Остехондроз дегеніміз-омыртқа аралық шеміршектердің,яғни дисктердің,сол жердегі буындардың,сүйектердің ауруы.
Қазіргі заманда өмірдің жағдайының өзгеруіне (аз қимылдау, тамақтану тәртібінің сапасының өзгеруіне) байланысты жер шары тұрғындарының 40-80% остеохондрозбен ауырады. Бұл ауру қарттарда кең тараған 60 және одан үлкен жастарда тұрғындар популяциясында остеохондроз жиілігі 95-100%-ды құрайды. Остеохондрозбен ерлерге қарағанда әйелдер жиі ауырады, бірақ ерлерде жиі өршу болып көп жағдайда ота жасалынып мүгедектікпен зейнетке шығады. Жыл өткен сайын ауыратын науқастар саны көбеюде. Остеохондроз тек медицинаның ғана емес әлеуметтік мәселе болып табылады. Омыртқа остеохондрозы омыртқа жотасының дегенеративті-дистрофиялық өзгерістері жиі 30 жастан асқанда дамиды. Соңғы жылдағы зерттеулер нәтижесі бойынша остеохондроз жасаруда. Аурудың рентгенологиялық және клиникалық белгілері қазіргі кезде 12-15 жастағы балаларда да кездеседі. Омыртқа жотасының дегенеративті–дистрофиялық өзгерісінің идеологиясында эндогенді (дизэмбриогенез, омыртқаның аномальды дамуы, тұқым қуалаушылық, жастық өзгерістер) және экзогенді (омыртқаның жарақаты, интоксикациялар және т.б.) өзгерістер болып табылады. Омыртқаның ең жиі зақымданушы бөлігі омыртқааралық дискі болып табылады, өйткені олардың қанмен қамтамасыз етілуі нашар болғандықтан регенерацияланбайды. 35-40 жаста дисктің барлық элементтерінде - ядро, фиброзды сақина, гиалинді пластинкасында біртіндеп кебуі мен тығыздалуы байқалады. Содан кейін екіншілік спондилез – омыртқаның денесінің шеттерінен сүйекті өсінділер (остеофиттер) дамиды. Остеохондроз кезінде остеофиттермен шығыңқы дискілердің жұлынды және өсінділерін, жұлын тамырларын қысуынан неврологиялық бұзылыстар болады.
Мойын омыртқа остеохондрозының невралгиялық белгілері
Омыртқа мойын бөлімінің қалыпты жағдайда үнемі алға қарай иіліп тұруына байланысты омыртқааралық дискілердің артқы жағы алдыңғы жағына қарағанда аласалау келеді. Дискінің екі жақ жаны жұқарып барып бірігеді. Мойын омыртқаларының денесінен айырмашылығы – олар алға қарай шығып тұрмайды, тереңірек, омыртқаның шеткі сабақтары мен денесінің алдыңғы жағын жауып тұратын бұлшық еттердің түбіне орналасады. Омыртқааралық тесіктердің центрі жоғарғы мойын омыртқаларда дискінің үстіңгі жағында, ал төменгі омыртқаларда дискінің тұсында, тіпті одан да төмен болуы мүмкін.