Өмірбаяны туралы мəліметтер. Х-ХІІ ғғ. билік, Қараханидтер əулеті


​«Құтты білік» дастанының зерттелуі, нұсқалары, бұл еңбекке əр елде əр түрлі ат берілуі (2 топ). 10 минут



бет2/6
Дата06.02.2023
өлшемі32,85 Kb.
#65393
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6
2.​«Құтты білік» дастанының зерттелуі, нұсқалары, бұл еңбекке əр елде əр түрлі ат берілуі (2 топ). 10 минут.


«Құтты білік» дастанындағы дүниетаным
«Құтты білік» 1069–1070 жж. жазылған адамгершілік пен имандылыққа, білімділік пен біліктілікке, əділдік пен еңбекке үндеген түркі тіліндегі философиялық, дидактикалық шығармалардың көшбасшысы. Баласағұнидің бұл еңбегі кезіндегі ел билеуші хан-қаһандарға əділдік пен парасатты биліктің шешен шежіресі ретінде, ақылымен іс қыла білудің заң ережесі ретінде ұсынылған.


Жалпы, «Құтты білік» не жайында?
«Құтты білік» — мемлекетті басқару ғылымы. Ол — түркі тілінде жазылған тұңғыш саяси еңбек.
«Құтты білік» — жалпыадамзаттық ұстанымдарды, адамгершілік қағидаларды зерттеген терең философиялық мұра.
«Құтты білік» — ежелгі түркі тіліндегі классикалық поэзияның тұңғыш шығармасы.
«Құтты білік» — оқырманын тəрбиенің түрлі салалары бойынша даналық ойлардан сусындататын тəлім-тəрбиелік энциклопедия.
«Құтты білік» — кісілікті қорлауға, орынсыз қантөгіске, əлеуметтік əділетсіздікке жаны қас ақынның дүниенің қызығы, құты — білім, ақылда, адамшылықта деген мүддесін биік көтерген толғаныс.
«Құтты білік» — насихат, ғақлия саздары айқын, елдік, мемлекеттік құрылысты егжей- тегжейлі түсіндірген тариқат.
«Құтты білік» — заманның, уақыттың озмыштығына ойшылдықпен мəн берген, дүниенің асыл мəнін байсалды түсіндірген ақылман дастан.
«Құтты білік» — «мұсылман идеологиясына негізделген, сол идеологияны насихаттайтын, түркі тілінде жазылған жалғыз еңбек». Сондай-ақ Жүсіп Баласағұн — түркілік ислам əдебиетіндегі мадақ (Аллаға, пайғамбарға, сахабаларға, ел билеуші қағанға) жанрының негізін қалаушы.
Сөз соңында айтарымыз «Құтты білік» («Құтадғу білік») — «Құтқа, бақытқа қалай жетуге болады?» деген адам баласы үшін ең өзекті, аса маңызды өмірлік һəм мəңгілік сұраққа жауап беретін ақылман туынды. Ал оның қандай жолдар екенін көкірегі ояу оқырман баба мұрасын зерделей оқу арқылы ұғына алады.


«Құтты біліктің» зерттелуі
Академик Ə.Нысанбаевтың ғылыми зерттеулеріне [6] сүйеніп айтсақ, «Құтты біліктің» үш нұсқасы бар: Веналық нұсқа (1439 ж.), Каирлық нұсқа (1895 ж.) жəне Наманган нұсқасы (1913 ж.). Ғалымдар осы үш нұсқаның əрқайсысына тəн өзіндік ерекшеліктерді жинақтай келе, «Құтты білік» дастанының ғылыми негізделген толық мəтінін жасап шықты. Дастанның көне қолжазбасы табылғанын алғаш əлемге хабарлап, 1823 ж. Парижде шығатын «Азия» журналында Вена нұсқасынан үзінді жариялаған француз ғалымы Жауберт Амадес. Венгер ғалымы Германи Вамбери (1832–1913) дастанның бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, 1870 ж. Инсбрук қаласында кітап етіп шығарды.
«Құтты білікті» Қ.Кəрімов өзбек тіліне, Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов (1983) орыс тіліне, А.Егеубаев (1986) қазақ тіліне, бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (1984, Пекин) аударды. Дастанды аударумен В.В.Радлов (1837–1918) 20 жыл бойы үзбей айналысты. Түркия ғалымдары 1942–1943 жылдары аударып, үш нұсқасы 3 том болып Стамбулда жарық көрді. Шығарманы зерттеуге түрік ғалымдары Р.Арат (1900–1964), М.Кепрюлд (1880–1960), А.Ділашар (1897–1979) көп еңбек сіңірді.
Жоғарыда көрсетілген дастанның үш нұсқасын салыстыра келе орыс ғалымы С.Е.Малов Каир, Наманған нұсқаларының өзара жақындығын айтып, «ал ұйғыр редакциясы (Вена-Ғират) көп жағдайда бұлардан алшақтап кетеді» дей келе, бұл нұсқа «ислам мəдениетінің ұйғыр жазбаларындағы сирек кездесетін ірі ескерткіш» деп бағалаған. В.В.Радловтың да: «Баласағұн қаласының (Жетісудағы) тұрғыны ретінде автор дастанын əуелінде ұйғыр жазба тілінің əсерінсіз араб əрпімен жазған, бірақ поэма бұл ықпалға Қашқарда аяқтап, ханға апарған тұста, ел ішінде тарату үшін ұйғыр əрпімен қайта жаздырғанда ұшыраған», — дейді [7].
Көптеген ғалымдар «Құтты білікті» Араб халифатының əлсіреген тұсында жазылғандықтан, оны өтпелі кезең шығармасы деп санайды. Себебі араб мəдениеті мен əдебиетінің түркі халықтары əдебиетіндегі үстемдігі өте күшті болатын. Түркі халықтарынан шыққан ғұламалардың көбі өз шығармаларын араб тілінде жазуға мəжбүр болды. Оның үстіне, араб тілі — ислам діні мен мəдениетінің тілі болғандықтан, одан бас тарту еш мүмкін емес-ті. Сондықтан араб жəне түркі ақындары арасындағы тіл мəселесі өте өткір болды. Ал Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі» түркі тілінің өте бай тіл екендігін дəлелдеуге тырысқан тұңғыш шығарма. Ол туралы данагөй ақын [5; 45]:
Кітаптар көп арабша да, тəжікше,
Біздің тілде бұл жалғыз-ақ əзірше, —
деп өз қоғамында жазылған алғашқы туынды екенін ескерте отырып, сол қоғамның түркі тілдес екенін [5; 45]:
Біл, түркіше жырмен жазып арнадым,
Дұға қылсаң, мені ұмытып қалмағын, —
деген жыр жолдарымен аңғартады.
Дастанның құрылысы мен сюжеті
Ежелгі Шығыс ілімі бойынша, əлемді төрт нəрсе ұстайды: жер, су, ауа, от. Осы төрт нəрседен əлемнің үйлесімі жасалады. «Құтты білікте» қоғамдағы, өмірдегі үйлесім осы төрт нəрседен тұрады. Дастанның басты идеясы мынадай төрт принципке негізделіп жазылған [8; 161]:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет