ тіліндегі өлең - жырлардың өлшеуіне ұқсас келеді деген пікірлер айтқан.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет