Өмірбаяны туралы мəліметтер. Х-ХІІ ғғ. билік, Қараханидтер əулеті



бет3/6
Дата06.02.2023
өлшемі32,85 Kb.
#65393
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8апта 1топ.

Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды нақ жаратындай əділ заңның болуы. Автор əділдіктің бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді.
Екіншісі, бақ-дəулет, яғни елге құт қонсын, деген тілек. Бақ-дəулет мəселесі дастанда патшаның уəзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.
Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық ролі уəзірдің баласы Ұғдүлміш (Өгдүлміш) бейнесінде жырланады.
Төртіншісі, қанағат ынсап мəселесі. Бұл мəселе дастанда уəзірдің туысы, дəруіш Одгүрміш (Одғұрмыш) бейнесі арқылы əңгіме болады. Композициялық құрылысы жағынан дастан 6520 бəйіттен (екі жолдық өлең) тұрады. Бұл — 13000 өлең жолы деген сөз.


Кезінде кітапты Шығыс патшалары көшіртіп алдырып оқитын болған. Бір қызығы, бұл еңбекке əр елде əр түрлі ат берген [2; 86]:

  • ирандықтар Фирдoусидің «Шахнамасымен» қатар қойып, «Шахнамаи түркі» («Түркі Шахнамасы») деген;

  • Шың елінің (Солтүстік Қытай) адамдары «Адабул-мүлік» («Əкімдердің əдептілігі») деп, ал Машын (Оңтүстік Қытай) жұрты «Айнкүл мамлакат» («Мемлекет тəртібі»), Шығыс елдерінің əкімдері «Зийнатул-умаро» («Əмірлердің сəн-салтанаты»), турандықтар «Құтадғу біліг» («Құтты білім») деп атаған;

  • дастанды зерттеуші-ғалымдар орыс тіліне де түрліше тəржіма жасап отырған: мəселен, В.В.Бартольд кітаптың атын орыс тіліне «Патшаларды ақылға шақыратын білім» («Знание, образующее царей»); С.Е.Малов — «Бақыт кітабы» («Книга счастья»); А.А.Валитова — «Басқару туралы білім» («Наука об управлении»); В.В.Радлов — «Бақыт сыйлайтын білім» («Знание, дарующее счастье»); В.Томсон — «Бақытты болу өнері» («Искусство сделаться счастливым»); С.Иванов — «Құтты білім» («Благодатное знание») деп аударған.

Бұл атаулардың қай қайсысы болса да, «Құтты білік» дастанының мемлекетті басқару істеріндегі моральдық-этикалық, адамгершілік мəселелеріне арналғанын дəлелдей түседі.
3.​Дастанның құрылымы мен сюжеті. Төрт кейіпкерге талдау жасау. (3 топ). 10 минут
Құтадғу білік» (Құтты білік) - ЖүсіпБаласағұни (Баласағұн) шығарғандидактикалық поэма. 
Бұл көне түркі тілінде жазылған, түркітектес халықтардың ортақ қазынасы.Ондағы бүгінгі тілімізге,ой толғамымызға төркіндес, етенежақын орамдарды көргенде, қазақ әдебиетінің соларментікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кеңтынысты толғамдарының дәстүрлі бірлігі «мен мұндалап» тұрады. Жүсіп Баласағұнның мемлекетті басқару қағидаларымен принциптерін, елге билік жүргізудің ережелері мен тәртібін, қоғам мүшелерінің мінез-құлық және әдеп-ғұрыпнормаларын жыр еткен этикалық-дидактикалық мазмұндағыкөркем туындысы.
Құтты білік дастаны композициялық құрылысы жағынан 85тараудан, 6520 бәйіттен 2жолдық өлеңнен тұрады. СЮЖЕТ желісі мейлінше қарапайым болып келеді. Алғашқы тарауда дәстүр бойынша құдайға сыйыну орын алады.
Ақыл мен білімнің маңызы, сөз өнері, шешендік дәріптеледі. Күнтолдының билігі әңгімеленіп, нағыз әділ адам бейнесі жасалады.
Дастанның сюжеттік желісі мейлінше қарапайым болып келеді. Бұл дастанда көтерілген басты мәселе — шығарма қаһармандарының басынан өткізген оқиғаларында емес, сол қаһармандар арқылы айтылатын автордың өсиет-уағыздары мен ғибрат сөздерінде, сұрақ-жауаптарында жатыр.Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанында елді басқарған әкімнің басты міндеті — халыққа құт, бақыт, дәулет екелу, «кедей халықты бай» ету екендігі ерекше атап көрсетеді.
Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Баласағұнның «Құтадғу Білігінде» өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған.


4.​Дастанның көркемдік ерекшеліктері. «Құтты білік» еңбегінің тəрбиелік мəні. «Құтты білікте» көтерілген этикалық-философиялық мəселелердің бірі — қанағат, ынсап мəселесіне сараптама. (4 топ). 7 минут.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет