Өмірбаяны туралы мəліметтер. Х-ХІІ ғғ. билік, Қараханидтер əулеті



бет4/6
Дата06.02.2023
өлшемі32,85 Kb.
#65393
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8апта 1топ.

Тәрбиелік мәні. “Құтты білік» дастанының мазмұнынан ұғарымыз кісі өзін-өзі құрметтеп, кісілікті болып көрінсе, өзіне ғана тән қасиеті мен тірлігін танытады, кісілерге жақсылық жасап,адамдығын асырады. Әйтеуір тірі жүріп кісі атана қою қиын, әркім де кісілік жасап қана адам атанады. Тірліктің де, адам болудың да ақтауы мен кепілі - кісілік пен адамдық. Ал, кісілік пен адамдық Әл-Фараби айтқандай, даналық пен қайырымдылықтан,яғни ізгілік пен танымнан тұрады. Адамдағы барлық асыл қасиет танып-білу мен ізгі болудан бастау алады. Жүсіп Баласағұнның адамдық пен кісілікті шексіз құрметтеп, дәріптеуі осы танымнан туса керек. Дастанның бүкіл мазмұны кісіліктің қадір-қасиеті, мән-мағынасы, қыр-сырын әңгімелеуге құрылған. Сөйтсе де, ақын шығармасының әр-әр тұсында түпкі ойын тыңдаушысына соншалық жалаңаштап, жеңілдетіп, ашық айтып жеткізуге тырысады. Көбіне қат-қабат қыртысты, күрделі күйде келетін астарлы асыл ойларын әр түрлі әдеби тәсілмен онан сайын тура, ашық айтады.
Ақын дастанның әр-әр тұсында ебін тауып, кеселді қасиеттерді жекелеп, я тобымен аптап отырады. “Біраз нәрсе кісінің қас дұшпаны” деп мыналарды тізіп айтады: тілдің жалған айтылуы, айтқан сөзден қайтуы, шарапқа аңсары ауғаны, жүгенсіз іс-қылық, зымияндық, ашулы тіл. Осы тобымен бұл қасиеттердің дастанның әр-әр тұсында қайталанып келетіні бар. Әсіресе жалған айту, өтірік сөз кісілікке артықша зиянды болып көрінеді.
Құтты білік» жазбасының мәдени мәні орасан зор. Х-ХI ғасырларда араб-парсы Орта Азиядағы түркі тайпаларының тілін жұтып қоюға дейін барып тұрғанда, Жүсіп Баласағұнның түркі тілінде көлемді де күрделі дастан жазуы өз кезеңі үшін үлкен тарихи жаңалық болды. Дастанның көркемдік ерекшеліктері айтарлықтай биік болмаса да, осы тарихи қызметі жағынан жазба биік бағаланады. Өйткені, «Құтты білік» Х-ХI ғасырдағы Жетісу жерінде тұрған түркі тайпаларының барлық салт-санасын, әдет-ғұрпын, олардың арасындағы түрлі жіктерді, қарым-қатынасты, мәдениетін және тілін толық қамтыған шығарма. Бұл реттен дастанды бір ғана хан-хақандар салтын жырлайтын шығарма деп бағалауға болмайды. Онда түркі тайпаларының салт-санасы да көрініс тапқан. Кейбір жыр деректеріне қарағанда Қарахандар мемлекетінде тап теңсіздігінің үлкен орын алғаны байқалады. Бір жағынан хан сарайы, екінші жағынан бұқара халықтың өмірі суреттеледі. Сол себепті, Е.Бертельс Жүсіп дастанындағы әділдік идеясын халық арманынан туған тілек деп дұрыс бағалайды. Жүсіптің өзі де ақсүйектерден шыққан үстем тап өкілі емес, көбіне бұқара халыққа арқа сүйеген ақын. Оның ақындар туралы сөзінде көшпелі елдерге тән ақындық өнерді дәріптеу салты да бар. Ақын өзін хандарға ақылшымын, халық өкілімін деп ұғындырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет