Құйымшақ 3-5 толық жетілмеген омыртқалардан құралады. Жоғарғысындағы біріншісінде түрі өзгерген буындық өсінділері — құйымшақ мүйіздері болады. Құйымшақ денесінен жан-жағына рудиментті көлденең өсінділер өтеді. Қалған құйымшақ омыртқалары сопақша пішінді сүйекті дене болып келеді. Сыртқы пішіні пирамида тәрізденіп, алға қарай иіліп орналасқан. Негізі немесе табаны сегізкөз сүйегіне қарай бағытталса, ұшы төмен қарай бағытталған.
Құйымшақ
Анатомо-физиологиялық ерекшеліктері:
Омыртқа жотасының зақымдануы тірек-қимыл жүесіндегі жарақаттардың ішінде 17% құрайды.
Омыртқа жотасының мойын,кеуде,бел бөлімдерін және сегізкөз бен құйыншақты ажыратады.Омыртқаның жоғарғы мойын бөлімі өзінің анатомиялық құрылымның ерекшелігіне байланысты краниовертебральды ауысу деп саналады.Омырқа бағаны өзінің дамуы мен өсуі барысында вертикальды жүктемеге қарсы тұра алатын серіппелі жүйеге айналған мойындық және бел лордозымен және кеуде сегізкөз-құйымшақ кифозымен ерекшеленеді.
Омыртқа денеден,доғасынан,екі аяқшасынан,сүйір,екі көлденең,төрт буындық өсінділерінен тұрады.Омыртқа бағанының әр бөлімінде омыртқалардың құрылымының өз ерекшеліктері болады.мысалы,бірінші мойын омырқасы денесінің орнына латеральды салмақпен байланысқан екі доғадан тұрады.Барлық мойын омыртқаларында көлденең өсінділерінде омыртқа артериялары өтетін тесіктері болады.Доғалар,денелері мен аяқшалары арасында омыртқалық қуыс бар,және осы жерден омыртқа өзегі дамиды.Омыртқалардың денелері арасында пульпозды ядро мен фиброзды сақинадан тұратын омыртқа аралық дискілер бар.Байланыстырушы аппарат алдыңғы,артқы бойлық,сүйірүсті,сүйіпраралық,сары байламдар мен омыртқа аралық буын карсуласынан тұрады.Омыртқа аралық дисктері бар екі омыртқа мен байланыстырушы аппарат омыртқалық сегментті құрайды.