сұлулығын көрсететін белгі деп санаған.
Жүсіп Баласағұнидың пайғамбарымыз Мұхаммедті (с.ғ.с.) үлгі етіп суреттеуі
мына бес күндік алдамшы дүниеде бір жаратушының хақ жолына өз өмірін арнап көптеген Пайғамбарлар өткен. Сол абзал жандардың ардақтысы Мұхаммед (с.ғ.с.) болғаны шындық. Мұхаммед (с.ғ.с.) — Ислам теологиясының негізін қалаушы. Ол ең бірінші болып иманды адамдар санының көбеюіне ықпал етті. Адамдарға Ислам негіздерімен өмір сүруді үйретті. Оған қоса
Ол — қасиетті кітап Құран Кəрімді [13] Алладан жеткізуші. Сондықтан да біз оны соңғы пайғамбар əрі Алланың сүйікті құлы деп танимыз, солай деп иман келтіреміз.Сонымен, ғұлама ақын Алланың асқан нығыметін, бір Жаратушы екенін жырлап қоймай, басқалардың да Құдайды танып білуіне, тіпті жас жеткіншектердің үлгі өнеге алуына терең өсиет қалдырған.
Дастандағы өсиет сөздердің қазақ халқының мақал-мəтелдерінің түп төркініне іспеттес болуы.Баласағұн шығармасындағы даналық сөздері қазақ мəдениеті мен халықтық мақал-мəтелдері арқылы ұштасып кеткенін байқау қиын емес.
«Құтты білікті»оқи отырып, бүгінгі қазақ мақал-мəтелдерінің түпкі негізі соларда жатқанын
Баласағұнида [5; 532]:
Ойлы кісі айтқан сөздің ақ шынын:
Кісі өлсе де, өлмес аты жақсының!
Қазақта: Бүгін бітер істі ертеңге қалдырма.
Баласағұнида [5; 501]:
Ертеңге — деп, бітер істі тастама,
Қалар кейін, шықса ісің басқа да!...
Қазақта: Кеңесіп пішкен тон келте болмас.
Баласағұнида [5; 512]:
Кеңесіп іс жасау керек кеңінен,
Кеңеспеген кісі өкініп, еңірер.
Қазақта: Жақсымен жанассаң атаққа ілінерсің, жаманмен жанассаң шатаққа ілінерсің.
Баласағұнида [5; 483]:
Жаманға сен жолама, жаласына жанарсың,
Жақсылыққа жанассаң, жақсы қылық табарсың!
Қазақта: Ит үреді, керуен көшеді.
Баласағұнида [5; 332]:
Көк төбетті бөрі елемей жеңбей ме?
Ит үреді, керуен көше бермей ме!?
Дастанда қазақтың шешендік сөздерімен, бата-тілегімен, мақал-мəтелімен
сабақтас тақырып — ойы, жүйесі мен мəнері, өрнегі бірдей шығып жататын нақыл сөздер аз емес. Кемеңгер ақын мəтінге кіргізген нақыл сөздер, мақалдар мен мəтелдер дастанды ерекшелендіре түседі: «Түркілерде бұл жөнінде мақал бар, соны осы жерде келтірудің реті бар», «Түркі тілі дана сөздерді сақтаған, Бабалардың сөздерін тыңдау керек ол үшін. Бабалардың мақалдарын сақтау —
сенің борышың», — дейді автор.
«Құтты білік» еңбегінің тəрбиелік мəні
Бұл еңбек — халықтың құты, ырысы болған ілім. Ғасырлар бойы көзі ашық, көкірегі ояу ұрпаққа адамдық, азаматтық қасиеттерін, əдеп-адалдық дəстүрін сіңірген шығарма.