Өмірбаяны туралы мəліметтер. Х-ХІІ ғғ. билік, Қараханидтер əулеті



бет5/6
Дата06.02.2023
өлшемі32,85 Kb.
#65393
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6
Кітапта төрт кейіпкер бар: Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат. Күнтуды бек – әділет бейнесі; Айтолды уәзір – бақыт бейнесі; Одғұрмыш – уәзірдің бауыры, қанағат бейнесінде, Өгдүлміш – уәзірдің баласы, ақыл-сана бейнесінде алынған, әңгіме осы төрт кейіпкердің сұрақ-жауаптары арқылы дамиды.
Қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Баласағұнның «Құтадғу Білігінде» өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған.
5.​Дастанда тіл өнері жайлы айтылған ойлардың эстетикалық тəрбиені қалыптастырудағы маңызы, адамгершілік мәселесін талдау. Баласағұн шығармасындағы даналық сөздері қазақ мəдениеті мен халықтық мақал-мəтелдері арқылы салыстыру. (5 топ) 10 минут.
Дастанда тіл өнері жайлы айтылған ойлардың эстетикалық тəрбиені қалыптастырудағы маңызы.
«Құтты біліктің» ең негізгі көтерген мəселесі — адамгершілік.Адамгершіліктің сан саласы бар. Оның бірі — тілді тыйып ұстап, орынды жұмсай білу. Тіл екі жүзді қанжар секілді. Тілден бақ қонады, тілден бас кетеді. Дастан авторы тілдің маңызын түсіндіруге талай тапқыр сөздер қолданған:
Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар,
Қор қылар тіл, кететіғұн бас болар.
Тіл — арыстан есік баққан ашулы,
Сақ болмасаң жұтар, ерім, басыңды!
Ойшыл ақынның пайымдауынша, дана адамның сөзі де, ісі де бір жерден шығады. Ол барлық жағынан əділет үлгісі болуға тиіс деп біледі. Тауып айтылған өнегелі сөзге берер бағасы зор: «Алтын мен күміс байлық емес, тауып сөйлей білген байлық. Дүниеде ешнəрсе де баянды емес, тек жақсы сөз ғана баянды».«Құтты білік» дастанында отбасындағы эстетикалық тəрбиеге зор мəн берілуі. Адам өмірінде эстетикалық тəрбие зор рөл атқарады. Əсемдікті көре, түсіне жəне жасай алу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді. Оған ең жоғары деңгейде рухани лəззаттануға мүмкіндік береді. Жалпы, Баласағұн шынайы көркемдікті адамның рухани жан дүниесі мен эстетикалық


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет